Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК Оқулық ЭТН КҚФ қ 2к 21.01.2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Қорытынды

Үй шаруашылығы – халықтың табысын негіздейтін, өз мүшелері арасында тарататын, сөйтіп, материалдық жағдайды нақты уақытта ғана емес, ұрпақтарына да таратылуын қамтамасыз ететін субъект.

Тұтыну жәшігі – орта статистикалық отбасының қалыпты қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қалыпты әрекетін қамтамасыз етуге қажет тұтыну құндылықтары (материалды және рухани) мен қызметтерінің толық жинағы.

«Егер әрекетіміздің бәрі де ардың ісі екенін ұқсақ, ісіміз бен сөзіміз табысып жатса, онда нені болсын именбей, күмілжімей, ашық айтуымыз керек» (Ататүрік). Бүгінгі таңда адам ресурсын қолдану мәселесі өзектi болып отыр. Қазіргі экономикалық жағдайда шешуші рөл адамдікі, сол себепті адам капиталын жан-жақты қолдану қажеттігі туындайды. Қоғамның модернизациялануының негізгі шарты болып, жаңа әлеуметтік біліктілік пен рөлдерді адамдардың игеруі, қоғамның ашықтығын есепке ала отырып, адамдардың әлеуметтік әрекетінің мәдени дамуы, олардың жедел ақпараттануы, өзгерістердің динамикасының өсуі болып табылады.

Әдебиеттер

    1. Нестеров Л., Аширова Г. Национальное богатство и человеческий капитал. // Вопросы экономики, 2003, №2.

    2. Щетинин В. Человеческий капитал и неоднозначность его трактовки. // Мировая экономика и международные отношения, 2001, № 12.

    3. Баликоев В.З. «Общая экономическая теория», Новосибирск, 1998 г.

Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:

  1. Үй шаруашылығының мәні

  2. Отбасының нарықтық экономикадағы орны

  3. Адам капиталы

  4. Адам капиталы қалыптасуының негіздері

  5. «Адам капиталын» құруда отбасының негізгі қызметтері

  6. Отбасылық шаруашылықтың экономикалық қызметі

  7. Отбасы бюджеті: табыстары мен шығындары

Осөж және сөж тапсырмалары:

    1. Әдеттегі капитал (станоктар, жабдықтар, фабрикалар) мен адам капиталы арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.

    2. Экономикалық адам мінез-құлқы (тәртібі).

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1.Тұтынушы мінез-құлқының теориясы бойынша тұтынушы нені максималдауға тырысады?

  1. Жалпы және шекті пайдалалықтың арасындағы айырмашылықты

  2. Орташа пайдалылықты

  3. Шекті пайдалылықты

  4. Жалпы пайдалылықты

  5. Жалпы табысты

2. Табыс эффектісі көрініс табады, егер:

  1. Адамдардың табысы өсіп, олар табыстарының ұлғайған бөлігін жинақтауға тырысса

  2. Табыстың өсуі барысында кейбір тауарларды сатып алу көлемі қысқарса

  3. Табыс қысқарып, адамдар берілген тауарды аз көлемде тұтынса

  4. Тауарлардың арзандауы тұтынушының басқа тауарларды да сатып алуын төмендетпестен берілген тауарды көп мөлшерде сатып алуына әкелсе

3. Қоғам шығындарды ең төменгі деңгейде және ресурстарды қолданудан ең жоғарғы деңгейде түсім алса, онда қандай экономикалық мақсат орындалады:

A) Толық жұмысбастылық орындалады.

B) Экономикалық өсуді қолдау.

C) Экономикалық қауіпсіздік.

D) Экономикалық тиімділік.

E) Әлеуметтік әділдік орындалады.

4. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің төмендеуі және кедейшілікпен күресуге мемлекет мыналардың көмегімен жетеді:

A) Протекционизм.

B) Салық жүйесі.

C) Бюджеттік экспансия.

D) Фритредерстік.

E) Табыстың тиімділігі.

5. Еңбек ресурстарын таратудың негізгі субъектісі, жеке адамның еңбекке араласуының толықтығы тәуелді болатын әлеуметтік субъектілердің негізгісі

A) Үй шаруашылығы.

B) Фирма.

C) Физикалық тұлға.

D) Мемлекет.

E) Банк.

6. Шешімді жеке қабылдайтын, пайданы максималдауға ұмтылатын, өндіріс факторларын өнім өндіру және сату үшін қолданатын экономикалық бірліктер – бұл:

A) Үй шаруашылығы.

B) Фирма.

C) Физикалық тұлға.

D) Мемлекет.

E) Банк.

7. Адам капиталына инвестициялар түсінігіне не кіреді?

  1. Білім беруге, денсаулық сақтауға

  2. Жол құрылысына, мешіттер мен шіркеулер құрылысына

  3. Жұмыс күші миграциясына және ақпараттар алуға

  4. Ұлттық банкі және опера театрлары ғимараттары    құрылысын салуға

  5. а) және в) жауаптары ғана дұрыс

8. Қоғамның жиынтық табысын әртүрлі халық топтарының арасында теңсіз бөлуді көрсететін көрсеткіш:

A) Филлипс қисығы.

B) Лоренц қисығы.

C) Лаффер қисығы.

D) Инвестиция қисығы.

E) Енжарлық қисығы.

15-тақырып