
- •4. Оқу пәндерінің деректемелері:
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиеттер
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу пәніне қойылатын талап
- •Л.Н.Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті
- •«Экономикалық теория» бойынша дәрістік курс
- •Экономикалық теорияның пәні және әдісі. Экономикалық теория ғылым ретінде.
- •1.1. Сурет Экономикалық теорияның даму кезеңдері
- •1.2. Сурет Экономикалық теорияның басқа ғылымдармен байланысы. Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тест тапсырмалары:
- •Қоғамдық өндіріс және оның тарихи нысандары
- •2.1. Сурет Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Техникалық еңбек бөлінісі
- •Қоғамдық еңбек бөлінісі
- •Салалық және территориялық еңбек бөлінісі
- •Түрлендіру
- •Мамандану
- •Әртараптандыру
- •2.3 Сурет Ұлғаймалы ұдайы өндірістің түрлері
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі
- •3.1 Сурет Меншіктің қоғамдық қатынастар жүйесінде орны мен рөлі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Экономикалық жүйелердің типтері
- •Сызба Кез-келген экономикалық жүйенің жалпы мәселелері
- •4.2 Сурет Экономиканың негізгі үш мәселесі
- •Сызба. Институционалдық өзгерістердің үрдісі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауар және ақша. Бағалар мен тарифтер
- •Сурет Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері.
- •5.2 Сурет Тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілері
- •5.3 Сурет Құн заңының қызметтері.
- •5.4 Сурет Ақшаның қызметтері
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Нарықтық шаруашылықтың мәні, қызметтері және элементтері. Сұраныс және ұсыныс теорияларының негіздері
- •6.1 Сурет Нарықтың мәні
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы:
- •Қаржы нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар, несие нарықтары, құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.Б.), валюта, ақша нарықтары.
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Бизнес және кәсіпкерлік
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Фирманың өндіріс шығындары мен табысы
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Ұлттық экономиканың қалыптасу заңдылықтары
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Нарықтық экономикадағы мемлекет
- •Үкіметтің экономикалық қызметтері.
- •Құқықтық база және қоғамдық атмосфера.
- •Бәсекені қорғау
- •Табысты қайта бөлу
- •Тұрақтандыру
- •Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қаржылық нарық және еңбек биржасы
- •Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
- •Несиенің түрлері келесідей жіктеледі:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Отбасы экономикасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері
- •Халықаралық экономикалық интеграция
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Глоссарий
- •Мазмұны
Ұлттық экономиканың қалыптасу заңдылықтары
Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық мәселелер.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
Макроэкономикалық тепе-теңдік.
Мақсаты: Макроэкономиканың қалыптасу заңдалықтары мен макроэкономикалық қайшылықтардың пайда болу себебін түсіндіре отырып, оның зардаптарын азайтудың жолдарын қарастыратын модельдерді терең талдау жасау.
Негізгі ұғымдар: Жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жеке табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, ЖҰӨ-нің дефляторы, Қолда қалған табыс.
Тұтас экономикада болып жататын, макроэкономика зерттейтін құбылыстар мен үрдістер, сайып келгенде, көптеген үй шаруашылықтары мен фирмалардың, өзара қарым-қатынастарынан жинақталады. Макроэкономика мен микроэкономика өзара ажырамастай байланысты болады. Мәселен, тұтас тұтынушылық факторын білу үшін отбасының бүгін қанша ақша жұмсап, келер күнге қанша қалдыру керек деген шешімдерін талдау қажет. Инвестицияның жалпы көлемін анықтайтын факторларды табу үшін фирмалардың жаңа кәсіпорындар салу туралы шешімдері жөніндегі құжаттарын алу керек. Макроэкономикалық көрсеткіштер жекелеген тұлғалар немесе кәсіпорындардың шешімдері нәтижесінде жинақталатын өзгермелі мағлұмат болғандықтан макроэкономика негіздері микродеңгейде қаланады.
«Макроэкономика» терминін алғаш рет 1933 жылы норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш (яғни, осы ұғымның алғашқы авторы) қолданды. Сонымен қатар, бұл ғалым алғаш экономикалық талдауды микро және макро талдауларға бөліп қарастырады. Ал макроэко-номикалық талдау ғылыми айналымға Кейнстің басты еңбегі дүниеге келгеннен кейін нақты енгізіліп қолданыла бастады. Француз экономисі-физиократ Франсуа Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» (1758 ж.) деген еңбегінде алғаш рет экономикалық ғылым саласында қоғамдық өнімнің натуралдық және құндық элементтері арасындағы баланстық пропорцияларды анықтау тұрғысынан қоғамдық ұдайы өндірісті талдауға талпыныс жасаған.
Қазіргі уақытта, макроэкономика ғылымының дамуына елеулі үлесті посткейнстік мектептің өкілдері (Дж.В. Робинсон, Н. Калдор, П. Страфф), шведтік, чикаголық мектептің ғалымдары, жаңа классикалық макроэкономика-лық бағыттың өкілдері (Р. Лукас, Р. Барро, Т. Сарджент, П. Ромер) және де «жа-ңа кейнсшілдер» мектебі (Дж. Акерлоф, О. Бланчард, Н.Г. Менкью, Д. Ромер, Д. Уэйл) қосып келеді.
Макроэкономика – ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұмыссыздық пен инфляция сияқты іргелі мәселелерді зерттейтін ғылым; экономикалық жүйені біртұтастылық ретінде қарастыратын, әрі ел экономикасының даму факторлары мен нәтижелерін жалпылама түрде зерттейтін экономикалық теорияның маңызды бір саласы.
Көптеген экономистер макроэкономиканың зерттеу пәнін негізгі төрт макроэкономикалық мәселемен байланыстырады. Олар сол өзіне берілген негізгі анықтамасынан шығады: жұмысбастылық, инфляция, экономикалық өсу және төлем балансы. Макроэкономиканың зерттеу пәні – негізгі макроэконо-микалық мәселелер төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе ретіндегі әрекет ету заңдылықтары. Алайда, макроэкономика осы төрт мәселемен ғана шектеліп қоймайды, оған тән басқа да мәселелер бар.
Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:
- ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
- жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;
- инфляция мен инфляция қарсы саясат;
- экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;
- экономикалық дамудың циклдары;
- ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.
Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (ҰЕЖ) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлемдік тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданылып келеді. ҰЕЖ мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.
Ұлттық есеп-шоттар жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көлемінің) үш негізгі көрсеткішін: жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ), таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) және де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін: ұлттық табысты (ҰТ), жеке табысты (ЖТ), қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды.
ЖҰӨ – бұл кез-келген азаматтардың өз елі ішінде және басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.
ЖҰӨ – ді есептеу үшін мынадай әдістер қолданылады:
Шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі);
Табыстар бойынша (бөлу әдісі);
Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің шығындары қосылады.
ЖҰӨ = C + I + G + Xn
мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұмсайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері, демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға кететін шығындар, т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық шығындарға кіреді.
I – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар, станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар, т.б.).
G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мемлекеттік аппарат пен әскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.). Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді.
Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда байланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық.
Табыстар бойынша ЖҰӨ‑ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің табыстары қосылады.
ЖҰӨ = W (C+S) + R + r + T + A
мұндағы, W – бұл тұтынуға (С) және жинақтауға (S) кететін халықтың жалақы түріндегі табыстары.
R – рента және арендалық төлемақылар түріндегі табыстар.
r – жинақтаудан түсетін пайыз.
T – кәсіпкерлік қызметке салынатын салық, олар фирмалардан алынып мемлекетке түседі.
A – амортизация, фирма табысынан алынып пайдаланылған өндіріс құрал-жабдықтарын алуға жұмсалады да қайтадан қайтарылады.
Ұлттық есеп-шоттар жүйесіндегі барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық әрекеттердің бір жыл ішіндегі және сол жылдың бағаларымен (ағымдық бағалармен) есепке алынған нәтижелерін сипатайды және сондықтанда бұл көрсеткіштер атаулы мәнге ие болып табылады.
ЖҰӨ көрсеткішіне баға үлкен әсер етеді. Сондықтан ЖҰӨ-ді номиналды (атаулы) және нақты деп бөлеміз.
Номиналды (атаулы) ЖҰӨ – бұл сол жылғы ағымдағы бағалармен есептелген ЖҰӨ көлемі.
Нақты ЖҰӨ – бұл бағалардың өзгерісін есепке алатын және базистік бағалармен есептелетін ЖҰӨ көлемі.
ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ
ЖІӨ – бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:
ТҰӨ = ЖҰӨ – А
мұндағы А – амортизациялық жарнаның сомасы.
ТҰӨ – ЖҰӨ-нің халық тұтынуына кететін бөлігін көрсетеді.
ҰТ – елдің барлық тұрғындарының жиынтық табыстары, ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының (еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет) барлық иелерінің тапқан табыстары: жалақы, пайыз, рента және пайда.
ҰТ = ТҰӨ – жанама салықтар
Жеке табыс (ЖТ) халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.
ЖТ = ҰТ – С+Т
мұндағы С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;
Т - трансферттік төлемдер.
Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.
ҚҚТ = жеке табыс – мұраға салық – мүлік салығы – табыс салығы
Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.
Жиынтық сұраныс (АD) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі.
-
Р
АD
Е
Ре
АS
Qе Q
Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады:
өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады;
өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі.
Егер АД<АS, бұл жағдайда:
өндірісті қысқарту қажет болады;
өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды.
Сурет 9.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік
Мұндағы, Р - бағаның жалпы дәрежесі, Q - тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.
Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.
Р
Р1 АD2
Р2 АD1 АD
Q1 Q2 ЖҰӨ |
Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АD2 - өсуі) немесе солға (АD - азаюы) жылжуына әкеледі.
|
Сурет 9.2 Жиынтық сұраныстың қисығы.
Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.
3
1 2
Q
|
Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді: қысқа мерзімде – АS – көлденең сызық, ұзақ мерзімде - АS – тік сызық. 1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім 2 – аралық мерзім 3 - классикалық сызық, ұзақ мерзім. |
Сурет 9.3 Жиынтық ұсыныстың кисығы.
Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі
Нарықтық құрырылымы
Өнімділік
Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі
Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.
Макроэкономиканың нақты мақсаттары (мақсаттар жүйесі) мыналар болып табылады:
Ұлттық өндірістің жоғары және өспелі деңгейін қамтамасыз ету, яғни нақты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) деңгейін арттыру.
Жұмысбастылықтың жоғары деңгейін (ең аз мәжбүрлі жұмыссыздық
кезінде) қамтамасыз ету.
Бағалар деңгейінің тұрақтылығын (еркін нарықтардағы сұраныс пен
ұсыныстың өзара әрекеттесуі арқылы бағалар мен жалақының үйлесімділігін табу жолымен) қамтамасыз ету.
Төлем балансының нөлдік сальдосына қол жеткізу.
Бірінші мақсаттың мәні мынада, яғни, кез-келген ұлттық экономикалық қызметтің соңғы міндеті халықты қажетті тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету болып табылады. Ал ұлттық өндірістің жиынтық өлшеуіші ретінде соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын сипаттайтын ЖІӨ саналады.