- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
Абрахам Маслоу 1908 жылы 1 сәуірде Ныо-Йоркте дүниеге келген. Оның ата-анасы сауатсыз, анасы діндар адам болған. А.Маслоуға ол: "әрбір істеген ісің үшін қүдай алдында жауап бересің", - деп ылғи ұрсып отыратын. Осының нәтижесінде А.Маслоу дінді жек көріп, қүдайға сенбей, оған күмән келтіретін болған.
Ол заңды окығысы келіп, Нью-Йорктегі Сити колледжіне тапсырды. Екі аптадан кейін озінің адвокат бола алмайтынына көзі жетеді де, Корнелск университетінде эклектикалық курсқа қатыса бастайды. Ол жас кезінде Висконсин университетінде психология бойынша академиялық курсты бітірген. 1930 жылы бакалавр дәрежесін алып, 1934 жылы ғылым докторы атанады. Оқып жүрген кезінде ол Висконсинде белгілі психолог Гарри Харлоумен бірге жұмыс істейді.
А.Маслоу ғылымға критикалық көзқараста болады. Оның пікірінше, классикалық механикалық ғылым (оның өкілдері бихевиоризм болып табылады) тұлғаны тұтастай оқып-білу мақсатына сәйкес келмейді. Гуманистік ғылымды механикалық альтернатива емес, соған қосымша ретінде қарастырады. Осында гуманистік ғылым жекелік, сана, этика, т.б. тұтастық сұрақтарымен жұмыс істейді.
Гуманистік ғылымның негізгі ортақ түсінігі өзін-өзі таныту болып табылады. Ол Фрейд психикасының ауру бөлімін сау бөліммен толықтыру керектігіне тоқталған. Сондықтан Маслоу езінің зерттеу жұмысын өйгілі ұлы адамдарды зерттеуден бастаған, жаны сау, шығармашылық қабілеттері өте жоғары дамыған. Бұл тізімде Авраам Лишсольн, Томас Джеферсон, Альберт Эйнштейн, Франклин Рузвельт, Альберт Швейцер және т.б. болған.
А.Маслоудың докторлық диссертациясы колоннадағы маймылдардың доминантын жөне сексуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған.
А.Маслоу өзін-өзі таныту теориясында психоанализге және бихевиоризмге қарағанда тұлға табиғатының мүлде қарама-қайшы анықтамасын ұсынады: адам табиғатынан жақсы және өзін жетілдіруге қабілетті, адамдар — саналы әрі ойлы жаратылғандар, адамның мәнділігінің өзі оны тұлғалық өсуге, шығармашылық пен өзіндік жеткіліктілік бағытында тұрақты қозғалысқа итермелейді.
Бұл теориядағы адамның дамуы, бір жағынан, адамның әлсуметтік, интерактивтік тәуелділігі, екінші жағынан, оның өзін-өзі дамытуымен байланысты таиымдық, когнитивтік табиғаты «жарқырап корінетін деңгейлерге ие қажеттіліктер баспалдағымен көтерілу ретінде керінеді. Автор: «Адамдар жеке мақсаттарды іздеуге себептенеді және бұл олардың өмірін мәнді, әрі саналы етеді», -дейді. Себептену мәселелері тұлғаның гуманистік теориясында орталық болып табылады және адамды қанағаттануға сирек жететін «үміткер жан иесі ретінде сипаттайды.
А.Маслоу теориясының негізін мынадай түсініктермен айтуға болады:
1. Әр адам - ерекше ұйымдасқан тұтастық ретінде қарастыратын тұжырым, ягни тұлғаның негізгі сипаты тұтастық болып табылады.
2. Адам өзінің ішкі табиғаты бойынша гуманды, әр адамда өзін-өзі таныту, өсу потенциалы бар.
3. Шығармашылық потенциал әр адамға тән, әмбебап сипаттама болып табылады.
4. Психологиялық зерттеу. Денсаулыққа мән беру керектігі туралы тұжырымдама.
А..Маслоу бойынша психоанализ психологиялық бұзылуларды, невроздарды зерттеу барысында қалыптасқан. Неғұрлым әмбебап психология ғылымдарының негізі ретіңде психологиялық сау, өзін-өзі танытушы адамдарды зерттеу керек.
Мотивациялық, тұлға дамуын итермелеуші күш туралы сұрақтар гуманистік теорияның өзекті меселелерінің бірі болып табылады. Маслоу бойынша, әр адамның қажеттігі қандай да бір иерархия бойынша орналасқан. Осы иерархиядағы қажетггліктердің кезектесуі адам мотивациясы ұйымдасуының негізгі иринципі болып габылады.
А. Маслоу қажеттіліктер иерархиясы деген схема ұсынды:
Өзін-өзі таныту
өзіндік сыйлау
қарым-қатынас және махаббат
қорганыс қажеттіліігі
физиологиялық қажеттіпік
Жалпы А.Маслоу бойынша, төменгі деңгейге жататын қажеттіліктің қанағттануы неғұрлым жоғарғы иерархиядағы қажетгіліктің саналуына жол ашады. Орташа адам өз қажетгілігін мынадай ретпен қанағаттандырады: физиологаялық - 85 пайыз, қорғаныс қажетгілігі 70 пайыз, қарым-қатынас және махаббат - 50 пайыз, өзіндік сыйлау - 40 пайыз, өзін-өзі таныту - 10 пайызды қүрайды.
Физиологиялық қажеттіліктер - қарапайым тамаққа, суға, ауаға, физиологаялық белсеңділікке, сенсорлық стимуляцияға, жыныстық қатынастарға деген қажетгілік.
Қорганыс қажеттілігі - тұрақтылыққа, қорқьшыштан қашуға, ұйымдасуға, белгілі бір тәртіпке деген қажеттілік.
Қарым-қатынас қажеттілігі - белгілі бір әлеуметгік топқа жету қажетгілігі, қарым-қатынасқа, достыққа, махаббатқа деген қажетгілік .
Өзіндік сыйлау қажеттілігі - құзыреттілік, өзіне сенімділік, жетістікке ұмтылу, төуелсіздік, еркіндік қажеттіліктері.
Өзін-әзі таныту қажеттіліктерін АМаслоу "мета" қажетгілігіі деп атады. Бұған мыналар жатады: өзіндік мүмкіншілікгерді жузеге асыруға ұмтылу, интеграция, өзін-өзі жетілдіру. Метақажетгілікгің негізгі сипаты - тұтасгыққа, белсенділікке ұмтылу, қарапайымдық, өзіндік жетілдіруге ұмтылу және т.б. Метопотология - метақажетгіліктің жоқ болуы. Метапатологияға тән сипат депрессия, өмір мәнінің жоқ болуы, апатия, ценизм, сенімсіздік,, скептикалық қатынас, ашушаңдық.
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың психологияның, философияның, педагогиканың т.б зерттеу обьектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчестваның субьектісі ретінде қарастырса, психология тұлғаны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез – құлық, темперамент, қабілет, т.б тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.
Грек философиясының ойының ішінде «адам» түсінігін өзіне негізгі мәселе ретінде қолға алған алғашқы ойшыл Сакратес деп айтсақ астам кетпейді. Өйткені сол адамның біртіндеп түсіне алмайтынымызды жақтайды. Соның түсінігіне қарай әлем адам баласы болатын.
Cacciper-ге қарасақ , «адамның сипаты материаны зерттеген кезде қолданылатын методтармен табыла алмайды. Материя материялық ерекшеліктерімен анықталады.Бірақ адам тек қана саналық жағдаймен анықталады». Адамның бар екендігімен байланыс жасап соның мінезін зерттей аламыз. Біздің адамды түсінуіміз үшін біріншіден сонымен бет-бетке келуіміз қажет. Сол себепті Сократес философияның айқын ерекшелігі, жаңа мазмұн емес, бірақ айрық жаңа әсері мен міндеті деп айтуымызға болады.
Платонға қарасақ, адам дербес емес саяси және әлеуметтік негізде зерттелу қажет. Адамның характері, мағынасының құпиясы, философиямен ашылуы қажет болған қиын бір текст сияқты.
Платон адамның ерекшеліктерін мемлекет ұғымы ішінде табылатыны ойы мен адам құпиясы мемлекет өмірі шешілетінін жақтайды.
Егерде бізді адам теориясы пайда болдырғымыз келсе, саяси жүйеден тағы көлемді болған осы тұрғыдан қарастыруымыз қажет.
Платон толғағы жеткен кезеңі адамның идеялар әлемінен материялық әлемге түсіп бір рухани денеге кіріп, қайтадан келген жайына оралатын мәңгі аруақ ретінде зерттеледі.
Бұған қайшы пікір ретінде материалистер адамның мүлдем материялық тізім бойынша пайда болғанын жоқтайды. Ламетерие (1709-1751), Дескортес (1596-1650) дух, дене айырымына қарсы болып, адамның материя болғанын және реттелген бір машинадан басқа ештеңе емес пікірін алға тартып, материалық дитерменизмді жоқтағандарды ынталандырды.
Материалистік және спиитуалистік көзқарастарды сыншыл поетикаға шешуге тырысқан Канттың адам түсінігі. Кант кезіндегі биология ғылымдарына қарсы болып, адамның тек бұлақтан шыққанын алға тартып соны қолындағы мүмкіндіктермен анықтауға тырысқан. Қазіргі биология ғылымын адамның түрлі жақтардан келгенін жоққа шығарып Кантты жақтады. Кант философияны антропология жасау мүмкіндігін бір-бірінен бөлек екі көзқараспен түсіндіреді. Адам туралы физиалогиялық мәлімет, оның табиғи бір барлық ретінде не болғанын, прагматик болса оның еркін әрекет қылған бір барлық ретінде не болғанын, не болатыны, не болуы керек екендігі қарастырады.
Адамды прагматикалық бағытта қолға алған адам ғылымы, бізді Канттың айтуы мен адамның осы дүниедегі ерекше орны және байланысты проблемалары қарастырылады.
Адамды анықтауда дәлел ретінде адамның дамыған, жануарлармен салыстырылуы, жұмыстарында ортақ бір келісім жоқ. Белгілер және симболдар арасында абайлап жүрген жаңа кантшы. Соссирлер, «Біз жануарлардың мінез-құлықтары туралы зерттеу арқылы анықталған белгі ретінде сигналдардың өте сапасыз жүйеленгенін анықтадық. Тіпті, біз кейбір жануарлардың, ерекшеліктерін»үйшіл жануарлардың астам түрде сигналдерге берілгенің анықтадық. Иттер иесінің бетіне қарап немесе
Адамның іс-қимылы, өзіне жарасары және оның жаман іс-қимылдарын да
Рух дене қатынасы тұргысынан К.Лакес (1872-1956) рухтың дененің мағынасы дененің де, сыртта көтерілетін сәулесі болғанын айтады. Ұғым тіл біліміне тән болса, рух та денеге тән ұғым болады. Біріншісі-сөздің, екіншісі-дененің мағынасы. Сөз ойдың көрінісі, ал дене болса-рухтың көрінісі. Сөзсіз ұғым болмайды, рухсыз-днен болмайды.
Адам терминінің этимологиялық түбіріне қарағанда, араб тіліндегі мағынасы үйрену, жатырқау, қуану мағынасындағы «енісі» ұмыту мағынасына келген «энсу» шайқалу, теңселу, жасқаншақ қимылдау, әрекет ету, орналасу мағынасына келген. «Нбс» түбірінен пайда болған.Адам сөзінің түбірінен біреу болған «енс» қоғамдық ерекшеліктеріне тән. Немесе өсиет, танысу мағыналарына келеді. Адамның органикалық құрылымына тән болғаны белгіленген. «Нбс» болса немесе әрекет қылу, жеу, қимылдау, жұмыс істеу, шұғылдану сияқты жаны бар қасиетке тән ерекшіліктерді анықтайды. Адамның психологиялық қасиеттеріне тән ерекшеліктерді анықтайды. «Нсй» несие яғни ұмыту, жаттау мағыналарына келеді. Сол себепті адамды осы үш тұрғыдан қарастыру жанды, әрекет қылған, жетілген, жұмыс істеген, өндірген физикалық және әлеуметтік ұйымның жанында үйренген ғылымы мен жаңа нәрселер үйрену пайда болған. Үйренгенін жаңа нәрселер үйрену үшін ұмытқан және жаттаған жаратылыс ретінде анықтауға болады.
