- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
Мақсатына қарай қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық үш түрін ажыратады: императив (бұйрық), манипуляция (айла), диалог (қосун, қоссөз, қостіл).
Императивтік немесе әміршіл - өз қарым - қатынас серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық, директивтік формасы. Қарым - қатынас партнері тек әсер етудің нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, әмір, тиым салу, нұсқау пайдаланылады (Отыр! Тұр! Әкел!).
Сонымен, әміршілдік -басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағдарлау.
Қоғамдық қарым-қатынастарда императивтік қарым - қатынасдың өз орны бар. Мысалы, әскери қатынастар, төтенше жағдайлардағы бастық-қызметкер қатынастары, қиын-қыстау, зілзала, операция кезіндегі қатынастар. Осындай салаларда императивтік қарым - қатынасды пайдалану нәтижелі әрі қолайлы.
Сонымен қатар мұндай қарым - қатынасды мүлде қолдануға болмайтын салалар да баршылық. Ең алдымен қарым - қатынасдың бұл түрін достар және жұбайлар арасында, ата-ана мен бала арасында, тәрбие мен педагогика саласында пайдалану ыңғайсыз әрі нәтижесіз. Бұйрық, тиым көмегімен ұстаздар мен ата-аналар балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді бала тек сырттай қабылдап орындайды. Бала өз еркімен қабылдамаған соң, оның құлағына құйған үлкендердің ережелері, қағидалары, қоғамдық нормалары санасының тез жойылып кететін мазмұны болмақ. Бұйрық түрінде берілген тілектер баланың ішкі құндылылығы бола алмайды.
Манипуляция, алдап-арбау - жиі кездесетін тұлғааралық қарым - қатынас түрі, қарым - қатынас партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс-әрекет. Өз мақсатына жету үшін манипулятор қарым - қатынас партнерін нысана ретінде қарастырады.
Манипуляциялық - басқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-әрекетке баулу.
Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырылады не ауыстырылады.
Алдап-арбау қарым - қатынасының қоғамдағы ресми орны - бизнес, сауда-саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады. Бұл түрдегі қарым - қатынасдың демеу берушісі, жаршысы Дейл Карнеги.
Оқыту барысында (тәрбиелеуде емес!) сабақты қызықты өткізу, оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады. Кейде осыған дағдыланған мұғалімдер басқаларға түсіндіру, дәлелдеу, үйрету үшін осыны өзінің тұлғалық ұстанымына айналдырып алады. Оқытуда нәтижелі болған бұл жайт, тәрбиелеуде, жеке тұлғалық қатынастарды орнатуда жарамсыз болып қалады да,
ұстаздың еңбегі өз мақсатына жетудің орнына зиян келтіреді. Жұмысында манипуляцияға әдеттенген адам сондай арақатынасты отбасына да әкелуге мәжбүр болады. Сүйіспеншілік, достық, ізгілікке негізделген қарым - қатынасды манипуляция жолы тиімсіз де нәтижесіз.
Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек манипуляторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады. Мысалы, манипулятор мейірімді адамның мейірімін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатында пайдалануға тырысады. Арбаушы өз арбаушылығының құрбаны болып қалады. Өзін өзі біртұтас тұлға ретінде емес, кейбір рөлдердің орындаушысы ретінде қабылдап жалған ниеттер мен мақсаттарға бас ұрады. Манипуляторды сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін қадағалау, өзіне де, басқаға да сенбеушілік. Манипуляцияға қарсы шыққан ғалым Э. Шостром "Анти-Карнеги" кітабын шығарды.
Императив пен манипуляция түрлерінің ішкі ұқсастығы терең. Екеуін де монологтық (бірсөз, бірүн), субъект - объект қатынасына жатқызуға болады. Адам басқаны өз нысанасы ретінде қабылдағанда, басқаның күй-жайын ескермегенде қарым - қатынас серігін мүлдем өз назарынан тыс қалдырып, тек өзімен өзі, өз мақсаттары және міндеттерімен арақатынас жасайды. Сонда ол басқаларды емес, тек өзінің "көшірмелерін" ғана көреді.
Диалог . Бұл тең құқықтық субъектілердің арақатынасы, қарым - қатынас мақсаты - өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған арақатынастардан негізгі айырмашылығы – эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. Бұл қарым - қатынас үрдісінде екі дауыс, екі пікір есітіледі, бұл субъект -субъект қатынасы.
Диалог қарым - қатынасынын ережлері:
1. Сұхбаттасушының және өзінің көкейкесті күйін ескеру, "осы жерде - осы сәтте" қағидасын басшылыққа алып арақатынас жүргізу, дәл осы кездегі сезімдерін, тілектерін, психологиялык халдерін назарға алу.
2. Қарым - қатынас серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын-ала оның ниеттеріне сену, біріне - бірі сенімділік білдіру.
3. Серікті өзінс тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.
4. Шешілмеген мәселе мен сұрақтар қарым - қатынас мазмұны болуы керек (қарым - қатынас мазмұнын мәселелендіру).
5. Сұхбат адамның өз атынан жүргізілуі керек, біреудің пікіріне сілтемей, өзінің сезімдері мен тілектерін білдіруі қажет (персоналандыру).
Диалог қарым - қатынасы қатысушылардың өзара түсінушілігін тереңдетіп, бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз-өзінің ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі қарым - қатынасды іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы керек. Әрине, іскерлік қарым - қатынасда бұндай типті толық қолдануға болмайды. Бірақ осы типті меңгерген адамдардың психикалық дснсаулығы, міиездерінің біртұтастығы, салмақтылығы көзге түсердей.
Мысалы, мектеп мұғалімдері оқушыларға білім беруде жиі қолданатын қарым - қатынас түрі - монолог. Неге? Ол - мектептің басты мақсаты мен міндеттеріне байланысты құбылыс. Педагогтардың түсінігі бойынша, білім беру мен тәрбие құралдарының негізгілері -қатаң тәртіп пен шәкірттерді біркелкілеу (усреднение). Есіңізде болса, оқытушылар тыныштықты бұзған оқушыға қолданатын әдіс-тәсілдер: қадалған көзқарас, нұсқау, жазалау, ата-анасын шақыру, сыньштан не мектептен қуып жіберу, баланы оқшау қалдыру, директорға жіберу, кекету, сынау.
Манипулятор не диктатор мұғалімнің пікірі бойынша, барлық шәкірттердің оқуға
ынтасы бірдей - жақсы маман болу, мақтауға лайықты болу, көп ақша табу. Мұғалім берген білімге құштарлық жоқ болса, бала жаман болып саналады, баланың қызығушылығы есепке алынбайды. Ал бала өзінің қызығушылығын мұғалімнің талабына, сабақтың тақырыбына сай болмаса да жоғары, құндылы санағандықтан, бара-бара жеке пәнге де, бүкіл мектепке де қызығушылығы мен ынтасын жоғалтады.
Оқушылармен қалай сөйлесу керек? Олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару қажет?
Біріншіден, шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе, адамдар сұрағы анық қой деп, сұхбаттасушыны тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде кішкентай ғана күмән пайда болса, қайталап анықтап алған жөн болар ("Кешір, мен онша түсінбей тұрмын", "Мен дұрыс түсінсем..."). Кейінгіге қалдырмай ("бұл келесі сабақтың тақырыбы") міндетті түрде шәкіртке жауап беру керек.
Екіншіден, жауап сұрақтан неғүрлым кең болып, қойылған мәселені жаңа қырынан көрсетуі тиіс. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған шәкіртті ренжітпеу үшін асығыс жауап беруге де болмайды.
Үшіншіден, оқушылар кейде сұрақты дәлме-дәл жауап алу үшін ғана қоймайды. Сұрақты өзінің ойлау қабілетін, білім деңгейін көрсету үшін де қояды. Мұғалімнен көмек күткен баланың сенімін ақтап, ашық әңгімеге жағдай жасау қажет.
Осындай теориялардың бірі Шостром – Маслоу теориясы болып табылады. Ол қазіргі адамның екі базалық психологиялық нұсқасын қарастырады.
Манипуляторлар - бұл негізгі мақсаты (саналы және санасыз) жағдайды бақылау болып табылатын адамдар: манипулятор үшін өзінің айналысып отырған қызметі екінші деңгейлі рөл атқарады, бастысы – бұл қызметте атқаратын рөлі манипулятор өзін тұлға ретінде қабылдамайды, өзін бағаламайды және тек қана өзінің айналасындағы «заттарды » яғни манипуляция обьектілерін ғана көреді:
Актуализаторлар – бұл өз–өзіне қайталанбас тұлға ретінде қарайтын индивидтер, сондықтан басқа адамдарды да қайталанбас тұлға ретінде сезінеді: олар үшін қызмет бірінші болып табылады, ал олардың осы қазметте атқаратын рөлі екінші болып табылады.
Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының кейбір белгілері төмендегі кестеде келтірілген.
