- •4. Оқу пәндерінің деректемелері:
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиеттер
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу пәніне қойылатын талап
- •Л.Н.Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті
- •«Экономикалық теория» бойынша дәрістік курс
- •Экономикалық теорияның пәні және әдісі. Экономикалық теория ғылым ретінде.
- •1.1. Сурет Экономикалық теорияның даму кезеңдері
- •1.2. Сурет Экономикалық теорияның басқа ғылымдармен байланысы. Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тест тапсырмалары:
- •Қоғамдық өндіріс және оның тарихи нысандары
- •2.1. Сурет Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Техникалық еңбек бөлінісі
- •Қоғамдық еңбек бөлінісі
- •Салалық және территориялық еңбек бөлінісі
- •Түрлендіру
- •Мамандану
- •Әртараптандыру
- •2.3 Сурет Ұлғаймалы ұдайы өндірістің түрлері
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі
- •3.1 Сурет Меншіктің қоғамдық қатынастар жүйесінде орны мен рөлі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Экономикалық жүйелердің типтері
- •Сызба Кез-келген экономикалық жүйенің жалпы мәселелері
- •4.2 Сурет Экономиканың негізгі үш мәселесі
- •Сызба. Институционалдық өзгерістердің үрдісі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауар және ақша. Бағалар мен тарифтер
- •Сурет Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері.
- •5.2 Сурет Тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілері
- •5.3 Сурет Құн заңының қызметтері.
- •5.4 Сурет Ақшаның қызметтері
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Нарықтық шаруашылықтың мәні, қызметтері және элементтері. Сұраныс және ұсыныс теорияларының негіздері
- •6.1 Сурет Нарықтың мәні
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы:
- •Қаржы нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар, несие нарықтары, құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.Б.), валюта, ақша нарықтары.
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Бизнес және кәсіпкерлік
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Фирманың өндіріс шығындары мен табысы
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Ұлттық экономиканың қалыптасу заңдылықтары
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Нарықтық экономикадағы мемлекет
- •Үкіметтің экономикалық қызметтері.
- •Құқықтық база және қоғамдық атмосфера.
- •Бәсекені қорғау
- •Табысты қайта бөлу
- •Тұрақтандыру
- •Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қаржылық нарық және еңбек биржасы
- •Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
- •Несиенің түрлері келесідей жіктеледі:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Отбасы экономикасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері
- •Халықаралық экономикалық интеграция
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Глоссарий
- •Мазмұны
Бәсекені қорғау
Бәсеке нарықтық экономикадағы негізгі реттеуші механизм болып табылады. Бұл өнім өндірушілер мен шикізат тасымалдаушыларды сатып алушылар үстемдігіне немесе тұтынушы тәуелсіздігіне бағынышты ететін күш.
Табысты қайта бөлу
Үкімет біздің қоғамымыздағы табыс теңсіздігін төмендету міндетін алып отыр. Бұл міндет бір қатар саяси шаралар мен бағдарламалар аясында көрініс табады. Біріншіден, трансферттік төлемдер аса мұқтаж жандарға және жұмыссыздарға жәрдемақыны қамтамасыз етеді. Екіншіден, үкімет сонымен бірге, нарыққа араласу арқылы табысты бөлуді өзгертеді, яғни нарықтық күштер арқылы бекітілген бағаны түрлендіру жолымен.
Ресурстарды қайта бөлу – құлпырмалы (ауыспалы) шығындармен байланысты.
Құлпырмалы шығындар. Егер тауар өндірісі немесе тұтынуы қандай да бір жақтың орны толмас шығындарын тудырса, онда құлпырмалы шығындар пайда болады. Яғни бұл шығындар өндірушілер мен тұтынушылар емес, үшінші тарап, жалпы қоғам ешқандай өтемсіз көтеретін өнім өндіру шығыны. Анағұрлым айқын құлпырмалы шығындардар қоршаған ортаның ластануымен байланысты.
Құлпырмалы шығындардың пайда болуына байланысты ресурстардың теңсіз бөліну мәселелерін реттеу үшін үкімет қандай шаралар қабылдауы мүмкін? Анығырақ айтсақ үкімет құлпырмалы шығындарды «өндірістің ішкі шығындарына қалай ауыстыра алады»? Әдетте түзету шараларының екі типі қолданылады: заңнамалық шаралар және ерекше салықтар.
Тұрақтандыру
Үкіметтің ең жаңа және кейбір жағдайларда ең маңызды қызметі болып оның экономиканы тұрақтандыруы жататыны тарихи қалыптасқан нәрсе, яғни жеке экономикаға толық жұмысбастылықпен, бағаның тұрақты деңгейімен қамтамасыз етуде қолдау көрсетуі.
Мемлекеттік реттеудің мақсаттары тығыз өзара байланыста бола отырып, мәні, әсер ету масштабы мен салдары бойынша бірдей мәнге ие емес. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішінен басты және айқын мақсаттарды ашып көрсетуге болады. Басты мақсаттар ішіндегі басымдыққа ие болып экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа жету, ұлттық бәсекеге қабілетті артықшылықтарды, экономикалық қауіпсіздікті, нарықтық механизмнің әр түрлі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету.
Айқын мақсаттар мемлекеттің реттеу объектілеріне қарай ажыратылады, бірақ әрқашан қоғамдық және жеке мүдделерді үйлестіру қажеттілігіне сүйеніп отырады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) объектілері – бұл елдің дағдылы түрде шешімін таппаған немесе жеке дара болашақта шешілетін қиыншылықтары, мәселелері пайда болған немесе пайда болуы мүмкін салалары, аймақтары, сонымен бірге жағдайлары, әлеуметтік-экономикалық өмір шарттары және құбылыстары, яғни бұл мәселелерді шешу экономиканың қалыпты қызмет етуі үшін және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күтпейтін қажеттілік.
ЭМР-нің негізгі объектілеріне:
экономикалық цикл;
шаруашылықтың секторлық, салалық және аймақтық құрылымы;
капитал жинақталуының жағдайлары;
жұмысбастылық;
ақша айналымы;
төлем балансы;
баға; НИОКР – ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
бәсеке шарттары;
әлеуметтік қатынастар, соның ішінде жұмыс берушілер мен жалданып жұмыс істеушілер арасындағы қатынастар, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру;
кадрлар даярлау және қайта даярлау;
қоршаған орта;
сыртқы экономикалық байланыстар.
ЭМР объектілері ретінде орталық (федералды), аймақтық, муниципалды немесе коммуналды басқару органдары саналады. Мемлекеттік реттеудің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
шаруашылықты басқарудағы толықтай мемлекеттік монополизм. Бұл КСРО және социалистік достастық елдеріне тән болған, алайда қазіргі кезде кейбір коммунисттік елдерде де сақталған;
нарықтық және мемлекеттік реттегіштердің әр түрлі нысанда үйлесуі.
Бұл «жапондық», «шведдік» үлгілерге, Германия федеративтік мемлекетінің әлеуметтік бағдарланған нарықтық шаруашылық үлгісіне, Австрия, «қытайлық» даму үлгісіне тән;
жеке кәсіпкерліктің тежеусіз шарттарын ғана тиімді деп мойындаушы төтенше либерализм. АҚШ үшін тән.
Мемлекеттік реттеудің тиімділігі мықты заңнамалық, атқарушы, сот билігінің болумен анықталады.
Мемлекеттік реттеудің институтттық құрылымдары әкімшілік органдардан құралады. Экономикалық мақсаттарды іске асыру мен шешім қабылдауда реттілік арқылы анықталатын аталған басқару органдарының ерекшеліктерінің деңгейі елдегі басқарудың орталықтануы деңгейіне тәуелді. Осылайша саясатта бюрократияның деңгейін бақылаудың орталықтандыру Ұлыбританияда, Франциямен салыстырғанда анағұрлым төмен дәрежелі. АҚШ-тың жоғарғы әкімшілік құрылымдарында автономды органдардың саны едәуір көп. ФГР үшін интегралданған басқару жүйесі тән – мүдделердің, олардың үлгілерінің агрегаттануы мен делдалдық. Корпоративті модель мақсаттардың тепе-теңдігі үшін арнайы институттарын құруды қарастырады. Бұл Швецияның, Жаңа Зеландияның либералды корпоративизмі, Жапонияның жеке капитализмі, Швейцарияның «социотарлы» капитализмі.
Плюралистикалық үлгіде (Италия, Ұлыбритания) мүдделерді келістіруге арнайы механизмдер жоқ. Олар парламент, үкімет, кәсіподақ, партиялар қатысуымен саяси үрдістер аясында жүзеге асырылады.
Мемлекеттің белгілі органдары арқылы мемлекеттік реттеудің екі басты моделі көрінеді.
1. Реактивті (бейімделу) үлгісі, АҚШ-қа тән. Ол нарықтың өзгерістері мен «сәтсіздіктеріне» нақты әсер етуге мүмкіндік береді. Құрылымдардың қозғалмалылығы мен реттеуші органдардың қызметтерімен, макро және микро деңгейде тікелей және жанама реттеудің тетіктерінің құбылуымен, мемлекет пен жеке бизнестің біріккен іс-әрекетінің қосылуымен қамтамасыз етіледі.
2. Реттеудің проактивті үлгісі (Жапония) нарықтық механизмде мүмкін болатын ақауларды мемлекеттің араласуының «дәл» бөлу, мемлекетпен, кәсіпкерлермен келіссөздерде жоспарлауды, үйлестіретін және түзететін ұсынымдар арқылы алдын алады.
Мемлекет, әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттей отырып, экономикалық тапсырмаларға, мемлекеттің материалдық мүмкіндіктеріне, реттеудің жинақталған тәжірибесіне тәуелді әдістер мен құралдар жүйесін қолданады. Батыстық теориялар мен әлемдік тәжірибені талдау ұлттық үлгіні құру туралы және мемлекеттік реттеудің қоғамдық нысандары мен әдістерінің стандарт жинағы туралы да айтуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік реттеудің соңғы уақыттары қолданылатын әмбебап құралдарын қарастырайық.
Мемлекеттік реттеудің әдістері құқықтық (заңнамалық), әкімшілік, экономикалық, тікелей, жанама деп жалпылай бөлінген.
Құқықтық реттеу мемлекеттің өндіруші фирмалары мен тұтынушылар үшін «экономикалық ойындар» ережесін бекітуден тұрады.
Заңнамалық нормалар мен ережелер жүйесі меншіктің нысаны мен құқықтарын, фирманың келісімшарттар жасасу шарттары мен қызмет етуін, кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің еңбек қарым-қатынастары тұрғысында өзара міндеттерін анықтайды.
Әкімшілік реттеу контингенттеу, лицензиялау, квоталау, т.б. шараларды қарастырады. Әкімшілік шаралар жүйесі көмегімен (бекіту, рұқсат беру, мәжбүрлеу) мемлекет бағалар, табыстар, есептік мөлшерлеме, салық курсына бақылау жасай алады. Бірқатар елдерде әкімшілік шаралардың әсер ету аясы қоршаған ортаны қорғау, халықты әлеуметтік қамсыздандырумен шектеледі.
Экономикалық әдістер нарықтық байланыстардың сипатына әсер ету және халыққа білім беру аясында біріккен сұраныс, біріккен ұсыныс, капиталдың кончентрациялану деңгейі, экономиканы, әлеуметтік шарттарды құруға әсер ету арқылы нарық алаңын кеңейтуді және экономикалық өсуді қолдануды қарастырады. Осы мақсатта:
Бюджеттік және фискалды саясат;
Ақша-несие саясаты;
Бағдарламалау;
Болжау және жоспарлау.
Қаржылық саясат бюджет-салық және фискалды механизмді ұлттық-экономикалық және әлеуметтік мақсаттар үшін қолдануды көздейді.
Ақша-несие саясаты Халық банкінің нарықтық механизм элементтеріне және ең алдымен ақшалай айналымның оңтайлылығына жанама әсер ету әдісін қолдануды қарастырады.
Мемлекеттік реттеудің жоғарғы нысаны – бағдарламалау, болжау және жоспарлау. Оларды қолдану шаруашылық байланыстардың күрделіленуі мен қысқа, орта, ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуде кешенді шараларды қолдану қажеттігімен байланысты. Аталған мақсатты бағдарламалардың объектілері - (экономиканың аграрлы секторы), аймақтар, әлеуметтік шарттар, ғылыми зерттеулердің бағыттары. Бағдарламалар қарапайым, мақсатты, төтенше болады.
Экономиканы қалыптастыру, құрылымдық қайта құру, жекешелендіру бойынша және экономиканы дағдарыстан кейін тұрақтандыру бойынша жалпыұлттық бағдарламалар кең тараған.
Нарықтық экономиканың шарттарында экономиканы барынша ұзақ мерзімді жағдайда жоспарлау қолданады.
Реттеудің тікелей әдістері билікті өкім беру қарым-қатынасына негізделеді және субъектілердің шаруашылығының нәтижелі болуына және қызмет етуіне әкімшілік әсер етуге тіреледі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің тікелей әдістерінің ішінде экономиканың секторларын мақсатты қайтарымсыз қаржыландырудың әр түрлі нысандары басым, мысалы, аймақтар, фирмаларға субвенциялар немесе субсидиялар, дотациялар беру, арнайы бюджеттік немесе бюджеттік емес жалпыұлттық және аймақтық деңгейдегі қорлардан қосымша төлемақылар, сонымен қатар жеңілдікті несиелер. Аталған әдістердің мақсаты даму басымдығына қол жеткізу, қоғамдық қажетті секторлар, экономика секторларын, халық топтарын қорғау болып табылады. Тиімділігімен қатар аталған әдістің шығын мен бағаның қатынасының бұзылуы, бәсекелестіктің төмендеуі, нарықтың тепе-теңдік сақтау қызметінің нашарлау түрінде болатын жағымсыз тұстары да бар.
Экономикаға тікелей әсер етуді мемлекет шаруашылықтың белгілі салаларына инвестициялау арқылы жүргізеді. Бұл екі бағытта жүргізіледі: мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту немес мемлекеттік емес сектордың кәіспорындарын субсидиялау. Біріншісі капиталды қажет ететін және азрентабельді салаларда жүзеге асырылады. Мысалы, көмір өндірісі, темір жол және су көлігі, автомобиль жолдарын ұстау. Сонымен қатар, экономиканы дамытудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету үшін мемлекет нақты кезеңде ғылыми-техникалық прогресті анықтайтын, білікті кадрлар мен ғылыми зерттеулер жүргізу салаларына инвестициялауды жүзеге асырады.
Сурет 10.1 Нарықтық инфрақұрылымды мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік кәсіпкерлік меншіктің басқа нысандарын қолдану жағымсыз салдарын тудыратын салаларда дамиды.
Осылайша, қорғаныстық өнеркәсіпте инвестициялау қазыналық кәсіпорындар құрылысына, акцияларын сатып алу арқылы басқа нысандағы меншік кәсіпорындарды ұлттық етуге, сот арқылы оккупанттармен серіктес болған кәсіпорындарды, мысалы, екінші дүниежүзілік соғысынан кейінгі Франциядағыдай тәркілеуге бағытталады. Осы негізде акцияларының жартысы мемлекетке тиесілі аралас кәсіпорындар құрылады. Кәсіпкерлік қызмет мемлекетке жалпыұлттық мәселелер мен маңызды әлеуметтік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекет халықтың өмір сүру деңгейін энергияға, азық-түлікке, қызметтерге шекті бағаларды белгілей отырып бақылайды.
Мемлекет реттеуді жекелеген кәсіпорындарды, біріккен немесе меншіктің жеке нысандарын қолдау арқылы жүргізеді және оларға тауарлар мен қызметтерді төмен бағалармен беру немесе субсидиялау арқылы қол жеткізеді. Мемлекет табыстың бір бөлігін ұлттық шаруашылықты дамытуға жұмсайды.Осылайша, президенттер Р.Рейган мен Дж.Буш саясаттары тікелей салымдар және көбінеки салық салудағы артықшылықтар арқылы ірі бизнесті қолдауға бағытталған.
Мемлекет білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау сияқты мемлекет көмегінсіз баяу дамитын немесе аталған салалар қызметіне бағалар өте жоғары болатын салаларды қолдау бағдарламаларын жүргізеді. Аталған салалар, сонымен қатар, аграрлық өндіріс, өнеркәсіп, көлік салалары көптеген мемлекеттердің субсидияландыру объектілері болып табылады.
Мемлекет ұлттық нарыққа тікелей, сонымен қатар, нарықтың дамуына, құрылымына, көлеміне мемлекеттік тапсырыс арқылы әсер етеді. Мысалы, фирмаға белгілі бір, кей жағдайда, ерекше, дефицит өнімді белгілі бір уақытта өндіруге мемлекеттік тапсырыс беру.
Нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады.
Салық сипаты тұрғысынан:
Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар жатады.
Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.
