- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
1. Топаралық қатынас психологиясын зерттеудің мотивациялық (З.Фрейд, Д.Доллард, Н.Миллер, Т.Адорно), ситуациялық (М.Шериф және т.б.), когнитивті (А.Тешфел, Дж. Тернер, В.Дуаз) және іс-әрекеттік (В.С.Агеев) бағыттары.
2. «Топаралық дискриминация», «топішілік фаворатизм» әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде.
3. Топаралық қатынас және әлеуметтік әділеттілік мәселесі.
4. Этносаралық қабылдаудың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары және олардың ұлтаралық қатынастардың дамуындағы рөлі.
5. Этностық стереотип түсінігі.
6. Этнопсихологиялық феномендерді талдаудағы салыстырмалы- мәдени бағыт.
Топтық шешім қабылдау процесі лидерлік және жетекшілік мәселесімен тығыз байланысты. Әлеуметтік психологияда топтық шешім қабылдаудың механизмі мен нәтижесін зерттеуде көптеген эксперименталдық зерттеулер жүргізілген, сөйтіп осы процесте топтық пікірталастың ролі анықталған. Топтық пікірталас қарама-қарсы позицияларды жойып, мәселені әр түрлі жағынан қарауға мүмкіндік береді. Егер шешім топ мүшелерінің бәрінің инициативасынан шықса пікірталастан логикалық шығу болып табылады.
Топтық пікірталас формалары:
мәслихат
брейнсторминг
синектика
модератор
топты полярлау
Мәслихат – топтық дискуссияның практика берген ерекше формасы болып табылады. Әлеуметтік психология мәслихаттың психологиялық құрылымын сипаттауда топтық шешімді қабылдау үшін резервтерді анықтауда практика алдында қарыздар.
А.Осборн ұсынған топтық дискуссия формасы брейнсторминг («ми шабуылы»). Мұның мәні мынада, ұжымдық шешім қабылдау үшін топ екіге бөлінеді: «идея генераторлары» және «сыншылар». Біріншілерінің міндеті неғұрлым көп негізсіз тіпті фантастикалық пікірлер айтады. Сыншылар оларды сынға алады. Соңында топ мәселені шешудің алуан түрлі варианттарын алады.
Синектика әдісін У.Гордон ұсынған, мұнда бір-біріне қарама-қарсы пікірлер алынады. Осы арқылы топ мәселені шешудің екі жағын көруі тиіс, дискуссия барысында екі жақты да қанағаттандыратын шешім қабылданады. Синекторлар дегеніміз топтағы өз позициясын ашық әрі белсенді айтатын адамдар.
Модераторда топтың жекелеген мүшелерінің пікірлері мен ойларының ішінен өзінше орташасы алынады.
19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
Әлеуметтік психологиядағы үлкен топтарды зерттеудің теориялық және әдістемелік принциптері, мәселелері.
Үлкен әлеуметтік топтардың жіктелуі.
Ұйымдаспаған табиғи (тобыр, демонстрация және т.б.) және жартылай ұйымдасқан уақытша (публика, митинг, аудитория т.б.) үлкен топтардың өмірлік іс-әрекетінің психологиялық аспектілері.
4. Ұйымдасқан тұрақты үлкен топтар (әлеуметтік класс, этнос, қабат, кәсіби топтар, саяси партиялар т.б.) психологиясының құрылымы.
5. Жеке адамның ұлттық сана сезімінің ерекшелігі мен өмірлік бейнесі.
6. Әлеуметтік жүріс-тұрыстың этномәдени варианттылығы.
7. Этноцентризм мен этносаралық кикілжіңдердің әлеуметтік – психологиялық аспектілері.
8. Саяси әлеуметтену мен бұқараның таңдау ситуацияларындағы жүріс-тұрысының психологиялық мәселелері.
9. Діни қауымдастықтар мен бірлестіктерндің психологиялық сипаттамасы.
10. Тобырдың әлеуметтік-психологиялық механизмдері мен динамикасы.
11. Тобырдағы жеке адам жүріс-тұрысы. Үрей түсінігі.
12. Бұқаралық жүріс-тұрыс заңдылықтарын түсіну үшін еліктеу, иландыру және жұқтыру процестерін зерттеудің маңызы.
Үлкен топтардың психологиялық ерекшеліктері.
Г.Г.Дилигенскийдің айтуынша, әлеуметтік психологияда үлкен топтар психологиясын зерттеу-аса маңызды проблема, себебі «адам психикасының әлеуметтік маңызды қасиеттерінің мазмұны тап осы макроәлеуметтік деңгейде қалыптасады» (Дилигенский, 1971). Тарихи нақты әлеуметтік нормалар, құндылықтар, бағдарлар, қажеттіліктер-үлкен топтардың тарихи тәжірибесінің негізінде қалыптасады. Сондықтан да индивидтің психикасының мазмұнын түсіндірудің «кілті»: үлкен топтардың әлеуметтік-психологиялық талдамасы деп қарастыруға болады. Үлкен топтар тәжірибесімен қатар, топтық әлеуметтік процестер мен қозғалыстарды да қарастыру-қоғамдық психологияны түсіну үшін маңызды.
Сонымен «үлкен әлеуметтік топ» дегеніміз не?
Аяқ астынан топтасқан (стихиялы), қысқа мерзімде өмір сүретін топтарға: көшедегі топтар, көпшілік қауым (тыңдаушылар, телекөрермендер, т.б.), аудиториялар жатады. 2. Екінші топқа ұзақ уақыт өмір сүретін, тұрақты, қоғамдық қатынастар жүйесінде өзіндік орны бар топтар: әлеуметтік топтар, страталар түрлі этникалық топтар (негізгісі-ұлттар), кәсіби топтар, жыныс, жас ерекшеліктеріне байланысты топтар (жастар, әйелдер, қарттар, т.б.) жатады. Алдымен осындай топтарды қарастырайық. Осы топтардың, шағын топтардан өзгеше ортақ белгілеріне тоқталып өтейік. Үлкен топтарда әлеуметтік мінез-құлықтың арнаулы реттегіштері болады. Олар: әдет-ғұрып пен салт-дәстүр. Осындай топтардың өмірлік позийияларының ерекшеліктерімен құлық реттегіштерін бірлікте қарастырғанда, топтың маңызды сипаттамасының бірі-топтың өмір мүру қалпы бейнесі туындайды. Оны зерттеу, адамдар арасындағы ерекше әрекет, ерекше қарым-қатынасты зерттеумен байланысты. Белгілі бір өмір сүру қалпында: қызығулар, құндылықтар, қажеттіліктер аса маңызды орын алады. Аталған үлкен топтардың психологиялық сипаттамасында, сол топқа тән, арнаулы тілдің болуы да өте маңызды. Этникалық топтар үшін «тіл», белгілі біржаргон, ретінде болуы мүмкін мысалы, кәсіби топтарға немесе жастарға тән өзіндік болуы.
Сондықтан, үлкен әлеуметтік топтар – бұл мүшелері бір-бірімен тікелей қарым қатынасқа түспейтін, топтық коммуникацияның психологиялық механизмдері арқылы жанама байланысқа түсетін әлеуметтік қауымдастық. Үлкен топтарда әлеуметтік мінез –құлық нормалары, құндылықтар, дәстүрлер, әлеуметтік стериотиптер, қажеттіліктер, мүдделер, бағдарлар, өмірлік мақсаттар және т.б. қалыптасады.
‡лкен топтарды кіші топтардан айыратын негізгі ерекшеліктер:
1.‡лкен топтарда єлеуметтік мінез- ќ±лыќты реттеп отыратын арнайы реттегіштер бар. Б±л - дєст‰р, салт, рєсім.
2.Топтардыњ µмір с‰ру салты. Бұл адамдар арасындағы ерекше әрекет пен қарым-қатынасқа байланысты.
3.Арнаулы тілдің болуы. Этнотоптар ‰шін тіл негізгі белгі, ал жастар тобы ‰шін жаргон сөздер, кәсіби топтар үшін кәсіптік тіл.
Бұлардың барлығын ортаќ белгілеріне ќарап оларды бір ќатарѓа ќоюѓа болмайды. Мысалы, тапты, ±лтты, кәсіпті, жастарды, себебі б±л топтардыњ єрќайсысыныњ мєні єр т‰рлі. Сондыќтан жоѓарыда айтылѓан белгілер арнайы мазм±нмен толыќтырылуы тиіс.
Үлкен топтарда мынадай психологиялық сиппатамалар бар: Топтық мүдде, топтық қажеттілік, топтық құндылықтар, топтық нормалар, топтық мақсаттар.
Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық құрылымы.
‡лкен топтардыњ ќ±рылымына келетін болсаќ, м±ны ашуда тарихи материализмніњ кейбір мєселелеріне, єсіресе ќоѓамдыќ ќатынастар ж‰йесіндегі ќоѓамдыќ психологияныњ алатын орны туралы тоќталѓан жµн. Социология т±рѓысынан “ќоѓамдыќ психология” ±ѓымы ќоѓамдыќ сананыњ белгілі бір дењгейін білдіреді. Ќоѓамдыќ сана ќоѓамдыќ т±рмыс- салтты бейнелейді, біраќ бейнелеу тєсілі, терењдігі, дењгейі єрт‰рлі болуы м‰мкін. Бейнелеудіњ неѓ±рлым тікелей єсер ету формасы ќоѓамдыќ психология сатысындаѓы бейнелеу: оныњ ењ жоѓарѓы формасы- идеология. Ќоѓамдыќ психология белгілі бір ќоѓамдыќ топтардыњ єлеуметтік тєжірибесіне с‰йене отырыппайда болады. Єлеуметтік психология ‰шін мањызды мєселе ќоѓамдыќ психология мен идеологияныњ араќатынасы мєселесі, єсіресе оныњ “ќоѓамдыќ психологияныњ” мазм±ны ќызыќтырады.
Марксистік ой- пікірлер тарихында ќоѓамдыќ психологияѓа ерекше назар аударѓан Г.В.Плеханов болды. Оныњ ќоѓамныњ ќ±рылымын сипаттайтын “бес м‰шелі формуласы” бар. 1. ¤ндірістік к‰штер; 2. µндірістік ќатынастар; 3. осы ќатынасты кµрсететін ќоѓам формалары (яѓни ќоѓамдыќ жєне саяси ќ±рылым); 4. осы формаѓа сєйкес келетін белгілі бір рухани жєне адамгершілік жаѓдайлар (яѓни ќоѓамдыќ психология); 5. єдеби, философиялыќ, саяси кµзќарастар (идеология).
Бұл идея экономикалық даму мен мәдениет тарихы арасындағы байланыстырушы звено адамдар психологиясындағы өзгерістер болып табылады деген мәселені ашады. Бұл өзгерістер ең алдымен үлкен топтарға тән.
Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық құрылымында көптеген элементтер бар. Жеке адамның психикасындағы психикалық қасиеттер, психикалық көңіл-күй, психикалық процестер үлкен топтарға да тән. Әлеуметтік психологияны зерттеушілер-Г.Г.Дилигенский, А.И.Горячева, Ю.В.Бромлей және т.б. Үлкен әлеуметік топтарға тән типтік психологиялық ерекшеліктерге мыналарды жатқызды.
1.Психологиялық құрылым элементтерін нақтырақ тұрақты құрылым ретінде: психикалық кейіп (оған әлеуметтік және ұлттық мінез-салт-дәстүр, әдет-ғұрып, және т.б.)
2.Өзгермелі динамикалық құрылым ретіндегі (қажеттіліктер, қызығу, көңіл-күйлер) эмоциялық аясы. Осы элементтердің әрқайсысы арнаулы әлеуметтік-психологиялық талдаудың нысаны болуы керек.
Үлкен әлеуметтік топтардың психологиясының мазмұндық ерекшеліктеріне мыналар жатады:
Мотивациялық – қажеттілік аясының элементтері.
Танымдық аясының элементтері.
Еріктік-мінез-құлық аясының элементтері
Эмоционалдық аясының элементтері
Мотивациялық – қажеттілік аясының элементтеріне жалпы топтық қажеттіліктері, мүдделері, іс-әрекет мотивтері, өмірлік құндылықтары, мақсаттары мен әлеуметтік бағдарлары жатады.
Танымдық аясының элементтеріне ұжымдық түсініктері, әлеуметтік қабылдауы мен ойлауының элементтері, топтық пікірі, бағалауы, стериотиптері (тапрауын), дүниетанымдары жатады.
Үлкен әлеуметтік топтардың дамуының негізгі 3 кезеңі бар:
1-кезең. Типологиялық кезең - бұл кезең топ мүшелерінің қоғамджағы орнын бейнелейтін ортақ психологиялық ерекшеліктерінің болуымен сипатталады, мысалы, әлеуметтік ролдер мен ролдік түсініктердің типтік жинағы Бірақ олар өздерінің ортақ қажеттіліктері мен мүдделерін әлі түсінбеуі мүмкін.
2-кезең. Идентификациялық (теңдестіру, сәйкестендіру) кезең - бұл кезеңде топ мүшелері өздерінің осы топқа жататынын түсінеді, өзін сол топ мүшелерімен теңдестіреді.Топтық өзіндік сана пайда болады.
3-кезең. Ынтымақтастық кезең – бұл кезеңде топ мүшелері ортақ қажеттілік пен мүддені түсінеді, әлеуметтік ұқсас бағдар мен ұжымдық мақсат үшін топтың бірлесіп әрекет етуге дайындығының негізі қаланады.
Топ қауымдастығының әлеуметтік психологиялық даму деңгейі қоғамдық тарихи процестегі топтың нақты ролін бағалауға мүмкіндік береді.
Үлкен әлеуметтік топтардың түрлері.
Жоѓарыда кµрсетілген ‰лкен єлеуметтік топтардыњ ішінен таптарды єлеуметтік- психологиялыќ талдау мањызды орын алады, себебі ќоѓамныњ єлеуметтік ќ±рылымын талдаудыњ негізі ретінде б±л єлеуметтік топтыњ єдіснамалыќ мєні µте зор.
В.И.Ленин Маркстік социологияны буржуазиялыќ ќоѓамтану ж‰йесінен ажыратып т±ратын басты ќасиет оныњ тап мєселесіне ерекше назар аударуында деп атап кµрсетті.
Єлеуметтік психология т±рѓысынан алѓанда таптар психологиясын зерттеудіњ ‰ш баѓытын ажыратуѓа болады:
Тарихта µмір с‰рген жєне ќазіргі уаќытта µмір с‰ріп отырѓан єрт‰рлі наќты таптардыњ психологиялыќ ерекшеліктерін аныќтау.
Белгілі бір дєуірдегі т‰рлі топтардыњ таптар психологиясыныњ сипатына ерекше мєн беруі “дєуірдіњ” ерекше ќ±рамын ќ±райтын т‰рлі таптардыњ психологиялыќ бітістерініњ µзара байланыстарын талдау.
Тап психологиясы мен таптыњ жеке м‰шесі араќатынасын талдау.
Тарихта маңызды үлкен әлеуметтік топтарға түрлі этникалық топтар жатады. Тап психологиясына қарағанда этнотоптар психологиясы, ең алдымен, ұлт психологиясы едәуір жақсы зерттелген. Әлеуметтік психология мен этнографияның түйісуінен ғылымның жеке бір саласы этнопсихология пайда болды. Этнопсихологияда да ұлт психологиясына үлкен мән берілген. Әлеуметтік психологияда этнотоптар мәселесін зерттегендердің алғашқысы В.Вундт болды. Ол “халық психологиясында” “халық” деп кейбір этникалық қауымдастықты айтады, сонымен қатар ол этнотоптарды зерттеу әдісіне олардың тілін, дәстүрін, фольклорын зерттеуді жатқызады. В.Вундттан кейін батыс психологиясында бұл мәселені зерттеуде түрлі бағыттар пайда болды, олардың ішінде бастыларының бірі неофрейдистік мәдени антропология бағыты болды. Маркстік дәстүрде этникалық психология мәселесі ұлт туралы ғылым шеңберінде жасалды. Индивидтің ұлттық “этностық” ерекшелігі әлеуметтік психология үшін өте маңызды фактор, себебі ол жеке адам қалыптасатын микроортаға белгілі бір сипат береді.
Этнос – этногенез процесінде, яғни этникалық қауымдастық пен оның өзіндік санасының қалыптасу процесінде пайда болған халықтың бір бөлігі.
Этногенез тілдің және мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Қауымдастықтың этногенезінің маңызды сипаты этноним, яғни этностың атауы және өзін -өзі атауы болып табылады.
Этностың ерекше жағы өз тобын басқа топқа қарсы қоятын этностық сана болып табылады. Этностық сана – бұл қоғамдық сананың (теориялық, тұрмыстық, идеология, қоғамдық психология, саяси, құқықтық, моральдық, философиялық сананың және т.б.) бөлігі, ол өзінде ұлттық ерекшелікті тасымалдайды.Оның құрамына этностық өзіндік сана (адам немесе адамдар тобы өзін белгілі бір этностық қауымдастыққа қатыстылығын түсінуі ) және басқа этносты қабылдау кіреді. Этностық өзіндік сананың түрлерінің бірі ұлттық өзіндік сана. Ұлттық өзіндік сана- бұл адамдардың өздерінің белгілі бір әлеуметтік-ұлттық қауымдастыққа жататынын саналы түрде сезуі, өз ұлтының қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнын түсінуі, ұлттық мүдделерді түсінуі, бұларды өз ұлтының басқа қауымдастықтармен қарым қатынаста көрсетуі.
Гендерлік топтар да үлкен әлеуметтік топтарға жатады. «Гендер» ұғымы -әлеметтік жыныс деген мағына береді.Бұл ұғым, ең алдымен, қоғамдық өмірдің барлық салаларында(экономикада, құқықта, идеологияда, мәдениетте) көрініс беретін ер адам мен әйел адамның қарым-қатынасының әлеуметтік аспектілері. «гендер»ұғымы субъектінің жыныстық қатыстылығын анықтай отырып оны әлеуметтік немесе биологиялық негізде қарастырады және осынысымен оларды ажыратады. Бұл мәселені қарастырғанда мына ұғымдар қарастырылады: гендерлік сәйкестік, гендерлік айырмашылық, гендерлік роль.
Әр түрлі тап өкілдерінің психологиялық ерекшеліктері
Жұмысшы таптың негізгі психологнялық сипаттамасы (өндіріс және ауылшаруашылық жұмысшылары, орта және төмен қызметкерлер): еңбексүйгіштік, өз еңбегіне әлеуметтік және материалдық жағдайымен қанағаттанарлығы шамалы басқа таптармен және әлеуметтік топтармен салыстырғанда) өзге әлеуметтік конформизм; күшті дүниетанымдық бағдарлануы; өзінің материалдық және әлеуметтік көңіл күйі мен эмоцияларын жиі қайсарлықпен жария етуге ұмтылуы; көбінесе үлкен идаожагишіық (ақпараттық, мәдени, ұлттық және ұлтшылдық) үгіт-насихат әсерінің ықпалында болуы; басқа таптар және әлеуметтік топтар өкілдерімен жақын қарым-қатынаста алшақтығы; ішкі таптар арасында ұйымдастырушылығы мен ұйымшылдығының биік деңгсйде көрінуі.
Бір еске алатын жайт, қала жұмысшылары мен ауылшаруашылық жұмысшыларының психологиялық айырмашылықтары өте күрделі болып келеді, бұл қала мен ауылдың өмір жағдайы тең еместігіне негізделеді. Ауылшаруашылығының жұмысшылары көбінесе шыдамды, салмақты, адал күйі мен эмоциясы тұрақты.
Буржуазия таптарының (жоғары және орта меншіж иелері, жоғары жалдамалы басқарушылар, билік басындағы өкілдер, ірі қаржыгерлер) психологиялық ерекшеліктері: іскерлік, этика және ойлаудың рационалды түрі, өндірістік әрекетке берілуі және өзін-өзі шектеу; нндивидуализм және өзін-өзі күте; бәсеке күресіне төтеп беруді қажетсіну; максималды қаржы және өндірстік кірістер алуға ұмтылу; өз ісіне беріктігі және сол істі үздіксіз кеңейтуді мақсат ету; өндірісті дамыту үшін үсті-үстіне ақша "құюға", өнімнің өтуінің жаңа нарықтарын жеңуге, оларды нығайтып, кеңейтуге және жетілдіруге ұмтылу; жоғары іскерлік (жиі тұлғааралық) өздертінің ақсүйек табы құрамында болуын сақтауға ұмтылу, т.б.
Орта топтағы өкілдерге (шағын буржуазиялық, шағын сауда- саттық меншік иелері, зиялы қауым, әкімшілік қызметіндегілер), әдетте, келесі психологиялық ерекшеліктер тән: еңбексүйгіштік; өзінің кәсібі мен ісіне беріктік; парыз сезімі және жоғары деңгейдегі жауапкершілік; жоғары іскерлік пен индивидуализм;
ұйымдастырушылық қабілет пен біліктілік; болашақты болжау іскерлігі; басқа адамдардың және өзінің іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру іскерлігі; өз еңбегінің және еңбекке қосқан үлесінің тұрақсыздығын жиі сезінуі; кей уақытта қорқыныш сезімінің болуы, күшсіздік, өтіп жатқан оқиғаларға ықпалының қабілетсіздігін сезінуі.
Маргиналды тап (жұмыссыздар, қайыршылар, тұрғылықты орындары жоқтар, тб.) өкілдеріне өз күшіне сенімсіздік, моталъдық және рухани тоқырау әлеуметтік қорқыныш, т.б. тән.
Этностық бірлік өкілдерірі, әдетте, мына белгісімен: тарихи дамуы территориясы, тілі, мәдеииеті, психикалық ділі бар адамдар жиынтығы болып түсіндіріледі. Этностық бірлік өкілдерінің өзінің тұтастығын сезінудегі оның көрінісі – «біз» деген түсінік.
Ұлттық психика - адамдардың қоғамдық санасының (қоғамдық өмір) құрамы, оның негізгі компоненті - қоғамдық психология. Ол шынайы, адамдардың мінез-құлығы мен топтарынан көрінеді және сананың барлық формалларымен (саясат, құкьгқ, мораль, дін, тьтлъгм, өнер, философия) байланысады.
Этностық психология адамдардың ұлттық психикикасын зерттейтін әлеуметтік психологияның саласы.
Түрлі этностық бірлік өкілдері этностық психологияның ғылым ретіндегі объектісі болып табылады.
Этностық психология пәні - түрлі этностық бірлік екілтхстянің ұлттық-психологиялық процестері мен құбылыстарының ерекшеліктері.
Адамдардың ұлттық психикасын қалыптсстыратын факторлар: оның бар ерекшеліктерінің (Ұлттық психика түсінігін қараңыз) мен қызметтерін алдын ала келісіп алады.
Нақты зерттелген құбылыстар мен процестер этностық психологиялық категорияларына жатады.
Ұлттық психологиялық құбылыстар ұлттық стереотиптерле және ұлттық ұстаным механизмдерінде байқалады.
Ұлттық психологиялық құбылыстардың нақты қасиеті ~ олардың заңдылықтарының арнайы көріністерінің бейнелеуі, оларға мыналар жатады:
барлық басқа келіхігкллык құбылыстардын себептері болады (әрбір Ұлттық бірлік өкілдері ойлайды, сезінеді, өзін-өзі ұстай алады, пікірлеседі, әрекеттеседі. өйткені өзінің этностық ортасы және ежелден дамыған Ұлттық тәжірибесі бар;
көптүрлілігінің айқындығы (әрбір нақты қауымның психикалық күйі мен процестерінің ұлттық ерекшеліктері, өзара әрекеттестігі, өзара қарым-қатынастары ерекше сипатқа ие, оларға қабылдау, зерттеу және түсіну қиыншылық туғызады);
олардың ерекшеліктерін бір жүйеге келтіру мүмкін емес (ойткені түрлі этностық бірлік өкілдерінің психикалық көріністері айрықша).
басқа психихалык құбыдыстармен салыстырғанда тұрақтылығы мен кертартпалығы (консерватизм) басым; Ұлттық психологиялық құбылыстардың негізгі принципттері — олардың тарихи даму жағдайларын есепкс алу; талдау принципінің таптар психикасымен және басқа - әлеуметтік топтармен бірлігі; олардың көптүрлігінің көрінісін есепке алу.
Әлеуметтік психология тұрғысында ұлттық психиканы түсіндіру
Адамдардың ұлттық психикасының мазмұны
Ұлттық психика мынадай құрылымдарға ие: Жүйелік-құрылымдық жақтарына мыналар жатады: ұлттық өзіндік сана — адамдардың белгілі Ұлттық қауымға жатуы және қоғамдық (мемлекеттік, Ұлтаралық) қатынастар жүйесіндегі өз жағдайын ұғынуы және жете түсіну;
ұлттық мінез — этностық бірлік өкілдерінің тұрақты тарихи қалыптасқан психологиялық басты ерекшеліктерінің жиынтығы; Ұлттық темтрамент - мінез-құлықтың арнайы сипаттамасы ұлттық қызығушылықтары мен бағдармануы — этностық барлік өкілдерінің тұтастығы мен бірлігін сақтауға қызмет ететін, ең алғашқы мотивациялық қоғамдық-психологиялық құбылыстардың көрінісі;
ұлттық сезімдері мен көңіл-куйлері - өзінің зтностық бірлігіне, олардың қызығушылыктарына, басқа халықтардың құндылықтарына адамдардың эмоциялық күшке ие қатынасы.
Ұлттық дәстүртері мен әдеттері — нақты эгтностық бірлік өкілдерінің аға буынынан жас буындарына беріліп отыратын, күнделікті өмірде мықты тұрақталған ережелер, нормалар, әрекет стереотиптері, қарым-қатынастары;
Ұлт психояогиясының динамикалық жақтарының (Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер.) жүйелік-құрылымдық жақтарынан айырмашылығы Ұлттық-пстихологиялық құбылыстардың қыземеттерін саналы түрде меңгеріп алуға және айқын шығаруға мүмкіндік береді. Ұлттық психологияның динамикалық жақтарының кұрамына мыналар енеді:
1. Ұлттық-психологиялық ерскшеліктердің мотивациясы этностьгқ бірлік өкілдерінің іс-әрекетінің қозғаушы күштерін сипаттайды, олардың мақсаттары мен ерекшеліктерін көрсетеді; 2. интеллектуалдық-танымдық жағы Ұлттық психика өкілдерінің ойлау және қабылдау ерекшеліктерін, олардың арнайы танымдық қасисттерінің басқа халық өкілдерінен айырмашылықтарын анықтайды; 3. эмоционалдық-еріктік жағы іс-әрекет нәтижесінің көбінссе әр түрлі этностық бірлік өкілдерінің эмоциялық және еріктік қасиеттерінің айқын қызметтеріне тәуелді және себепші болуын көрсетеді;
4. коммуникативті мінез-құлық - нақты халық өкілдері қатынастарының арнайы ақпараттық және түлғааралық өзара әрекеттердің өзара ерекшеліктерін қамтуы.
Ұлттық-психологиялық құбылыстардың қалыптасу факторлары.
Нақты этностық бірлік өкілдерінің ұлттық психологиясы — көптеген факторлардың әсерінен ұзақ және арнайы дамудың нәтижесі.
Саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың әсерінен ұлттық психика мінездемесінің ерекшеліктері қалыптасады, Себебі бұл ерекшеліктер қоғамдық және өндірістік қатынастарға тәуелді. Бұлардың ерекше көріністері әр мемлекеттегі этностық бірлік өкілдері санасының дамуына ерекше белгі қалдырады.
Этностық бірліктің тарихи дамуы — көптеген ғалымдардың пікірі
бойынша, ұлттық псмихиканың көрінісі мен қызметі ооның ерекшеліктерінен туындауы сыртқы жене ішкі атрибуттармен анықталады, оның өкілдерінің психикасы мен ерекшеліктері өмір сапасының тасмалдануы заңды.
Этностық бірліктің жасы — адамдардың ұлттық психикасының ұзақ қалыптасу куәгері, оның даму келешегінің болашағы немесе деградациясы. Неғұрлым ол жас және көп болса, соғұрлым басты ерекшеліктсрінің көріністері тұрақты немесе кертартпа.
Ұлтаралық қатынастардың сипаты және ондағы тарихи дәстүрлер ұлттық санаға және өзіндік санаға, басқа ұлтқа қатынасындағы сезім көріністерінің динамикасына әсер етеді.
Этностық бірліктің мәдени дамуы (оның мәдениетінің тұтастығы) - адамдардың ұлттық психикасының негізгі сапалық мінездемесі олардың қоршаған әлемді арнайы эстетикалық, моралъдық және адамгершілік тұрғыда қабылдауы басқа әлеуметтік өкіл топтарының қатысуына әсер етеді.
Этностық бірліктің тілі мен жазуы оның окілдерінің ойлау ерекшеліктерін жоәне дүниетанымының кеңдігін, түрлілігін, өз өмірінің ерекшеліктеріне көзқарасын анықтайды.
Ұлттық-психологиялық ерекшелік мазмұны
Ұлттық арақатынастағы ерекшелік - түрлі этностық бірлік өкілдерінің және топтардың қарым-қатынасы мен тұлғааралық қатынас.
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер мотивациясы нақты этностық бірлік өкілдерінің іс-әрекетінің бағыттылығына, мінез-құлық мотивациясының көрінісіне және арнайы қызметіне себепші болады. Олар - мына қасиеттер: жұмысқа қабілеттілігі, іскерлігі, табандылығы, бағыныштылығы, ынта-дәрежесі, ынта-ықыласы жәнс т.б. Бұл үшін, мысалы, жұмысқа қабілеттілік тек бір адамға ғана тән, ал табандылық бәрінде болады деп айтуға болмайды. Бірінші, екінші қасиеттер - адамгершілік қасиеттері, сондықтан бұл айтылған қасиеттер барлық адамдардың бойынан табылады, тек кейбір басты ерекшеліктерінің бірі айқын деңгейде көрінеді, яғни тек нақты тұлғалық бірлік өкілдерінің ерекшелігін атап өтуге болады. Мысалы, орыстармен салыстырғанда украиндықтардың еңбекке қабілеттілігі көп мөлшерде көрінеді, әрдайым үлкен белсенділік пен табандылық серіктес болып отырады.
Ұлттық-психологиялық ақыл-ой, танымдық қабілеттері нақты этностық бірлік өкілдерінің айрықша ақыл-ой, танымдық белсенділігін анықтайды. Мұңдай мінездің ерекше үйлссімділігі -логикаға сүйему деңгейі мен абстрактілі ойлаудың тереңдігі, ойлау операциясының жылдамдығы, ойлау іс-әрекетін ұйымдастыру ерекшелігі, т.б. Бірінші жағынан, бұл сондай-ақ, қабылдау таңдамалылығы, белсенділігі, тұтастығы, тереңдігі, елестстудің оперативтілігі және толықтығы, қиялдың айқындығы мен нақтылығы, екінші жағынан, ақыл-ой белсенділігінің түрлілігіне себепші болады және түрлі адамдар өкілдерінің танымдық ойлау әрекетінің сипатын тудырады. Мысалы, француздарда тума ақыл-ой шығармашылығы және математикалық ойлау қабілеті жоғары дәрежеде байқалады, ағылшындардың әлемді жоғары ақыл-ой деңгейімен қабылдау қабілеті жоғары, ойлау операциясының жылдамдығы әлсіз, олар абстрактілі қорытындыларға жоқ және бас пайдасына көп көңіл бөледі. Кейбір Азия және Африка халықтарының ақыл-ойында тежелулер кездеседі.
Эмоционалдық-еріктік ұлттық-психологиялық ерекшеліктер нақты этностық бірлік өкілдерінің эмоционалдық және ерік процестерінің көріністерін қамтиды. Мысалы, немістер мен ағылшындарда ұстамдылық пен интроверттілік басым екені белгілі, ирландиялықтар мен франңуздарда қозу және қызуқандылық басым, зерттеушілердің айтуынша, қытайлықтар, эстондықтар, ағылшыңдар тұрақтылық пен ерік процестерінің басымдығымен ерекшеленеді. Ал ұзаққа созылған ерік-жігер жапоңдықтарда, еврейлерде, түріктерде басымырақ.
Ұлттық-психологиялық коммуникативті мінез-құлық ерекшеліктері түрлі этностық бірлік өкілдерінің топтармен қатынасын және тұлғааралық қатынасты, ұлттық ерекшеліктерін сипаттайды.
6 бөлім. Әлеуметтік психологиядағы қолданбалы
зерттеулердің негізгі бағыттары.
20 тақырып. Әлеуметтік психологиядағы теориялық және қолданбалы білімдердің ара-қатынасы.
Жоспары:
1. Қазіргі кезде қолданбалы әлеуметтік психологиялық зерттеулерге деген қызығушылықтың артуы.
2. Әлеуметтік психологиядағы қолданбалы зерттеулердің негізгі аймақтары:
а) Бірлестіктегі әлеуметтік психология; ә) бұқаралық коммуникация жүйесінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері (БКЖ); б) құқыққа қарсы жүріс-тұрыстың әлеуметтік-психологиялық аспектілері; в) жанұя қызметінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; г) жарнаманың әлеуметтік психологиясы; ғ) басқару мен менеджменттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; д) ЖОО мен мектептегі әлеуметтік-психологиялық қызмет; е) шығармашылық пен өнердің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; ж) саясаттың және т.б. әлеуметтік психологиялық аспектілері.
3. Қолданбалы психологиялық зерттеулерді орталықтандыру үшін психологиялық қызметті ұйымдастыру.
4. Психологиялық қызмет іс-әрекеттеріндегі әлеуметтік психологияның орны.
Әлеументтік психология, жалпы психологиядағы «жеке тұлға» анықтамасына сүйене отырып, жеке тұлға бір жағынан, қандай нақты топтарда әлеументтік әсерлерді қалай игеретіні, екінші жағынан қандай нақты топтарда өзінің әлеументтік психологияның негізгі бағдары: жеке тұлғаның топпен қарым-қатынасында, немесе жеке адамды топ мүшесі ретінде қарастыру. Әлеументтік психологтар адамдардың көбісі бір-бірін қалай бағалайды, бір-біріне қалай әсер етеді, әлеументтік жағдайлардың ықпалы көптеген адамдарды адамгершіліктікнемесе қатыгездік көрсетуге қалай итермелейді,қалайша адамдар келісімпаз немес тәуелсіз болады деген сұрақтарға жауаптар іздестіреді. Егер де әлеументтік психологияда жеке тұлғаны таладудыңтүйіні-оның топпен әсерлесуі болса, онда ең алдымен қоғамның жеке тұлғаға әсері қандай топтар арқылы іске асырылатын анықтау қажет. Ол үшін жеке адам даму барысында қандай микро-, макроортада болғаны қарастыру керек. Яғни, әлеументтік психологияның дәстүрлі тіліне жэүгінсек, бұл-әлеументтану проблемасы. Екінші жағынан, егер де жеке тұлғаны қалыптастырудағы әсер етуші жүйелер қарастырылса, онда нәтиже қандай болады, жеке тұлға басқалармен белсенді қарым-қатынасқа түскенде өзін қалай ұстайды, немесе оның әлеументтік бағдары қандай екенін қарастыру қажет.
Осы екі бағыт та әлеументтік психология ғылымының жалпы қисынынан туындайды және де осы бағытта әлеументтік психологтар тарапынан көптеген эксперименттік зерттеулер жүргізілген (әсіресе, шет елдік ғалымдардың жетістіктері қомақты). Қазіргі кезде үшінші бағыт-жеке тұлғаның әлеументтік-психологиялық сапаларын талдау проблемасы да туындап отыр.
Қоғам психологиясы
Жүйе құрастыратын қабат қоғам психологиясының сапалық ерекшеліктерін білдіреді және оның тұтастығының негізгі ерекшелігін анықтайды. Бұл қабат консервативтіліктің және өзгерістерді ң қиындығына, ұзақ тарихи тәжірибелер мен тұжырымдарға қатты берілген. Оларға қоғамның қызығушылығы, қажеттілігі, сенімі, мұраттары, есі, нанымдары, дәстүрі, салттары, қоғам пікірлерінің ауысуы, көңіл-күйі, шешімдері, т.б. жатады.
Қоғамдық сана – әлеуметтік болмыс пен тұрмысқа, қоршаған әлемге индивидтің сапалы түрдегі түсінігі мен қатынасы. Олар техника және ғылым жетістіктерінде, идеологияда, қоғамдық пікірлерде, мойынсұнатын мінез-құлық нормаларында, қоғамдық мұраттарда, сенім-нанымдарда, құнды ақыл- ойларда (мақал-мәтелдерде), түсіну көрсеткіштері мен оқиғаларды бағалауда, жалпы негізгі түсініктер жүйесінде көрінеді.
Қоғамдық өзіндік сана – халықтың қоғам ретінде психологиялық өзін- өзі теңестіруі, бұл ьбасқа мемлекет халықтарына қарағанда өзінің тұтастығымен ерекшелігімен сипатталады. Тағдыры мен өз өмірінің ұқсастығы, өзінің күшті және әлсіз жақтарына, қоғамдық қажеттіліетері мен қызығушылықтарына өзіндік баға беруі.
Психологиялық- рухани мәдениет халықтың мүмкіндіктері мен рухани күштерінің тарихи даму деңгейімен,құндылық мәдениеті,қатынастары,мінез-құлық нормалары,ойлары,адамгершілігі,тәрбиелілігі,тілі,ұлттықбелгілері(туы,әнұраны,елтаңбасы,жалауы,дәстүрі,салты,рәміздері),өнер мәдениеті,әлеуметтік,саяси,құқықтық,т.б.компоненттерімен анықталады.
Халық ділі (ментолитет) – тарихи қалыптасқан психологиялық ойлау тәсілі,ойлау бейнесі,бағалары,рухани бағыттары,әдеттегі әлеуметтік қызығушылықтары мен талғамдары.
Қорытынды
Қоғамдағы әлеуметтік психологиялық хал-ахуал – халықтың өміріне және іс-әрекетіне,оның топтарына қолайлы немесе қолайсыз қоғамдық психологияның көріністері.
Қоғамдық белсенділік – әлеуметтік тұрғыдан бағаланатын және топтың немесе тұлғаның қызығушылықтарын,бағыттылығын қамтамасыз ететін халықтың мінез-құлқының шынайы тәжірибесі.
Әлеуметтік топтар мынадай топтарға жіктеледі: Үлкен топтар ,орта топтар,шағын топтар, микротоптар, ұйымдасқан топтар,ұйымдаспаған топтар,формалды емес (ресми емес) топтар,ресми топтар,әлсіз дамыған топтар,жоғары дамыған топтар, референттік топтар.
Әлуметтік шағын топтардың әлеуметтік – психологиялық ұйымдастырылуы мынадай түрде болады:
Шағын топ,шартты топ, нақты топтардағы, ресми топтарға, бейресми топтар, әлсіз дамыған топтар,дамуы жоғары топтар,диффузиялық топтар – (лат.diffusio – сейілу, төгіліп-жойылу),
ұжым, референттік топтар, референттік емес топтар
Әлеуметтік ірі топтардың ұйымдастырылуы Үлкен топ дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік нышандары, топтық қатыстылығы, жасы, жынысы, ұлты және тағы басқа белгілері негізінде сараланатын, адам саны жағынан шектелмеген шартты қауымдастық.
Әлеуметтік үлкен топтар – бұл адамдардың қауымдастығы, шағын топтарға қарағанда олар өкілдерінің арасындағы тұрақты әлсіз байланыстарының болуымен ерекшеленеді, бірақ көбіне ұйымшылдығы мен бірлігі кем емес, кейде күшейеді, сондықтан қоғам өміріне тигізетін әсері мол.
Этнопсихологияда әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этносын, өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттеу үлкен рөл атқарады.
Әлеуметтік – психологиялық зерттеулерде үлкен топтардың сипаттамаларын беруде қиыншылықтарға кездесуге болады. Таптардың, ұлттардың және тағы басқа топтардың психологиялық ерекшелігін зерттеудің жоқтығы көптеген қарама-қайшылықтарға әкеледі. Мұнан кейде үлкен топтардың психологиясын зерттеуде ғылыми талдау жасау мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Г.Г.Дилигенскйдің қарастыруынша, үлкен топтардың психологиясы әлеуметтіу психология мәселелерімен қатар қойылған.
