- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
Гуманистік психологияның негізін қалаушы, американдық гуманистік теориялардың бір өкілі, психолог — К.Роджерс ұзақ мерзімді клиникалық зерттеу жұмыстары әәтижесінде өзінің феноменологиялық теориясын және осы теорияға сүйенген "клиентке бағытталатын терапиясын" қалыптастырды.
К.Роджерс бойынша, адам - табиғаты бойынша конструктивтік, реалистік және белгілі бір мақсаттар мен өзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. К.Роджерс, сондай-ақ, реструктивті-аномалды импульсивті мінез-құлық реакцияларын мойындайды, бірақ мұндай реакциялар тұлғаның шын мәніндегі ішкі табиғатына сәйкес болмаған жағдайларда көрінеді деп есептеген. Тұлғаның жүріс-түрысы, оның субъективті қабылдауы мен танымы терминологияларын да түсіне аламыз. Тұлғаның мұндай ішкі жүйесі сыртқы жүріс-тұрысын анықтауда нсгізгі рол атқарады. К.Роджсрс бойынша, әр адам әр қүбылысты субъективті қабылдайды және өр қубылысқа субъективті реакция көрсетеді, яғни осы субъективті тәжірибе Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады.
Феноменологиялық психологияның негізгі тұжырымы бойынша, феномендердің психологиялық шындығы субъективті қабылдауға сүйенеді, шын мәиіндегі шындық - бұл ағза қабылдауының және интерпретацияның шындығы. Тұлға өміріндегі негізгі мотив - ол өзіндік жандандыру тенденциясы, ағзаның барлық қабілеттерін дамытып қана қоймай, тұлға дамуы мен тұтастығын да қамтамасыз етіп отырады. Осы фундаменталды тенденция К.Роджерс қалыптастырған бір ғана негізгі мотивациялық конструктор болып табылады.
К.Роджсрс түлғаның өзіндік сана-сезімін, "мен"гұжырымдамасын қалыптастыруға негізгі мән берді, өзіндік сана құрылымында идеалды және реалды "мен" бейнесін толық көрсеткен. "Мен" бейнесінің дифференсациялануын, субъективті мәнділігінің артуын тұлға дамуының негізгі көрссткіші ретінде қарастырады. К.Роджерс бойынша, идеалды "мен" бейнесі тұлға дамуын, тұлға жетілуін әрдайым итермелеп отырады. Идеалды "мен" мен реалды "меннің" арақатынасы өзіндік бағалау деңгейін көрсетеді. Реалды "мен" мен идеалды "мен" бір-біріне жақын болса, озін-өзі бағалау жоғары. Невроздың негізгі себебі - идеалды "мен" мен реалды "мен" арасында үлкен алшақтықтың болуы. К.Роджерс бойынша, "мен" тұжырымдамасының дамуы үшін қажетті шартгар мыналар:
1. Позитивті қабылдау. К.Роджерс бойынша әмбебап және өзіндік "меннің" пайда болуы, "мен" тұжырымдамасының дамуы осығаи байланысты. Позитивті қабылдау қажеттігі туа берілген, оның иегізгі 2 жағы бар: біріншіден, өзінің позитивті қабылдануы; скіншіден, озінің басқаларды позитивті қабылдауы.
2. Құндылық шарты. Позитивті қабылдау қажеттігі қанағаттанғаннан кейінгі негізгі шарт - тұлғаның құндылық бағаларының қалыптасуы.
3. Шартсыз, багалаусыз позитивті қабылдау.
К.Роджсрс бойынша, толық мәнде өмір сүретін тұлғаларға тән сипатгар:
1) түрлі бастан кешірулерге деген ашықтық. Бұл қорғансыздыққа дегсн қарым-қатынас қасиеті;
2) экзистенциалды өмір сүру бейнесі. Адамның өз өмірін дүрыс пайдалануы;
3) эмпирикалық бостандық;
4) креативтілік.
Күнделікті өмір жағдайында белгілі бір шығармашылықты қолдану. К.Роджерс бойынша, шығармашылық - өмір бейнесі, толыққанды өмір сурудің негізгі көрсеткіші болып табылады. Мұндай адамдар, әдетте, өз мәдениетінде конструктивті, адаптивті өмір сүреді, сонымен қатар басқа өмір жағдайына тез бейімделеді.
5) өзіне және сыртқы ортаға деген сенім.
К.Роджерс бойынша, тұлғалық дамудың негізгі әдісі озін-өзі гүзету және өзін-өзі күшейту болып табылады.
К.Роджерс өзін-өзі танытудың "санамен ұғыну", "барабарлық", "белсенділік" сияқты маңызды сапалық сипаттамаларын анықтай отырып, оны адамды түрлі деңгейлерге ұмтылуға мәжбүрлейтін күш-қуат деді.
Педагогикада озін-өзі таныту, өзін-өзі төрбиелеу, өзін-өзі жүзегс асыру ұғымдары қатар қолданылады. Себебі, бұл ұғымдар өзара шарттас. Өзін-өзі таныту үғымы адамның ішкі жан-дүниелік мүмкіндіктерінің, тұлғаның бойынан табылатын жоғары сапалық қасиеттерінің ұмтылысы іспеттес. Адамның өзін-өзі танытуы — адамның өз күш-жігерімен, адамгершілік болмысымен зерделілік және шығармашылық мүмкіншіліктерінің алға жылжуы.
К.Роджерс өзін-озі танытуды жетілдіруді өз мүмкіндіктерінің барлығын ашып керсетудегі ағзалық ағым ретінде қарастырады және адам өз табиғатынан осы үшін бүкіл қажетті біліктілікпен қамтылған деп есептейді. Өзінің зерттеулерінде ол "толыққанды қызметтегі адамды " қалыптастыруға ықпал ететін шарттарға (өзін және өзгелерді сөзсіз қабылдау, конгруэнттілік, эмпатия) ерекше көңіл бөледі.Гуманистік психологиядағы тұлғаның мәні, өзін-өзі танытуы туралы пікірталастар "қажеттіліктер" рөлін түсіну айналасыңда шоғырланады. К.Роджерс өзін-өзі танытуға ұмтылуды "түрткі беру" деп атауға болатын "барлығының субстраты" ретінде қарастырды.
