Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК Оқулық ЭТН КҚФ қ 2к 21.01.2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать

Несиенің түрлері келесідей жіктеледі:

  1. Несиелеу объектісі бойынша:

  • Коммерциялық несие тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.

  • Банктік несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.

2. Әрекет ету мерзімі бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

3. Несие сипаттамасы бойынша: тұтыну, ипотекалық, мемлекеттік,

халықаралық

Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. Осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты пайызсыз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.

Банк функциялары:

  1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.

  2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.

  3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)

Қызметі және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:

  • орталық эмиссиялық

  • коммерциялық, депозиттік, инвестициялық

  • жинақ

  • арнайы бағытағы банктер.

Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:

  • І дәрежелі – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

  • ІІ дәрежелі – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.

Қаржылық нарықтың қызмет етуі мен дамуына мемлекет несие саясатын жүргізу арқылы айтарлықтай әсер етеді. Дәлірек айтсақ, мемлекет есептік ставканың деңгейіне, сұраныс пен ұсыныс ара-қатынасына әсер етеді, несие беруші немесе қарыз алушы болып табылады, осы нарықтың қызмет етуі мен дамуының жалпы ережелерін бекітеді, осы нарықтың қызмет етуі мен дамуы ережелерін жүзеге асырады, оған жедел бақылауды жүргізеді.

Несие саясаты – ұлттық банктің ақша айналымымен несие қатынастары саласында жүргізетін макроэкономикалық процестерді мемлекеттік деңгейде реттеу мен дамытуға бағытталған шаралар жиынтығы. Несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікті болуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.

Еңбек нарығы – бұл бір жағынан жалдамалы жұмыскерлер (жұмыс істейтіндер мен істемейтіндер) және екінші жағынан кәсіпкерлердің, сонымен қатар еңбек биржаларының (мемлекеттік, муниципалды және ұжымдық делдал ретінде) арасындағы жұмыс кішін сату-сатып алуға байланысты қатынастар жиынтығы.

Жұмыс күшін сату айналыс саласында орын алады. Қазіргі заман жағдайында бұл келісімнің деректері ұйымдық және жеке келісім-шарттарында белгіленеді. Ол келісім-шарттарында жұмыстың көлемі мен жағдайлары, жалақы көлемі, ақылы демалыстардың ұзақтығы және т.б. анықталып жазылады. Кәсіпорында үздіксіз жұмыс істеу кезінде жаңа жағдайлар қалыптасуы мүмкін, олар өз кезегінде келесім-шартқа қайта бекіту арқылы енгізіледі. Бұл жағдайда жұмыс күшін сату жаңа мерзімге сату өндіріс саласында жүзеге асырылады. Ұжымдық келісім-шарттарының мазмұнына, оларды жасау шарттарына мемлекет пен кәсіподақтар белсенді ықпал етеді. Жұмыс күші нарығының субъектілеріне тек қана кәсіпкер мен жалдамалы жұмыскер емес, сондай-ақ жанама түрде мемлекет және кәсіподақтар да жатады.

Жұмыс күші нарығының негізгі элементтері (тетіктері) – сұраныс, ұсыныс және жалақы. Жеке, ұжымдық (акционерлік) жұмыс беруші немесе мемлекет тарапынан жұмыс күшіне сұраныс сәйкес типтегі кәсіпорындарда өндірілетін тауарлар мен қызметтерге сұранысқа, сол кәсіпорындардың техникалық жабдықталу дәрежесіне, еңбек өнімділігі мен қарқындылығына, өндірісті ұйымдастыру формалары мен әдістеріне, экономикалық конъюктураға, елдің сыртқы экономикалық ырықтандыру дәрежесіне (ұлттық нарыққа шетел компаниялары өнімдерінің ену мүмкіндігіне), жұмыс күші мен еңбек сапасына, инвестиция деңгейіне, капиталдың техникалық құрылысына тәуелді болады. Жұмыс күші ұсынысы халықтың өсу деңгейіне, білім алудың ұзықтығы мен біліктілікті игеруге, мемлекеттің демографиялық саясатына, тұрғын үй жағдайларына, еңбектің беделділігіне және басқа факторларға тәуелді болады.

Сұраныс пен ұсыныс ара-қатынасына байланысты тапшы, тепе-тең және артықшылықты жұмыс күші нарығы қалыптасады. Дамыған елдердің еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысының оның сұранысынан артып кетуінің орын алуы әдеттегі жағдай болып қалыптасқан. Бұл кезде жалақы тауар бағасынан төмен ауытқиды және керісінше.

Еңбек нарығы қалыптасуының негізгі шарттарына еңбекке деген тұрақты және тиімді ынтаны, кәсіби қайта бағдардың әрекетті жүйесін, кадрларды даярлау және қайта даярлауды, тұрғын үй нарығын, шағын кәсіпкерліктің қарқынды дамуын қалыптастыру жатады. Дамыған батыс елдерінде шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс орындарының көп мөлшерімен қамтамасыз етеді.

Еңбек биржасы – жұмысшылар мен жұмыс берушілердің мүдделерін келістіруді қамтамасыз ететін, жұмыс күші сұранысы мен ұсынысын өзара байланыстыратын, жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсететін делдалдық ұйым. Еңбек биржасының классикалық қызметтеріне келесілерді жатқызуға болады: еркін жұмыс күшін және еңбек нарығында тіркелген кәсіпорындардағы бос орындарды есептеу, жұмыссыдарға еңбек және материалдық көмек көрсету, жұмысшыларды қайта даярлау және біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру, қосымша орындарды қаржыландыру және өзгеріп отыратын еңбек нарығындағы басқа да қызмет көрсетулерді жүзеге асыру (мысалы, кәсіби жарамдылықты сараптау, кеңес беру).