Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК Оқулық ЭТН КҚФ қ 2к 21.01.2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Қорытынды

Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен, осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, әр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады.

Казіргі адамзаттың өмірі үшін шаруашылық байланыстардың болуы және қарқынды дамуы, тауар мен қызметтің әлемдік нарығының калыптасуы, мемлекеттердің экономикалық өзара тәуелдігіне, олардың мүдделерінің өзара түйісуіне алып келетін жалпығаламдық шаруашылық кешенінің біртіндеп калыптасуы аса өзекті. Осы негізде әлемдік сауда дамиды, қаржы инвестициялары жүзеге асады, казіргі заманға сай технологиялар игеріледі және ендіріледі, коммуникация мен ақпараттық камтамасыз етудің қазіргі заманғы құралдары жасалады және т.б., яғни постиндустриалды өркениетке тән сипаттағы істер атқарылады.

Әдебиеттер

  1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. – Алматы, 2003. – Б. 264-292,400-428.

  2. Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: ОФППИ «Интерлигал», 2005 ж.

  3. Шеденов Ө.К. және т.б. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. 2-ші басылым. - Ақтөбе, 2004. - Б. 415-443.

  4. М.Ы.Жүкібай «Экономикалық теория». Оқу құралы, Астана 2009 ж.

  5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең – жаңа экономика //Егемендi Қазақстан.- 16.12.2004

Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:

  1. Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары

  2. Әлемдік шаруашылық.

  3. Дүниежүзілік сауданың мәні, түрлері және құрылымы. ҚР-ның әлемдік экономикаға енуінің мәселері.

  4. Еркін экономикалық аймақ.

  5. Қазіргі кездегі әлемдік валюта нарығы.

  6. Валюталық курстың түсінігі.

  7. Валюталық курстың халықаралық жүйесі.

  8. Ғаламдық проблемалардың мағынасы.

  9. Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау бағыттары.

  10. Халықаралық еңбек бөлінісі және елдің бәсекеге қабілеттілігі.

  11. Халықаралық экономикалық интеграция

Осөж және сөж тапсырмалары:

  1. Әлемдік шаруашылықтың мазмұның, құрылымы

  2. Абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Сыртқы сауда айналымы қалай анықталады:

A) Экспорт плюс импорт.

B) Пайданың мөлшерімен.

C) Пайыз деңгейімен.

D) Өндіріс ауданымен.

E) Біріккен кәсіпорындар пайдасымен.

2. Сыртқа капитал шығару – бұл:

A) Өндірістің тиімділігін ұйымдастыру.

B) Басқа елдерге тиімді орналастыру және пайдалану мақсатындағы капитал экспорты.

C) Басқа елдер экономикасына көмек беру.

D) Халықаралық несиені көбейту мақсаты.

E) Ақша қаражатын банктерде жасыру.

3. Халықаралық жұмыс күші миграциясы:

A) Халықты басқа мемлекеттерге жұмысқа қабылдамау.

B) Жұмыс күшінің формасы.

C) Жұмысқа қабілетті халықтың ұлттық шекарадан тыс жерлерге тиімді орналасуы.

D) Мемлекетке маманданған қызметкерлердің келуі.

E) Жалақыдағы мемлекетаралық айырмашылықтар.

4. Валюта бағымы (курсы) деп:

A) Ұлттық валютаны.

B) Европалық валютаны (евро).

C) Долларды.

D) Басқа валютаның ақша бірлігімен көрсетілетін ұлттық валюта бірлігі құны.

E) Алтын мен күміс жиынтығын.

5. Қазақстан Республикасында қай жылы ұлттық теңгенің еркін құбылатын ауыстыру бағамы режиміне өтуі басталды:

A) 1 мамыр 1998 жыл.

B) 1 сәуір 1998 жыл.

C) 25 наурыз 2000 жыл.

D) 1 сәуір 1999 жыл.

E) 13 ақпан 1999 жыл.

6. Дүниежүзілік сауда ұйымына мемлекеттің кіруіндегі кемшілігі төмендегілердің қайсысы:

  1. экономикалық қауіпсіздік

  2. сыртқы сауда көлемінің өсуі

  3. төлем балансының құрылымының жақсаруы

  4. әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігі бар тауарлардың сапасын көтеру

  5. ауылшаруашылығының мүмкін дағдарысы

7. Әлемдік экономиканың негізгі сферасына төмендегілердің қайсысы кірмейді

  1. сыртқы сауда

  2. валюталы несиелі операциялар

  3. өндірістік кооперация

  4. ғылыми-техникалық одақтастық

  5. ішкі цехтық мамандану

8. Экономиканы мемлекеттік реттеу идеясын кім ұсынды?

  1. Дж. М. Кейнс

  2. А. Смит

  3. К. Маркс

  4. Д. Рикардо

  5. М. Фридмен

9.Салыстырмалы мүмкіншілік принципін алғаш қалыптастырған:

A) Томас Мальтус.

B) Адам Смит.

C) Пол Самуэльсон.

D) Давид Рикардо.

E) Альфред Маршалл.

10. Экономикалық тиімділік:

A) Өндірістің тиімді ұйымдастырылуы.

B) Өндірістің нәтижесі.

C) Қолданылатын ресурстардың мөлшері.

D) Алынатын нәтижелер мен өндірістік шығындардың қатынасы.

E) Өндірістің шоғырлануы.

11. Жеке бір елдің қандай да бір өнім түрін өндіруге мамандануы қалай аталады:

A) Халықаралық шарт жасау.

B) Халықаралық сауда.

C) Халықаралық байланыс.

D) Халықаралық алмасу.

E) Халықаралық еңбек бөлінісі.

  1. Жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты:

  1. Ақша-несие саясаты

  2. Салық саясаты

  3. Фритредерстік саясат

  4. Инвестициялық саясат

  5. Протекционизм

  1. Ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау:

  1. Ақша-несие саясаты

  2. Салық саясаты

  3. Фритредерстік саясат

  4. Инвестициялық саясат

  5. Протекционизм