Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлекм пси ППП-115 кешенДокумент Microsoft Word...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері

Шостром – Маслоу теориясы бойынша, манипуляторлар да, актуализаторлар да бірнеше психологиялық типтерді құрайды. Іс жүзінде әрбір типтің өз антагонисі бар, ол қарама-қарсы позицияда келтірілген. Сондықтан оларды жұп – жұбымен суреттейтін боламыз. Алдымен, манипуляторлардың түрлерін қарастырамыз:

1.Диктатор. Ол қағида бойынша, өзінің күші мен билігін асыра көрсетеді. Ол үстем болады, бұйырады, беделін көрсетуді ұнатады және өз құрбандарын басқару үшін барлығын жасайды. Диктатордың әр түрлі типтері болады – Шіркеу Бастығы, Бастық әйел, Бастық, Босс, Кіші Босс.

2.Жігерсіз адам (әлсіз).Бұл – Диктаторға тікелей қарама – қарсы және әдетте оның құрбаны. Жігерсіз Диктатормен өзара қарым – қатынаста үлкен шеберлігін дамытады. Ол өзінің сезімталдығын асыра көрсетеді, ол ұмытып кетеді, естімейді, үндемейді. Жігерсіздің әр түрлі типтері болады: күмәншіл, ақымақ, «хамелеон», конформист, ұялшақ, жол бергіш.

3.Есептегіш. Бұл – өзгелердің күшті және әлсіз жақтарын есептеп, Диктаторға қарағанда, ашық қарсылыққа түспей, оларды бақылай алу ептілігін мақтан тұтатын адам. Ол алдайды, алда – шарғымен құтылады (жалтарады), өтірік сөйлейді, алдап кетуге және басқа адамдарды тексеруге тырысады. Есептегіштің түрлері – епшіл, алаяқ, ойыншы, жарнамашы, бопсашыл, шахматшы.

4.Жабысқақ. Есептегіштің антагонисі болып табылады. Ол өзінің бақыланатындығын көрсетеді. Бұл – өзінің есер болуын, айналасындағылардың қамқорлық обьектісі болғысы келетіндігін көрсететін тұлға. Ол өзгелерге өз жұмысын істеуге қуана – қуана береді. Түрлері: паразит, уайымшыл, мәңгі бала, ипохондрик, арқа сүйеуші, дәрменсіз.

5.Бұзақы. Өзінің агрессивтілігін, мейірімсіздігін, дөрекілігін, теріс ниеттілігін асыра көрсетеді. Оның түрлері – намысқа тиісуші, жек көргіш, қорқытушы. Әйелге тән түрлері – ұрысқақ әйел, көк долы.

6. Ақ көңіл жігіт. Ол - бұзақының антагонисі. Өзінің қамқорлығын, махаббатын асыра көрсетеді, ол адамдарға өз қамқорлығын аямайды. Кебір мағынада ол, бұзақыға қарағанда, тұлғаны күйзелтетіндей әсер етуі мүмкін. Түрлері – жағымпаз, рақымды моралист, өз адамы (біздің топтағы жігіт).

7. Төреші (инквизитор). Өзінің сыншылдығын асыра көрсетеді. Ол ешкімге сенбайді, айыптауға, наразылық білдіруге бейім, әрең кешіреді. Түрлері: барлығын білгіш, әшкерелеуші, тергеуші, соттық пристав, масқаралаушы, кекшіл, жендет.

8.Қорғаушы (адвокат) – төрешіге қарама-қарсы. Өзінің қолғабысын және өзгенің қателігіне деген мейірімділігін асыра көрсетеді, бірақ өзі ешқашан қателеспейтінін білдіреді. Ол қорғалушыға өз бетінше қозғалуға жол бермей отырып, өзгелерді бұзады.

Нақты манипулятор – адамнан бір ғана айқын түрді де, сондай-ақ олардың жиынтық бейнесін кездестіруге болады. Егер де ол айқын көрсетілген түр болса, онда ол басқа адамдарға өз антагонисінің рөлін зорлап береді және ондай адамды өз манипуляцияларының мақсаты қылады. Мысалы, айқын көрсетілген диктатор айналасындағыларды жігерсіз адамдар ретінде қарастыруға және сәйкесінше өзінің олармен өзара қарым–қатынасын құруға тырысады.

Манипулятивті нұсқаулардың жағдайға байланысты болатындығы сөзсіз. Мәселен, бір жағдайда адам өзін – диктатор ретінде,екіншісінде – төреші ретінде, үшіншісінде бұзақы ретінде ұстауы мүмкін.