Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлекм пси ППП-115 кешенДокумент Microsoft Word...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

Жоспары:

  1. Вербальды емес қарым – қатынас түсінігі.

  2. Вербальды емес жүріс – тұрыстың негізгі құрылымының (түрлері) жалпы сипаттамасы.

  3. Кинесика және оның компоненттері (ым, ишара, поза, жүріс, көз контактісі, авербальды әрекеттер) – қарым – қатынас процесінің факторлары ретінде.

  4. Қарым – қатынастың кеңістікті – уақыттық ұйымдастырылуы.

  5. Жеке адам аралық қарым – қатынастағы вербальды емес жүріс – тұрыстың полиқызметтілігі.

  6. Адамның экспрессивті репертуары түсінігі.

  7. Вербальды емес қарым – қатынас зара әрекеттестік пен топ аралық қарым - қатынастың ерекшелігінің көрсеткіші ретінде.

Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.

Тұлғааралық коммуникацияның тағы да бір ерекше сипаты оның екі деңгейлі құрылымы. Қарым - қатынас барысында ақпарат алмасу сөздік және бейсөздік деңгейлерде өткізіледі.

Сөз деңгейінде ақпарат алысудың негізгі құралы – сөз, тіл болса, бейсөздік деңгейде сөзден басқа коммуникация белгілері қызмет көрсетеді.

Бейсөз тәсілдер адамның эмоциялық реакцияларының айнасы ретінде онын қарым - қатынас барысындағы көңіл-күйін түсінуге жәрдемдеседі. Қарым - қатынас кезінде олардың орны мен мәні өте биік. "Коммуникация айсбергінің" көрінетін ұшы сөз болса, көзге көрінбейтін су астындағы негізгі бөлімі бейсөз әдіс-тәсілдер. Қарым - қатынас серігі кері байланысты осы бейсөз жолдармен жүзеге асырады. Мысалы, сөзіне сенбей тұрсақ, серігіміздің бейсөз тәртібіне мән береміз. Ым-ишаралар адамның сөз астарында жатқан шынайы (жасырылған) ниеттерін анықтауға көмектеседі.

Бейсөз құралдарға оптикалық-кинестетикалық, пара – және экстралингвистикалық, проксемикалық, визуалдық жүйелер жатады.

Кинесика - оптикалық-кинестетикалық жүйе, оны адамның қолының (ишара - жест), бетінің (ым - мимика), денесінің (пантомимика) қимылдары құрайды. Арнайы зерттеулер нәтижесінде беттің 20000 қимылы анықталған екен. Сонда адам бетін үш салаға бөліп: қас пен көз, мұрын, ауыз және ерін, олардың қимылына байланысты адамның негізгі алты сезімін білдіруге болатыны анықталған.

Соған қарап та адамның қай мәдениетке жататынын белгілеуге болады.

Акустикалық жүйеге паралингвистика және экстралингвистика жатады. Паралингвистика - бұл коммуникатор дауысының сапасы: тембрі, ырғағы, қаттылығы, жылдамдығы, интонациясы, логикалық екпіні. Экстралингвистик - бұл дауыстың өзі емес, оның айналасындағы құбылыстар: сөйлескендегі жөтел, күлкі, пауза, жылау т.с.с. Сөз болмаса да бұлардың коммуникациялық мағынасы зор. Сондықтан, коммуникацияның акустикалық әдістерінің мәнін танып-білу, оларды тиімді пайдалану қарым - қатынас барысын нәтижелі етеді.

Бейсөз жүйенің ішінде коммуникацияның кеңістігі мен уақытын ұйымдастыру (проксемика - кеңістік психологиясы) да үлкен роль атқарады. Бетпе-бет сөйлесушілер өз мақсатына тез жетеді, ал, адамның артынан бақырып-шақырған нәтижесіз қалуы мүмкін.

адамға кеңістікте қандай жағдайда, қаншалықты арақашықтыққа жақындай алады? Батыс мәдениеті, қазіргі күнде шығыс мәдениетінде де қабылданған нормалар төмендегідей.

Адам 0 - 45 - жақындық арақашықтық (ғашықтар, достар, туыстар);

45- 120 - тұлғалық арақашықтық (әріптестер, таныстар);

120 - 400 - әлеуметтік арақашықтық (мұғалім мен оқушы, сатушы мен алушы);

400 - 750 - қоғамдық арақашықтық (көсемдер, лекторлар және тыңдаушылар).

Кездейсоқ осы нормалар ескерілмесе, мазмұны мол әңгіме бұзылып кетуі ықтимал. Мысалы, бейтаныс адамды не жұмыстағы бастығымызды бас салып, құшақтап көріссек, дөрекі кісі болып саналмаймыз ба? Керісінше, туысымызбен әлде досымызбен алыстан сөйлессек - бұл салқынқанды қатынастардың белгісі болмас па?

Кеңістік пен уақыттың әр түрлі үйлесімі күтпеген жерде керемет психологиялық құбылыстарға жол ашады. Мысалы, "аурухана палатасы", "вагон купесі" хронотроптары. Бір купедегі пассажирлер, бір палатадағы аурулар тар кеңістікте бір уақытта тығыз байланыста болғандықтан, ешкімге айтпаған жан сырларын біріне-бірі ақтарып салатыны - жантанушыларды қызықтыратын психологиялық құбылыс.

Бейсөз құралдар сөз коммуникациясына маңызды қосымша болып, тұлғааралық қарым - қатынасды байытады. Олар сөз әсерін не күшейтіп, не әлсіретіп тұрады. Олар қарым - қатынасға қатысушыларға бір-бірінің ниеттерін айқындауға, коммуникация барысының айқын болуына көмектеседі.

Жоғарыда айтылғанды қорытсақ, тұлғааралық коммуникацияның ерекшеліктері, түрлері сөз болды. Тиімді коммуникацияның маңызды шарттары: нәтижелі кері байланыс, коммуникациялық ықпалдың қарым - қатынас міндеттеріне сәйкес болуы, коммуникациялык кедергілердің жоқтығы. Бейсөз қарым - қатынас - тиімді коммуникациялық алмасудың шарты екені даусыз.

Нәтижелі тұлғаарадық коммуникацияның тағы бір психологиялық шарты - қарым - қатынас серіктерінің тиімді тыңдау техникасын меңгеруі. Бір карағанда өзара жақын "есту", "тыңдау" ұғымдары қарым - қатынас кезінде мағынасының айырмасын білдіреді. Адамдар бірін бірі естіп тұрып тыңдамайды. Сондықтан, ғылыми тұрғыдан тиімді және тиімсіз тыңдау туралы айтуға әбден болады.

Тиімсіз тыңдаудың жәйттері:

- сөйлеушінің сөзін, сезімін дұрыс ұкпау,

- сөйлеушіде оны естімегендей түйсік туғызу,

- сөйлеушінің мәселесін өзіне ыңғайлап ауыстыру,

- сөйлеушінің сөзін күлкіге айналдыру, маңызсыз деп табу,

- талқыланған мәселенің дұрыс шешімін таба алмау,

- өзара түсінісушілікті дамытпау,

- өзара сенімділікті орнатпау.Тиімді тыңдау - бұл тыңдаушыдан тұрақты зейінді, қызығушылықты, өзгенің мәселесін беріліп қабылдауға дайындықты талап ететін күрделі ерікті құбылыс. Тиімді тыңдаудын екі түрі бар: рефлексиялық және бейрефлексиялық.

Рефлексиялық тыңдау сөйлеушіге тек эмоциялык демеу емес, ол белгілі мәселені шешуге араласқан кезде пайдаланылады. Бұндай жағдайда тыңдаушы кері байланысты сөз арқылы жеткізеді. Тыңдаушы әңгіме тақырыбы бойынша ашық жөне жабық түрдегі сұрақтарды қояды, сөйлемдерін мәнін анықтау үшін қайталайды (парафраз), қорытады, түйіндейді.

Бейрефлексиялық тыңдау, басқаша сөзбен айтсақ - зейінді үңдемеу, сөз айтылмай тек бейсөз тәсілдерді (басты изеу, бет және көз қимылы) белсенді қолдану арқылы сөйлеушіге жан дүниесін ақтаруға мүмкіндік беру. Зейінді үндемеу сөйлеуші мәселені айта бастағанда, ішкі толқуларын сыртқа шығаруға асыққанда өте орынды тәсіл. Бейсөз тәсілдерге кейде "иә", "е-ей", "а-а", не соңғы сөздерін қайталау ("айна"тәсілі) қосылады.

Қысқасы, қарым - қатынас мақсатына жету үшін тиімді тыңдау техникасын игеру қажет.

Вербальды емес коммуникацияның ішінен оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесіне мимика, қол, дене қимылы жатады. Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым –ишара дегеніміз- психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.

Коммуникацияда оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесінің мәні өте зор, көлемі кең, сондықтан қазіргі кезде бұл саланы зерттейтін зерттеу саласы бар, ол- кинестика. Мимика – сезім көрсеткішінің негізгісі.

Дене қимылы- психологиялық ақпарат берудің негізгі көзі. Көптеген дене қимылдарына қарай отырып біз адамдардың қалпын, ішкі жағдайын, олардың озара қатынасын байқауға болады. Дене қимылдары кейде вербальдық ақпараттың мәнімен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ дене қимылының шындық болатынын байқауға болады. Сондықтанда дене қимылының қарым-қатынаста маңызы өте зор.

Соңғы кездерде психологиялық зерттеудерде қарым-қатынас жасаушылардың аралығындағы қашықтықтың, партнерлардың отырысының коммуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Америкалық қарым-қатынас психологиясында бұл бағыттағы зерттеулерге проксемика деп ат қойылды. Төрт түрлі ара қатынас бар: көңілдестік; жеке бастық; әлеуметтік; көпшіліктік.

Алғашқы екі қатынас жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланыстағы адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады, көпшіліктік арақатынас- бөтен адамдармен араласу. Жеке адамдар арасындағы қашықтық әр ұлтта және мәдениетте әртүрлі. Әр адаммен өзінің арақатынасы болады. 0м - 0,5 м- өте жақындық, көңілдестік қатынасқа сәйкес келеді. Сонымен қатар спорттың кейбір түрлерінде денелерді түйісу болады. Мыс:күрес т.б.

0,5 м -1,2 м - жеке адамдар арақатынасы қашықтығы, достар арасында болады. 1,2 м -3,7 м - әлеуметік-қызметтік қарым-қатынас аймағы. 3,7 м – жоғары - көпшілік арақатынас. Бірнеше сөзбен алмасу немесе қарым-қатынас жасаудан қашу.

Паралингвистика және экстралингвистика белгілер жүйесі вербальды коммуникацияға қосымша ретінде қолданылады.

Паралингвистикалық жүйе - бұл дауыстың қасиеті, оның диапазоны, дауыс мәнері.

Экстралингвистикалық жүйе - сөз арасындағы кідірістер, жөтелу, жылау, күлу, сөз темпі, т.б.

Коммуникативтік процесте қолданылатын келесі арнаулы белгілер жүйесі- бұл көзбен қарым қатынасқа түсу (визуалды қатынас). Сөйлеушіге қарау қызығушылықты ғана білдірмейді, сонымен қатар не мәселе жөнінде айтып тұрғанға назар аударғанды білдіреді.

11- тақырып. Қарым – қатынастың перцептивті жағы: тұлғааралық қабылдау және қазар түсіністік.