- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
Қазіргі әлеуметтік психологиядағы жаңа бихевиоризм.
Әлеуметтік – психологиялық зерттеулер контексіндегі үйрену теориясының негізгі ұғымдары.
Әлеуметтік психологиялық феномендердің психоаналитикалық талдауы.
Әлеуметтік психологиядағы қазіргі психоаналитикалық тұжырымдамалар және З.Фрейд позициясы.
Әлеуметтік психологиядағы интеракционизм. Дж. Мидтің тұжырымдамасы. Интеракционистік бағдардың теориялық негіздері.
Рөлдік теориялар. Шиеленістердің ішкі рөлдік және аралық рөлдік мәселелері.
Референтті топ теориясы (Г.Хайманн, М.Шериф, Р.Мертон т.б.)
8. Когнитивизм қазіргі әлеуметтік психологиясының басым бағдары ретінде.
9. Зерттеудің бастапқы принциптері мен мәселелері. Когнитивтік сәйкестілік теориясының жалпы сипаттамасы.
10. Когнитивті диссонанс, коммуникативті акт, құрылымдық баланс теориясы.
12. Әлеуметтік психологиялық құбылыстардың табиғатын жүйелі іс - әрекеттік түсіндіру.
13.А.Н.Леонтьевтің іс - әрекет теориясы және оны әлеуметтік психологияда пайдалану мүмкіндігі.
14. Бірлескен іс-әрекет тұжырымдамасы және А.С.Макаренко, А.В.Петровский, Л.И.Уманский, А.И.Донцовтың ұжым теориялары.
Дәріс тезистері.
XIX ғасырдың басы, әсіресе бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең, әлеуметтік психологияның эксперименттік ғылымға айналу кезеңі деп саналады. Ресми бастамасы ретінде Европада В.Мид, АК,Ш ғалымы Ф.Оллпорт ұсынған, әлеуметтік психологияны эксперименттік психологияға айналдыру қажет деген талантары болды. Әсіресе, Америкада капитализмнің қауырт дамуына байланысты, әлеуметтік психологтардың өзекті әлеуметтік - саяси мәселелерге көңіл аударып, қолданбалы зерттеулерді жүргізу қажеттілігі туындады.
Бұл кезеңде теориялық тұрғыдан Макдугалл тужырымдамасын сынға алумен қатар, әлеуметтік психологияда негізгі үш тұрғы: психоанализ, бихевиоризм және гештальт-теория бағыттары анық көріне бастады. Әсіресе, эксперименттік пәнді тұрғызудың негізі болатын бихевиористік тұрғыға көбірек көңіл бөлінді.
Зерттеу объектілері ретінде негізгі назар - шағын топтарға бөліне бастады. Эксперименттік тәсілдерді пайдалану шағын топтардағы процестерді зерттеуге қолайлы болғандықтан, АКШ-та әлеуметтік психологияның бір жақты, эксперименттік түрде дамуы басталды. Ғылымның теориялық жағы назардан тыс қалды.
Әлеуметтік психологияда тек шағын топтармен айналысу кезеңі, қолданбалы әдістерді пайдалану мүмкіндіктерін дамытуда оң әсерін тигізгенімен, теориялық ғылымның дамуына тосқауыл болды, себебі: 1) көпшіліктік процестерді, олардың ерекшеліктерін зерттеу мәселеден тыс қалды; 2) эксперименттік бағдар қоғамдағы нақты проблемаларды түсіндіруге бағытталғанымен, оның әлеуметтік мазмұнын түсіндіруде ғылыми негіздерсіз қалды.
Ал 50-жылдардан бастап, осы бағыттағы зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Негізінде олар төрт бағыттың: бихевиоризм, психоанализ, когнитивтік және интеракционизм төңірегінде топтасты (Андреева, Богомолова, Петровская, 1978, Шихирев, 1979).
Аталған төрт бағыттың үшеуі психологиялық; ойлардың әлеуметтік — психологиялық нұсқасы болса, ал төртінші бағыт — интеракционизм әлеуметтік негізде еді.
Бихевиоризм қазіргі кезде необихевиорстік багытта дамуда. Негізінен топтағы процестер емес, екеу аралық (диадалық) қарым-қатынастар зерттеледі (К.Халл, Б.Скиннер, Н.Миллер, Д.Деллард, Дж.Гибо, Г.Келли, Д.Хоманс). Зерттеулердің басым бөлігі тек жануарларда жүргізілуі (А.Бандур зерттеулерінің көбісі адамдарда жүргізілді) бұл бағыттың негізігі кемшілігі. Топтық процестерді талдаудың жеткіліксіздігінен, әлеуметтік психологияның «әлеуметтік» түрі аз көрініс береді.
Психоанализ әлеуметтік психологияда бихевиоризм сияқты кең таралмаған. Мұнда да әлеуметтік — психологиялық теория тұрғызу талпыныстары бар.
Бұл орайда неофрейдистік тұрғы, әсіресе Э.Фромм мен Дж.Салливан еңбектері аталынады. Дегенмен классикалық Фрейдизм идеяларын әлеуметтік психологияға тікелей енгізетін теориялар да бар. Ондай теорияларға мысал ретінде топтық процестер теорияларын: Л.Байон, В.Беннис, Г.Шепард, Л.Шутц атауға болады. Бихевиористерден өзгешелігі екеулік (диада) қарым-қатынастан гөрі көбірек адамдар қатысқан топтардағы процестерді қарастыру, осы бағытта Т-топтарда (тренинг топтары), адамдардың бір-біріне әсерінің әлеуметтік — психологиялық механизмдерін пайдалану тән. Психоанализді әлеуметтік психологияда қолдану жүйелі түрде емес, кейбір жағдайларын практикаға кіріктіру негізінде жүргізіледі. Осы тұрғыдан Т. Адорноның "Авторитарлы жеке тұлға" еңбегін атауға болады (фашизмді тудыратын алгышарттар туралы).
Психоанализ психологиядағы жаңа ағымның гуманистік психология (А.Маслоу, К.Роджерс) туындауына себеп болды. Негізінен тренинг тобының теориясы мен практикасына сүйене отырып, түрліше тармақталған проблематикасы жасалынуда. Қазіргі кезде гуманистік психология жетекші ағымдардың біреуіне айиалып келеді.
Когнитивизм гешталътпсихология мен К.Левиннің өрістер теориясынан бастау алады.
Бұл бағыттагы көптеген теориялардың (Ф.Хайдер, Т.Ньюком, Л.Фестингер Ч.Озгуд, П.Танненбаум, американ зерттеушілері Д.Креч, Р.Крачфилд, С Аш) негізі - жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын түсіндіру. Интеракционизм әлеуметтік бағыттағы жалғыз теория ретінде Г.Мидтің символдық интеракционизм теориясынан бастау алады.
Қазіргі кезде бұл бағыт әлеуметтік психологияда Мидтің теориясынан басқа да теорияларды қамтиды: ролдер теориясы (Т.Сарбин), референтті топтар теориясы (Г.Хаймен, Р.Мертон). Э.Гофманның әлеуметтік драматургия теориясы. Бұл теорияда "өзара әсерлесу" ұғымы негізгі болғанымен де, қоғамдық қатынастардағы, қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты индивидке әсер ететін әлеуметтік себептерді қарастыру мәселелері шешілмеген.
Осы төрт бағыттың өзіндік негіздері болғанымен де, көбінесе бір-біріне араласып отырады.
Қазіргі кездегі әлеуметтік психологияның дамуының үш түрлі әлемі бар деп саналады.
Біріншісі — Америка мен Канада психологтарының зерттеулері жеке тұлғалық бағыт (Солтүстік Американың), екіншісі — Европалык, (топ аралық, әлеуметтік деңгейлерге баса назар аудару), үшіншісі - дамып келе жатқан елдерде, экономикалық жағынан артта қалушылықтың өздеріне тән проблемалары.
Бұл елдерде психологияны бірінші және екінші елдерден әкелу "импорт" қалыптасқан. Дегенмен де әлемдік интеграцияның дамуымен бірге, Жер бетіндегі бар адамдарға ортақ әлеуметтік психологияның қалыптасуы мүмкін.
