Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлекм пси ППП-115 кешенДокумент Microsoft Word...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.54 Mб
Скачать

2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:

1. Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуының алғы шарттары.

2. Алғашқы әлеуметтік – психологиялық теориялар («Халықтар психологиясы» М.Лацарус, Г.Штейнталь, В.Вунт;

3. «Көпшілік психологиясы» Г.Тард;

4. В.Мактугаллдың «Әлеуметтік жүріс – тұрыс инстинкт теориясы»).

5. Әлеуметтік психология тарихының кезеңдері (Г.М.Андреева және Е.С.Кузьмин бойынша).

6. Қазіргі американдық , европалық әлеуметтік психологияның жалпы сипаттамасы.

7. Кеңестік әлеуметтік психологияның даму тарихы.

8. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік – психологиялық идеялардың дамуы мен әлеуметтік психология аймағындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің өңделуі мен жүргізілуі

Дәріс тезистары.

Әлеуметтік психология адам мен қоғамның өзара әрекеті туралы білімдердің ұзақ уақыт жинақталуынан пайда болды. Алғашқы әлеуметтік-психологиялық идеялар философия, әлеуметтану, антропология, этнография және тіл білімі саласында қалыптасқан. Алғашында «халықтар психологиясы», "бұқара инстинктері" және т.б. түсініктекр пайда болды. Жеке әлеуметтік-психологиялық идеялар Платон мен Аристотельдің, француз материалист-философтарының, утопист-әлеуметанушылардың еттанушьшардың еңбектеріңде, содан кейін Фейербах пен Гегельдің еңбектерінде кездеседі.

ХІХ ғ. екінші жартысында әлеуметтік психология ғылыми білімнің дербес саласы ретінде психология мен әлеуметтанудың түрі ретінде пайда болды, бірақ сипаттаушы ғылым ретінде ғана бөлінде. Оның пайда болуын 1859 ж. Германияда Штейнталь этностық психология мен тіл білім туралы" жорналын шығарумен байланыстырады.

Әлеуметтік психологияның дамуының алғышарттары негізінен басқа кез-келген ғылыми пәннің дамуына ұқсас, оның мазмұны, алдымен философия ғылымының қойнауында қалыптаса бастаған, бірте-бірте дербес ғылымға айналды, бірақ ол процесс тікелей емес, басқа екі ғылым арқылы (социология мен психология) іске асырылды.

Американ зерттеушісі О.Клейнбергтің көрсетуінше, әлеуметтік психологияның көптеген проблемалары ежелгі философия жүйелерінде пайда болған.

Әлеуметтік психологиялық түсініктердің негіздері ертеден грек еліндегі ғұлама ғалымдар Платонның «Республика» еңбегінде, Аристотельдің «Саясат» және «Этика» еңбектерінде қаланған. Әлемнің екінші ұстазы саналған ежелгі түрік елінен шыққан Әл-Фараби бабамыз өзінің «Қайырымды қала тұрғындары» деген еңбегінде былай деп жазған.

Жаңа заман философиясында (ХУ-ХУ11г.г.) Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегельдерд! атап кету қажет.

XIX г. орта тұсында, қоғамдық процестерге қатысты көптеген ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезеңде тіл білімі қарқындап дамыды. Осы кезенде Европада капитализмнің дамуына байланысты, әр түрлі елдер арасындағы экономикалық қатынастар көбейіп, халықтар миграциясы белсенді бола түсті. Тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың, басқа халықтың психологиялық, ерекшеліктерін ескеру проблемалары туындады. Бұл проблемаларды шешу жалғыз тіл білімінің қолынан келмеді.

Сонымен бірге, осы кездерде антропология, этнография, археология ғылымдарында көптеген деректер жинақталынып, оларды түсіндіруде де әлеуметтж психологияның көмегі қажет болды.

Қазіргі таңда толығымен мақұлданған әлеуметтік психологияның пәнінің анықтамасы жасалына қойған жоқ. Көбінесе, әлеуметтік психологияның пәні әртүрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілген адамдардың қарым-қатынасының заңдылықтарын, және де сол топтардың өзінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін ғылым деген көзқарас басым.

Американ психологы Д.Майерстің анықтауынша: «әлеуметтік психология - адамдар бір-бірі туралы қалай ойлайды, бір-біріне қалай әсер етеді және бір-біріне қалай қарайтынын зерттейтін ғылым.

. Әлеуметтік қарым-қатынас адам баласының өмірлік әрекетінің негізі болып табылады. Адамның әлеуметтік қарым-қатынасы жеке, топтық және қоғамдық қатынастардан тұрады. Бұл қажеттіліктер қарым-қатынастың негізгі формасы қоғамдық және өзара іс-әрекет жасау барысында қанағаттандырылады. Егер адамзат қоғамын толығымен алсақ, онда қарым-қатынас пен өзара іс-әрекет жасау барысында жеке адамның өмір сүру жағдайы қалыптасады эәне дамиды. Жеке іс-әрекеттерде өзара түсіністіктері мен келісімге келуін қамтамасыз етеді. Үлкен және кіші әлеуметтік топтар қалыптасады.

Қарым-қатынастың негізгі типіне қарама-қарсы әрекеттер, күрес, әлеуметтік қайшылықтар (конфликт) жатады.

Әлеуметтік қарым-қатынас барысында адам бір мезгілде қоғамдық өнім, әрі белсенді мүше және субъект болып табылады. Сондықтан адам өзін қоғам мүшесі ретінде тану процесі немесе қандай да бір топтың нақ әлеуметтік қарым-қатынас процеті болып табылады.

Адам өзін жазалауға немесе мадақтауға шебер. Түрлі жағдайларға байланысты өзінің көңіл-күйін,эмоциясын өзгертіп отырады.

Рефлекция - бұл адамның өз-өзімен болуы. Қоғаммен қарым-қатынас жасау барысында жеке адамның психикасы өзгереді деген пікір кең тараған. Түрлі жағдайларға байланысты адам бірде күшті,(агрессибті), қатал, ал бірде –қорқақ немесе тұйық болады. Мұндай психологиялық өзгерістер көпшілік ортада жағымсыз адамның болуынан туындауы мүмкін немесе олардың сол адамның іс-әрекетіне бақылау жасаудан туады. Қосымша қызғаныш, көре алмаушылық, іштарлық, пасықтық, надандық та басты себеп болуы мүмкін.

2. Әлеуметтік психологиялық таным –бұл жеке адамның белгілі жағдайдағы жай-күйін сипаттайды. Олар: батыл немесе қорқақ, басшылықтағы белсенділік немесе әлеуметтік немқурайдылық т.б.

Осы шеңберге кіретін және тұрақты, динамикалық ерекшеліктер: кіші әрі әлеуметтік топтар –адамгершілік психологиялық климат, жалпы деңгейі, толық көңіл-күй, салт-дәстүр т.б.

Әлеуметтік психология – психология ғылымының бір саласы. Ол әлеуметтік психологиялық заңдылықтар тұжырымдамасы туралы оқытады,яғни мінез-құлықтың психикалық тепе –теңдік ерекшеліктері, адамдардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы, олардың әлеуметтік қарым-қатынас жағдайлары, жеке адамның үлкен және кіші топтарға мүшелігі, ұжыммен, қоғаммен қарым-қатынасы туралы.

Әлеуметтік психология пәнінің өзі басқа ғылымдар жүйесінде өзіндік спецификалық орны бар.

Әлеуметтік психологияның қалыптасу тарихы біріккен екі ғылымның көмегімен өзін-өзі зерттейді. Әлеуметтік психоолгиялық практиканың даму барысында пәнге толықтырулар енгізілді. Пән туралы көптеген пікірлер айтылды. Пән ғылыми білімдер жүйесі және практикалық тапсырмаларды шешуді қарастырды.

Әлеуметтік психология әлеуметтанудың (социалогия) бір бөлігі. Негізгі мақсат (массалық) жалпы оқытудың қажеттігі, яғни үлкен әлеуметтік қоғам, қоғамдық қоғамдық психологияның жеке қырлары - адамгершілік, салт-дәстүр, түрлі наным-сенімдер.

Әлеуметтік психология –жалпы психология мен әлеуметтанудың негізінде құралған, яғни әлеуметтік психологияның социалогиямен шегаралық бірлігі болып табылатын проблемалар: массалық, коммуникация, қоғамдық пікірлер, жеке адамның әлеуметттенуі.

Батыстық эмпирикалық әлеуметтік психологияның көрнекті өкілдерінің бірі Француз заңгері және әлеуметтанушысы Ғабриэль Тард француз әлеуметтанушысы Гюстав Лебон және ағылшын-американ психологы Уильям Мак-Дуғалл (Вильям Макдауголл) болды. Бұл ғалымдар әткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басындағы қоғамның әлеуметтік дамуын адамның жеке психикалық қасиеттерімен байланыстыра кәрсетуге тырысты:

Тард - еліктеушілікті, Лебон — психикалық жұқтыруды, Мак-Дуғалл инстинкті қарастырды.

Г. Тардтың тұжырымдамасы бойынша, қоғамдық даму тұлғаралық әсер факторларымен, әсіресе еліктеушіліклен, әдет-ғұрыптармен, модамен (сән үлгілерімен) анықталады. Тард бойынша, еліктеу негізінде топтық және қоғамдық нормалар мен құндылықтар пайда болды. Индивид оларды меңгере отырып, қоғамдық өмір жағдайларына бейімделеді. Әсіресе, төменгі топтар жоғары топтарға қатты еліктейді. Дегенмен, идеалға жету мүмкін болмаған кезде – «әлеуметтік оппозиция", әлеуметтік өзара әрекетте конфликт пайда болады. Г. Тард бірінші рет тобыр психологиясын жекеліктің басымдық факторы ретінде терең зерттейді. Г.Тард идеясының әсерінен тұқымқуалаушылықтың екі түрін ажыратуға болады, олар -табиғи және әлеуметтік.

Француз әлеуметтанушысы және әлеуметтік психологы Гюстав Лебон психикалық жұқтыру түсінігін еңгізе отырып, әлеуметтік процестердің эмоциялы теориясын өңдеді.

Концепциялы әлеуметтік-психологиялық негіздер қатарынан француздың әлеуметтік мектебінің негізің салушы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) толықтырды. Ол "ұжымдық тусініктер" феноменін бөліп көрсетті (жекелік және ұжымдық түсініктер, 1898) оның пікірі бойынша, дүниені жеке индивид арқылы көруге болады.

Дюркгейм бойынша, индивидтің мінез-құлыгы ұжымдық санамен анықталады. Г.Тардтың «әлеуметтік атомизациясынан» айырмашылығы индивидті "қоғамның торы» деп есептейтін Э.Дюркгейм әлеуметтің бірігуі жалпы мақұлданған әлеуемттік құндылықтар негізіңдегі идеяны қолдады. Адамдар мінез-құлықтыың әлеуметтік қасиеттері Э.Дюркгейм бойынша, қоғамның құндылықтық нормалық интеграциялануына, оның әлеуметтік қатынастардың дамуына байланысты.

Қоғамның құндылықтық нормалық дағдарыстарын Э.Дюркгейм аномия (француз тілінен аnomi — заңның болмауы) деп көрсеткен, ол бұқаралық құқықтық десоциализацияны тудырады. Аномия жағдайында қоғам бірнеше мүшелері үшін әлеуметтік және құқықтық нормаларының мәңділігін жоғалтады. Мінез-құлықтың үлгілі эталондарынан айырылған индивидтің өзін-өзі реттеу деңгейі төмендейді, әлеуметтік бақылаудан шығады. Бұқаралық девианттылықты тудыратын аномия, Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көрсетеді.

Г.Тард, Г.Лебон және Э.Дюркгейм тұлғаның қалыптасуындағы алғашкы әлеуметтік факторды дәлелдеп, әлеуметтік психологияның дамуына үлкен әсер етті.

Шете.іде ХІХ-ХХ ғғ. ағылшын психологы У.Мак-Дугалл (1871-1938) әлеуметтік-психологиялық білімдерді жүйелеу әрекетін қолдады. 1908 ж. ол «Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты еңбегін шығарды. Бұл жыл Батыста әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде калыптасуының соңғы жылы деп есептеледі.

XX ғ. 20-жылдарында неміс зерттеушісі В.Меденің еңбектері негізінде әлеуметтік психологияның дамуының жаңа кезеңдері қалыптасты. В.Меде бір зерттелушіге зерттеу жүргізіп, содан кейін оны зерттеу топтарына қосып , адамдардың ауруға шыдау қабілеттерінің ерекшеліктерін, топта және жеке-дара физикалық, ақыл-ой әрекетін жасай алатынын аныктады.

Осыдан Меде адамдардың әлеуметтік топтарға қатынастарынан әр-түрлі типтерді анықтады (бейтарап, жағымды, жағымсыз). Ол сонымен бірге топтардың әсері эмоция, ерік және моторика саласында жоғары екенін корсетті. Әлеуметтік-психологиялық факторлардың индивидтің барлық психикалық қасиеттеріне қабылдау және ойлау, ес және қиял, эмоция және ерікке әсер ететіні анықталды. Кейінірек бағалау деформациясы - конформизм көпшілік мақұлдаған бағалаумен индивид бағасының ұқсас болуы нықталды.

Медеден кейін америка психологы Гордон Олпорт (1897-1967) әлеуметтік психологияның экспериментті зерттеу әдістемесін дамытты. Оның зерттеуінің негізінде өнеркәсіпті ұйымдастыру, жарнама саяси насихаттар, әскери іс және т.б. жетілдіруге арналған тәжірибелерді тиімді нұсқаулар жасалды.

Әлеуметтік психологияның даму кезеңдері

4 кезең

ХХ ғ. ортасы – қазіргі кез

Әлеуметтік психологияның эксперименталды ғылым ретінде соңғы нақты тіркелуі

3 кезең

ХІХ ғ. ортасы –

ХХ ғ. ортасы

Әлеуметтік психология теорияларының дайындалуы, дербес ғылым саласына айналуы және әлеуемттік психологиялық мектептердің (этнопсихология, саяси психология және т.б.) өркендеуі

2 кезең

ХҮ ғ. ортасы –

ХІХ ғ. ортасы

Әр-түрлі әлеуметтік топ өкілдері ретінде

мемлкекетпен адамдардың бір бірімен қарым-қатынасының әсерін жалпылау және зерттеу

1 кезең

Б.э.д. ҮІ ғ. –

ХҮ ғ. ортасы

Адамдардың әлеуемттік-психологиялық мінез құлықтары, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріннің мәні және дамуы туралы бастауыш білімдерінің қорлануы

Әлеуметтік психология қолданбалы ғылым ретінде қарқынды дамыды. АҚШ-та басқару мәселесіне, психологиялық сәйкестікке, жұмысшы арасындағы қатынастардағы шиеленістің төмендеуіне т.б. зерттеу жүргізді.

Әлеуметтік психологияның зерттейтін мәселелері:

заңдылықтар,байланысқан іс-әрекеттер процесінің механизмдері, жеке адамның қарым-қатынасы, ақпарат алмасудың ерекшелігі, өзара түсіністік пен қабылдау, қарым-қатынас барысында адамдардың өзара әрекеттесуі. Қарым-қатынас негізінде адамдар бір-біріне өзара ықпал етеді, ақпарат алмасады.

Әлеуметтік психология механизмінің әлеуметтенуі, яғни қоғамдағы адамдарды түсінуіне: еліктеу, сендіру, тарату,жұқтыру, сенімге кіру процестері енеді.

Сонымен әлеуметтік психология пәні психологиялық заңдылықтар мен

динамикалық құрылым ерекшеліктерінің қоғамдық өзара қатынас процесінде туындайтын және осы тұрғыда негізделген бағыттардың көрсеткіші. Бұл көрсеткіштер мынадай формаларға: әлеуметтік психологиялық процеске, үлкен және кіші топтар құрылымы, жеке адам негіздемесі, қоғамдық өзара әрекеттестік немесе ықпал етуге бағытталған.

Әлеуметтік психологияның негізгі міндеттері:

Зерттеу құрылымы, механизмдері, әлеуметтік заңдылықтары мен ерекшеліктеріне жататын: адамның қарым-қатынасы өзара ықпал етуі, психологиялық мінездеме әлеуметтік топқа, ұжымға, жеке адам психологиясы.(әлеуметтік құрылымы, қайшылықтары(поблемалары.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20.

Қосымша әдебиеттер:1-15