Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК Оқулық ЭТН КҚФ қ 2к 21.01.2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Қорытынды

Нарықтың мәні және қызметтері бәсекеге қабілеттілік жағдайында тиімді қоғамдық өндіріске қажеттілікті көрсететін экономикалық дамудың заңдылықтарымен анықталады. Нарықтық механизмнің элементтері оның толықтығы мен қызмет етуінің сипаты болып табылады.

Нарық – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі. Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Экономикалық мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі.Осыған байлансты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

Әдебиеттер

  1. Досқалиев С.Ә. Экономика ілімі мен теориясын оқыту әдістемесі.

Оқу құралы. Алматы, 2001.

  1. Абдуллаев Ә. Экономикалық теория. Алматы, 2004.

  2. Филипенко А. Экономическое развитие: цивилизованный

подход М., 2002 ж.

4. М.Ы.Жүкібай «Экономикалық теория». Оқу құралы, Астана 2009 ж.

5. Журавлева JI. «Общая экономическая теория (политэкономия)», М. 1999 ж.

Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:

  1. Нарық дегеніміз не?

  2. нарықтың қызметтері және элементтері

  3. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы

  4. Сұраныс заңын анықтамасын беріңіз және түсіңдіріңіз.

  5. Ұсыныс заңынын анықтамасын беріңіз және түсіңдіріңіз.

  6. Сатып алушыға керекті тауардың санын не анықтайды?

  7. Сұраныс қисығы деген не және сұраныс кестесі, олар қалай бір-бірімен байланысқан? Неге сұраныс көлбеуі төмендейді?

  8. Тұтынушылар талғамы өзгеруі сұраныс қисығы бойынша қозғалатын және сұраныс қисығының жақындауына әкеледі ме?

  9. Сатушылар ұсынатын тауар санын не анықтайды?

  10. Ұсыныс кестесі мен ұсыныс қисығы деген не және олар қалай байланысқан? Неге ұсыныс қисығы күн шығысқа қарай сипатталады?

  11. Өндірістік технологиясындағы өзгерістер ұсыныс қисығы бойынша қозғалысқа ұсыныс қисығының жылжуына әкеледі ме?

  12. Тепе-теңдік жағдайында болатын нарыққа анықтама беріңдер. Нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін күшті сипаттандар.

  13. Нарық тепе-теңдіксіз жағдайда бола ала ма?

Осөж және сөж тапсырмалары:

  1. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңдері, қайшылықтары мен нәтижелері;

  2. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуының жаңа сатылары;

  3. Нарық механизмінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

  1. Нарықтың негізгі үш элементі:

А) Баға, сұраныс және ұсыныс.

В) Баға, сапа және бәсеке.

С) Сапа пайдалылық, қажеттілігі.

Д) Сапа, саны, баға.

Е) Сапа, ұсыныс және сұраныс.

  1. Баға мен ұсыныс көлемі арасындағы пайыздық өзгеріс не деп аталады:

А) Ұсыныс икемділігі.

В) Сұраныс икемділігі.

С) Ұсыныс заңы.

Д) Икемсіз сұраныс.

Е) Бірлік икемділік.

  1. Сұранысқа әсер етпейтін фактор:

А) Тұтынушы табысы.

В) Салық деңгейі.

С) Балама тауардың бағасы.

Д) Бағаның өзгерісі.

Е) Мезгіл.

4.Қандай шарт нарықтық шаруашылықтың қалыптасып, қызмет етуіне кедергі болады?

А) Қоғамдық еңбек бөлінісі.

В) Экономика субъектілерінің экономикалық бейімделуі.

С) Өндіру мен бөлуді қатаң басқару жүйесі.

Д) Кәсіпкерлік субъектілерінің тәуелсіздігі.

Е) Өндіріс.

5.Егер бағаның 10 процентке төмендеуі ұсыныс көлемінің 10 процентке төмендеуіне әкелсе онда ұсыныс:

А) Абсолютті икемді.

В) Абсолютті икемсіз.

С) Бірлік икемді.

Д) Икемсіз.

Е) Икемді.

6.Нарық дегеніміз - бұл:

A) Тауарлар сататын жер.

B) Кәсіпорын тауарларын өткізуге қажетті экономикалық жүйе.

C) Кәсіпкерлікке молырақ пайда беретін сауда орны.

D) Кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарын ақша мен тауар арқылы кездестіретін экономикалық жүйе.

E) Өнім өндіретін және тауарлар сататын жер.

7.Субститут - тауарлар деген нені көрсетеді?

А) Бірін-бірі ауыстыратын тауарлар.

В) Бірін-бірі толықтыратын тауарлар.

С) Бағалары бірдей тауарлар.

Д) Бірінші қажеттілікті тауарлар.

Е) Шетелде өндірілген тауарлар.

8.Нарықтың негізгі кемшіліктерін атаңыз:

А) Қоғамдық проблемаларды шешпейді. В) Қоғамның бай және кедей топтарына бөлінуінің күшеюі. С) Іргелі зерттеулерді қамтамасыз етпейді.

Д) Бағаның тұрақтылығы мен табыстың алынуына кепілдік бермейді.

Е) Аталғандардың барлығы дұрыс.

9.Жердің ұсынысы:

А) Абсолютті икемсіз.

В) Абсолютті икемді.

С) Икемді.

Д) Икемсіз.

Е) Біркелкі икемділікпен анықталады.

10.Төлем қабілеттілігі бар қажеттілік:

А) Сұраныс.

В) Ұсыныс.

С) Баға.

Д) Тепе-теңдік баға.

Е) Тауар.

11.Баға мен сұраныс көлемі арасындағы пайыздық өзгерістер не деп аталады?

А) Сұраныс икемділігі.

В) Ұсыныс.икемділігі.

С) Икемділік.

Д) Икемді сұраныс.

Е) Икемсіз сұраныс.

12.Сатушы мен сатып алушының үйлесетін баға мөлшері:

А) Сұраныс.

В) Ұсыныс.

С) Шығын.

Д) Тепе-теңдік баға.

Е) Тепе-теңдік нүкте.

13.Сұраныс заңының түсініктемесі:

А) Егер тауардың бағасы түссе, онда біздің сұранысымыз арта түседі.

В) Көптеген тауарлар уақыт өте өз орнын жаңа және қызығушылығы мол тауарларға береді.

С) Шектеу заңы қажеттілік көлеміне қарамастан кей тауарлардың тұтыну шегін белгілейді.

Д) Көп жағдайда төмен бағалы тауар нарыққа осы тауарды жаңа сатып алушыларды әкелмейді.

Е) Нақты тауарды өндіруші шекті деңгейде төмен бағалы тауарын бірнеше данадан ұсынбайды.

8-тақырып