- •4. Оқу пәндерінің деректемелері:
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиеттер
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу пәніне қойылатын талап
- •Л.Н.Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті
- •«Экономикалық теория» бойынша дәрістік курс
- •Экономикалық теорияның пәні және әдісі. Экономикалық теория ғылым ретінде.
- •1.1. Сурет Экономикалық теорияның даму кезеңдері
- •1.2. Сурет Экономикалық теорияның басқа ғылымдармен байланысы. Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тест тапсырмалары:
- •Қоғамдық өндіріс және оның тарихи нысандары
- •2.1. Сурет Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Техникалық еңбек бөлінісі
- •Қоғамдық еңбек бөлінісі
- •Салалық және территориялық еңбек бөлінісі
- •Түрлендіру
- •Мамандану
- •Әртараптандыру
- •2.3 Сурет Ұлғаймалы ұдайы өндірістің түрлері
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі
- •3.1 Сурет Меншіктің қоғамдық қатынастар жүйесінде орны мен рөлі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Экономикалық жүйелердің типтері
- •Сызба Кез-келген экономикалық жүйенің жалпы мәселелері
- •4.2 Сурет Экономиканың негізгі үш мәселесі
- •Сызба. Институционалдық өзгерістердің үрдісі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауар және ақша. Бағалар мен тарифтер
- •Сурет Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері.
- •5.2 Сурет Тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілері
- •5.3 Сурет Құн заңының қызметтері.
- •5.4 Сурет Ақшаның қызметтері
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Нарықтық шаруашылықтың мәні, қызметтері және элементтері. Сұраныс және ұсыныс теорияларының негіздері
- •6.1 Сурет Нарықтың мәні
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы:
- •Қаржы нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар, несие нарықтары, құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.Б.), валюта, ақша нарықтары.
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Бизнес және кәсіпкерлік
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Фирманың өндіріс шығындары мен табысы
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Ұлттық экономиканың қалыптасу заңдылықтары
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Нарықтық экономикадағы мемлекет
- •Үкіметтің экономикалық қызметтері.
- •Құқықтық база және қоғамдық атмосфера.
- •Бәсекені қорғау
- •Табысты қайта бөлу
- •Тұрақтандыру
- •Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қаржылық нарық және еңбек биржасы
- •Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
- •Несиенің түрлері келесідей жіктеледі:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Отбасы экономикасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері
- •Халықаралық экономикалық интеграция
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Глоссарий
- •Мазмұны
Қаржылық нарық және еңбек биржасы
Қаржының мәні, қаржылық нарық
Несиенің мәні формалары. Банк жүйесі
Еңбек нарығы және еңбек биржасы
Мақсаты: қаржылық нарық және қор биржасының, еңбек нарығының және еңбек биржасының мағынасын ашып көрсету.
Негізгі ұғымдар: құнды қағаздар, акциялар, облигациялар, интеллектуалды күш, баға белгілеу, акция бағамы, биржа.
Қаржылық нарық – капитал нарығы мен ақша нарығының жиынтығын құрайды. Қаржылық нарық – бұл басы бос ақша құралдарын сату-сатып алу бойынша және оларды ақша капиталына айналдыру туралы экономикалық қатынастардың белгілі бір жиынтығы.
Қаржы – бұл ақша қаражаттарын қалыптастыру, бөлу, пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастардың ерекше жүйесі.
Ақша – қаржылық қатынастардың материалдық негізі ретінде нарықтық экономикада, оның қатысушыларының мүдделерін сабақтастыра көрсететін маңызды құрал және жалпылама эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар.
Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.
Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.
Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.
Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.
Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады.
Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:
мемлекет және оның институттары,
компаниялар, кәсіпорындар,
үй шаруашылығы.
Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардың қаржы ағыстарын қамтиды.
Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.
Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.
Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.
Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.
Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар), бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік-экономикалық қажеттектерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны сақтау сияқты шығындар жатады.
Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:
қоғамдық өндірістің құлдырауы;
ақша эмиссиясы;
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі;
тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау;
әскери шығындарының өсуі;
шаруашылық конъюнктураның өзгеруі;
«Көлеңкелі» экономиканың дамуы.
Ақша құралдарының қоры оның арнайы мақсатқа бағыты бар, жекеленген бөлігі. Осындай қорлардағы ақша құралдары қаржылық ресурс деп аталады.
Құнды қағаздарға акция, облигациялар (кәсіпорындар мен мемлекеттік қарыз) және ипотекалық облигациялар; облигацияларға купондар, вексел, чек, депозиттік сертификаттар, варранттар (қоймалық куәліктер) және т.б.
Акция — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз.
Акция түрлерi:
Жай акция дауыс беруге енгiзiлетiн барлық мәселелердi шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердiң жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын бередi. 2. Артықшылықты акциялардың меншiк иелерi – акционерлердiң жай акциялардың меншiк иелерi – акционерлерiне қарағанда қоғамның жарғысында белгiленiп, алдын ала айқындалып кепiлдiк берiлген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде белгiленген тәртiппен мүлiктiң бiр бөлiгiне басым құқығы бар.
Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс.
Облигация – иеленуші мен эмитент арасындағы қарыз қатынасын көрсететін құнды қағаз. Облигацияларды мемлекет, акционерлік қоғам, жеке кәсіпорындар шығара алады. Оның акциядан ең басты ерекшелігі – ол эмитенттің қарыз міндеттемесін көрсетеді. Оны төлеу міндеті эмитент мүлкімен қамтылған. Облигация белгілі бір мерзімге (1 жылға дейін), орта және ұзақ мерзімді болады. Облигациялардың бірнеше түрі бар. Көп жағдайда облигацияларға тұрақты процент түрінде табыс төленеді, оны купон деп атайды. Купондық емес облигацияны дисконттық облигация деп аталады.
Қор биржасы - құнды қағаздар сатып алынатын және сатылатын тұрақты нарық.
Құнды қағаздардың бастапқы нарығында құнды қағаздардың жаңа шығарылымы акционерлік қоғамдар немесе үкімет арқылы орналастырылады.
Құнды қағаздардың қайталама нарығында бұрын шығарылған құнды қағаздарды сату-сатып алу келісімдері жүзеге асырылады (қор биржасы арқылы және биржадан тыс айналым арқылы қайта сату).
Биржалық саудаға кез-келген кәсіпорындардың құнды қағаздары ене алмайды. Бұл жерде компанияның белгілі болуы, оның активтерінің көлемі және шығарылған акция саны ескеріледі. Қор нарықтары құнды қағаздарды сату-сатып алу бойынша ұйымдастырылған және сол үшін қызмет ететін нарықтар ретінде артта қалып барады. Олардың орнына банк аралық телекоммуникациялар келіп жатыр («SWIFT» тәріздес).
Қаржылық нарықтағы қатынастар субъектілеріне әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар, үй шаруашылықтары, коммерциялық банктер, қаржы-несие ұйымдары, мемлекет және т.б. жатады.
Қаржылық нарық объектілеріне тұрғындардың жеке жинақтары, өнеркәсіп және сауда капиталының айналымы кезінде пайда болатын уақытша босалқы құралдар және т.б. жатады.
Бұл нарықтың негізгі элементтері – қарыз капиталына сұраныс пен ұсыныс және оның бағасы.
Қаржылық нарықтағы капиталды сатушы ретінде қазіргі таңда коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар, жинақтау ассоциациялары, тұрғындардың айтарлықтай қамтамасыз етілген бөлігін айтады. Әлемнің көптеген елдерінде оларға сондай-ақ әр түрлі халықаралық қаржы-несие ұйымдары, трансұлттық банктер және т.б. жатқызылады.
Қаржылық нарықтың негізгі сатып алушылары – өнеркәсіптік, сауда компаниялары, мемлекет және тұрғындар. Бұл ретте олар осы ерекше тауарды сатуды өздері жүзеге асырады.
Капиталдың негізгі сатушыларына тұрғындардың ақша түсімдерін тұрақты түрде ұзақ мерзімді сипатта шоғырландырып отыратын өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру компаниялары және зейнеткақы қорлары. Мұндай тұрақтылықты банктер қамтамасыз ете алмайды, өйткені олардың депозиттері кәсіпорынның өтімді құралдары мен халықтың жеке жинақтары есебінен қалыптасады, және бұл ақша құралдарының жартысы банк резервінде осы субъектілерге қызмет көрсету үшін болуы тиіс.
Қаржылық нарықты екіге бөлуге болады: қысқа мерзімді (ақша нарығы) және ұзақ мерзімді (капитал нарығы). Ақша нарығы есептеу құралдары нарығына (сату-сатып алу объектілері қазыналық және коммерциялық вексельдер, жоғары өтімділікке ие қысқа мерзімді құнды қағаздар болып табылатын) және банк аралық (несие мекемелерінің уақытша басы бос ақша қаражаттары банктер арқылы қысқа мерзімге банк аралық депозиттер ретінде орналастырылатын) несиге ыдырауы мүмкін. Капитал нарығында ұзақ мерзімді қарыздар мен құнды қағаздар қызмет етеді, сондықтан ұзақ мерзімді қаржылық нарық ұзақ мерзімді несие нарығы және құнды қағаздар нарығына бөлінеді.
