Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлекм пси ППП-115 кешенДокумент Microsoft Word...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)

Коммуникативтік кедергілердің себебі неде? Неге адамдар өзгенің ақпаратыман алшақтайды? Реципиентке арналған кез-келген ақпарат мазмұныныа астарында оның тәртібіне, ахуалына, сезімдеріне, пікірлеріне, талап-тілектеріне толық не жартылай өзгерту мақсатында ықпал етіледі. Бұл жағынан алғанда, коммуникациялық кедергі дегеніміз - ақпарат алмасу кезіндегі өзгенің психикалық ықпалынан психологиялық қорғану түрі.

Коммуникациялық ықпалдау шартгары мен түрлерін талдасақ, оның екі типін анықтаймыз. Коммуникатордың реципиентке жасаған әсерінің мақсаты мен құралдарына орай әміршіл және диалогтық коммуникация типтеріне бөлінеді.

Екі типтің айырмашылығы коммуникатордың ұстанымына, мәтіннің сипатына, коммуникациялық кеңістікке, кеңістіктің ұйымдастырылуына, бейсөздік тәртіпке орай анықталады.

Психологиялық ұстаным автордың коммуникациялық стилін белгілейді. Әкімшілдік ықпал етуде "жоғарыдан-төменге" ұстанымы, диалогта "тепе-тең" ұстанымы жүзеге асады.

"Жоғарыдан-төменге" ұстанымдағы коммуникатор үшін реципиент бағынышты халде болып, тек еріксіз тыңдап, коммуникатордың сөзін сынсыз қабылдауы керек. Осы бағыттағы коммуникатордын пайымдауынша, рециииенттің өз пікірі жоқ, бар болса да оны коммуникаторға қажетті бағытта өзгерте салады. "Тепе-тең" ұстанымда тыңдаушы коммуникатор жағынан қарым - қатынасдың белсенді, өз пікірін қорғай алатын мүшесі ретінде қарастырылады.

Коммуникатордың сөздерінің мазмұнына, мәтінінің құрылысына қарай да реципиенттің ахуалы не тәуелділікке, не белсенділікке бағытталады. Әкімшіл коммуникация кезінде мәтіннің сипаты жалпылама, біржақты болып, текст авторының көзқарасы ғана дұрыс деп саналады. Мәтін тыңдаушыға емес, керісінше, тыңдаушы мәтінге бағынышты болады. Коммуникатор өз пікірін ашық түрде айтпайды, өзгелердің ойларына сілтеме жасай салады ("осындай көзқарас бар", "бұл белгілі жәйт", "әдеттегідей").

Диалог кезінде коммуникатор өзіндік ой-пікірлерді жасырмайды, өз атынан сөйлейді, жалпылама сөздерден қашқақтайды. Мәтін қатып қалған аксиома емес, әртүрлі шешімі болатын белгілі бір мәселе ретінде көрсетіледі. Мәтін мазмұны тындаушыға бейімделіп дискуссиялык, сипатта беріледі. Мәтін тыңдаушыларға бағытталғанын "Сіз-ұстанымы" дәлелдейді ("Сізге белгілі..", "Сіз қалай ойлайсыз...", "Бірге қарастырайық...").,,

Әкімшіл коммуникатор реципиенттерге дауыс бермейді, олар тек тындауы шарт (монофония - бір пікір бір дауыс). Диалог коммуникациясы о бастан тыңдаушылардың мәселені талқылауға мүмкіндігі, құқығы бар екенін мойындайды.

Коммуникациялық кеңістікті ұйымдастырғанда әкімшіл түрінде реципиентер тек лекторды ғана көруге рұқсат, диалог коммуникациясы бойынша олар бірін-бірі және коммуникаторды көре алады.

Коммуникатордың қимылдары, ым-ишаралары әкімшіл жағдайда тындаушыларды басуға, бағындыруға арналған: мінберде тұрып сөйлеу, микрофонды, жұдырық пен сұқ саусақты, жабық позаларды пайдалану.

Бұған қарама-қарсы диалог коммуникациясы кезінде ашық қимылдар мен ым-ишаралар, еркін позалар жүзеге асады, коммуникатор реципиентпен бір деңгейде болып тең адамдар әңгімесін жүргізеді.

Бірақ, диалог коммуникациясы ең жақсы, ең заманауи, ең керекті деген жалған түсінік қалыптасуына жол бермеген жөн. Қажетті мезгілде әкімшіл коммуникациясы да тиімді бола алады. Мысалы, әскери, соғыс, төтенше жағдайларда. Әкімшіл ықпалы тез арада жеке адамдарды бір міндетті шешуге жұмылдырса да, олардың жеке тұлғалық қасиеттеріне, психикалық құрылысына (пікірлеріне, ұстанымдарына) қатты әсер етпейді. Диалог, керісінше, тындаушының тұлғалық құрылысына тікелей әсерін тигізіп, оларды өзгерте алады.

10- тақырып. Вербальды емес қарым – қатынас.