- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
Тұлға мен қоғам өзара қатынасы шағын топты әлеуметтік психологиялық зерттеудің бастапқы мәселесі ретінде (Н.Триплет, В.Меде, В.М.Бехтерев т.б.).
Топтағы ережені қалыптастыру (М.Шериф, Т.Ньюком т.б.).
Топтық әсер ету әдістері мен механизмдері.
«Конформизм» құбылысы (С.Аш, Р.Крачвилд т.б.). Топтық азшылдықтың әлеуметтік әсерінің механизмдері мен жайларын зерттеу (С.Московичи т.б.).
Бірлестік құрылымындағы жеке адам: беделдіге бағыну құбылысы (Ст. Милграм).
6. Тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіндегі жеке адам: персонализация тұжырымдамасы (А.В.Петровский, В.А.Петровский).
7. Жеке адамның топтағы әлеуметтік-психологиялық беделі. «Бедел» және «рөл» түсініктерінің ара-қатынасы.
8. Жеке адамның топқа бейімделуінің әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары.
9. Топтағы әлеуметтік-психологиялық ахуал түсінігі. (ӘПА).
10. ӘПА көрсеткіштері мен зерттеу әдістері.
11. Топтағы жеке адамды диагностикалау мен түзету әдістері.
Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік-психхологиялық факторлары жалпы түрде екі үлкен топқа бірігуі мүмкін:
1) әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени жағын көрсететін және оның тарихи,мәдени,ұлттық ерекшеліктері мәселелерін қарастыратын әлеуметтік топ;
2) белгілі бір деңгейде тұлғаның өмір жолының кезеңдерімен анықталатын жеке-тұлғалық топ.
В.Г.Крысько тұлғаның әлеуметтенуінің үш факторын (микрофакторлар, мезофакторлар,макрофакторлар),механизмдері мен құралдарын көрсетті (9;10).
Отандық психологияда әлеуметтену процесін талдау кезінде көптеген авторлардың тек объективті көрсеткіштерді (индивидтің әлеуметтік статусының өзгеруі,оның жаңа әлеуметтік рөлдерді игеруі) ғана емес, сонымен бірге субъективті көрсеткіштерді,соның ішінде ұқсастықты даескеруге ұмтылғаны байқалады. Бұл ұғымды ғылымға Э.Эриксон енгізген,ол ұқсастықты субъективті сезім ретінде және басқа адамдардан бөліп ұстайтын,дүниенің тоғысуы мен үздіксіздігіне белгілі бір сеніммен байланысқан өзіндік тоғысуды және үздіксіздікті (тұрақтылығын) қадағалаудағы сапасы ретінде анықтаған.Ұқсастықты Э.Эриксон екі тұрғыда қарастырады: 1) екі компоненттен (органикалық және жеке), яғни адамның жеке тұрмысының сыртқы физикалық бейнесінің,көрінісінің,тоғысуының түпнұсқалығының және тұтастығының ауыспас мәлімдігінен тұрады; 2) нәтижесінде топтық және психологиялық әлеуметтік ұқсастық ерекшеленетін әлеуметтік тұрғыда топтық.Топтық ұқсастық-бұл тұлғаның ішкі бірлік пен өзінің әлеуметтік қоршауымен біртұтастығын субъективті сезіну арқылы бекітілген түрлі қоғамдастыққа (тарихи,географиялық,таптық,ұлттық т.б.) қосылуы.Психологиялық-әлеуметтік ұқсастық-адамның өзінің қоғам үшін маңыздылығын сезінуі.
Тұлғаның
әлеметтену факторлары
Ұқсастықтың әрбір тұрғысының екі полюсі бар: оң (әлеуметтік орта көзқарасы бойынша адам қандай болуы тиіс) және теріс (ол қандай болмауы керек).Ұқсастықтың қалыптасуы осы екі жақтың үнемі өзара тартысымен қатар жүреді.Дағдарыс сәттерінде күрес өрши түседі және ұқсастықтың теріс жағы үстем болып кетуі де мүмкін.Тұлғаның позитивті және ілгері дамуы үшін ұқсастықтың оң жағы теріс жағынан басым болуы тиіс.Жалпы алғанда,Э.Эриксонның тұлға дамуының негізін қалаушы ретіндегі ұқсастық мәселесіне көзқарасы осындай.
Ұқсастықтың жалпы адами деңгейі өзіңді биологиялық түрдің,адамзаттың өкілі ретінде сезіну немесе адамзаттың аса ауқымды мәселелерін,жердегі өмір үшін келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті көру және түсіну бетінде анықталады.
Ұқсастықытың топтық деңгейі өзінің әртүрлі топтарға (жыныс,жас,ұлттық және діни көзқарас және т.б. негізінде) тиесілі екендігіді сезіну арқылы байқалады.Орта деңгей (топ) қауымдастығы оппозиция жүйесі ретінде қалыптасады.Олар әдетте бір-біріне қарсы қойылған және «бір-бірінсіз» анықала алмайды.Мысалы,әкелер мен балалар,ерлер мен әйелдер, «оңшылдар» мен «солшылдар»,т.б.
Ұқсастықтың жеке деңгейі өзінің бірегейлігін сезіну,қабілеттілігін арттыруға ұмтылу,өмір жолының қайталанбайтынын түсіну болып табылады.
Ғалымдардың арасында ұқсастықтың қай деңгейінің дамуы тұлға табысының әлеуметтенуі үшін маңызды екені туралы бірізді пікір әлі жоқ.Тұлғаның белгілі ұқсастық деңгейінің басым болуын айқын көрсету және оны әлуметтендірудің табысты болуы уақытпен айқындалады деуге болады.Бұл жағдайда уақыт факторы қоғамдық уақыт,яғни тұлғаның өмірлік циклінің кезеңі ретінде екіұшты түсіндіріледі.
Тұлғаның әлеуметтенуінің табыстылығына тарихи уақыттың әсер ету мәселесін қарастыруда біршама Л.Н.Гумилев жасағанэтногенез теориясы сияқты шешімдер бар екенін атап көрсетуге болады.Бұл теорияға сәйкес,кез келген ұлыстың 1200,1500 жыл уақыт өлшемін қамтитын өзіңдік «өмір циклі» бар.Ұлыстың қауырт дамуы кезеңінде қоғамда жеке табыстың,тәуекел мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы жетістіктердің мәнін көрсететін құндылықтар басым болып,ол соңынан ұлыстың прогресін ынталандыруға жеткізеді.Бұл жағдайда өзін көрсету қоғам м.ддесіне негізделген,айқын өзіндік ерекшілігі бар тұлғалардың әлеуметтенуі сәтті болмақ.Мұндай адамдар өзі мен адамзатты «тікелей» байланыстырып,осы екі басымдыққа қалыптасқан топтық нормаларды бағындырады,яғни оларда ұқсастықтың жеке және жалпы адами деңгейі айқынырақ қалыптасады.
Жеке тұлға мен макроәлеуметтік құрылымдардың өзара байланысы мәселесі Б.Ф.Поршневтің еңбегінде басқаша қарастырылады.Оның пікірінше,жоғары деңгейдегі маймылдар мен еліктеуі барынша дамыған қазіргі адамдардың арасындағы филогенетикалық кезең бойында троглодиттер (адамның арғы тегі) басым болды.Өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар,мысалы,жануарлардың үрку-тежелу әсерін туғызу үшін олардың дауыстарын келтіретін болған.Кейінірек антророидтер бұл механизмді өзіне ұқсастарға әсер ету үшін жиірек қолдана бастады,бұл еліктеу шегінен шығып кететін болды.
Тұрақты жағдайда болатын ұлыс өз мүшелері арасындағы қатынас пен олардың табиғатқа деген қатынасын шектеуге ұмтылады.Жаңа ұлыстық тұтастықты туғызу кезінде мінездің жаңа тәсілдері де алға шығады.Егер ертеректе жеке тұлғаның қоғамдық жағдайы әдет-ғұрыппен қатты шектеліп,көбінесе оның жасына байланысты болса,неді әр түрлі әлеуметтік рөлдерді (корльді,жасауылды,күтушіні,т.б.) айқындайтын «кім бола аласың,сол бол! » дейтін талап қалыптасты.Жеке тұлғаның ұжымды алдындағы парызы,міндеттері бірінші кезекке шықты.
Ұлыстың келесі кезектегі дамуы (кей жағдайда көршілерде бағындыру арқылы) жеке тұлғаның қажеттілігіне (кей жағдайда көршілерді бағындыру арқылы) жеке тұлғаның қажеттілігіне («Өзіңмен-өзің бол!») соқтырады,бұл бұрынырақта сыртқы мәселелерді шешуге бағытталған күштерді жұтып қоятын тұлғалар арасындағы қақтығыстарды,қатаң бәсекелестікті тудырады.
Уақыт өткен сайын,ұлыстын өздерінің даңқ-құмар тайпаластарының өзара қақтығыстарынан әбден шаршаған,қарапайм көпшілігі «біз ұлылардан әбден шаршадық!» деген жаңа талап қояды.Жеңіп шыққан пассионарий (бөлекше тұлға),басқалардың бәрі өзіне ұқсап,еліктеуге ұмтылатын мінез-құлықтың жаңа ережелерін бекітеді.
Бұдан әрі топтың мүддесі жеке тұлғанадан қайтадан артықшылық ала бастайды,ұлыс ландшафқа бейімделеді.Ең сонында ұлыс не жойылады,не басқалармен бірігіп,жаңа ұлыс құрайды.Ұлыс дамуының тұрақты («тыныш») кезеңдерінде тұлғаның едәуір шамада тұрақталатының,әр түрлі топтық (рулық,кәсіби,конфессиалдық) мүдделер мен ережелерге бағынатынын атап айтқан жөн,яғни адамда жеке ұқсастық пен оның жалпы адами «қабаттарына» зиянды топтық ұқсастық басым дами түседі.
Әрине,айтылғанның бәрі Б.Ф.Поршнев тұжырымдамасының құндылығы мен
күрделілігін тауыспайды, бірақ адамзат тарихын осы қалпына келтіруде келесі сәттерді айқындау асамаңызды.Адамзат эволюциясының күрделі,өтпелі дәуірі тұғырықтан шығудың екі механизмі іске қосылғаны байқалды: 1) түр мен тұлға мүдделері сай болып,белгілі бір мезгілге дейін қантөгіссіз жолы табылған физикалық тараптың орналасу; 2) дамудың бейбіт жолы қалмаған кездегі «өзіміздің» және «бөгде» топтардың қарама-қарсы тұруы.Бұл жағдайда қатыгездікке,зұлымдыққа,соғыстарға,т.б. жетелейтін топішілік фаворитизм мен агрессияны ынталандыратын ұқсастықың аралық,топтық деңгейлерінің белсенділігі артып отырады.
Белгілі тарихшы,орта ғасырлар бойынша зерттеу жазған ғалым А.Я.Гуревич: «Ерекшелік,не басқалардан айырмашылық емес,керісінше,топқа,корпорацияға, белгіленген тәртіпке барынша іскерлікпен қосылу-міне,жеке тұлғадан талап етілетін қоғамдық ерлік осы»,-деп бағалаған.Бұл дәуірдегі адам тек ұжым шеңберінде ғана өзін толықтай сезініп,қалыптаса алады.Ресейдегі орта ғасырдағы әлеуметтенудің осындай ерекшеліктерін Ю.М.Логман да айтқан.
Таптың өзіне тән әлеуметтік топқа интеграциялануының бұзылуы капитализмнің дамуымен ғана басталды.Сонда ғана оның ұқсастығының жеке-даралық қабаты көріне бастады.Бұл процесті Э.Фромм мейлінше толық талдаған,оның пікірінше,адамның әлеуметпен,таппен, топпен ортағасырлық байланыстарының үзілуі аңсаған азаттыққа жеткізген жөн.Соның нәтижесінде адам аса қуатты экономикалық күштердің алдында өзінің ертеңгі күшіне деген барлық кепіліне айрылған кішкентай әрі әлсіз жан ретінде болып қалды.
Сонымен,тарихи дәуірлердің тұлғаның әлеуметтену табысына әсер ету ерекшеліктерін қарастырғаннан кейін қоғам дамуының тұрақты кезеңдерінде ұқсастықтың топтық деңгейі басым,яғни адамдар көбінесе әлеуметтіе деңгейде бейімді болып шықты.Оларға жүйенің сақталуына ұмтылуын айқындайтын мінез-құлықтың социотипті формалары тән;сол уақытта тарихтың тығырыққа толы,ауыспалы сәттерінде тұлғаның түрлі типтеріне ұсыныс болуы мүмкін: ұқсастықтыңжалпы адами және жеке тұлғалық деңгейлерінің басым болуының бір мезгілдестігі;әлеумет дамуының тұрақты кезеңдеріне тән топтық нормалардың әдеттегі қоғамдық қақтығыстардан қорғаныста болуы.Қоғамдық тығырық жағдайында тұлғаның осы типінің басым болуы «сыртқы» жауларды іздеуге, «өз,тобының» (ұлттық,кәсіби,ересектік,аумақық,т.б.) басым болуына соқтырады.
Тұлғаның өмір кезеңдерінің оның әлеуметтенуінің табыстылығына әсер ету мәселесіне ауыса отырып,тұлға әлеуметтенуінің ерекшеліктері мен қоғам дамуының тұрақты кезеңдерінде оның ұқсастық құрылымының қалыптасуын бейнелеп көремізБұл үшін Л.Колбергтің балалардың моральді дамуына жүргізген талдауына көңіл бөлуге болады.Оның мәліметтері бойынша,7 жасқа дейінгі балалар көбінесе моральдық дамудың конвенциалды деңгейге дейінгі деңгейінде болады.Олардың мінез-құлқы,негізінен,жазалаудан құтылуға немесе мақтау алуға ұмтылумен анықталады,яғни оларға ұқсастықтың жетілмеген жеке-тұлғалық деңгейі басым болады.13 жасқа қарай және мектеп бітіргенге дейін балалардың көпшілігінде істеген істерінің оң,терісі баланың референтті тобының көзқарасына байланысты бағаланатын ұқсастықтың топтық деңгейі басымдық танытады.Демек,ұқсастықтың осы деңгейі қоғам дамуынң тұрақты кезеңдерінде басым болып қалады.Өйткені 16 жастан асқан балалардың 10 пайызы ғана ұқсастықтың жек-тұлғалық және жалпы адами деңгейлерінің бір мезгілде байқалуымен сипатталатын моральдық деңгейдің постконвенциалды деңгейіне жетеді.
Онтогенездің әр түрлі деңгейіндегі әлеуметтену процесі қоғамдық дағдарыс жағдайында басқаша жүреді.Әлеуметтік дағдарыс (кризис),әдетте,қоғамның «идеологиялық құндылықтарын» қиратумен (Э.Эриксон),оның бұрынғы құндылықтар жүйесін шайқалтумен, «аномия» жағдаймен (Э.Дюркгейм) сипатталады.Бұл кезде жас ерекшелігіне негізделген үш топ мүлдем басқа жағдайда болады: жеткіншектік жасқа дейінгі;жасөспірімдер мен жастар;орта және егде жастағы адамдар.
Жоғарыда айтылғандай,балалар жеткіншектік жасқа дейін моральдық дамудың жазалаудан құтылуға және мақтау алуға ұмтылумен сипатталатын конвенциалдық дейінгі деңгейінде болады,яғни өздерінің едәуір шамада «өанағаттану принципін» басшылыққа алады (З.Фрейд).Осыған байланысты қоғамдық құндылықтардың бұрынғы жүйесінің қирауы және жаңаның құрылуы жағдайында олар сол принципке бағына отырып,жаңа әлеуметтік нормаларды табиғи түрде қабылдайды.
Ересектік ұқсастықтың қалыптасуының аса маңызды кезеңі жастық шақ болып табылады.Ұқсастықтың жасөспірім кезеңіндегі дағдарысы барысында тұлға дамуының ертеректегі кезеңдерінде шешілмеген қақтығыстарды,сәби кездегі жарақаттар мен қорқыныштарды жеңуге болады.Осымен қатар жастық шақта қалыптасатын ұқсастықтың құрылымы тұлға дамуының келесі сатыларының бәріне де әсерін тигізеді.
Сонымен бірге.Э.Эриксонның пікірінше,қоғамда «идеология тұтастығының» бұзылуы кезінде қосымша қиындықтар да туындайды.Мысалы,аса талантты жекелеген индивидтер қоғамдық құндылықтар жүйесін қабылдамаудан және өзінің жеке жүйесін қалыптастырудан көрінетін психоәлеуметтік мораторий күйіне енеді.Мұндай күйдегі жас адамдар континиумның екі полюсін көрсететіндей,ұқсастықтың позитивті де,негативті де түрін қалыптастыруы мүмкін.Оның ортасында қазіргі құндылықтар жүйесін қабылдамайтын және дәл осы уақытты онымен ашық қақтығысқа түспейтін құндылықтар типі жатыр.
Бұл континиумның негативті полюсінде өзінің нормалар,дәстүрлер, көзқарастар жүйесі бар.Соларға сәйкес,жалпы қабылданған әлеуметтік нормаларды қабылдамай қоюмен қатар,оларды бұзатын,әрі қылмыстық субмәдениет құратын жас адамдар болады.
Психоәлеуметтік мораторий жағдайына тек бір адам немесе адамдардың қайсыбір тобы ғана емес,сондай-ақ жастық шағы күшті,қоғамдық өзгерістер кезеңіне дәл келген тұтастай бір буын өкілі де түсуі мүмкін екенін атап айтқан жөн.Мұндай бір буын (немесе оның едәуір бөлігі) мораторийінің мысалы ретінде ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасында елде орын алған жастардың бейресми қозғалысын келтіруге болады.
Сонымен,қоғамдық дағдарыс жағдайларына балалар мен жеткіншектер тез бейімделсе,жасөспірімдік кезеңде бұл белгілі бір қиындықтармен байланысты.Өйткені өмірдің өзгерген жағдайларына жастық шағы өтіп кеткен адамдардың бейімделуі күрделірек болады.Олардың әлеуметтенуі,егер мұндай адам қоғам дамуының тұрақты кезеңдерінде әлеуметтік аутсайдерлер ортасында (немесе өзінің мүмкіндігін толық көрсете алмаған ортада) болса,не жеке терең дағдарысты бастан өткізу арқылы,не мүмкіндігінше тез жүреді,бірақ нақты дағдарыс жағдайында оның ересектік ұқсастығы әлеуметке қажет болып шығады.
Тұлғаның қай типі әлеуметтік дағдарыс жағдайында ең сәтті түрде әлеуметтенген? Біздің ойымызша,мұның екі варианты бар: біріншіден,тұлғаның ұқсастығының топтық деңгейінің экстремалды көріністерле айқындалуы (өзінің ұлттық,аумақтық,партиялық немесе басқа топтарға басым түрде тиесілі болуы),бұл өздігінше «өткенге кету» болып табылады (психоаналитикалық «ауруға кету» тәріздес) және қоғам көлемінде авторитарлық,дезинтеграциялық құбылыстардың дамуына көмектеседі; екіншіден,ұқсастықтың екі шеткі-жеке тұлғалық және жалпы адами деңгейінің бір мезгілде басым болуы.
