Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлекм пси ППП-115 кешенДокумент Microsoft Word...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы

«Социоализация» (әлеуметтену) ұғымы қоғаммен бірігуді,соған қатыстылықты білдірсе, «асоциализация» ұғымындағы «а» дыбысымен тіркесу мұндай байланыстың қоғамға қарсы сипатын,тұлға әлеуметтенуінің қарама-қарсы белгіде болуын білдіреді.Егер әлеуметтену процесінің мәні тұлғаның қоғам қозғаған және оның тұрақтануы мен қалыпты өмір сүруіне бағытталған әлеуметтік нормаларды,құндылықтарды,рөлдерді игеруіне жалпы және тұтастай арналса, «асоциализация» термині тұлғаның қоғамдық байланыстардың деформациялануына,қоғамның тұрақсыздығына объективті түрде соқыратын дәрежедеқоғамға,әлеметтік құндылыққа қарсы нормаларды,құндылықтарды, кері рөлдерді,ұстанымдарды,мінез-құлық стереотиптерін игеруі процесін білдіреді.

Тұлғаның «асоциализациялануы» түсінігімен қатар «әлеуметтік дезадаптация» термині де кең қолданылады.

Асоциализациялану туралы айтқанда,осы мәселеге байланысты тағы да екі термин: «десоциализация» және «әлеуметтенудегі кейін қалу» туралы еске алмауға болмайды.Біріншісі тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің белгілі бір сатысында кейбір деформация болатынын,ол кері микроорта-өз тұстастарының компаниясы,қылмысты топ,т.б. әсеріне (стихиялы немесе мақсатты бағытталған) түсетінін білдіреді.Осының нәтижесінде тұлғада бұрынғы позитивті нормалар мен құндылықтар бұзылып,оның орнына жаңадан қоғамға қарсы нормалар мен құндылықтар,мінез-құлық үлгісі игеріле бастайды.Сонымен, «десоциализация» термині өзінің мазмұны жағынан «асоциализация» түсінігіне жақын,бірақ қоғамдық контекстегі осы процестің басқа бір қырын көрсетеді.

Әлеуметтенудегі кейін қалу тұлғаның әлеуметтенудің әрбір кезеңі үшін қоғам ұсынатын позитивті нормаларды,мінез-құлық үлгісін өз мезгілінде емес,біршама кешігу арқылы игеруін білдіреді.Бұл термин «асоциализация» түсінігімен мәні бойынша алыс болып көрінеді,бірақ ол онымен келесі түрде байланыста болады. Әлеуметтенуде болашақта қоғамға қарсы болмай тұрып,кейін қалу уақыт өткен сайын тұлғаның негативті нормаларды қабылдауына әкелуі немесе басқа бір қоғамға элементтердің тұлғаның әлеуметтенуден қалып,қарсы тұлғаның еркіне ойланбай бағынуына соқтыруы мүмкін (көбінесе соқтырады да).

Тұлғаның асоциализациялануы әлеуметтенудегі сияқты хронологиялық кезеңдерде (балалық,жеткіншектік,жастық шақ) болып отырса,десоциализация ересек жаста да болуы мүмкін.Әрине,бұл жағдайда әңгіме тұлға қоғаммен,мемлекетпен бір немесе бірнеше байланысын үзіп,қалғандары позитивті түрде болатын шағын десоциализация туралы болып отыр.Мысалы,жасырын қылмыскерлер тобының әсерімен мемлекеттік мүлік ұрлау жолына түскен ересек жастағы адам бір мезгілде жанұяда жақсы,мәдениетті,сыпайы болып,басқа да барлық әлеуметтік рөлдерді қалыпты орындауы мүмкін.Бұл туралы К.Маркс өзінің ертеректегі бір еңбегінде: «Әрбір адам мемлекетпен мыңдаған өмірлік жүйелермен байланысқан жоқ па және мемлекет осы адам өз бетінше бір жүйені кесіп тастады деп бұл жүйелердің барлығын кесіп тастауға құқылы ма? Мемлекет қылмыскерді де Отанын қорғауға тиіс жүрегінде қан ойнап тұрған солдат,пікіріне сот құлақ асатын куәгер,қоғамдық қызмет атқаратын қауымдастық мүшесі,қасиетті жанұя басы және ең бастысы мемлекет азаматы ретінде мемлекеттің тірі бөлшегі көруі тиіс.Мемлекет өзінің бір мүшесін бұл қызметтердің барлығынан жеңіл түрде ажырата алмайды,ондай болса,мемлекет әрбір азаматы қылмыс жасаған сайын өзінен тірі бөлшектерді кесіп тастағандай болады».

К.Маркстің бұл айтқанын оның «адамның өз қызметіндегі мәні барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы» деген кең танымал тезисімен бірге асоциализация дәрежелерін жіктеу үшін де,тұлғаның ресоциализациялау процесін қарау үшін де бастапқы әдіснамалық сілтеме ретінде қарауға болады.

Асоциализацияланған тұлғаларды жіктеуді алатын болсақ,онда оларды бір полюсінде қоғаммен және мемлекетпен бәр немесе екі «өмірлік жүйкені үзген», асоциализацияланудың шағын дәрежесіндегі адамдар,ал екінші полюсінде қоғаммен негізгі байланыстардың көпшілігін үзген,қылмыс жасау күнкөрістің жіне тіршілік әрекетінің табиғи көзі болған адамдар орналасқан шкалаға жатқызуға болады.

Тұлға асоциализациялануының (десоциализациялануының) әлеуметтік-психологиялық механизмі қандай,ол қалайша қоғамға қарсы мінез-құлық жолына түседі? Асоциализацияланудың ерте сатысында балалардың немесе жеткіншіктердің өмірдің асоциалды салтын,теріс мінез-құлық үлгісін көрсететін ересектерден белгілі бір субмәдениетті білместікпен немесе аздап түсіне отырып қабылдау механизмі басты болып табылады.Бұл жағдайда олардың ересек болып көріну тілегінің осы кері микроортада қолдау табуы негізгі себеп болады.Соңғысы осындай мінез-құлық үлгілерінің бекінуін қолдап,керісінше, мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормаларын теріске шығарады.Басқаша айтқанда,бұл жерде тұлғаға әлеуметтік бақылау жүргізіледі.Оның барысында тұлғаға «қалыпты» жағдайдағы мінез-құлқына сай позитивті (мақтау,қолдау,қуаттау) санкциялар немесе осы ортадағы белгіленген мінез-құлық ережелерінен ауытқыған кездегі негативті (қолдамау,ұрып-соғу қоқан лоққысы,ұрысу,т.с.с.), санкциялар қолданылады. Мысалы, мейрімділік, еңбексүйгіштік,мейірбандық әжуаланып,керісінше қатыгездік,адал еңбекті жек көру қуатталуы мүмкін.

Тұлғаның асоциализациялану процесі,негізінен,стихиялы түрде білместікпен жүрсе де,ол әлеуметтену сияқты белгілі мақсатта жүруі мүмкін.Өйткені ата-аналар мен қылмыстық топ жетекшілері жеткіншектерді (десоциализация жағдайында- ересектерді де) қылмыстық мінез-құлыққа саналы түрде,мақтау мен жазалаудың жоғарыдағы механизмін қолдана отырып,қылмыстық іс-әрекетке бірте-бірте тарту жолымен үйрету мүмкін.Кеңірек, мұндай «оқытушы» әлеуметтік ортаның,әлеуметтенудің басқа институттарының әсерін ескере отырып,оқушының қылмысты қмінез-құлқын позитивті,қоғам қолдайтын құндылықтармен, мысалы, адалдықпен, әділдікпен, жақынына деген қамқорлықпен анық мәнін жасыра отырып көрсетуге тырысады.

Мінез-құлықтың қылмыстық жолына түскен тұлғаға қатысты қоғам әлеуметтендіру институттары,әлеуметтік бақылау органдары түрінде ресоциализацияны,яғни тұлғаның әлеуметтік қалпына келу процесін,оның қоғамның оң көзқарасына ие әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды қайта игеруін (десоциализация кезінде) немесе бірінші рет игеруін (асоциализация немесе десоциализация кезінде) жүргізе бастайды. «Ресоциализация» терминіндегі «ре» қосымшасы тұлға асоциализация (десоциализация) процесінде қабылдаған теріс,қоғамға қарсы нормалар мен құндылықтарды қиратуды,демонтаждауды және оған қоғам қолдайтын оң нормалар мен құндылықтарды үйретуді білдіреді.

«Ресоциализация» терминін тек социология және әлеуметтік психология өкілдері ғана емес,педагогтар мен заңгерлер де кеңінен қолданады.Мысалы,кейбір педагогтар «сотталғандарды қайта тәрбиелер олардың ресоциализациялануына және бостандықта адал еңбек етіп,өмірге оралуына бағытталған» деп есептейді,яғни бұл жағдайда ресоциализация қайта тәрбиелеу нәтижесі ретінде қарастырылады.Заңгерлер де бұл терминді пайдаланады.Мысалы,жастарға қолданылатын қылмыстық-атқару саясатының мәселелерін зерттеу кезінде,ересектерге қарағанда,жастар субъектісі ресоциализацияға көбірек бейім (бұл жерде ресоциализация тек қана нәтиже емес,сондай-ақ процесс ретінде де қарастырылады).

Әлеуметтендірумен және әлеуметтік бақылаумен айналысатын қоғам,әлеуметтік институттар тұлғаның қоғамға қарсы жолға түскенін тіркей және тиісті ресоциализация шараларын қабылдай алады.Бұл жағдайда әлеуметтендіру процесін жүзеге асыратын жоғарыда айтылған әлеуметтік институттар-жанұя,мектеп,еңбек,әскери,оқу ұжымдары,қоғамдық ұйымдар, құқық қорғауоргандарының алдын алу құрылымдары іске қосылады.Көбінесе осындай шаралар көмегімен тұлғаны ресоциализациялау процесін бостандығынан айырмай-ақ жүргізуге болады.Бірақ асоциализация (десоциализация) қоғамнан жасырын жүргізілсе, аталған әлеуметтендіру институттарының қызметінде белгілі бір кемшіліктер,келіспеушіліктер жіберілсе және тұлға қылмыстық жаза қолданылатын әлеуметтік қауіпті іс жасаса,онда ол үкім бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан табылуы мүмкін.Ресоциализацияның бұл кезеңінің мәні тұлғада қоғаммен әлеуметтік пайдалы байланыстарды қалпына келтіру мен жетілдіруде,асоциалдық мінез-құлық пен рөлдерді қиратуда,мінез-құлықтың оң үлгілерін,әлеуметтік құндылықтарды игеруде,бекітуде болып табылады.Мұндай жағдайда кәмелетке толмағандарға арналған еңбек-тәрбие коллониялары,еңбекпен түзеуге негізделген жалпы,қатал және ерекше режимдегі коллониялары мен ересек жастағы сотталғандарға арналған түрмелер сияқты арнайы институттар ресоциализацияны жүргізеді.Мұндай әлеуметтік институттардың басты мақсаты сотталғандарды түзету және қайта тәрбиелеу,яғни оларды ресоциализациялау болып табылады.

Ресоциализация мәселесі тек сотталғандарды түзетумен байланысты емес,ол әлеуметтендірудің қалыпты процесіне сотталғандарды және адамдардың басқа категорияларыня: науқастарды,нашақорларды,жол апаты,әскери іс-әрекеттер, табиғи дүлей зілзалалар кезінде соққы алған адамдарды қосу мәселесіне тіреледі.Сондықтан қазірде «әлеуметтіе бейімделу» түсінігімен қатар әлеуметтік психологияда «әлеуметтік қалпына келтіру (ақтау)» термині де кең қолданылады.Көбінесе бұлар бір-біріне мағыналас,тым болмағанда олар әлеуметтік жұмыстардың негізгі мазмұнын құрайды.Бірақ олардың арасындағы айырмашылық-ең алдымен,әлеуметтік жұмыс объектісінде.Әлеуметтік бейімделу дені сауларға да,науқас адамдарға да қажет.Ал әлеуметтік ақтауға келетін болсақ,онда оған постжарақаттық синдром тән адамдар мұқтаж.Мысалы, «ауғандықтар»,Чернобыль апатын жоюшылар,табиғи дүлей зілзалаларды басынан қткізгендер, «ыстық нүктелердің» босқындары,бас бостандығын айыру орындарынан босағандар,мүгедектер және басқалар.Мұндай адамдар тек әлеуметтік көмек қана емес,сондай-ақ психотерапия,психокоррекция (аутотренинг және басқалар) қажеттігін сезінеді. Әлеуметтік қалыптастыру (реабилитация) жүргізбей,әлеуметтік бейімдеу мүмкін емес,бұл жағдайда тек әлеуметтік функцияларды қалпына келтіру ғана емес,сондай-ақ психикалық жағдайларды қалыптастыру маңызды болады.

Батыста әлеуметтік ақтау (реабилитация) бойынша тәжірибені түрлі қайрымдылық қорлары,құтқару армиялары, т.с.с. жинақтайды.

Мазмұны осыған ұқсас әлеуметтік жұмыс Ресейде де жүргізіле бастады.Оған мысал-қалпына келтіру орталықтарының құрылуы.Бұл жағдай әлеуметтік тәжірибе мұқтаждығына бейімделген гуманистік психологияның дамуын жеделдту қажеттігін анықтайды.

Топтағы жеке тұлға

Қарастырылған екі проблема-әлеуметтену мен әлеуметтік бағдар жеке тұлғаның әлеуметтік тұлға ретінде өмір сүруінің екі жағын: әлеуметтік тәжірибені меңгеруі мен іске асыруын ашып көрсетеді. Енді осы екі жағын біріктіріп жеке тұлғаның басқа адамдармен байланыс жүйесіндегі (бір топ ішіндегі) өзін ұстауын нақты түрде талдау қажет. Онсыз жеке тұлғаны зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық тұрғы толық болмайды, себебі, жеке тұлға осындай жағдайда бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынаста қарастыралыды. Осылайша зерттеу-жалпы психологияда да қолға алынып отыр (Петровский В.А.), социологияда да бұл мәселе қарастырылуда (Ядов В.А.).

Әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны өзара әсерлесетін және қарым-қатынаста болатын субъект деп түсіну маңызды. Нақты, белгілі топтың (жеке тұлға өмір сүретін) ролі өте зор. Сондықтан проблеманы «жеке тұлға мен топ» емес, «топтағы жеке тұлға» тұғысынан қарастырған жөн. Сонда ғана жеке тұлғаның әлеуметтік қамтамасыз ететін қасиеттері қалыптасатын болғандықтан, ол қандай топтарда, қандай басқа жеке тұлғалармен қарым-қатынаста болғаны қажет.

Зерттеу проблемасы үшін біріншіден, жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы топтың қандай «қасиеттеріне» тәуелді, екіншіден, топтың «қасиеттері» (психологиялық сипаты) оны құрайтын жеке тұлғалардың қасиеттеріне қалай тәуелді екенін анықтау мәселесі туындайды.

Жеке тұлғалық қасиеттер әлеуметтік психологияда жүйе түрінде қарастырылады. Жүйелік зерттеу А.Н.Леонтьев еңбектерінде бар. Жеке тұлғаны жүйелік қасиет деп қарастыра отырып, ол жеке тұлғаны қолдауы ұсынады, «адам өзіндегі туабіткен және қалыптасқанды не, не үшін және қалай пайдаланылатын зерттеу». В.С.Мерлиннің айтуынша: «ұжымдағы өзара қарым-қатынас сипаты, жеке тұлғаның осы ұжымға тән қасиеттерінің қалыптасуына себеп болады».

Бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынаста болатын жеке тұлғаларүшін, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін: бірлескен іс-әрекетте көрінетін қасиеттер және қарым-қатынаста көрініс беретіндер деп қарастыруға болады.

Неліктен жеке тұлғаның тікелей іс-әрекет ететін ортасы-топ-шын мәнінде жеке тұлғаның белгілі қасиеттерін «қалыптастырады» деген мәселенің дұрыстығына екі түрлі дәлелдер тобын келтіруге болады.

Біріншісі, әрбір жеке тұлғаның белсненділігі, іс-әрекеттің нәтижесі ең алдымен оның қай жерде жасалынып, іске асырылуынан көрінеді, яғни нақты топ ішінде, іс-әрекет барысында, жеке тұлға басқа топ мүшелерімен кездеседі, демек солар арқылы бағаланады. Немесе әрбір нақтыо топ үшін берілген іс-әрекет жағдайлары аса маңызды жеке тұлғалық қасиеттер болады.

Екіншісі, кез келген топ ішіндегі бірлескен іс-әрекет, қарым-қатынасқа міндетті түрде қажет жағдайлардың жиынтығын топшылайды. Осындай жағдайларда да жеке тұлғаның белгілі қасиеттері көрініс береді, әсіресе ол, конфликьілік ситуациялардан айқын көрінеді. Бұл да жеке тұлғаның топқа «қажет» қасиеттерді иеленуіне түрткі болады.

Жеке тұлғаның әлеуметтенуі.

Әлеуметтену ұғымы. Әлеуметтену ұғымының мазмұнын «индивидтің әлеументтік ортаға енуі», «әлеументтік әсерлерді игеруі», «әлеументтік байланыстар жүйесіне араласуы», т.с.с. процестерден түсінуге болдаы. Әлеуметтену процесі, жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын құндылықтар мен нормалар жүйелерін игеруіне қажет бүкіл әлеументтік процестерінің жиынтығ. Әлеуметтік мәнісі, ол-екі жағы процесс екендігінде, біріншіден, әлеуметтік ортаға кірудің арқасынад индивидтің әлеуттік тәжірибені игеруі, екіншіден, индивидтің осы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік ортаға белсенді араласунының арқасында, сол әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі-әлеуметтік тәжірибені игеру, ортаның адамға әсерін сипаттаса, екіншісі, адамның өз іс-әрекеттің арқасында ортаға әсер етуін көрсетеді. Әлеуметтену процесінің мазмұны: жеке тұлғаның қалыптасуы тұрғысынан қарағанда, негізінен үш сферада: іс-әрекетте, қарым-қатынаста, өзіндік сананың қалыптасуында іске асырылады.

Екінші-қарым-қатынас сферасы да іс-әрекетпен тығыз байланысты болғандықтан, оны кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым-қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңіндегі осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым-қатынастың тереңдуін, ең алдымен монологтық қарым-қатынастан диалогтыққа көшуі, партнерге бағыттану, оны неғұрлым дәл қабылдаумен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым-қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырыланытынын екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау. Мұндай зерттеулер де пәнаралық болып келеді, себебі жас ерекшелігі психологиясы үшін де, әлеуметтік психология үшін де бірдей маңызды. Әсіресе, мектепке дейінгі және жеткіншектік кезеңдерде жүргізілген зерттеулер көп.

Әлеуметтенудің үшінші сферасы-жеке тұлғаның өзіндік сана-сезімінің дамуы. Бұл проблема жеке тұлғаның «Мен» бейнесінің қалыптасуымен байланысты. «Мен» құрылымын түсінуде психология ғылымында бірнеше тұрғы бар. Көбірек тараған құрылымының үш компоненті бар: танымдық (өзін танып түсінуі), эмоциялық (өзін бағалауы), қылықтық (өзіне деген көзқарасы). Негізгі факт ретінде, өзіндік сана-жекеленген сипаттамалар тізімі емес, жеке тұлғаның өзін тұтас, бірыңғай адам деп түсінуі алынады. Өзіндік сананың екінші бір қасиеті, әлеуметтану барысында оның дамуы іс-әрекет пен қарым-қатынасты кеңейту жағдайында әлеуметтік тәжірибені әрқашан игерумен анықталатын, бақылауға болатын процесс екендігінде.

Өзіндік сана адам тұлғасының өзіндік, тереңдігі сипаттамасы болғанымен, оның дамуы тек іс-әрекет үстінде көрінеді: іс-әрекетте өзі туралы елестері біршама «түзететін» (коррекция), басқаларда пайда болған елестермен салыстыру іске асырылады.

Сондықтан да әлеуметтану процесін барлық аталған үш сферасының тұтастай өзгеруіне байланысты түсінуге болады. Олар тұтастай алғанда индивид үшін «кеңейтілетін болмысты»құрайды, соның арқасында ол өзіне жақын ортаны да (микро-орта), барлық әлеуметтік қатынастар жүйесін де игереді. Игере отырып, индивид оған өз тәжірибесін, өзіндік шығармашылық көзқарасын кірістіреді; сондықтан да, болмысты игерудің оны белсенді түрде өзгертуден басқа жолы жоқ. Демек әлеуметтенудің әрбір сатысында көрінетін осы процестің екі жағын: әлеуметтену процесінің кезеңдерін (сатыларын) және ол процестердің іске асырылатын аумағы-әлеуметтік интитуттарды анықтау қажет. әлеуметтану процесінің сатыларын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: еңбекке дейінгі, еңбек тану кезеңіндегі, еңбектен кейінгі (Андреенкова, 1970, Гилинский, 1971).

Еңбекке дейінгі кезең адамның еңбектенуіне дейінгі бүкіл кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнен өзі де екі кезеңге бөлінеді:

а) ерте кездегі әлеуметтану-баланың туған кезінен бастап, мектепке дейінгі уақытты қамтиды, жас ерекшелігі психологиясында оны-ерте балалық шақ деп атайды (мектепке дейінгі шақ).

ә) оқыту кезеңі, кең мағынадағы бүкіл жастық кезеңін қамтиды, оған мектеп кезеңі тұтастай жатады. Орта арнаулы оқу орнында оқу кезеңі туралы, оның өзіндік ерекшеліктеріне (оқудың еңбекпен ұштастырылуына) байланысты екі түрлі көзқарас бар. Дегенмен де, бұл проблема теориялық жағынан да, практикалық тұрғысынан да өте маңызды: студенттік кезең-қоғамның өте маңызды әлеуметтік топтарының бірі, сондықтан да бұл топтың әлеуметтену проблемалары өте зор.

Әлеуметтенудің еңбек кезеңі-адамның ер жету, кемеліне келіп, толысу кезеңін қамтиды, яғни адамның бүкіл еңбектікіс-әрекет кезеңі. Осы кезеңде әлеуметтік тәжірибені игерумен қатар, оны қайта құруы-кезеңнің маңыздылығын көрсетеді.

Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру, оның ішінде ересектерге білім беру көзқарастарына байланысты, бұл кезеңдегі әлеуметтану проблемасының маңызы арта түседі. Осы тұрғыдан қарастырғанда бұл проблеманы шешуде, педагогика ғылымымен (еңбекке тәрбиелеу бөлімі) тығыз байланыста зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері бар. Кейінгі кезде акмеология, кемелденген жас кезеңнен қарастыратын ғылымның зерттеулері өзекті болып отыр.

Еңбектен кейінгі кезең өте күрделі мәселе, себебі әлеуметтік психология үшін бұл проблема әлеуметтану проблемасына қарағанда әлі жаңа.

Бұл мәселе қоғам дамуының барысында туындаған, әлеуметтік психологияға қойылған объективті талаптармен байланысты. Мосқал адамдар кезеңінің проблемасы қазіргі қоғамдағы көптегенғылымдар үшін өзекті болып отыр. Өмір сүру ұзақтығын ұзарту, бір жағынан мемлекеттің әлеуметтік саясаты болса, екінші жағынан (зейнеткерлік жүйесі) халық санының өсуінде мосқалдық кезең айтулы орын алуда, себебі, біріншіден, оның өзіндік салмағы артуда. Сонымен бірге, зейнеткерлердің әлеуметтік тобының көбіне, мүшелерінің еңбекке жарамдылығы сақталуда.

Әлеуметтік психологияда бұл проблема әлеументтенудің еңбектен кейінгі кезеңі проблемасы түрінде көрінеді. Э.Эриксонның тұжырымдауы бойынша, 65 жастан кейінгі (жас кезеңдегі: сәбилік, балалық шақ кезеңі, мектептік кезең, жастық шақ, орта жас, мосқалдық қезең) «мосқалдық» кезең ғана «даналық» кезең болып, адамның әлеуметтенуіг тамамдайды.

Әлеуметтік бағдар.

Әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны зерттегенде әлеуметтік бағдар проблемасы маңызды орын алады. Егер де әлеуметтену процесі-жеке адам әлеуметтік тәжірибені қалай игереді, оны белсенді түрде қалай қайта жаңғыртатыннын ғана түсіндірсе, жеке тұлғаның әлеуметтік бағдарын қалыптастыру-осы игерілген әлеуметтік тәжірибені жеке тұлға қалай пайдаланылады, оның нақты іс-әрекеттері мен қылықтарында ол қалай көрінеді деген сұрақтарға жауап береді.

Тек осы механизмді зерттеу нәтижесінде ғана адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеті нақты түрде қалай реттелініп отыратынын түсіндіруге болады. Алдымен жеке тұлғаны іс-әрекетке итермелейтін қажеттіліктер мен мотивтерді талдау қажет. Жеке тұлғаның жалпы теориясында, нақ осы қимыл-әрекетке итермелейтін қажеттіліктер мен мотивтердің арақатынасының ішкі механизмдері қарастырылады. Дегенмен осы жағдайда мотивті таңдаудың өзі немен анықталатыны белгісіз болып қалады. Бұл сұрақ екі жақты: 1) белгілі бір жағдайларда адамдар неге бұлай, немесе солай істейді; 2) және де нақты мотивті таңдағанда нені басшалаққа алады? Мотивті таңдауды белгілі деңгейде анықтайтын ұғым-әлеуметтік дағдар ұғымы.

Әйгілі грузин психологы Д.Н.Узнадзе мектебінде «бағдар» (установка) арнаулы зерттеу мпәселесі ретінде қарастырылады. Бірақ Узнадзенің «бағдары» әлеуметтік бағдардан басқаша ұғым. Негізінен, бағдар ұғымы-адамның қарапайым физиологиялық қажеттіліктерін өтеумен байланысты. Әлеуметтік бағдар ұғымына жақынырақ тұрған ұғымдар: адамның кез келген нәрсеге өзіндік көзқарасы (И.Н.Мясищев), адамның әлеуметтік ортаға позициясы (Л.И.Божович), бағыттылығы, «жеке адамдық мәні» (А.И.Леонтьев). Сондықтан әлеуметтік бағдарды қалыптасу дәстүрін қарастырған дұрыс болады.

Әлеуметтік бағдарды зерттеу батыс психологиясы мен социологиясында қалыптасқан (Дэвис, 1972). Бұл проблеманы қарастырғанда әлеуметтік-психологиялық мәселелерге баса назар аударылады. Шет елдік зерттеушілер «әлеуметтік бағдар» терминін көбіне «аттитюд» ұғымымен атайды. Француз тілінен аударғанда, аттитюд-әлеуметтік бағдар дегенді білдіреді. Аттитюд ұғымын әлеуметтік психологияға енгізгендер У.Томас пен Ф.Знанецкий (1862ж.) Американ зерттеушісі Г.Олпорттың айтуынша әлеуметтік бағдарды зерттеудің негізінен қалаушы Г.Спенсер (1962ж. «Первые принципы» еңбегінде). 1935ж. Г.Олпорт бұл ұғымының 17 түсінігін береді. Осы кезден бастап, аттитюдті зерттеу жан-жақты қолға алынды. Зерттеулерде, негізінен, аттитюдтің функциясын анықтау және құрылымын таладу бағыттары басым. Аттитюдтің 4 функциясын қарастыруға болады: 1) бейімделінушілік (аттитюд субъектісі, мақсаттарына жеткізуге жететейтін объектілерге бағыттайды); 2) білу функциясы (аттитюд нақты объектіге деген көзқарас тәсіліне қарапайым нұсқаулар береді); 3) көріну (кейде құндылық, өзін-өзі реттеу функциясы деп аталынады)-аттитюд субъектінің ішкі күйзелістен арылуы, өзін жеке тұлға ретінде көрсету құралы болады; 4) қорғану функциясы (аттитюд жеке тұлғаның ішкі дау-дамайларын шешуге мүмкіндік береді).

Аттитюд күрделі құрылымды болғандықтан аталған барлық функцияларын іске асыра алады. 1942ж. М.Смит аттитюдтің үш компонентті құрылымын анықтады: а) когнитивті компоненті (әлеуметтік бағдар объектісін саналы түрде ұғыну); ә) аффективті компоненті (объектіні эмоциялық бағалау, оны дұрыс не теріс сезімінің анықталуы); б) міне-құлықтық (конативті) компоненті (объектіге бір сарынды көзқарас). Ендігі жерде әлеуметтік бағдар –ұғыну, бағалау, іс-әрекетке дайын болу деп анықтала бастады.

Көптеген эксперименттік зерттеулерде (К.Ховланд «Йель зерттеулері») аттитюдтің үш компоненті анықталады. Зерттеулерден қызықты нәтижелер алғанымен, көптеген проблемалар шешусіз қалды. Алдымен, шкалалар нені өлшейді, аттитюдті ме, әлде бір компонентін ғана ма (негізінде объектіні тек эмоциялық бағалауды ғана өлшейтіндей әсер қалыптасады)

Мұндай құбылысты түсіндіру үшін. М.Рокич адамда екі түрлі аттитюд болады деген идея ұсынды: объектіге және жағдайға. Д.Кац, пен Э.Стотлендтің пікірінше, әртүрлі жағдайларда аттитюдтің әртүрлі жақтары көрініс береді. Аттитюд проблемасына басқа да көптеген көзқарастар болғанымен, бәрін түгелдей түсіндіретін модельдер әлі жасалынған жоқ. Аттитюдтік құбылысты тереңірек түсіну үшін В.А.Ядовтың «Саморегуляция и прогнозирование социального проведения личности» деген еңбегін қарауға болады. Ол еңбекте «Жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттеудің диспозициялық қағидасы (концепция) берілген. Әлеуметтік бағдарды қарастырғанда маңызды мәселелердің біреуі –аттитюдтің өзгеруі.

Аттитюд адамның белгілі іс-әрекетінде көрініс бергендіктен, оның өзгеруін де, іс-әрекеттің өзіндегі өзгерістерді талдау арқылы түсінуге болады. Біз үшін, маңызыдысы-мотив, (түрткі) пен іс-әрекет мақсаты арасындағы арақатынастың өзгеруі, себебі текосындай жағдайда ғана іс-әрекеттің жеке тұлғалық мәні өзгереді, демек әлеуметтік бағдар да өзгереді.

Кейбір ғалымдардың (әлеуметтік психолог) көзқарасы бойынша, бағдар, әлеуметтік бағдар, құндылық бағдар, әлеуметтік таптуырын (стереотип), жеке тұлғаның әлеуметтік бағдарлануы деген ұғымдар иерархиялы түрде былай байланысады:

а) әлеуметтік бағдар-қажеттілік, орта және әлеуметтік күтінулердің бірлестігінің негізінде қалыптасқан әлеуметтік объектілерге деген бекітілген бағдар. Әлеуметтік бағдардың негізінде қоғамның (топтың) бұрынғы тәжірибесі және индивидтің жеке тәжірибесі жатады. Әлеуметтік бағдар объектіге деген көзқарасты да қамтиды. Көзқарас әрқашанда бағалау ретінде көрінеді: қолдау-қолдамау-екі ұштылық;

ә) құндылық бағдар-субъектісі мен қоғам үшін маңызды құндылыққа бағытталған әлеуметтік бағдар-қоғамның материалды объектісі немесе рухани мәдениеті;

б) құндылық бағыттылық – жеке тұлғаның құндылық бағдарларының жүйесі, жеке тұлғаның құндылықтарға деген таңдамалық көзқарасын сипаттайды. Ол иеараохиялы түрде (4 срует) ұйымдасқан белгілі құрылым ретінде болдаы және де адамның бағыттылығын анықтайды;

в) әлеуметтік таптуырын –қандай да болмасын міндетті түрде эмоциялық көріністер бар кез келген бір әлеуметтік объектіге (құбылысқа) бағыталған бағдарлар кешені;

г) әлеуметтік бағдарлар мен әлеуметтік таптуырындар жүйесі-жеке тұлғаның әлеуметтік бағыттылығын құрайды. Бұл өте кең ұғым (құбылыс), оны адамның дүниетанымымен сәйкестендіруге болады. Әлеуметтік бағдарлану индивидке әлеуметтік болмыста бағытталуына мүмкіндік береді.

Жеке тұлғаның әлеуметтік- психологиялық қасиеттері.

Е.В.Шорохованың көзқарасы бойынша, қоғамдық (топ ішілік) қатынастардың әсерінен туындаған және тұлғалық қасиеттер, оның ерекше әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері түрінде көрінеді. Сондықтан да, әлеуметтік психологияның жеке тұлғаны зерттеудегі міндеті, нақты қай жерде, жеке тұлғаның психикалық кепінің қандай ерекшеліктерінде адамның әлеуметтенуі көрінеді, оның әлеуметтілігін қалыптастыратын шарттар қалай іске асырылады (ұлттық, кәсіби, халықтың, т.б.) деген мәселелерді шешуімен байланысты.

Қазіргі кезде бұл проблема әлі зерттеліну үстінде. Дегенмен, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологялық қасиеттері, басқа адамдармен бірлескен іс-әрекетте және де қарым-қатынаста қалыптасатыны туралы көзқарастың дұрыстығы анық.

Бірлескен іс-әрекетте көрінетін қасиеттің біреуі-жеке тұлғаның топтағы іс-әрекетінің тиімділігі (эффективтілігі). Қарым-қатынаста көрінетін жеке тұлғалық қасиеттер толығырақ зерттелінген, солардың кейбіреулеріне тоқталайық: 1) перцептивті қорғаныс механизмі-әлеуметтік психологияда адамды немесе топты қабылдау процесінде олардың кейбір қасиеттеріне көңіл аудары, соның нәтижесінде әсерлерге тосқауыл қою. Перцептивті қорғаныс механизміне М.Лернер ұсынған әділетті өмірге сенім феномені де жатады. Мұндай жағдайда адам әділетсіздікпен жолыққанда осы сенімді жоюға бағытталған информация қорғанады; 2) «күтіну» эффектісі. Бұл эффект адамдардың күнделікті өміріндегі көзқарасында көрініс береді. 3) когнитивті күрделілік феномені-жеке тұлғаның имплицинтті теориясы, қабылданушы адам белгілі бір конструктерден тұрады, осыған байланысты қабылдау процесі іске асырылады деген тұжырымға саяды. Кеңірек мағынада конструкт идеясы Дж.Келлидің жеке тұлғалық конструктілер теориясында қарастырылған. Бұл жерде конструкт дегеніміз-әрбір жеке тұлғаның болмысты қабылдап, көре білу тәсілі, оның ұқсас немесе ерекше элементтерін интерпретациялау.