- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
1. Әлеуметттану түсінігі. Әлеуметтану механизмдері мен институттарының жалпы сипаттамасы.
2. Тұлғаның әлеуметтену процесіндегі ерекшеліктері.
3. Әлеуметтенудің негізгі кезеңдері.
4. Әлеуметтену заңдылықтарын Э.Берн және К.Стейнердің транзактілігі талдауы бойынша түсіну.
5. Тұлғаның даму моделі мен Э.Эриксон тұжырымдамасындағы бірдейлік түсінігі.
6. Адамзаттың әлеуметтену түсінігі. Жасөспірімдік дағдарыс түсінігі.
7. Ересек жастағы әлеуметтану сфералары мен динамикасы.
8. Егде адамдарды зейнеткер атағына әлеуметтік – психологиялық бейімдеу.
9. Қартаю процесінің әлеуметтік – психологиялық ерекшкліктері.
10. Әлеуметтенудің түрлі кезеңдеріндегі тұлғаны психодиагностикалау мен түзету әдістерінің жалпы сипаттамасы.
11. Қазақстанның этномәдени ортасы мен әлеуметтік өзгерістері жағдайындағы (саяси, діни, жыныстық, этностық) тұлғаның әлеуметтенуі мәселелері.
12. Тұлғаның әлеуметтену мәселесінің теориялық және қолданбалы аспектілерінің Қазақстан ғалымдарының еңбектерінде өңделуі – психолог, социолог, философ, саясаттанушы т.б.
Дәріс тезистері.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін айтылған әр түрлі пікірлер мен теориялар өдебиеттерде орын алып келді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушьшықты немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Сондықтан олардың пікірлері бойынша біреулер бағындырушы, ал екінші біреулер бағьшушы болып туатын сияқты.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі — преформистер. Преформизм — XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындаға сәбидің организмінде болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.
Көптеген ғалымдар жеке адамның дамуында тұқым қуалаушылық факторын жетекші роль атқарады деп таниды. Америка психологы Эдуард Торндайк (1874-1949) баланың дамуын геналарға байланысты, бала геналардың ерекше батареясы, ондағы "гена саймандары" өзгермейді, олар баланың дене қасиеттерін, ақыл-ой ерекшеліктерін жөне қабілетін белгілейді, деп өз ойын дөлелдейді. Ол адам санасы да өзінің шыққан тегіне байланысты деп тұжырымдайды.
Америка философы, педагогы Джон Дьюи (1858-1952) өзінің даму теориясын баладан туа пайда болған инстинкт және қабілеттерімен дөлелдейді. Дьюидің пікірі бойьшша, адамда туысымен-ақ дайын талаптар мен қабілеттер және эмоциялар болады. Сондықтан Дыои адам табиғатын төрбие арқылы өзгерту мүмкін емес дейді. Австрия дәрігері Зигмунд Фрей адам мінез-құлқының қозғаушы күштері оның биологиягсық тегіне байланысты деп түсіндіреді.
Прагматиктік педагогика апологеттері жөне осы уақыттағы түрлі философиялық ағымдар экзистенциализм, неотомизм т.б. жоғарыда айтылған көзқарастарды қуаттай келіп, адамды өлеуметтік жағдайдан бөліп жеке қарастырады. Экзистенциализм жеке адамның дамуъін, оның өзін-өзі жетідіруі, бұған әлеуметтік ортаның қатысы жоқ деп түсіндірсе, ал неотомизм даму процесін діни идеалистік тұрғыдан, демек, құдай жаратқан адам жанының дамуы діни тәрбиенің ықпалымен аяқталады деп сендіреді.
Сонымен, жоғарыда аталған және басқа да философтар мен педагогтар жеке адамның дамуы мен қалыптасуындағы қоғамның ролін теріске шығарады.
Адамның жан-жақты дамуының өлеуметтік жағдайларға теуелді екендігін XVI және XVII ғ.ғ алғашқы рет байқаған гуманистер социал-қиялшылдар Томас Мор жөне Томмазо Кампанелла. Мор жеке адамды дамытудың негізі — жалпыға бірдей жөне міндетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның өр түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп өзінің бұл пікірін "Утопия" кітабында сипаттайды. Кампанелла адам баласының дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты, сондықтан төрбие процесінде балалардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту үшін игілікті, қажетгі жағдайлар жасау керек деді.
XIX ғасырдың басында қиялшыл социализмнің ілімін жасаушылар Щ.Фурье, Роберт Оуэн жөне Сен-Симон балаларды жан-жақты қабілетті дамыту, яғни, оларды біліммен қарулаңдыру, өмірге, еңбекке даярлау төрбиеге байланысты деп түсінді. Олар капиталистік қоғамды, ондағы төрбие жүйесін батыл сынап, жеке адамның жан-жақты дамуына толық жағдай жасау үшін, халыққа білім жөне тербие арқылы таптық қоғамды бейбітшілік жолмен жаңа қоғамға айналдыруды арман етті.
Алғашқы гуманистер жөне социал-қиялшылдар адамды жан-жақты, жарасымды етіп дамыту өңдіріс құралдары мен жабдықтарына жеке меншіктік жөне адамды — адам қанау жойылғанда ғана қамтамасыз етіледі деп тұжырымдады.
Жеке адамды жан-жақты дамыту жөне төрбиелеу жайлы мөселелерді ең алғашқы рет ғылыми түрғыдан дәлелдеген К.Маркс, Ф.Энгельс болды. Олар даму заңдарын ашып, адам баласының прогресс жолымен алға басуының мақсаты - бақытты өмір сүріп, жан-жақты дамуына игілікті жағдай жасай-тын жаңа қоғамды орнату керек деген қорытьшдыға келді.
Тұлға теориялары (З.Фрейд, Э.Эриксон, Э.Фромм, А.Маслоу, К.Юнг, К.Роджерс)
З.Фрейдтің психоанализдік негізгі тұжырымдамалары мен принциптері
Зигмунд Фрейд 1856 жылы 6 мамырда Австрияның Фрайберг қаласында дуниеге келген. З.Фрейдтің "психоанализ" терминін алғаш енгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға болады,
"Психоаиализ" терминінің үш мағынасы бар: 1) тұлға және психопатология теориясы; 2) тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3) индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезімдерін зерттеу әдісі.
Ұзақ мерзім психоанализдің дамуында З.Фрейд тұлғалық ұйымдастырудың топографиялық моделін қолданды. Осы модель бойынша психикалық өмірдің үш деңгейін бөлуге болады: сана, парықсыздык, (нодсознательность) және бейсаналық.. Оның гылымға қосқан ең үлкен үлесі - бейсаиалық үғымын енгізіп, ұғымсыз түрткілермен жұмыс істеу әдісін қолдануды үйретуі.
Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен әсерлерден тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде "қол жететін ес" деп аталады) тура осы сәтге сезілмейтін тәжірибелерді көрсетеді. З.Фрейдтңц ойынша, бұл психиканың сезілетін және сезілмейтін аумагының арасындағы копір болып табылады. Бейсаналықта тұлғаның негізгі детерминанттары болады, олар: психикалық қуат, ояту жөне инстинктер. Инстинктердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағатгануға ұмтылу және агрессиялы инстинкт, өлімге ұмтылу. 20-жылдардың басында З.Фрейд өзінің концептуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі үш компопентке бөлді: ид, эго, жоғарғы эго.
"Ид" латынның "Ол" сөзінен шығады. З.Фрейд бойынша "Ол" тұлғаның қарапайым, инстинктивті және тума аспектілерін білдіреді. Ид бейсаналықта өмір сүреді және инстинктивті биологиялық оянулармен (тамақ, ұйқы, т.б.), яғни біздің жүріс-тұрысымызды қуатпен қамтамасыз ететін оянулармен тығыз байланысты. Фрейд бойынша, ид -ешқандай заң мен ережеге бағынбайтын нөрсе. Фрейд идті ағзаның соматикалық жәнс психикалық процестері арасындагы нәрсе деп қарастырады. Ол ид адамды шаршаудан арылтатын екі механизмді көрсетеді: рефлекторлық әрекет және алғашқы процестер.
"Эго" (латын. "Эго" - "Мен") — шешім қабылдауға жауапты психикалық ақпараттың компоненті. Эго идтің тілектерін сыртқы әлемге байланысты шектеу қоя отырып, қанағаттандыруға тырысты. Эгоның қызметіі - ағзаның тұтастығы мен тепе-тендігін сақтау.
"Жоғарғы Эго" (лагын. "зирег" - "жоғарғы" және "ецо" - "мен"). Адам қоғамда өмір сүру үшін қоршаған ортаға сәйкес құндылықтар, нормалар және әдептер жүйесіне ие болуы керек. Мұның барлығы "әлеуметгену" процесі, яғни құрылымдық модельдің тілі бойынша "жоғарғы эгоның" қалыптасуы барысында жүзеге асады. Фрейд «жоғарғы эгоны» екі жүйеге бөледі: ар-ұят және "эго-идеал". Ар-ұят ата-ананың жазалауының арқасында пайда болады, ал суперэгоның мадақтаушы аспектісі — бүл эго-идеал.
Иистинктер. Фрейд инстинктің екі негізгі тобын мойындады: өмір және өлім инстинктері. Бірінші топ (Эрос) өмірге маңызды процестерді қолдау мақсатындағы күштерді қамтиды. З.Фрейд өмір инстинктерінің нидивидиумның физикалык, құрылымына үлкен маңыздылығын мойындай отырып, тұлғаның дамуындағы сексуалды инстинктердің орнын айқындайды. Сексуалды инстинктердің қуаттарын либидо (лат. "қалау", "тілеу") деп атайды.
Екінші топ - өлім инстинктері, яғни танатос - қатігездік, агрессия, суицид және біреуді өлтірудің барлық көріністері. З.Фрейд «өлім инстинктері - өмір инстинктері секілді адам мінез-құлқын регтеуші Гнюлогиялық түрде шартталған» деп есептейді.
Тұлғаның дамуы үшін З.Фрейд психосексуалды деңгейлерді анықтаған, дамудың психоаналитикалық теориясы екі алғы шартқа сүйенеді. Бірінші немесе генетикалық алғы шарт бойынша, ерте балалық шақта болған уайымдар ересек тұлғаның қалыптасуында үлкен рол атқарады. З.Фрейдтің ойынша, индивидиум тұлғасының негізі өте ерте жаста, яғни бес жасқа дейін қалыптасады. Екінші алғышарт бойынша, адам сексуалды қуатпен (либидо) дүниеге келеді. Бұл қуаттар өзінің дамуында бірнеше психосексуалды деңгейден өтеді.
З.Фрейд сексуалды тұлға дамуының төрт деңгейін көрсетеді: оралды, аналды, фаллистік және гениталды. Баланың 6-7 жас аралығын жыныстық дамудың бастамасы деп қарастырған, ол бұл кезенді латенттік кезең дегі атайды. Бірінші үш деңгей туғаннан бес жасқа дейінгі аралықты қамтиды. З.Фрейд оны прегениталды деңгей деп атайды. Өйткені жыныс мүшелерінің аймағы тұлға қалыптасуында әлі басты ролге ие болмайды. Төртінші деңгей пубертанттық кезеңнің басталуымен дәл келеді.
Фрейд бойынша психосексуаяды даму деңгейлері
Қобалжудың түрлері: реалистік қобалжу
Қорқытуға эмоционалды жауап немесе сыртқы әлемнің реалды қауіптерін түсіну (мысалы, қауіпті жануарлар немесс мемлекетгік емтихан тапсыру) реалистік қобалжу деп аталады.
Невротикалық қобалжу
Ид жағынан келетін бағынбайтын импульстарды саналы түрде сезіну қаупіне эмоционалды жауапты болу невротикалық қобалжу деп аталады.
Моральді қобалжу
Эго суперэгодан жазалау қаупін сезінгендегі эмоционалды жауап моральді қобалжу деп аталады.
Эгоның қорганыс механизмдері
Ығыстыру. З.Фрейд ығыстыруды эгоның алғашқы қорғанысы деп қарастырады. Ығыстыру қобалжудан кетудің тура жолын қамтамасыз етеді деп есептейді. Оны кейде "мотивтендірілген ұмыту" деп те атайды. Адам өзіне қайғы әкелетін ойлар мен сезімдерді санасынан ығыстырады. Бірақ З.Фрейдтің ойынша, ығыстырылған ойлар мен импульстар өздерінің белсенділігін бейсаналылықта жоғалтып алмайды. Ол ығыстырылған ойлар күндердің күнінде қайта жаңғырып шығады дейді.
Проекция. Проекция - ығыстыруға ілесетін қорғаныс механизмі. Проекция механизмінде адам өзінің негативті ойларын, сезімдерін және мінез-құлықтарын басқа адамдардан немесе қоршаған ортадан көреді. Сөйтіп, өзінің кемшіліктерін, кінәсін басқа біреулерге тағады.
Орын басу. Бұл қорғаныс механизмі - адамның ұмтылыстары мен сезімдерінің басқа объектіге ауысуы. Мысалы, агрессивті импульстар өзге қауіпсіз объектіге ауысады.
Рационализация. Когнитивті бұрмалау көмегімен адам өзінің дұрыс емес әрекеттерін, жағдайларын ақтау үшін әр түрлі өтірікті, бірақ кешірімді ссбептерді тауып алады. Рационализация әр түрлі формада кездеседі. Кейде адам әр түрлі тығырыққа тіреліп, дұрыс емес іс-әрекетін ақтау үшін сылтаулар іздейді.
Реактивті құрылым. Әдетте, қобалжуды тудыратьн күшті импулсьтарды ығыстыру қарама-қарсы тенденциялармен жүреді. Ол қорғаныс механизмдерінің құрлымы. Қорғаныс реактивтілігінің құрылуы — бар ұмтылыстарды басып тастап, оған қарама-қайшы мінез-құлықтарды әсірелейтін қорғаныс механизмі.
Регрессия - адамның жасына келмейтін мінез-құлығы. Сонымен, бұл қорғаныс механизмі - адамның балалық мінез-құлықтық модельдеріне қайта оралуы арқылы қобалжуды жұмсартуы.
Сублимация. З.Фрейд бойынша, сублимация, адамның жасырын импульстарын әлеуметтік ортаға байланысты басқа нөрсеге ауыстыруы, яғни адам өзінің сексуалды қобалжуларын әлеуметтік орта дұрыс қабылдайтын іс-әрекеттерге ауыстырады.
Теріске шығару. Адам жағымсыз жағдайлар туындаған кезде оны мойындамай, бас тартса, теріске шығару деп аталатын қорғаныс мсханизмі жұмыс істейді.
З.Фрейдтің ойынша, қобалжу инстинктивті импульстардан шығады, Эгоны болатын қауіп-қатерден сақтайтын сигналдардың ролін атқарады. Оған жауап ретінде эго жоғарыда көрсетілген корғаныс механизмдерінің тізбегін қолданады. Қорғаныс механизмдері саналы түрде сезілмей әрекет етеді және индивидиумның шындықты қабылдауын бұрмалайды.
