Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК Оқулық ЭТН КҚФ қ 2к 21.01.2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Қорытынды

Тауар – айырбасқа арналған еңбек өнімі бола тұра, мынадай қайшылықты қаситеттерге ие: құн және тұтынушылық құн (пайдалылық). Сатушы тауарды қымбатырақ сатуға тырысады және ол үшін тауардың сапасы маңызды, өйткені тауарды тез арада және тиімді сатуды көздейді (оны тауар құны және жоғары бағасы қызықтырады), ал сатып алушы тауарды арзан бағада және сапалы түрде алғысы келеді (оны тауардың пайдалылығы қызықтырады). Ақшаның пайда болуы мен мәні құн формасының дамуы мен өзгерісіне байланысты.

Бағалар негізгі екі айқындама арқылы қалыптасады: «шығынды» бағыт көзқарасы тұрғысынан, сондай-ақ тұтынушы және сатып алушы тұрғысынан немесе тауардың пайдалылығы тұрғысынан. Екі айқындама да нақты экономикалық өмірді сипаттайды және нақты қалыптасқан шаруашылық жағдайға байланысты қолданылады.

Әдебиеттер

  1. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Алматы, 2008.

  1. Мауленова С. Экономикалық теория. Алматы, 2004.

  1. Сахариев С.С. Жаңа кезең – экономикалық теориясы. Алматы, 2004.

  2. Филипенко А. Экономическое развитие: цивилизованный

подход М., 2002 ж.

  1. Журавлева JI. «Общая экономическая теория (политэкономия)», М. 1999 ж.

Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:

  1. Еркін бәсекелік шаруашылығы және ұйымдастырылған нарық.

  2. Тауар айырбасы. Еңбек құн теориясы, тауардың қасиеттері туралы.

  3. Субъективті бағалау теориясы салыстырмалы құндылық негізінде тауар айырбасы туралы.

  4. Шекті пайдалылық ұғымы.

  5. Тауар, оның қасиеттері және функционалдық формалары.

  6. Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар.

  7. Ақша-тауарлық қатынастардың дамыған формасы.

  8. Ақшаның қызметтері.

  9. Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары. Бағалар мен тарифтер.

Осөж және сөж тапсырмалары:

  1. Өркениетті нарықтық экономиканың негізгі белгілері

  2. Натуралды шаруашылық экономиканы ұйымдастырудың алғашқы тарихи формасы ретінде.

  3. Ақшаның пайда болу тарихы және ақша теориялары

  4. Ақшаның ерекше қасиеттері

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Маркстік пікір бойынша, тауардың айырбас құны қай еңбектің көмегімен пайда болады:

A) Абстрактылы еңбек.

B) Нақты еңбек.

C) Қосымша еңбек.

D) Уақытша еңбек.

E) Жоспарлы еңбек.

2. Натуралды шаруашылықтың негізгі ерекшелігін көрсетіңіз:

A) Адамдар өнімдерді өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірген.

B) Өнімдер айырбасқа түседі.

C) Өнімдер шығарылмайды.

D) Шығарылған өнімдер бөлініске түсед.і

E) Өнімдер тұтынушыларға жеткізілмейді.

3. Бағаның құрылуы нарықта қандай әрекеттестікпен сипатталады:

A) Сұраным және ұсыным.

B) Мемлекеттің араласуы.

C) Баға саясаты.

D) Ақша саясаты.

E) Нарықтың заңдарымен.

4. Баға дегеніміз:

A) Құнның ақшалай көрінісі.

B) Шығындардың жиынтығы.

C) Қосымша құнның формасы.

D) Нақты еңбектің жиынтық шығыны.

E) Табыс нормасы.

5. Тауар - бұл:

A) Еңбектің өнімі.

B) Игілік түрлері.

C) Жұмыс күші жиынтығы.

D) Шығындардың жиынтығы.

E) Қажеттіліктерді қанағаттандыру.

6. Шекті пайдалылықтың көлемі неге байланысты:

A) Тауарды өндіруге деген еңбек күшінің жұмсалуы.

B) Берілген тауардың санымен сапасына байланысты.

C) Берілген тауардың санына және онымен қажеттіліктің қанағаттану дәрежесі.

D) Тауар бағасына.

E) Тауарды өндіру шығынына.

7. Ақшаның тарихи типтеріне не жатады:

A) Тек тауарлық.

B) Тек монетарлық.

C) Тек ақшалы-несиелік.

D) Тауарлы, монетарлы, ақшалы-несиелі.

E) Виртуалды.

8. Дүкенде сауда карточкамен төленген. Бұл жағдайда ақша қандай функцияны орындайды:

A) Айналым құралы.

B) Төлем құралы.

C) Есеп бірлігі.

D) Құн өлшемі.

E) Айырбас құралы.

9. Қай жағдай ақша айналым құралы қызметін атқарады:

A) Автокөлікті несиеге сатып алу.

B) Электр тоғын қолданғаны үшін төлем.

C) Супер маркетте несиелік карточканың көмегімен сауда жасау.

D) Газетке жылдық жазылу үшін төлеу.

E) Газетті қолма-қол ақшаға сатып алуға төлеу.

10. Тауарлы өндірістің пайда болу жағдайын көрсетіңіз:

A) Қоғамдық еңбек бөлінісінің орын алуы.

B) Өндірістің төмендеуі.

C) Өндіріс технологиясының жетістігі.

D) Маманданған қызметкерлердің санының көбеюі.

E) Экономикалық тиімділік.

11. Ақшаның көмегімен тауардың салыстырмалы құндылығы анықталған кезде, ақша қандай қызмет атқарады:

A) Құн өлшемі.

B) Айналым құралы.

C) Төлем құралы.

D) Қор жинау.

E) Дүниежүзілік ақша.

12. Ақшаның мәні қандай категория бойынша анықталынады:

A) Ақша жүйесі.

B) Ақша айналымы.

C) Ақша массасы.

D) Ақша функциялары (қызметтері).

E) Ақша түрлері бойынша.

13. Тауар қандай еңбекпен құрылады:

A) Нақты.

B) Абстракталы.

C) Нақты және абстакталы еңбекпен.

D) Қоғамдық еңбекпен.

E) Мамандандырылған еңбекпен.

7-тақырып