- •4. Оқу пәндерінің деректемелері:
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиеттер
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу пәніне қойылатын талап
- •Л.Н.Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті
- •«Экономикалық теория» бойынша дәрістік курс
- •Экономикалық теорияның пәні және әдісі. Экономикалық теория ғылым ретінде.
- •1.1. Сурет Экономикалық теорияның даму кезеңдері
- •1.2. Сурет Экономикалық теорияның басқа ғылымдармен байланысы. Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тест тапсырмалары:
- •Қоғамдық өндіріс және оның тарихи нысандары
- •2.1. Сурет Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Техникалық еңбек бөлінісі
- •Қоғамдық еңбек бөлінісі
- •Салалық және территориялық еңбек бөлінісі
- •Түрлендіру
- •Мамандану
- •Әртараптандыру
- •2.3 Сурет Ұлғаймалы ұдайы өндірістің түрлері
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі
- •3.1 Сурет Меншіктің қоғамдық қатынастар жүйесінде орны мен рөлі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Экономикалық жүйелердің типтері
- •Сызба Кез-келген экономикалық жүйенің жалпы мәселелері
- •4.2 Сурет Экономиканың негізгі үш мәселесі
- •Сызба. Институционалдық өзгерістердің үрдісі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауар және ақша. Бағалар мен тарифтер
- •Сурет Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері.
- •5.2 Сурет Тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілері
- •5.3 Сурет Құн заңының қызметтері.
- •5.4 Сурет Ақшаның қызметтері
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Нарықтық шаруашылықтың мәні, қызметтері және элементтері. Сұраныс және ұсыныс теорияларының негіздері
- •6.1 Сурет Нарықтың мәні
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы:
- •Қаржы нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар, несие нарықтары, құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.Б.), валюта, ақша нарықтары.
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Бизнес және кәсіпкерлік
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Фирманың өндіріс шығындары мен табысы
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Ұлттық экономиканың қалыптасу заңдылықтары
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Нарықтық экономикадағы мемлекет
- •Үкіметтің экономикалық қызметтері.
- •Құқықтық база және қоғамдық атмосфера.
- •Бәсекені қорғау
- •Табысты қайта бөлу
- •Тұрақтандыру
- •Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қаржылық нарық және еңбек биржасы
- •Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
- •Несиенің түрлері келесідей жіктеледі:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Отбасы экономикасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері
- •Халықаралық экономикалық интеграция
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Глоссарий
- •Мазмұны
5.3 Сурет Құн заңының қызметтері.
Адам өзінің қажеттіліктерін олардың маңыздылық дәрежесінің кему тәртібімен орналастырады және оларды өз иелігіндегі бар игіліктер мөлшерімен қанағаттандыруға тырысады. Бұл ретте әр бір игіліктің бағалылығы, біріншіден қажеттілікті қанағаттандыру маңыздылығына, екіншіден оның қанығу дәрежесіне байланысты болады.
Жеке тұтыну үрдісінде пайдалылықтың кему заңдылығы әрекет етеді. Егер біз үздіксіз бір түрлі өнімді пайдаланатын болсақ, оның қанағаттандыру дәрежесі бірте-бірте кемиді, яғни соңында қанығуға әкеледі.
Игіліктердің бағалылығын шекті пайдалылық анықтайды, яғни бұл түрдегі тауарға деген ең аз табанды қажеттіліктерді қанағаттандыратын «шекті дананың» субъективті пайдалылығы.
Шекті пайдалылық игілікті пайдаланудың әр түрлі деңгейлерінде пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда ол қандай-да бір өнімнің жаңа бірлігін тұтынудың өсуінен пайда болған адам сезінетін қосымша пайдалылық мөлшерін көрсетеді.
Шекті пайдалылық, сондай-ақ, өз кезегінде игіліктің бағалылығы сол тауардың мөлшері және оған деген қажеттілікке тәуелді болады.
Еңбек құн теориясы және шекті пайдалылық концепциясымен танысқаннан кейін нарықтық баға белгілеу теориясында жалпы алғанда қарама-қайшылық пайда болғанын байқауға болмайды.
Еңбек құн теориясының өкілдері, баға белгілеуде шешуші рөлді тауар өндірушілер (тауар ұсынысы) атқаратынына сүйенген.
Шекті пайдалылық теориясының өкілдері анықтаушы мәнді тұтынушылар сұранысына берген. Бұл қайшылықты шешуді қолға алған Альфред Маршалл болды. Ол бағаның «ымыралы» теориясын ұсынды. Осылай сұраныс (пайдалылық) және ұсыныстың (шығын) өзара байланысын талдауға негізделген бағаның екі факторлы теориясы дүниеге келді. Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныс механизмдері арқылы қалыптасады.
Бәсекенің нарықтық механизімі сұраныс пен ұсыныстың арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ете алады.
Ақша – жалпыға бірдей жалғыз эквивалент болып табылатын ерекше тауар. Алтын құнның жалпыға танымал өлшеуіші болып табылғандықтан, ол барлық тауарлардың құнын өлшеуші-эталон болып табылды.
Ақшаның пайда болуынан кейін, Ti - Т2 формуласымен жүзеге асып келген қарапайым тауарайырбасы Ti - А - Т2 формуласымен ауысты. Ақша бір игілікті басқаға айырбастау кезінде таптырмайтын және өтімді делдалға айналды.
Ақшаның экономикалық рөлі оның қызметтерінен көрінеді. Ақша келесі қызметтерді атқарады:
5.4 Сурет Ақшаның қызметтері
Ақша ең бірінші құн өлшемі қызметін атқарады, яғни барлық тауарлардың құнын өлшейді.
Құнның ақшалай көрінісі – бұл баға. Өнімнің бағасын анықтау үшін ақшаның өзі қажет емес, өйткені тауар сатушы оның бағасын ойша белгілейді (құнды ақшамен мінсіз көрсетеді).
Айналыс құралы қызметі кезінде ақша құралдары айналымдағы делдал ретінде көрініс табады, яғни Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар) формуласымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша бұл қызметті өткінші түрде атқара отырып, сатып алушылар мен сатушылардың қолында ұзақ уақытқа бөгелмейді. Бұл жайт соңында құны толымды ақшаның толымсыз ақшамен ауыстырылуына әкелді.
Егер сатушы өз тауары үшін ақша алып, бірақ оны өзіне қажетті заттарға жұмсамаған болса, онда айналым үрдісі үзіледі. Бұл кезде ақша қазына қалыптастыру құралы қызметін атқара бастайды, яғни олар байлық жинау көзі ретінде жинақтала бастайды.
Қазына қызметін тек қана алтын монеталар атқарып қоймайды, сондай-ақ алтын құймалары, алтын бұйымдары – ақшалай материалдың барлық түрі атқарады.
Тауарларды несиеге берген кезде (төлем мерзімін ұзарту арқылы қарызға) ақша төлем құралы қызметін атқарады. Бұл кезде сатып алынған тауарға қарызды өтеу мерзімі келген кезде төлем жүргізіледі. Ақшаның бұл рөлі кезінде олар тауар айналымынан тыс жүзеге асырылады, яғни жалақы төленген кезде, қандай да бір қаржылық міндеттемелер орындалған кезде (қарызды өтеу, салық төлеу, арендалық немесе жерге төлемдерді жүргізу және т.б.)
Халықаралық сауда барысында ақшаның әлемдік ақша қызметі пайда болады. Бұл кезде барлық елдер арасындағы шаруашылық байланыстарда ақша жалпыға ортақ эквивалент рөлінде көрініс тауып отырады.
Әлемдік ақша қызметін көп уақыт бойы алтын атқарып келді. Алтын монеталар орнына ХХ ғасырда жасанды ақша бірлігі келді.
Алтын стандарттың күшін жою алтынсыз ақша түрінде атқарылуы мүмкін емес екі қызметтің жойылуына әкелді: а) қазына жинау құралы; б) әлемдік ақша. Қазіргі заман жағдайында ақшаның негізгі үш қызметі жүзеге асырылады: а) құн өлшемі; б) айналыс құралы; в) төлем құралы.
Ақша айналымының аталған компоненттері квази-ақша (латынша "quasi" – дерлік, жартылай ақша) деген атқа ие болды.
Осылай, қазіргі ақшалардың ерекшеліктері мынада:
Қағаз және электронды ақшалар алтынмен байланысты емес. Қазіргі заманғы ақшалар – бұл декреттелген ақшалар. Олар осылай аталады, өйткені көпшілік оны осылай таныған. Кепілгер ретінде мемлекетті айтамыз.
Бағаның қалыптасуында екі көзқарасты бөліп көрсеткен жөн:
Нарықтық және өндірістік (шығындық). Бірінші бағыт бойынша баға белгілеудің анықтаушы факторларына нарық конъюктурасы, сұраныс және тауар ұсынысы жатады. Екінші бағытта – тауар бағасын бекітуде өндірістік шығындар, ең алдымен тауар жасаумен, шығарумен байланысты еңбек шығындары негізге алынады.
Нарықтық көзқарас аясында келесі анықтама лайық:
Баға – бұл игіліктердің айырбасталу үрдісі кезінде көрініс табатын құндылығын көрсету формасы. Осылай тұжырымдауда көңіл аударатын екі негізгі нарсе бар. Біріншіден, тауар бағасының оның тұтыну объектісі ретінде қамтитын бағалылығымен, пайдалылығымен тікелей байланысы көрсетіледі. Екіншіден, мұндай талқылауға сәйкес тауар бағасы экономикалық мағына ретінде тек қана оның ақшаға немесе басқа тауарға айырбасталу жағдайында көрініс табады. Сондықтан нарықтан тыс, сату-сатып алусыз баға туралы айтылмайды, бағаны тек қана нарық белгілей алады. Бағаның мәні тұрғысындағы басқа ұстанымдар, бағаны өндіріс факторларымен, ең басты фактор – еңбекпен байланыстыратын өндірістік көзқарасқа тән. Бұл бағыт үшін келесі тұжырымдама сәйкес келеді: Баға – тауардың ақшалай көрінісі болып табылады. Мұндай анықтамада орталық мән «құн» ұғымына беріледі. А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектерінен бастау алған және әрі қарай К.Маркспен дамытылған құнның еңбектік теориясына сәйкес, құн тауарды өндіруге кеткен еңбек шығындарымен анықталады, яғни еңбектік табиғатқа ие. Еңбектік мағынасын түсінуде құнды сандық өлшеудегі көптеген қиындықтарды айналып өту үшін К.Маркс «абстрактілі және нақты еңбек», «еңбектің қоғамдық қажетті шығындары» деген ұғымдарды енгізуге мәжбүр болды, бірақ сөйте тұра құн теориялық категория ретінде қала берді.
Бағаның бірінші қызметіне өлшеуді жатқызуға болады. Бағаның арқасында тауардың құнын өлшеуге, анықтауға болады, басқаша айтқанда сатып алушы қандай мөлшерде ақша төлеуі қажет, ал сатушы сатылған тауары үшін қанша ақша алуы қажет екендігін анықтайды. Бағалар сату-сатып алу үрдісінде ақшаның төлем құралы ретінде сандық нақтылыққа жетуіне себеп болады.
Баға бөлу қызметін атқара алады, яғни сол немесе басқа тауарға деген, оның бағасымен байланысты сұранысты қайта бөлу негізіндегі мүмкіндігі; тауар ұсынысына, жеткіліксіз тауар өндірісінің кеңеюіне және артық өндірісті қысқартуға әсер ете алады. Соңында инвестициялар айырықша өндірістің әлсіз дамыған салаларына ескірген салалардан құралдардың ағылуы есебінен бағытталады.
Бағаның өте маңызды әлеуметтік қызметі бар. Бағамен және оның өзгерісімен игіліктер мен қызметті тұтыну, шығындар, өмір сүру деңгейі, күн көріс минимумы, отбасының тұтынушылық бюджеті көлемі мен құрылымы байланысты болады. Тұтынушылық тауарлары мен қызметтеріне деген баға деңгейіне адамдардың әлеуметтік әсерлері бойынша, адамдар бағалардың өсуі өмір сүру деңгейін төмендетеді деп есептейді, сәйкесінше бағалардың түсуі өмірді жақсартатыны белгілі. Бұл ретте әдетте басқа бағасыз факторлар назардан тыс қалып отырады, мысалы табыс, нарықта тауардың болу-болмауы, тұтыну құрылымы.
Елдің халық шаруашылығы шегінде жүзеге асатын ішкі қызметтерімен бірге баға сауда келісімі, сыртқы төлемдер, елдер арасындағы екі-жақты есептің құралы бола отырып сыртқы экономикалық қызметті де атқарады.
Нарықтық, сондай-ақ нарықтық емес экономикада өндірушілердің сатудан түскен түсімді өсіру мақсатында өндіріс көлемі мен сапасын ұлғайтуға мүдделілігіне ықпал ете отырып баға ынталандыру қызметін атқарады. Бұл әсердің механизмі өндірушінің тауар және қызмет көрсету бағасымен тікелей байланысты болатын өздерінің табысы мен пайдасын ұлғайтуға деген ықыластары арқылы өтеді.
Белгілеріне қарай бағалар жеке түрлерге бөлінеді. Олардың негізгі және кең таралған түрлерін қарастырайық.
Тауарларды өткізу жүзеге асырылатын тауарлар мен қызметтерді сатудың түрі, сауда операцияларының масштабы және өткізілетін тауар сипаты бағаға өз әсерін тигізеді. Бұл белгілер арқылы бағалар көтерме, бөлшек, сатып алу бағасы және тарифтер деп бөлінеді.
Көтерме сауда бағасы деп көтерме сауда жағдайында өнімнің ірі топтамалармен сатылу бағасын айтамыз. Көтерме сауда бағалары жүйесі кәсіпорындар арасындағы сауда-саттық операцияларында, сонымен қатар көтерме сауданың арнайы дүкендері мен өткізу кеңселері арқылы өнімді сату кезінде, тауар биржаларында және тауарларды топтап сататын кез-келген басқа да сауда ұйымдарында айрықша мөлшерде қолданылады.
Бөлшек сауда бағасы деп бөлшек сауда желісі жағдайында тауарлардың жеке сатып алушыларға, салыстырмалы түрде әр бір сату көлемінің аз мөлшерімен сатылу бағасын айтамыз. Бөлшек сауда бағасымен әдетте тұрғындарға халықтың тұтыну тауарлары сатылады және аз жағдайда кәсіпорындар, ұйымдар, кәсіпкерлерге.
Бөлшек сауда бағасымен сауда-саттық көмегімен көбінде соңғы тұтынушыларға, үй шаруашылықтарына, азаматтарға қызмет көрсетіледі.
Бөлшек сауда бағасы әдетте көтерме сауда бағасынан сауда үстемесі мөлшеріне жоғары болады, оның есебінен бөлшек саудадағы айналыс шығындарының орны толтырылады және бөлшек сауда ұйымдары мен мекемелері үшін пайда қалыптасады.
Сатып алу бағалары – бұл өнімдерді кәсіпорындардан, ұйымдар және тұрғындардан мемлекеттік сатып алу бағалары.
Белгілі ерекшеліктерге ие бағалар – бұлар жоғарыда айтылғандай, материалдық-заттық түрде өндірілмейтін, бірақ аталған өнімнің сапасы өзгеретіндей, қызмет түрлерін көрсететуге деген бағалар. Көп жағдайда қызмет көрсетуді өндіру оны тұтынудың басталуымен сәйкес келеді.
Қызметтердің ерекшеліктері қызмет түрі ретінде тариф (бағалау) деп аталатын қызмет көрсету бағасының қалыптасуына әсер етеді. Қызмет көрсетуге тарифтерді белгілеу кезінде тек жұмыс көлемі ескеріліп қана қоймайды, сонымен бірге уақыт факторы мен сапа айтарлықтай рөл ойнайды. Тарифтердің әдеттегі мысалына коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсетулерді төлеу, телефон байланысы үшін төлем, радио және теледидар қолданысы үшін төлемдер жатады.
Реттеу деңгейі мен тәсіліне байланысты бағалар келесі топтарға бөлінеді: 1) қатаң бекітілген (белгіленетін); 2) реттелетін (өзгермелі); 3) келісімді (шартты); 4) еркін (нарықтық).
Қатаң бекітілген, тұрақты бағалар бағабелгілеу органдары немесе басқа да мемлекеттік органдармен белгіленеді, олардың деңгейі құжатпен қойылады. Өндірушілер де, тауар сатушылары да мұндай бағаны қандай да бір жаққа өзгертуге құқықсыз, ондай өзгеріс заңмен қудаланады. Орталықтан басқарылатын экономикада тағайындалатын бағалар кең таралған, олар мемлекеттік бағалар деген атпен таныс. Мемлекеттік баға белгілеу органдары мемлекеттік бағаларды белгілеуде және өзгертуде, оларды жоғарылатуда немесе төмендетуде монополиялық құқыққа ие болады.
Реттелетін бағалар дегеніміз деңгейі мемлекеттік органдармен реттеліп отыратын бағалар. Бұл кезде мемлекет тарапынан болатын бағаға деген реттеу шектелген, жанама сипатта болады, тауар сұранысы немесе ұсынысының өзгерісіне әсер ету арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, өндірісітің белгілі бір түрін дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет сол тауарларға жоғарырақ баға белгілеу қажет болған кезде сатып алушылармен, осы топтағы тауарларды тұтынушылармен төленетін салықты қысқартуы мүмкін, ол сәйкесінше сол тауар сұранысының кеңеюіне және осыған орай тауар бағасының жоғарылауына әкеледі. Сондай-ақ осындай жолмен бағаның төмендеуіне де мүмкіндік туғызуға болады.
Келісімді бағалар – бұл деңгейі сауда-саттықтың алдын алған акттерiнің келісім-шартымен, сатып алушы мен сатушының арасында құжатпен белгіленген келісім-шартпен анықталатын бағалар. Іскерлік ынтымақтастықтың қазіргі тәжірибесінде келісім-шарттарда баға деңгейі түсіндірілетін арнайы бөлімді бөліп көрсету қабылданған. Бір қатар жағдайларда келісім-шартта бағаның абсолютті деңгейі емес, баға ауқымы, жоғарғы немесе төменгі деңгейі (жоғары да емес төмен де емес) немесе олардың мемлекеттік, нарықтық, әлемдік бағалармен байланысы қойылады.
Сонымен қатар келісім-шартпен бекітілген бағаның өзгерістері, айталық, инфляция, төтенше (форс-мажор) жағдайлары, жаңа заңдардың қабылдануы салдарынан болуы мүмкін өзгерістер ескеріледі.
Еркін нарықтық бағалар өнімнің атауы айтып тұрғандай, бұл бағалар мемлекеттік органдардың тікелей бағалық араласуынан арылған, нарықтық конъюктура, сұраныс және ұсыныс заңдарының ықпалы арқылы қалыптасатын тепе-тең бағалар, яғни сұраныс көлемі нарықтағы тауарлар ұсынысының көлеміне тең болған кездегі бағалар деген атқа ие.
