- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбыстық анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір-бірімен қарым-қтынаста қарастырылады.
Жеке адам – дүниетаным қабілеті бар, сырқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсететін, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан.
Жек адамның психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері төрт түрлі жағынан қарастырылады, яғни:
1) Жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: ұмтылу (ынтасымен талаптануы), мұрат дүние танымдық көзқарасы, сенім. Бұл жеке адамның адамгершілік сипаттарын білдіретін қасиеттер.
2) адамның білімдарлығы, дағдылары, білімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиетін, өзіндік даму денгейін, тәлім тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірбиесін көрсетеді.
3) жеке адамның дара психикалық процесстерінің тиянақтылығымен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім күйлері мен ерік адам психикасындағы құбылмалы өзгерістер жатады.
4) жеке адамның биологиялық тума қасиеттері – нышан, жоғары жүйке қызметі. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстық белгісіне сәйкес көрініс береді.
Қарым - қатынасдың интеракциялық жағы - бұл адамдардың қарым-қатынасының белсенді жағын білдіретін шартты ұғым.
Қарым - қатынас барысында адамдар ақпарат алмасып қана, өзара түсінісіп қана қоймайды, олар іс-әрекеттерін жоспарлайды, бір-бірімен әрекет, қимыл алмасады, өзара әрекеттің түрі мен нормаларын анықтайды. Бұл әрекетке бір сәтте көп адамдардың қатынасуы әркім өзінің үлесін қосуын талап етеді. Бірлескен әрекетте білім және идеялармен алмасу жеткіліксіз, жалпы әрекетті ұйымдастыру, оны жоспарлау да аса маңызды. Ұйымдастыру мен жоспарлауда жеке адам басында пісіп жетілген ойлардың басқаларды әрекетке жұмылдырудағы ролі зор.
Ендеше, сөз болатын жайт қарым - қатынас серіктерінің ішкі мақсаттары, қарым - қатынасга қай мотивпен қатысатыны, әрекеттің түрлерін таңдағанда қандай мотивті қолданатыны
3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
Қарым – қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері.
Қарым – қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті, интерактивті, перцептивті; олардың бірлескен іс - әрекет сипаты мен қарым – қатынастағы серіктеспен қатынас сипаты мен байланысы (Г.М.Андреева, Е.С.Кузьмин).
Қарым – қатынас қиындықтары мен кедергілері.
Деструктивті қарым – қатынас түсінігі.
Табысты қарым – қатынас факторлары.
Тұлғаалық қарым – қатынасты зерттеулердің жаңа бағыты (В.Н.Куницына).
Дәріс тезистері.
Қарым-қатынас психологиясы - жантану ғылымдарының бір саласы. Қарым - қатынас психологиясының пәні адамдардың қарым-қатынастары болып табылады. Сондықтан, қарым - қатынас психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Қарым-қатынас психологиясы қамтитын сұрақтар:
- Адами қатынас деген не? Оның ерекшеліктері мен механизмдері қандай?
- Жеке адам белгілі бір топ мүшесі болған сәтте қандай өзгеріске ұшырайды, өзін қалай ұстайды? Неге оның мінез-құлқында өзгерістер пайда болады?
Қарым - қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары:
1. "Мен" - "Басқа" жүйесіндсгі арақатынас. Қарым - қатынас барысында пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.
2."Топ"-"Мен"жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтену-даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.
3. "Мен" - "Топ". Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметгік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көпжоспарлы процесс. Б.Д. Парыгин мұны адамдардың танымдық ақпарат алмасуы, өзара түсінісуі, бірін – бірі қабылдау процесі деп атап өтті.
Л.П. Буева әдебиеттерді талдай келе қарым-қатынасты зерттеудің келесі аспектілерін ашып көрсетті:
ақпараттық-коммуникативтік (қарым-қатынас, барысында ақпарат алмасу жүзеге асатын жеке тұлғалық коммуникацияның бір түрі ретінде қарастырылады );
интеракциялық (қарым-қатынас кооперация процесі барысында индивидтердің өзара әрекеті ретінде қарастырылады );
гносеологиялық (адам әлеуметтік танымның объектісі және субъектісі ретінде қарастырылады);
аксиологиялық (қарым-қатынас құндылықтарды алмасу ретінде қарастырылады);
«нормативті» (индивидтің мінез-құлқын нормативті реттейтін процестегі қарым- қатынастың орны мен ролі анықталады);
«семиотикалық» (қарым–қатынас, бір жағынан, белгілер жүйесі ретінде, екінші жағынан, әр түрлі белгілер жүйесі қызметіндегі делдал ретінде сипатталады);
әлеуметтік - практикалық (праксиологиялық) (қарым–қатынас әрекет, қабілет, іскерлік пен дағды алмасу ретінде қарастырылады).
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреуі арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас –жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық байланыс.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптің, басқа әртүрлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендіреді. Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас –топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздеріндегі қалыптасатын қарым-қатынас түрі.
Көпшілік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшілік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасауы, осындай қатынастардың түріне өнер, эстетикалық-қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да. Адамдардан қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлықын қалыптастыратын жан-жақты шындық.
Сонымен, қарым - қатынас психологиясының негізгі мәселесі - адами қарым - қатынасдың тұлғааралык және топаралық формаларын танып-білу, қарым - қатынасдың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым - қатынас барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.
Қарым-қатынас психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез-құлықтарының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатымас психологиясы - мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы.
Қарым-қатынас психологиясының маңызы зор. Адам өмірін қарым - қатынассыз, арақатынассыз, топішіндік және топаралық қатынассыз елестетудің өзі қиын.
