Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК Оқулық ЭТН КҚФ қ 2к 21.01.2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Нарықтық шаруашылықтың мәні, қызметтері және элементтері. Сұраныс және ұсыныс теорияларының негіздері

  • нарықтың мәні, қызметтері және элементтері

  • Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы

  • Сұраныс және ұсыныс теорияларының негіздері

Мақсаты: Нарықтың мәнін жан-жақты ашып көрсету, қызметін түсіндіру.

Негiзгi ұғымдар: нарық, нарықты реттеу, индикативтiк жоспар, нарық құрылымы, сұраныс, ұсыныс, икемділік.

Нарықтық қатынастардың мәнін анықтау кезінде «нарық» ұғымының екі жақты мағынасы бар екендігін негізге алу қажет. Біріншіден, жеке мағынасында нарық (market ) – айырбас, айналым саласында жүзеге асатын өткізуді бiлдiредi. Екiншiден, нарық – бұл адамдардың арасындағы өндiрiс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерiн қамтитын қатынастардың экономикалық жүйесi.

Нарық – меншіктің әр түрлі формасын, тауар-ақша қатынастары мен қаржы-несие жүйесін қолдануға негізделген экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі ретінде көрініс табады. Нарықтық қатынастар айналыстан басқа келесілерді де қамтиды:

  • екі субъект арасындағы байланыс нарықтық негізде жүзеге асырылатын, кәсіпорын мен экономиканың басқа да құрылымдарының жалға берумен байланысты қатынастары;

  • бірлескен кәсіпорындардың шетел фирмаларымен айырбас үрдістері;

  • еңбек биржасы арқылы еңбек күшін жалдау мен пайдалану үрдістері;

  • белгілі бір пайызбен несие берген жағдайдағы несиелік қатынастар;

  • тауар, қор, валюта биржасын және басқарудың тағы басқа құрылымдарын қамтитын нарықтық инфрақұрылымының қызмет ету үрдісі.

Нарықтың қалыптасу жағдайларын екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарды қамтамасыз ететін жалпы жағдайларымен байланысты. Оған жататындар:

  • меншіктің әр түрлі формасын жүзеге асыру (жеке, ұжымдық, акционерлік, мемлекеттік). Бұл жағдайды жүзеге асыру барысында реттілік қағидасы сақталуы керек және құрылымдық өзгерістер кезінде баланстың бірден бұзылуын болдырмауға тырысу қажет.

  • мемлекеттік реттегіштерді сақтай отырып өндірісті демократизациялау. Бұл ретте нарықтық экономика шексіз дамуға қабілетті, өзін-өзі реттейтін жүйе болып табылмайтындығын негізге алған жөн.

  • үш негізгі элементті: тауар мен қызмет нырығын, өндірістік факторлар нарығын, қаржылық нарықты біріктіретін инфрақұрылым қалыптастыру.

Frame1

6.1 Сурет Нарықтың мәні

Факторлардың екінші тобы шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне ауысу бойынша құқықтық заңнамаларды қалыптастыру және экономикалық ережелерді қабылдаумен байланысты шаралар жүйесін қамтиды. Біріншіден, ресурстарды талан-таражға салу мен тиімсіз пайдалануға жол бермейтіндей меншік пен шаруашылық жүргізудің сан алуан формаларын меңгеру мен қалыптастырудың нақты шаралары қажет болады. Екіншіден, экономиканың басымдықты салаларын құрылымдық қайта құру арқылы тапшылықты жою. Үшіншіден, шетел капиталын тарту және аралас кәсіпорындарды ашу арқылы экономиканы ашық жүйеге айналдыру.

Нарықтың мәні оның қызметтерінен толық көрініс табады.

Нарықтың қызметтері:

Тауарлы өндірістегі өзін-өзі реттеу қызметі

Тауарға деген сұраныс өскен кезде өндірушілер өздерінің өндіріс масштабтарын кеңейтеді және бағаларды көтереді. Реттеу тауарлар мен қызметтерді сату-сатып алу арқылы жүзеге асады.

Ынталандыру қызметі

Шығындарды қысқарту және жаңашылдықты енгізу арқылы өндірушілерді қажетті тауарларды айтарлықтай аз шығын жұмсай отырып, жоғары пайдаға қол жеткізуге итермелейді. Бағалардың төмендеуі кезінде өндірушілер өндірісті қысқартады, сол уақытта жаңа техника, технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары арқылы шығынды қысқарту мүмкіндіктерін іздей бастайды.

Өнім өндіру шығындарын есепке алу қызметі

Нарықта жеке еңбек шығындарын орташа қоғамдық шығындармен салыстыру жүзеге асады. Салыстыру барысында сондай-ақ тауарлар сапасы да ескеріледі.

Шаруашылық өмірді демократизациялау қызметі

Нарықтық тетіктер арқылы тиімді өндірісті дамыту және тиімсіздерін жою іске асып отырады. Осының арқасында тауар өндірушілердің саралануы қамтамасыз етіледі.

Реттеушілік қызметі

Нарық сұраныс пен ұсынысты кеңейту немесе қысқарту арқылы шаруашылық жүйесіндегі негізгі сәйкестіктерді белгілейді. Нарықтың көмегімен экономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро және макро пропорциялар белгіленеді.

Өндірілген өнім мен еңбек шығынының қоғамдық маңыздылығын белгілеу қызметі

Алайда бұл қызмет тапшылықсыз өндіріс жағдайларында (сатып алушы таңдауы бар кезде, өндірісте монополиялық жағдай болмаған кезде, бірнеше өндірушінің және олардың арасында жарыстың болуы кезінде) жүзеге асады.

Нарықтық экономиканың қызмет етуі нарықтық жүйені қалыптастыратын оның белгілі бір элементтерінің болуын түсіндіреді.

нарықтың негізгі элементтері:

Нарықтың ең бірінші және маңызды элементтеріне өндірушілер мен тұтынушылар жатады. Олар қоғамдық еңбек бөлінісі барысында, біреуі тауар өндіріп жатқан кезде, ал екіншісі тұтынған кезде қалыптасады. Тұтыну жеке және өндірушілік деп бөлінеді. Жеке тұтыну кезінде тауарлар өндіріс саласынан шығып, тұрғындардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

Өндірушілік тұтыну өндіріс үрдісінің жалғасы ретінде тауар басқа өндурішілермен қайта өңделуге пайдаланған кезде көрініс табады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы байланыс қызмет нәтижесінің айырбасы ретінде белгіленеді. Нарықтық шаруашылықта ол тұрақтылықпен ерекшеленеді, мамандандыру негізінде қалыптасады және көтерме нарықтық келісім формасында туындайды.

Нарықтық экономиканың екінші элементіне өндірістік бірліктерді корпоративтік басқару негізінде жеке және аралас меншік түрлерімен қамтамасыз етілген экономикалық оқшаулану жатады.

Нарықтық экономиканың үшінші маңызды элементі – баға. Ол айрықша зерттеуді талап етеді. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.

Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.

Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің аумағын баға анықтайды. Бұл аумақтың шегі трансакциялық шығындармен, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындарымен анықталады.

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең үнемді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайда нормасының, пайыздың және т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Сондай-ақ нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.

Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы.

Құрылымы жағынан нарықты мынадый түрлерге бөлуге болады:

  1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:

  • игіліктер мен қызметтер нарығы;

  • өндіріс құралдарының нарығы;

  • ғылыми-техникалық құралдар нарығы;

  • құнды қағаздар нарығы;

  • жұмыс күші нарығы.

  1. Нарықтарды тауарлы топтар бойынша:

  • өндірістік қызметке бағытталатын тауарлар нарығы;

  • халық тұтынатын тауарлар нарығы;

  • шикізат пен материалдар нарығы.

  1. Кеңістік белгілері бойынша: аймақтар ішіндегі; аймақтар аралық; республикалық; республика аралық; халықаралық (әлемдік) нарықтар.

  2. Бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша: монополиялық; олигополиялық; сала аралық нарықтар.

  3. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай: көтерме сауда нарығы; бөлшек сауда нарығы; ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарығы.

  4. Экономикада заңдылықты сақтау бойынша: заңды, ресми нарықтар, заңды емес, «қара» нарықтар.

Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты келесі түрлерін ажыратады: