Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК Оқулық ЭТН КҚФ қ 2к 21.01.2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Қорытынды

  1. Экономикалық жүйе оны құрайтын элементтердің өзара қатынасымен, өзара келісімімен, өзара әрекетімен анықталады.

  2. Экономикалық жүйенің типтері – дәстүрлі, әкімшіл-әміршіл, нарықтық және аралас болып жіктеледі. Экономикалық жүйелер тиімділігінің салыстырмалы талдауы әлеуметтік бағыттағы нарықтық жүйелер пайдасына қарастырылады. Экономикалық жүйе элементтерінің экономикалық өзара әрекеті институттардың көмегімен жүзеге асырылады. Өз экономикасын қайта құрудағы өте күрделі мәселелерді шешуге аяқ басқан Қазақстанның бастан кешкен қиыншылықтарын ескермеуге болмайды. Ол жеке меншік сектордың жоқтығы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап сауда ауқымындағы монополиялар, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сатып алу және несиелер мен мамандандырылған банкілерді мақсаткерлікпен бөлісуге дейін ескі құрылымға қоса макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі.

Әдебиеттер

  1. Досқалиев С.Ә. Экономика ілімі мен теориясын оқыту әдістемесі.

Оқу құралы. Алматы, 2001.

  1. М.Ы.Жүкібай «Экономикалық теория». Оқу құралы, Астана 2009 ж.

  2. Абдуллаев Ә. Экономикалық теория. Алматы, 2004.

  3. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Алматы, 2008.

  4. Мауленова С. Экономикалық теория. Алматы, 2004.

  5. Сахариев С.С. Жаңа кезең – экономикалық теориясы. Алматы, 2004.

  6. Макконнелл К., Брю С. «Экономикс», М, 1992 ж. т.1

  7. Основы экономической теории /ред.Камаев В./ М, 1996 г. Ревинский И.А. «Курс экономики», Новосибирск, 1998ж.

Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:

  1. Экономикалық жүйе дегеніміз не?

  2. Негізгі экономикалық проблемаларды атаңыз?

  3. Әртүрлі экономикалық жүйелерде таңдау проблемасы қалай шешілуде?

  4. Дәстүрлі жүйе дегеніміз не?

  5. Әкімшіл-әміршіл жүйенің ерекшеліктері қандай?

  6. Нарықтық экономиканың мәні неде? Неліктен Қазақстан нарықтық экономикаға бет бұрды?

  7. Нарықтық экономикаға өтумен байланысты қандай реформалар жүзеге асырылды?

Осөж және сөж тапсырмалары:

  1. Экономикалық жүйе модельдері

  2. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).

  3. Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріндегі өзгерістер.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1 Экономикалық жүйе шешетін мәселелер

  1. не, қалай, кім үшін өндіру керек?

  2. қалай, кім үшін, өсу қарқыны қандай?

  3. қашан, неге, қайда және кім?

  4. жұмыссыздық

  5. инфляция

2. Әкімшіл-әміршіл экономианың сипаты

  1. ресурстар мен капитал салымдарын жоспарлы үйлестіру

  2. меншік формаларының көптүрлілігі

  3. нарықтық реттеуіштер қызметі

  4. бәсекелестік

  5. жеке меншіктің басым болуы

3. Экономикалық мәселелерді жартылай нарық, жартылау үкімет шешкен кезде, экономика:

  1. басқарушылық

  2. нарықтық

  3. аралас

  4. дәстүрлі

  5. әкімшілік

4. Аралас экономикаға жатпайтынын көрсетіңіз

  1. меншіктің көп түрлілігі

  2. орталықтандырылған жоспарлау

  3. меншіктің реттеуші ролі

  4. кәсіпкерліктің кең дамуы

  5. барлық жауап дұрыс

5. Экономикалық жүйе ол:

  1. саясат пен экономиканың бірлігі

  2. экономиканы ұйымдастыру тәсілі

  3. экономиканың қозғалысын реттеу

  4. саяси процестердің жиынтығы

  5. барлық жауап дұрыс

6.Нарықтық экономиканың белгісі:

А) Мемлекеттік меншіктің басымдылығы.

В) Орталықтан жоспарлау.

С) Жеке экономикалық мүдде.

D) Экономикалық қызметтің қатаң жоспарлануы.

Е) Мемлекеттік жоспарды орындау қажеттілігі.

7.Егер экономикалық проблемалар әрі нарықпен, әрі Үкіметпен шешілсе, онда экономика:

А) Жоспарлы

В) Нарықтық

С) Натуралды

D) Аралас

Е) Монополистік

8.Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге байланысты артықшылықтарды көрсетіңіз:

A) Адамдық және материалдық ресурстардың басымды бағыттарға икемделуі

B) Жеке кәсіпкерлікті шектеу, не тыйым салу

C) Ресурстардың тұрақты тапшылығы

D) Бәсекенің болмауы

E) Бітпеген құрылыс көлемінің өсуі

9.Орталықтан басқарылатын экономика мазмұнына не жатпайды?

А) Мемлекеттік меншік

В) Орталықтан басқару

С) Орталықтандырылмаған жеке басқару

D) Сыйақылы ынталандыру

Е) Экономиканы жоспар негізінде бағыттау

10.Аталған белгілердің қайсысы нарықтық экономикаға тән емес?

А) Бәсеке

В) Орталықтан жоспарлау С) Жеке меншік Д) Кәсіпкерлік талдау еркіндігі Е) Мемлекеттің экономикаға араласуы шектеулі

11.“Не қалай, кім үшін өндіру керек” сұрақтары қай жүйеде шешіледі:

A) Дәстүрлі экономика

B) Аралас экономика

C) Әкімшілік экономика

D) Нарықтық экономика

E) Қандай да болмасын экономикалық жүйеде

12.Дәстүрлі экономикалық жүйеде қандай өндіріс құралдары басым қолданылған:

A) Қол еңбекке (жұмыс күші)

B) Технология

C) Еңбек құралдары

D) Еңбек заттары

E) Ақпарат

13. Егер экономикалық проблемалар жартылай мемлекет тарапынан, жартылай нарық тарапынан шешілсе, онда бұл экономика:

A) Әкімшіл-әміршіл

B) Нарықтық

C) Натуралды

D) Аралас

E) Әкімшіл

14. Нарықтық экономиканың шеше алмайтын мәселесін көрсетіңіз:

A) Тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту

B) Экономикалық мәселелердің өзін-өзі реттеуі

C) Халықтың толық жұмысбастылығын қамтамасыз етуі

D) Ғылыми техникалық революцияны ынталандыру

E) Еркін бағаның құрылуы

6-тақырып