- •4. Оқу пәндерінің деректемелері:
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиеттер
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу пәніне қойылатын талап
- •Л.Н.Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті
- •«Экономикалық теория» бойынша дәрістік курс
- •Экономикалық теорияның пәні және әдісі. Экономикалық теория ғылым ретінде.
- •1.1. Сурет Экономикалық теорияның даму кезеңдері
- •1.2. Сурет Экономикалық теорияның басқа ғылымдармен байланысы. Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тест тапсырмалары:
- •Қоғамдық өндіріс және оның тарихи нысандары
- •2.1. Сурет Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Техникалық еңбек бөлінісі
- •Қоғамдық еңбек бөлінісі
- •Салалық және территориялық еңбек бөлінісі
- •Түрлендіру
- •Мамандану
- •Әртараптандыру
- •2.3 Сурет Ұлғаймалы ұдайы өндірістің түрлері
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі
- •3.1 Сурет Меншіктің қоғамдық қатынастар жүйесінде орны мен рөлі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Экономикалық жүйелердің типтері
- •Сызба Кез-келген экономикалық жүйенің жалпы мәселелері
- •4.2 Сурет Экономиканың негізгі үш мәселесі
- •Сызба. Институционалдық өзгерістердің үрдісі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауар және ақша. Бағалар мен тарифтер
- •Сурет Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері.
- •5.2 Сурет Тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілері
- •5.3 Сурет Құн заңының қызметтері.
- •5.4 Сурет Ақшаның қызметтері
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Нарықтық шаруашылықтың мәні, қызметтері және элементтері. Сұраныс және ұсыныс теорияларының негіздері
- •6.1 Сурет Нарықтың мәні
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы:
- •Қаржы нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар, несие нарықтары, құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.Б.), валюта, ақша нарықтары.
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Бизнес және кәсіпкерлік
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Фирманың өндіріс шығындары мен табысы
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Ұлттық экономиканың қалыптасу заңдылықтары
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Нарықтық экономикадағы мемлекет
- •Үкіметтің экономикалық қызметтері.
- •Құқықтық база және қоғамдық атмосфера.
- •Бәсекені қорғау
- •Табысты қайта бөлу
- •Тұрақтандыру
- •Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Қаржылық нарық және еңбек биржасы
- •Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
- •Несиенің түрлері келесідей жіктеледі:
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Отбасы экономикасы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері
- •Халықаралық экономикалық интеграция
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- •Осөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Глоссарий
- •Мазмұны
Экономикалық жүйелердің типтері
Экономикалық жүйелердің мәні және типтері
Кез-келген экономикалық жүйенің жалпы мәселелері
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі
Мақсат: экономикалық жүйелердің түрлі типтерінің жіктелуін көрсету, ашу және негіздеу.
Негізгі ұғымдар: экономикалық жүйе, жүйелік байқау, типология, экономикалық типтердің түрлі типтерінің пайда болуының шарттары және себептері.
Экономикалық жүйе – экономиканың белгілі тәртіппен реттелген және өзара байланысты экономиканың элементтерінің қосындысы. Бұл ішкі құрылымы бар күрделі жүйе. Кез-келген экономикалық жүйенің жалпы мәселелері 4.1 сызбасында көрсетілген.
Өндіргіш күштер |
||
Табиғи (табиғи ресурстар, адамның мүмкіншіліктері, т.б.) |
Қоғамдық(өндіріс құралдары, еңбекті бөлу, т.б.) |
Жалпы (ғылым, білім, мәдениет, т.б.) |
Өндірістік қатынастар |
||
Әлеуметтік-экономикалық (жекеменшік қатынастар) |
Ұйымдастыру-экономикалық (тәжірибе алмасу, маркетинг, менеджмент т.б.) |
Техникалық-экономикалық |
Ресурстар |
Еңбекті қоғамдық бөлу |
Еңбек үрдісі және оның мәселелері |
Еңбек, табиғи, өндіріс құралдары, ғылыми-техникалық, білім беру т.б.
|
Өнім шығаруға өндірістің мамандануы |
Еңбек, еңбек құралдары, еңбектің пәні |
Өндірістік мүмкіндіктер
|
Нәтижелер |
Тиімділік |
Шектеулі ресурстардан таңдау |
Материалдық, заттай өнім және қызметтер |
Шығындар мен нәтижелердің қатынасы |
Сызба Кез-келген экономикалық жүйенің жалпы мәселелері
Әртүрлі өлшемдер негізінде экономикалық жүйелер 3-ке жіктеледі.
1-жіктеу – ашықтық дәрежесі бойынша. Ол бойынша:
а) жабық экономикалық жүйені;
б) ашық экономикалық жүйені ажыратады:
Жабық экономикалық жүйе – белгілі бір шекте өзінің қызметтік іс-әрекетін шектейтін жүйе.
Ашық экономикалық жүйе - өзінің байланыстарын басқалармен үнемі кеңейтетін жүйе.
2-жіктеу. Екінші жіктеу меншік және экономикалық байланыс қатынасы негізінде болады. Осы критерийлер негізінде 4 экономикалық жүйені белгілейді:
Дәстүрлі;
Әкімшіл-әміршіл;
Нарықтық;
Аралас.
Дәстүрлі жүйеге ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен салттар негізінде құрылған қатынастар жүйесі жатады. Нарықтық экономикалық жүйе өндіріс өнімдерінің еркін алмасуына жеке меншікке, еркін баға құрылуына, бәсекеге негізделеді.
Әкімшіл-әміршіл жүйе мемлекеттік меншік, директивті баға құрылуына, орталықтан жоспарлауға негізделеді.
Аралас экономикалық жүйе экономиканы реттеудің нарықтық механизмдерімен мемлекеттік реттеудің қосындысы орын алатын экономикалық жүйе. Аралас құрылымдардың модельдері:
а) Американдық модель кәсіпкерлік әрекетті бүкіләлемдік қолдауға, халықтың анағұрлым белсенді бөлігін байытуға құрылады. Аз қамтылған топтарға жеке төлемдер мен жәрдемақылар арқылы қалыпты өмір деңгейі қамтамасыз етіледі. Модель еңбек өнімділігінің жоғары деңгейіне, жеке табысқа жетуге жаппай бағытталуға негізделеді.
б) Жапондық модель осы елдің тарихи дәстүріне, ұлтттың мүддесін жекеден, жоғары еңбек тәртібінен, барлық жаңалықтарға басым қоюға негізделеді.
в) Германдық модельге тән: мемлекеттік меншіктің басымдығы, дамыған басқару құрылымдары. Жеке кәсіпкерлік пен нарықтық механизмдердің жағдайы күшті. Мемлекет келісшарттардың сақталуын, өнім сапасын, бәсеке, негізгі құралдар қорғанысын бақылауға алады. Әлеуметтік мәселелерді шешуде ролі зор.
г) Аралас экономиканың шведтік моделі келесідей сипатталады:
салық салудың жоғары деңгейі, ЖҰӨ 50% құрайды;
бюджеттің шығындарының басым бөлігі денсаулық сақтауға,
әлеуметтік қамтамасыз етуге, білім және мәдениетке жұмсалады.
Мемлекеттің осындай саясатының нәтижесі:
өте аз жұмыссыздық;
халықтың ағымдағы табысының біртектілігі;
әлеуметтік қамтамасыз етудің жоғары деңгейі.
д) Қытайлық модель – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.
3-жіктеу өндірістік революция және қазіргі ҒТР критерийлеріне негізделген. Осы жіктеу бойынша 3 экономикалық жүйелер белгіленеді:
индустрияға дейінгі;
индустриалдық;
постиндустриалдық.
Индустрияға дейінгі экономикалық жүйе – ауыл шаруашылығы және ауыл халқы басым, шаруашылықтың дәстүрлі нысандары мен нарықтық еңбек басым болатын экономикалық жүйе.
Индустриалдық экономикалық жүйе – дамыған тауар-ақша қатынастары бар, ірі машиналық өндіріске негізделген жүйе.
Постиндустриалдық экономикалық жүйе - ақпарат бас ресурс болып табылатын экономикалық жүйе, экономиканық жетекші аумағы - өндірістік емес экономика, экономикалық даму мақсаты адамның өзін-өзі іске асыру үшін шарттар құру болып табылады.
Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіндіктері қолданылатын ресурстардың сиректігімен шектелген. Ресурстар шекті болғандықтан, қоғам таңдау жасауға тиіс. Кез-келген қабылданған шешім таңдаудың баламалылығымен байланысты. Баламалы таңдау – белгілі бір критерийлер бойынша мысалы, баламалы құн, яғни, тауарды немесе қызметті таңдау бойынша әрекет аталған тауар немесе қызметті алу үшін кетіретін басқа тауар немесе қызметтің санымен анықталады.
Экономикалық теорияның басты проблемасы – адамзаттың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін шектеулі экономикалық ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану мәселесін зерттеу болып табылады. Кез-келген экономикалық жүйе экономиканың үш негізгі мәселесін қарастырады: не өндіру керек, қалай өндіру керек, кім үшін өндіру керек? 4.2 сурет.
Экономикалық ресурстар сирек және шектеулі. Нақтылы өнім шығару үшін қандай да болмасын қорды пайдаланған кезде ол қорларды басқа бір тәсілмен игерудің мүмкіндігі жойылады.
Әр экономикалық жүйеде экономиканың үш негізгі мәселесі (не? қалай? кім үшін өндіру керек?) шаруашылық барысында әр түрлі шешіледі. Шаруашылық шығындар мен нәтижелердің тұрақты қатынасын анықтайды.
Нәтижелер мен шығындар экономикада әр түрлі. а) ресурсты (факторлық) тиімділік- нәтиженің өндіріс факторларының бірімен-капиталмен, материалдармен, (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материал қайтарымы) қатынасы; б) жалпы тиімділік - нәтиженің жалпы ағымдағы шығындармен қатынасы (рентабельділік).
Сонымен қатар экономикалық жүйенің эксплуатациялық шығындарын ажыратады. Кез-келген экономикалық үрдіс – жүзеге асуы трансакциялық шығындармен тығыз байланысқан келісім-шарт сериялары ретінде көрініс табады. Трансакциялық шығындар – меншіктің ерекшелігі мен құқығын қорғауға байланысты, айырбас саласындағы шығындар. Экономикалық жүйе неғұрлым жақсы ұйымдасқан болса, соғұрлым трансакциялық шығындар көлемі аз болады.
