Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК Оқулық ЭТН КҚФ қ 2к 21.01.2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Қорытынды

Қаржылық нарықтағы капиталды сатушы ретінде қазіргі таңда коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар, жинақтау ассоциациялары, тұрғындардың айтарлықтай қамтамасыз етілген бөлігін айтады. Әлемнің көптеген елдерінде оларға сондай-ақ әр түрлі халықаралық қаржы-несие ұйымдары, трансұлттық банктер және т.б. жатқызылады.

Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаржылық нарықтар өздерінің қор биржалары арқылы қызмет етеді.

Еңбек нарығында қалыптасатын бағалар жұмыс күшінің ақшалай нысандағы құны болып табылатын жалақы мөлшерлемелері ретінде сипатталады. Еңбек нарығының динамикасы оның негізгі екі элементінің арақатынасына, яғни: жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныс пен жұмыс күшінің нарықтық ұсынысына тәуелді болып табылады.

Әдебиеттер

1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет

2. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет

3. Ким П. Г, Капекова Г. А. Экономическая теория. Оқу құралы. Алматы. 2001 – 600 бет.

4. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет

5. Макконнелл К.Р, Брю С. Экономикс. 2 томдық. Таллин. 1995 ж. – 400 бет.

6. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет

Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:

  1. Қаржының мәні, қаржы нарығы

  2. Қаржыжүйесінің мән

  3. Қаржының қызметтері

  4. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оны жеңу жолдары.

  5. Шаруашылық жүйесіндегі қаржылар, тұрғындар қаржысы, кәсіпорындар қаржылары

  6. Ақша құралдарының қоры

  7. Акцияның түрлері, акциядан түсетін табыс, облигациялар және басқа да құнды қағаздар

  8. Несие саясаты, несие беру принциптері, түрлері, қызметтері

  9. Еңбек нарығындағы сұраныс және ұсыныс

  10. Еңбек нарығында қалыптасатын бағалар, жалақының мәні

  11. Еңбек биржасы, қызметтері

Осөж және сөж тапсырмалары:

1. ҚР қаржылық жүйесі және оның құрылымы.

2. Салық салудың принциптері және концепциялары.

3. Макроэкономикалық бюджеттік тапшылықтың салдары және мемлекеттік қарыз.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Қаржы - бұл:

A) Кәсіпорынның ақшалай құралдары.

B) Банктің капиталы.

C) Қоғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы.

D) Кәсіпорындардың банкіден несие алуы.

E) Ақшалай қорды қайта бөлу жүйесі.

2. Қаржының бақылау қызметі:

A) Қаржы ресурстарын бөлу.

B) Қаржы ресурстарын пайдалануды бақылау.

C) Жалпы ұлттық өнімді бөлу.

D) Ұлттық табысты бөлу.

E) Субъектілердің жұмысын бақылау.

3. Мемлекеттік бюджетпен жүргізілетін төлемге жатады:

A) Дотация.

B) Зейнетақы.

C) Жәрдемақы.

D) Жалақы.

E) Сақтандыру төлем ақысы.

4. Мемлекеттік қарыз – бұл:

A) Ағымдағы жылдағы бюджет тапшылығы.

B) Кәсіпорындар қарызы.

C) Үкіметтің өз елінің азаматтары алдындағы қарызы.

D) Өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының жалпы сомасы.

5. Акциялар курсы - бұл:

A) Бағалы қағаздың көтерме бағасы.

B) Бағалы қағаздың нарықтық бағасы.

C) Бағалы қағаздың нақты бағасы.

D) Бағалы қағаздың номиналды бағасы.

E) Дивиденд мөлшері.

6. Несие беру принципіне не жатпайды:

A) Қайтарымды несие.

B) Ақылы несие.

C) Жеделді несие.

D) Ақысыз несие.

E) Несиенің мақсаттылығы.

7. Бағалы қағаздардан алынатын табыс – бұл:

A) Ақша қаражаттары.

B) Қаржы.

C) Дивиденд.

D) Рента.

E) Пайыз.

8. Бағалы қағаздардың біріншілікті нарығының ерекшелігі:

A) Бағалы қағаздар шығармайды.

B) Бағалы қағаздардан табыс алады.

C) Айналымға бағалы қағаздар шығарады.

D) Процент қарастырмайды.

E) Бағалы қағаздар ақша түрінде кездеседі.

9. Бағалы қағаздардың екіншілікті нарығының ерекшелігі:

A) Бағалы қағаздар шығармайды.

B) Бағалы қағаздарды қайтадан орналастыра отырып, оларды таратып табыс алады.

C) Айналымға бағалы қағаздар шығарады.

D) Процент қарастырмайды.

E) Бағалы қағаздар ақша түрінде кездеседі.

10. Мемлекеттік бюджеттің құрылымын көрсетіңіз:

A) Бюджеттің кіріс және шығыс көздері.

B) Салықтар жиынтығы.

C) Қаржы жиынтығы.

D) Бағалы қағаздардың көлемі.

E) Қаржы қатынастарының жиынтығы.

11. Биржа - бұл:

A) Көтерме тауарларды сатып алуға болатын орын.

B) Сатушының тауарын өткізуге кепілдеме беретін нарық инфрақұрылымының элементі.

C) Сатып алушыға қажетті тауарларды алу үшін кепілдеме беретін инфрақұрылымының элементі.

D) Сатып алушымен сатушының арасында негізгі функция делдалдық болатын нарық инфрақұрылымының элементі.

E) Бағалы қағаздарды сататын немесе сатып алатын орын.

12. Қаржыларға не жатпайды:

A) Жұмысшылар жалақысы.

B) Корпорация пайдасы.

C) Кәсіпорынның амортизациялық қоры.

D) Мемлекеттік бюджет.

E) Фирманың жалақылық қоры.

13. “Актив” түсінігіне не жатады:

A) Тек қолма-қол ақшалар.

B) Тек қолма-қол емес ақшалар.

C) Тек қозғалмайтын мүлік.

D) Тек акция.

E) Қолма-қол, қолма-қол емес ақшалар, қозғалмайтын мүлік, акция.

14. Еңбек биржасы қандай нарықта жұмыс істейді?

A) Еңбек нарығы.

B) Ақпараттық нарық.

C) Қаржы нарығы.

D) Ақша нарығы.

E) Бағалы қағаз нарығы.

14-тақырып