Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК Оқулық ЭТН КҚФ қ 2к 21.01.2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Қорытынды

Жаппай маркетинг жаппай өндіріске және бір тауарды таратуға, оның сатылымына әр түрлі сатып алушылардың неғұрлым кең шеңберін тартуға есептелген.

Тауарлы-дифференциацияланған маркетинг нарыққа бәсекелестер сатып жатқан тауарлардан бөлек түрлі сипаттағы тауарлармен шығуға мүмкіндік беретін әр түрлі сападағы, әр түрлі қасиеттерге ие, әр түрлі безендірілген екі немесе одан да көп тауарлардың өндірісіне бағытталады.

Мақсатты маркетинг оларға белгіленген сатып алушыларға немесе аймақтық белгілеріне байланысты және белгіленген мақсатты нарықтардың әрқайсысына қатысты тауарлардың жасалуына және олардың нарыққа жылжу әдістері бойынша нарықтың түрлерге, топтарға шектелуіне негізделеді. Бұл маркетингтің неғұрлым жаңа түрі, бірақ соған орай ауыр әрі қиын. Мақсатты маркетинг нарықты сегменттеуді және тауарлардың нарыққа позициялануын қарастырады.

Сегменттеу – белгілі бір тауар түрлеріне сұранысты қалыптастыратын сатып алушылар топтарына байланысты нарықтың бөліктерге, сегменттерге бөлінуі. Сегменттеу негізіне, оның критерийлеріне географиялық, демографиялық, мінез-құлықтық белгілер, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті жатады.

Сатушыға бір немесе бірнеше нарық сегментін таңдауына тура келеді. Дифференциацияланбаған маркетингте сатушы сегменттердің өзгешеліктерінен сақтанады, ал дифференциацияланған маркетингте әр түрлі сегменттерге түрлі нарықтық ұсыныстар жасалады. Шоғырландырылған маркетингте сатушы өзі қатысу үшін нарықтың бір немесе бірнеше сегментін таңдайды.

Менеджмент – өндірісті басқару бойынша қызмет. Оны тиімділікті жоғарылату, үнемдеу және табысты көбейту мақсатында дамыған елдерде жасалатын және қолданылатын өндірісті басқару нысандарының және құралдарының, әдістерінің, қағидаларының жиынтығы ретінде сипаттауға болады.

Менеджмент сонымен бірге өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара байланыстарды және өндіріс процесі барысында адами қатынастарды басқару жөніндегі ғылым болып табылады. Бұл жерде өндіріс процесіне және жақсы нәтижелерге жету мақсатында соған қатысатын адамдарға өзара іс-әрекеттің әдістері мен тәсілдері зерттеледі. Бұл арада менеджер – кәсіби басқарушы, бас директор, президент, психологияны, социологияны, өндірісті ұйымдастыруды және т.б. білетін жетекші.

Кәсіпкерлік – табыс алу мақсатында жаңалықты, тәуекелді, ойлап табуды қолданатын шаруашылық әрекет. Кең мағынада – бұл алдын-алушылық, бастамашылық, экономика саласындағы белсенділік. Тар мағынада – бұл меншік иесінің немесе шаруашылық субъектісінің экономикалық әрекеті.

Кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты және өндіріс факторы.

Әдебиеттер:

  1. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Алматы, 2008.

  2. Мауленова С. Экономикалық теория. Алматы, 2004.

  3. Сахариев С.С. Жаңа кезең – экономикалық теориясы. Алматы, 2004.

  4. Филипенко А. Экономическое развитие: цивилизованный

подход М., 2002 ж.

  1. Журавлева JI. «Общая экономическая теория (политэкономия)», М. 1999 ж.

Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлікке жалпы сипаттама.

  2. Кәсіпкерлік қабілеттіліктің функциялары.

  3. Кәсіпкерліктің экономикалық-әлеуметтік жағдайы.

  4. Кәсіпкерліктің түрлері.

  5. Бизнес түсінігі, түрлері.

  6. Бизнес жүйесіндегі маркетинг.

  7. Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары.

  8. ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі.

  9. Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі түрлері.

  10. Шағын және орта кәсіпкерліктің ерекшеліктері.