- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
К.Г.Юнг (1875-1961) - швейцар психологы, психиаторы, мәдениеттанушысы, "терең" психологияның практигі, психологияның "аналитикалық психология" деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар К.Юнг философия, теология сұрақтарымен айналысқан. К.Юнг бастапқыда З.Фрейдпен бірге ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, 1913 жылы Мюнхендегі исихоаналитикалық конгрестен кейін екеуі мүлдем айрылысты. Ұзақ мсрзімді зерттеулер нөтижесінде К.Юнг аналитикалық исихологияның теориясы мен сол теорияға сүйенген психотерапиялық практиканы қалыптастырды. К.Юнгтың кәсіби әрекетінің басын психикалық санадан тыс өнімдер және оның субъект үшін мәні туралы сұрақтар қамтыды.
З.Фрейд көзқарастарымен сәйкессіздік мына сұрақтар бойынша гуындайды.
Біріншіден, З.Фрейд бойынша, либидо термині индивидтің бүкіл исихикалық энергиясы ретінде қарастырылады, ол психологиялық бұзылулар сексуалдық құмарлықты басу және эротикалық қызығуды сыртқы орта объектілерінен ішкі әлемге аудару салдарынан болады дсп есептесе, К.Юнг либидо ретінде сексуалды формаға тәуелсіз жалпы психикалық ауытқу сексуалдылықты ығыстырудан басқа да, сыртқы ортамен байланысты жоғалтуға әкелетін жайттармен анықталады деп керсетеді.
Екіншіден, З.Фрейд бойынша, невроз ерте балалық шақта пайда болады, оның негізгі факторы эдипкомплекстер, фантазиялар мен қалаулар болатын болса, К.Юнг бойынша, невроз себебі бүгінгі күн жағдайларында, ал балалық фантазиялар - екінші жоспарда.
Үшіншіден, З.Фрейд бойынша, түс көру - жанама түрде көрініс беретін, шынайы жағдайларда орындалмаған қалаулар мен қызығулар. К.Юнг бойынша, түс көру - психикалықтың санадан тыс жағымен байланыстырушы канал, ол түсінуге өте қиын символдық гіл арқылы беріледі және оның орындалмаған қалаулармен
байланысты болуы міндетті емес. Түс көру саналы күндізгі өмірдің толықтырмасы болуы да мүмкін.
К.Юнг бойынша тұлга психологиясы үш бөліктен тұрады:
1) саналы;
2) индивидуальды бейсаналылық;
3) ұжымдық бейсаналылық.
Тұлға қүрылымында, оның дамуында негізгі рөл атқаратын -ұжымдық бейсаналылық бөлім. Бұл - бүкіл адамзаттың психологиялық мұрасының ізі. Бүған тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді.
Санадан тыс сфераға эндопсихологиялық қызметтер арқылы жақындай аламыз. Бұл бейсаналы процестерді тікелей бақылау мүмкін емес. Бірақ оның санада көрінетін өнімдерін екі класқа бөліп қарастырамыз:
1) жеке адамға тән;
2) бүкіл адамзатқа тән.
Регsопа саналы бөлім / көлеңке X /анима және анимус- индивидуалды бейсаналылық / ұжымдық бейсаналылық
Регзопа, Юнг бойынша, "Мен"-нің визит карточкасы" болып табылады.
Регзопа - қоғамда өзін көрсетудің жолы, белгілі бір әлеуметтік мінез, әлеуметтік рөл жиыитығы.
Е§о - сана орталығы, саналы өмірде негізгі рөл атқарады. Е§о саналылықты сезінеді, тұлғаның ойлары мен әрекетінің ретін, сана мен санадан тыс әрекет байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай үйлесім бұзылған жағдайда невроз пайда болады.
Көлеңке - бұл әлеуметтік стандарттармен сәйкес келмейтін сана асты армандар.
"Көлеңке" - индивидуалды бейсаналылық сферасының орталығы, мұнда әлеуметтік стаңдарттармен, идеалдармен сәйкес келмейтін, индивидті саналы түрде мойындамайтын қызығулар мен сезімдер, қалаулар мен тенденциялар енеді.
Өмірде біз өзімізді персонамен теңдестіреміз, ал көлеңкеге мән бермеуге тырысамыз. Көлеңке неғүрлым саналы болса, тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасы соғұрлым үйлесімді болады. Көлеңке - эгоның кері бейнеленуі ғана емес, ол өмірлік энергияның, инстинктердің шығармашылық бастауының көзі. Көлеңкенің тамыры терең, ол бейсаналы сферамен байланысып жатыр.
Анима және анимус - индивид үшін жағымсыз бейсаналы деңгейге ығыстырылған адамның өзіндік әйел немесе ер адам ретіндегі түсінігі. Анима ер адамдарда феминистік, ал анимус маскулиттік мазмүнға ие. К.Юнг бойынша, әрбір ер адам өзінің еерең ойларында, өзінің бейсаналы сферасында өзін - әйел ретінде, ал әйел өзін ер адам ретінде сезінеді. Бұл бейне бейсаналы болғандықтан, ол санадан тыс түрде өзі тандаған әйел адамға проекцияланады.
Өзіндік тұтастық (самость) - объективті "Мен" деген сөз. Бұл гұлға тұтастығының архетипі. К.Юнг бойынша, озіндік тұтастық бүкіл тұлға тұтастығын білдіреді. Саналы және санадан тыс деңгейінде бір-бірімен қарым-қатынаста болуы тиіс емес, олар бір-бірін толықтыра отырып, өзіндік тұтастық құрайды (қалыптастырады). Егер "е§о" сана орталығы болатын болса, онда өзіндік тұтастық - "мен" орталығы болады.
К.Юнг бойынша сана және бейсаналы сфералар кызметі
К.Юнг бойынша, психология - негізінен, сана туралы ғылым, сондай-ақ ол бейсаналы сфераның өнімін де зерттейді. Сана - өз габиғаты бойынша ерекше дискретгік құбылыс. К.Юнг бойынша, сана терең өлшемсіз, санадан тыс кеңістіктің сыртқы қабықшасы тәріздес. Сана өте тар, ол - белгілі бір дәрежеде қабылдау мен сыртқы ортаға бағдарланудың өнімі. Сондай-ақ, санадан пайда болатын зат бірден саналанбайды. К.Юнг сананы психологиялық фактордың эгомен байланысы ретінде түсіндіреді. К.Юнг бойынша, санада бірнеше функциялар шоғырланады. Функциялар эктопсихологиялық және эндопсихологиялық факторлар саласынан сананың бағдар алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Эктопсихология — сана мен сыртқы ортадан келетін мәліметтер арасындағы байланыс жүйесі.
Эндопсихология - сана мазмұны мен санадан тыс сфераға келіп түсетін процестер арасындағы байланыстар жүйесі. Бүл диаграммадағы ең перифериялық қызмет түйсік болып табылады. Түйсік - сыртқы ортадағы қандай да бір объект туралы сезім мүшелері арқылы алынатын түсінік. Келесісі - ойлау. Ойлау қызметі арқылы түсінген нәрселер дифференцияланады, оларға сөздік атау беріледі.
Сезім арқылы қандай да бір заттың құндылығы туралы ақпарат алынады. К.Юнг бойынша, сезім - рационалды.
Төртінші қызметі - интуиция (сезіну), сезім мүшелері арқылы емес, санадан тыс сфера арқылы қабылдау түрі. Осы қызмет арқылы эктопсихологиялық жүйені құрайды.
Эндопсихологияның бірінші қызметі ес болып табылады. Ес санадан тыс деңгейге ауысқан, ығыстырылған мәліметтермен байланысты қабыдданады.
Екінші қызмет - қызметгің субъективті компоненті. Функцияның субъективті қызметі қандай да бір өрекет стуге, реакция көрсетуге деген алдын ала бейімдік.
Үшінші қызмет — инвазия. Инвазияда саналы және ерік, жігер арқылы қадағалау өте төмен болып табылады. Мұндағы эмоциялар, эффектілер үлкен күшпен бақыланады, оларды басу арқылы ғана қадағалай аламыз.
Психиканың келесі деңгейі - индивидуалды бейсаналы деңгей, индивидуалды төжірибеде жинақталған, ығыстырылған мазмұндар. Индивидуалды бейсаналы сфера субъективті болып табылады.
Ұжымдық бейсаналы деңгей - архетиптердің немесе динамикалық бейнелердің жиынтығы. Бұл ескі бейнелер бір деңгейде: өрі аффективтілікті, әрі когнитивтілікті білдіреді.
Альфред Адлердің тұлғаның иңдивидуалды теориясы.
Альфред Адлер 1870 жылы 7 ақпанда Венада дүниеге келген. А.Адлердің ойынша, адам біртұтас ағза ретінде қарастырылады. А.Адлер психологиясының негізгі алғышарты - оның өз теориясына "индивидуалды психология" түсінігін енгізуі (лат. "іndividum" -"бөлінбейтін"). Индивидиум дене мен ми арасындағы байланыстың қатыиасында да, психикалық өмірлік қатынаста да бөлінбейтін біртұтастықты құрайды. Адлердің негізгі принципі иңдивидуалды өмір стилінің бірлігі, бүтіндігі, әлеуметтік қызығушылықтар, қоғамдық сезім, іс-өрекеттің мақсатқа жетудегі бағыныштылығы болып табылады. А.Адлер бойъшша, адамдар әрқашан жетуге құштарланады, олар әрқашан алдыға жылжиды, мақсаттарды жүзеге асыруға тырысады. Оның ойынша, барлық адамдар шығармашылық күшке ие және осы шығармашылық куш адамның әрбір тәжірибесіне әсерін тигізеді. Ол өрбір адамды өзін-өзі анықтаушы индивидиум, өз емірінің сәулетшісі қылады. "Ивдивидуалды психология" индивидиумды қоғамға қосылған қогамның бір бөлігі ретінде қарастырады және зерттейді. А.Адлер теориясының басты мақсаты -адамның барлық жүріс-тұрысы әлеумегтік ортада болғандықтан, адам табиғатының мәнін түсіну тек қана әлеуметтік қатынастарды түсінгеннен кейін барын қалыптасатьндығын дәлелдеу. З.Фрейдке қарағанда, А.Адлер түлғаның әлеуметтік қызығушылығын қалыптастырды. Оларды жеті бөлікке бөледі:
1)толымсыз сезім жөне компенсация;
2) жетілуге құштарлық;
3) өмірлік стилі;
4) әлеуметтік қызығушылық;
5) "мен" шығармашьшығы;
6) туылу төртібі;
7) фикционды финализм.
З.Фрейдпен бірлесе жұмыс жасап жүрген жылдары А.Адлер "толымсыз" мүшені зерттегенде мынадай теорияны дамытты: неге бір адамды бір ауру көбірск мазасыздандырады, неге кейбір ауруды басқаларға қараганда тез жққтырады. Оның ойынша, әрбір индивидиумның қандай да бір мүшесі, басқасына қарағанда, әлсіз болады. Сонымен қатар өрбір адамның туылғаннаи жетілмей қалған немесе дамымай қалған мүшесі ауруға шалдығады. А.Адлер бойынша, ағзасы әлсіз адамдар жиі жаттығу жасау арқылы конпенсациялауға тырысады, компенсация процесі психологияда орын алады.
Сонымен, А.Адлер "толымсыздық комплекеі" терминін енгізіп, балалық шақтан өзінің бастауын алады. Оның ойынша, барлық балалар толымсыздық сезімін бастан кешіреді, яғни ол - физикалық жетіспеушілік және мүмкіншіліктері мен күш-қуаттың аздығы. Осы толымсыз сезімнің пайда болуы аса басымдыққа жетудегі үзақ күрестің бастамасы болып табылады. А.Адлер түжырымдамасы бойынша, аса басымдыққа қүштарлану адам өміріндегі негізгі мотивтік күш болып табылады.
Адлер қайғы-қасіреттің үш түрін бөледі:
1) мүшенің толымсыздығы;
2) баланы асырау;
3) ата-ана жағынан балаға теріс қарау.
Толымсыздық сезімі аса басымдыққа ұмтылуға шақырады, ол әрекетгер мен ниеттерді "мақсатты жеңіске" бағытгайды. Толымсыз комплекске қарама-қарсы "аса артықшылыққа" ұмтылу деп аталады. Бұл кезең - өзінің физикалық, интеллектуадды және әлеуметтік қабілеттерін арттыру кезеңі. Артықшылық мақсаты жағымды және жағымсыз болуы мүмкін. Аса артықшылықты иемденген адам кебінесе эгоист, мақтаншақ, өзін-өзі жоғары бағалайды. Егер ол қоғамдық қамқорлықты және басқалардың өмірін жақсартуға қүштар болса, онда индивидтің жақсы дамуы жайлы айтуға болады. Бірақ кейбір адамдар жеке басының жақсылығыи ойлайды, сол үшін күреседі, олар басқалардан биік тұруға тырысады.
А.Адлер адамның өмірінде агрессия мен билік үшін күресті маңызды деп есептейді. Бірақ ол агрессияны қүрту, жою деп емес, керісінше, қиындықты жеңудегі күшті инициатива деп түсінеді. Кейінірек А.Адлер агрессия мен ерік-жігерді басымдыққа және өзін-өзі дамытуға ұмтылу деп қарастырады. А.Адлер «артықшылыққа құштарлану - туа біткен қасиет және біз одан ешқашан да босамаймыз» дейді, өйтксні құштарлану өмірдің өзі болып табылады. Дегенмен, бұл ссзімді дұрыс тәрбиелеп дамыту қажет.
Өзін-өзі жетілдірудің нақты өмірлік мақсаттарсыз қалыптасуы мумкін емес. Бұл процесс балалық шақта толымсыз сезімнің компенсациясы ретінде басталады. Мәселен, көптеген дәрігерлер өздерінің мамандықтарын кішкентай кездерінде өлімнен қорқуды және қауіп-қатерді жеңу тәсілі ретінде тандайды.
Әрбір адам өзінің өмірлік стилін таңдайды және 4-5 жастан бастап өмірлік стиль қалыптаса бастайды.
Қоғамдық сезімнің ең маңызды аспектілерінің бірі кооперативті жүріс-тұрыстың дамуы болып табылады. Басқалармен бірлесіп жұмыс жасағанның арқасында адамдар өздерінің толымсыз сезімдерін жоя алады.
