- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
Қарым - қатынас серіктерінің өзара әрекет алмасуының қай жақтары маңызды, қай жақтары қосымша роль атқарады? Қарым - қатынасдың интеракциялык, жағын зерттеген ғалым Р. Бейлс оны сипаттаудың сызбасын жасаған. Оның пікірінше, түлғааралық өзара әрекетті 4 категория арқылы сипаттауға болады.
Өзара әрекетті тіркеу сызбасы
-
Өзара әрекетті талдау категориясы
Мінез-құлықтағы маңызды көріністер
Жағымды эмоциялар саласы
ынтымақтастық
бойкүйездіктен арылу
келісімділік
Мәселені шешу саласы
ұсыныс-нұсқау пікір
басқаларды бағыттау
Мәселені қоя білу саласы
ақпарат беруді өтіну пікірін
білдіруді өтіну нұсқау беруді өтіну_
Жағымсыз эмоциялар саласы
Келіспеушілік бойкүйездікті
қалыптастыру
қарсыластықты көрсету
Сызба бойынша нақты өзара әрекеттің барысында жеке категориялардың жиілігін және көрінісін тіркей отырып, оның ерекшеліктерін түсінуге болады. Қай салада қарым-қатынас басталды, оның бағыты қандай, қатысушылар мәселені шешуге тырысты ма?
Екініпі сызбаның авторы Н. Фландерс педагогтық қарым-қатынастың ерекшеліктеріне назар аударады. Оқытушы мен оқушы арасында сабақта кездесетін типтік өзара әрекеттерді тіркеу сызбасында 10 категория анықталған.
А. Мұғалімнің әрекеті
1. Оқушының қатынасын, сезімдерінің көрінісін қабылдап, өзінің қатынасын жай түрде түсіндіреді.
2. Оқушының әрекетін, тәртібін қолдайды.
3. Оқушының ойларын дамытады.
4. Оқушының жауабын алу мақсатында өзінің идеяларына негізделген сұрақтарды кояды.
5. Өз идеяларын түсіндіреді, дамытады.
6. Оқушы орындауға тиіс болатын бұйрықтарды, нұсқауларды береді.
7. Оқушыны дауыс көтеріп сынайды, әміршіл стильді пайдаланады.
Ә. Шәкірттің әрекеті
8. Тек қана оқытушының сұрағына жауап қайтарады, өзінің пікірін білдіруі шектелген.
9. Өзінің идеяларын, сұрақтарын, ұсыныстарын ашық білдіреді, өз ойларын еркін дамыта алады.
Б. Өзара әрекет жағдаяты
10. Өзара әрекетке қатысушылардың бақылаушыға түсініксіз үндемеуі.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы-адамаралық қарым-қатынастың, адамадардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин.
Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметпен алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды. Қарым-қатынастың осы жағын сипаттағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың түрлерін талдау мен қарым-қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрін таңдауға итермелейтін мотивтен де қарастыру керек. Жеке адам аралық әрекеттесу стратегиясының сипаттамасы төмендегідей болады. Әртүрлі зерттеулерде, адамның басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуіне бірнеше маңызды әлеументтік мотивтер айқындалған. 1. Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві (немесе кооперация мотиві); 2. Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе индивидуализм); 3. Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві (конкуренция); 4. Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтруизм); 5. Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия); 6. Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету (теңдік). Әртүрлі мотивацияға байланысты қарым-қатынас стратегиясын анықтау үшін әрекеттесуді координат жүйесінде тұрғызуға болады.
2. Құдиярова, А.М. Ортақтасу психология: Қарым-қатынас: Оқу құралы/ Құдиярова, А.М.. - Алматы: Дарын, 2002. - 39б..: кесте
