- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
1. Топ бірлескен іс-әрекет субъектісі ретінде (Г.М.Андреева, А.В.Петровский т.б.).
2. Жетекшілік пен лидерлік топтың өмірлік іс-әрекеті процестерін басқару феномені ретінде.
3. Лидерлік табиғатын әлеуметтік-психологиялық зерттеудің негізгі бағыттары.
4. Менеджменттің әлеуметті-психологиялық аспектілері.
5. Топтың шешім қабылдау процесі.
6. «Топтардың поляризациясы» құбылысы.
7. Топтық пікірталас, «брейнсторминг» топтық шешім қабылдау тиімділігін арттыру әдісі ретінде.
8. Шағын топ типтері мен олардың тиімділік критерийлері.
Кеңес ғылымында ұжымды зерттеу тарихы.
Кеңес үкіметінің өмір сүруінің алғашқы күнінен бастап социалистік ұжымның маңызы негізгі мәселе болды, сондықтан оны зерттеу Ұлы қазан төңкерісінен кейін ғана жүре бастады. 20-шы жылдары әлеуметтік психологияның даму ерекшеліктеріне байланысты ұжымды зерттеу әлуметтік-психологиялық ғылымның арнаулы саласында емес, ең алдымен педагогика ғылымы саласында едеуір жемісті жүрді. Осыған байланысты тек әлуметтік психологияға ғана қатысты көптеген мәселелер туындады. 30-шы жылдары Н.К. Крупская және А.С. Макаренко еңбектерінде ұжымның педагогикалық мәселелерімен қатар әлеуметтік психологиялық зерттеудің сол арнаулы аспектісі нақты ашық көрсетілген.
А.С. Макаренко К.Маркс жасап берген әдіснамалық негізге сүйенеді. Сондықтан ол үшін ұжымның ең басты белгісі кезкелген бірлескен әрекет емес, қоғам талабына жауап беретін әлуметтік позитивтік бірлескен әрекет. Мокаренконың пікірінше: «Ұжым қоғамға пайда келтіретін міндетке ғана адамдарды біріктіретін болса ғана ұжым болады».
Сондықтан ерекше топ ретінде ұжымның бірінші белгісі оның бағыттылығы болып табылады. Ұжымның осы бағыттылығы оған кіретін адамдардың ерекше сапасы, мақсатқа ұмтылуды қамтамасыз етеді.
А.С. Макаренко ұжымда қарым-қатынас ерекше қасиетке ие екенін атап көрсетті: «жолдастың жолдасқа қатынасы мәселесі - бұл достық емес, махаббат та емес, ол жауапты тәуелділік мәселесі». «Жауапты тәуелділік қатынас» ең алдымен бірлескен әрекет негізінде қалыптасатын қатынас.
Ұжым – топтық әрекеттің қоғамдық құнды мазмұны бар және жеке мағыналық қарым-қатынасы.
Топ мүшелері үшін маңызды мағыналық, оның әлеуметтілігі, өзін-өзі өзектендіру және бекіту, сонымен қоса ұжым тәрізді сипатталатын, әлеуметтік-психологиялық дамудың жоғары деңгейінде тұрған топтың бірлескен әрекет үлгілеріне ие. Ол жоғарылығымен ерекшеленеді, жеке және қоғамдық мәнді мақсатқа жетуге ұмтылу бірлігі, формальді және формальді емес өзара бірлестік; әлеуметтік топтық құбылыс, жұмыстық және жолдастық қатынас, достықпен, өзара көмекпен, әрекетті бірлестікпен, ұжымдықпен, эмоционалды көңілмен, мүшелердің жоғары топтық идентификациялануымен, жеке қатынасты ұжымдықпен бірге ескеру шеберлігі, ұжымдағы мүшелер көңіл-күйлерінің қанағаттанушылығы. Ұжымда намыс, сыйлау қажеттілігі, оны сақтау және бекіту сезімі бар.
Ұжымның даму деңгейлері мен кезеңдері.
А.С.Макаренко топтың даму сатыларын сипаттай отырып ұжымның сатыларымен көтерілуін қалай қамтамасыз етуге болатынын анықтады. Ұжымның үздіксіз дамуының негізгі шарты қоғамдық маңызды мақсаттардың үздіксіз дамуы болып табылады.
Сонымен, А.С. Макаренко дамытқан ұжым концепциясында ұжым теориясының әлеуметтік-психологиялық мәселелері қойылды. Мәселені осылайша қою Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында болған түрлі механикалық ағымдарға, яғни, рефлексология немесе психологиядағы биологиялық редукционализмнің түрлеріне берілген соққы болды.
Бүгінде көптеген зерттеушілер ұжымның негізгі белгілерінің сипаттамасына келіседі.
Ұжымның белгілері:
1.Адамдардың әлеуметтік қолдау алған мақсаттарға жету үшін біріктірілуі.
2.Мұнда бірлесудің еріктік сипатынын болуы, бұл өз бетінше стихиялық бірігу емес, ол тек сыртқы жағдайлардың нұсқауынан ғана емес, оған кіретін индевид үшін ортақ әрекет негізінде белсенді құрылған қатынас жүйесі болады.
3.Ұжымның мәнді белгісі оның тұтастығы, ұжым әрқашан әрекет жүйесі ретінде көрінеді.
4.Ұжым өзінің мүшелерінің өзара қарым-қатынасынын ерекше формасы, ол жеке адамды ұжымның дамуымен бірге дамыту принціпін қамтамасыз етеді.
Ұжымның даму сатылары туралы идеяны алғаш ұсынған А.С. Макаренко болды. Қазіргі кезде әлеуметтік психологияда ұжымның даму сатылары мен деңгейлері туралы көптеген зерттулер жүргізілді, түрлі көзқарастар туды. Сондай концепциялардың бірін А.В. Петровский жасады. Ол топты үш сатыдан тұрады деп атап көрсетті.
1-ші сатыда эмоцианалдық жағдайға негізделген адамдардың тікелей қарым-қатынасы.
2-ші сатыда осы қатынастар бірлескен әрекетпен ұштасады.
3-ші сатыда топтық әрекеттің ортақ мақсатын барлық топ мүшелері қабылдауына негізделген дамушы қатынас топтықядросы.
Кіші топтарда жетекшілік пен лидерлық мәселелері.
Әлеуметтік психологияда лидерлік және жетекшілік мәселесі негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Советтік әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерде «лидер» және «жетекші» ұғымдарының мазмұндарының айырмашылықтары айқын көрсетілген. Б.Д.Порыгин олардың мынадай айырмашылықтарын атады.
Лидер жеке адамдар арасындағы қатынастарды реттеу үшін алынады, ал жетекші әлеуметтік ұйымдардағы топтардың ресми қатынастарын реттейді.
Лидерлік микроортаның, ал жетекші макроортаның элементі.
Лидерлік өз бетінше стихиялы түрде пайда болады, ал жетекшілік сайлау немесе тағайындау жолымен, яғни стихиялы емес, мақсатқа бағытталған әлеуметтік құрылымның түрлі элементтерінің қадағалауымен жүзеге асады.
Лидерлік құбылыстың тұрақтылығы шамалы, себебі оның тұрақтылығы топтың көңіл-күйіне байланысты, ал жетекшілік анағұрлым тұрақты.
Қол астындағыларды басқаруда жетекшіде лидерге қарағанда белгілі бір әр түрлі санкциялар жүйесі бар, ал лидерде ондай құдірет жоқ.
Жетекшінің шешім қабылдауы анағұрлым күрделі және топқа қатысты болуы міндетті емес түрлі жағдайларға байланысты, ал лидер топқа неғұрлым тікелей қатысты шешімдерді қабылдайды.
Лидердің әрекет шеңбері – көбіне кіші топ, жетекшілік әрекет шеңбері анағұрлым кең, себебі ол кіші топты үлкен әлеуметтік жүйеде танытады.
Лидерлік стиль К.Левин ұсынысы бойынша 3 стильге бөлінеді :
1. Авторитарлық 2. Демократиялық 3. Либералдық
Басқару жүйесіндегі авторитарлы жетекші жұртпен санасып жатпайды, түрлі тәрбиелік шараларды өз атынан жүргізіп, шәкірттер инициятивасымен орындалған іске сенімсіздікпен қарайды.
Демократиялық типтегі жетекші ұжым мүшелерінің пікірлерімен есептесіп қана шешім қабылдайды. Жұрттың талаптары мен ұсыныстарын тыңдауды қалайды.
Жетекшіліктің үшінші бір типі либералдық деп аталады. Мұндай кісі ұжым ісіне аз араласады, кейде оларды бетімен жібереді. Ол көбіне басшылықты жүрдім – бардым жасайды. Әрине, мұндай жерде біркелкі жұмыс болмайды. Ұйымдастыру, басқару жұмысының шырқы бұзылады. Осының салдарынан ұжымда тәртіптілік, жинақылық, ширақтық жағы кем болады
