Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК Оқулық ЭТН КҚФ қ 2к 21.01.2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Тауарлар мен қызметтер нарығы:

тұтыну тауарларының нарығы – азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының нарығы; қызметтер нарығы; тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы.

Өндіріс факторының нарығы: жылжымайтын мүліктер нарығы, еңбек құрылымдарының нарығы, шикізат пен материалдар нарығы, қуат ресурстарының нарығы, пайдалы қазбалар нарығы.

Қаржы нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар, несие нарықтары, құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.Б.), валюта, ақша нарықтары.

Интелектуалды өнімдер нарығы - иновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары. Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

Нарықтық инфрақұрылым – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтағы қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жүйесі. Оның құрамы:

  • ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.;

  • материалдық база – көлік құралдары, қойма, ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер, т.б.;

  • несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері.

Сұраныс және ұсыныс теорияларының негіздері

Нарық барлық жағдайды өзі ғана, мемлекеттердің кірісуінсіз шешеді деп айту оңай емес. Кейнстің көрсетуі бойынша, мемлекет нарық экономикасына әсер ете алады және бұл үшін оның қарамағында қажет құралдар бар. Экономикалық мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі. Осыған байланысты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс – ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды. Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тік осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (D).

Сұраныстың қисығы

Сұраныс қисығының жылжуы

Р

Р1

D

Ро

Q 1 Qо Q

Р

D1

D

Do

Q

Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға – төменге (азаюы).

Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S).

Ұсыныс қисығы

Ұсыныс қисығының жылжуы

Р

S

Р1

Р2

Q2 Q1 Q

Р S1

S0

S2

Q

Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға – төменге (өсуі), солға – жоғары (азаюы).

Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.

  2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.

  3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

  4. Бір-бірін алмастыратын және бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі. Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

  5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

  2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

  3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.

  4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.

  5. Бәсекенің деңгейі

  6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.

  7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

Нарықтағы тепе-теңдік.

Р

D S

Е

Р Е

QЕ Q

Мұнда:

Е – сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысқан тепе-теңдік нүктесі;

Ре- тепе-тең баға;

Qе- тепе-тең көлем.

Икемділік – бұл сатып алушының интенсивтік реакциясын көрсететін көрсеткіш. Егер бағаның өзгерісі, сатып алу көлеміне қатты әсер етсе, онда сұраным икемді болып табылады. Ал егер, бағада үлкен өзгеріс болмаса, сұранымның бағалық икемділігі сатып алу көлемінің өзгерісін баға өзгерісінің қатынасы арқылы қарастыру керек. Сұраным икемділігі бағаға қатысты болады. Баға 1%-ға өзгерсе, сұраным көлемі салыстырмалы түрде өзгереді, сондықтан тәжірибеде абсолютті шамадан гөрі салыстырмалы шама өз рөлін атқарады.

Икемді сұраныс

Икемсіз сұраныс

Р

Р1

Р2

D

Q1 Q2 Q

Р

Р1

Р2

D

Q1 Q2 Q

ЕPD > 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өзгереді, ал жалпы түсім өседі.

ЕPD < 1, баға өскен сайын, сату көлемі азаяды және жалпы түсім азаяды.

Бірлік икемділік

Абсолютті икемді сұраныс

Р

Р1

Р2

D

Q1 Q2 Q

Р

P D

Q1 Q2 Q

ЕPD = 1, бағаның әрбір 1 % өзгеруіне сұраныс көлемінде 1 % өзгереді, ал жалпы түсім өзгермейді.

ЕPD = ∞, баға өте аз көлемде өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз көп өзгереді.

Абсолютті икемсіз сұраныс

Р

D

Р1

Р2

Q

ЕPD = 0, бұл баға көлемі өзгергенімен, сұраныстың көлемі өзгермейді.