Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлекм пси ППП-115 кешенДокумент Microsoft Word...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.54 Mб
Скачать

16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:

  1. Шағын топтың пайда болуының объективті және субъективті себептері әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде.

  2. Әлеуметтік идентификация түсінігі.

  3. Топ дамушы жүйе ретінде. Топтың даму үлгілері (Б.Такмен, Г.Стенфорд,А.В.Петровский, Л.И.Уманский т.б.).

  4. Топ өмірлік іс-әрекетінің ішкі және сыртқы қайшылықтары оның даму көзі ретінде.

  5. Топтың психологиялық тұтастығы түсінігі (А.И.Донцов).

  6. Топтық динамика түсінігі.

  7. Топтағы интеграция және дифференциация түсінігі.

  8. Топтың «интеграциясы», «»тұтастығы «сиымдылығы», түсініктерінің ара-қатынасы.

  9. Отандық әлеуметтік психологиядағы ұжым мәселесі.

  10. Кіші топ, оларды анықтау.

Дәріс тезистері.

Кіші топ деп құрамы көп емес, мүшелері ортақ әлеуметтік әрекетпен біріктірілген және эмоционалдық қатысқа, топтық нормалар мен топтық даму процесіне негіз болатынтікелей қарым-қатынаста болатын топ.

Кіші топ әлеуметтік психология қарастыратын кез келген топтардың белгілеріне ие. Кіші топ белгілі бір қоғамдық қатынастар жүйесінде шынайы өмір сүретін, әлеуметтік әрекеттің нақты бір түрінің объектісі болатын, белгілі бір қоғамдық жүйенің звеносы ретінде, қоғамдық құрылымның бөлігі ретінде көрінетін топ. Мұнда үлкен топтардағыдай емес, қоғамдық қатынас тікелей қарым-қатынастар түрінде көрінеді.

Кіші топ бұл адамдар арасындағы кез келген қарым-қатынас емес, ол белгілі бір қоғамдық байланыстарды туғызатын, бірлескен әрекетке негіз болатын қарым-қатынас. Кіші топта 2-3 адамнан 30-40 адамға дейін құрамында болады. Кіші топқа 2-3 адамнан жанұяны, 30-40 адамнан тұратын өндіріс бригадасын жатқызамыз.

Әлеуметтік топтарды зерттеуде екі басты көзқарас болады-әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық. Әлеуметтік түрде басты көзқарас әр топтағы объектілі критерийді табуға арналған. Бұндай критерий болып қоғамдағы қарым-қатынас саналады.

Әлеуметтік психологиялық көзқарас әлеуметтік психологиялық құбылыстарды, процесстерді зерттеуге арналған. Топтардың белгілі бар қоғамдық түрге жатуы. Адамдардың бірлескен әрекетіне енетін топта қалыптасып, пайда бола-тын, процесстегі әлеуметтік-психологиялық құбылысты үйренуге әлеумет-тік-психологиялық көзқарас енеді. Топтағы адамдардың әрекет формасын және жалпы мазмұнын анықтайтын, сонымен бірге топтың психологиялық сипаттаманың жалпылығын анықтайтын, белгілі бір қоғамдық қатынастағы топқа енуіне қызмет ететін фактор.

Психологиялық топты сипаттағанда әрекет субъектісі болып табыла-тын ескеру керек, сондықтан, барлық ерекше әрекеттер содан көрініп тұрады өнімді бригада, туристік топ, спорттық команда, оқушыларға арналған сы-нып, т.б. өздерінше психологиялық өзгерген, бірақ әртүрлі болуына да, міндеттерді шешуге де қатысы бар. Сонымен, нақты топ құрамы өз ерекшелігін бір типті топ арасында анықтайды. Барлық студенттік топ психологиясы, мысалы, барлық студент-тік топ үшін жалпы бірнәрсе игереді, бірақ әрқайсысы бірдемесімен, кей-біреулері психологиялық турғыдан бір-бірінен ерекше.

Психологияда топты оның «құрылымы» байланыстырады – «ерін» құ-рылымы, ол жетекшілік және бағыну қатынасын бөледі, бірлескен әрекет қа-тынасындағы қарастырылған тәртіптегі құқық және оның мүшелерінің ара-сындағы қатынас, және, психологияға қалай әсер етуі туралы және топ мүшелері арасындағы ықпалы жөніндегі айтылу. Бірақта, әрекеттің сәйкестігі, шындық қатынас, міндеттер мен рольдің шын мәнісінде орындалуы, әртүрлі жеке-индивидуальді факторларға әсер ететін психологиядағы топ құрылымына өте маңызды пайда болу. Мұның бәрі арнайы қарастырылғаннан мәнді түрде ерекшеленуі мүмкін. Сондықтан, топ құрылымының формальді сипаттамасы тұлғааралық қатынас сипаттамасымен, мадақтаумен, мотивпен, топтық әрекетті бірлесіп орындаудағы толық жеке-индивидуалды көріністің есебімен толықтырылуы керек топты оптималды қалыптастыру үшін, сыртқы (арнайы) және ішкі (арнайы емес) өмір құрылымы және топ әрекетінің бір-бірімен сәйкес болуы өте қажет.

Топтың сипаттамасында ең маңызды рольді-топтық әлеуметтік-психо-логиялық процесс алады, ол топ әрекетін ұйымдастырады, әңгілемесу, қарым – қатынас, тұлғааралық қатынас, бедел, лидерлік және т.б.

Топ психологиясындағы сипаттаудың негізгі бөлігі индивидтің топтағы жағдайына қатысты. Осы жағдайға қатысы бар психологиялық феноменге, статус, позиция, роль, топтық күту жүйесі, топтық норма және санкция жатады.

Статус индивидтің топтық өмір жүйесіндегі орнын сипаттайды. Статусты өлшеу үшін кеңінен таралған социометрлік әдіс қолданылады. Бірақ оның көмегімен алынған мәліметтерді абсолюттеуге болмайды, әйтпесе индивидтің топтағы орны социометрлік статуспен ғана анықталмайды, басқалармен де көрсетіледі.

Позиция - индивидтің болып жатқан жағдайға деген көзқарасы, құндылығы, топтың бірлескен әрекет сұрағына жауап беретін жүйе. Егер статус топтың сәйкес құрылымымен беріліп объективті сипаттама алып жүрсе, онда позиция индивидтің топқа немесе әрекетке деген ішкі қатынасын көрсетеді, яғни, индивидуалды дара сипаттама.

Роль – тұлғадан күтетін, топта екі түрлі статус болатын, тәртіптің нормативті тәсілі.

Топтағы индивидтің жағдайын сипаттайтын жалғыз, маңызды компонент топтық күту – топтың әр мүшесінен оның позициясымен және топтағы роліне сәйкес белгілі бір сапалы функция, тапсырма, тәртіпті орындауды қажет етеді. Әр рольмен сәйкес күтілетін тәртіп үлгілері жүйесі арқылы топ, өз мүшелерінің әрекетін бақылайды. Топ арасындағы келіспеушілікте немесе оның қандай-да бір мүшесінің шын мәнісіндегі тәртібімен топтық норма немесе топтық снкция күшіне енеді.

Топтық норма өңделген, психологиялық негізгі феноменде анықталып, топқа қабылданған ережелер жазылған. Норманы идея, ереже, тәртіп эталоны, топ мүшелері не істеу керегін, берілген жағдайларда олардан қандай тәртіп күту керектігін анықтайтын топ мүшелерінің танымы деп анықтауға болады. Бірлескен әрекет мүмкін болсын десе, бұл нормаларға барлық топ мүшелерінің тәртібі бағынуы керек және олар регулятивті функцияны орындаулары қажет.

Топтық санкция – бұл топ өз мүшелерін норманы орындауға және бақылауға алатын, әлеуметтік-психологиялық құрам және механизм. Санкция бөгетті және кешірілуі, позитивті және негативті болуы мүмкін. Санкция жүйесі норманы бақылауды қамтамасыз етуүшін арналған. Олар әлеуметтік-психологиялық сипаттаманы игереді, бірақ күштіге де айналып кетеді. Олар талқылау, нақты индивидтің статус немесе ролін өзгерткенде, жасау және бедел, лидерлікте қамтылады.

Топтық әрекетте маңызды ролді моральдық- психологиялық қатынас алады, топта, процессте олардың қатысушыларының бірлескен әрекетін қалыптастырады. Бұл қатынастар оның эффектілігіне жағымды немесе жағымсыз әсер етуі мүмкін. Ұнамдысы, достық, серіктестік, өзара көмек, қолдау. Олар топтың жоғары дәрежелігін сипаттайды. Теріс әсер ететін қатынасқа, әртүрлі көзқарас, қарама-қарсылық, сенімсіздік, қызығушылық, карьеризм, конфликт және т.б.

Психологияда топтық норма және санкцияны қалыптастыруда әлеуметтік-психологиялық механизм және тұлға құралы белсенді орын алады, мұнда оқу құралының алғашқы екі бөлімі туралы айтылып тұр, көндіру, психологиялық қысым, идентификация, конформ және т.б.

Қоғамда кіші топтардың өте көптігі, әрі олардың сан алуандығы оларды терең зерттеуді талап етеді. Осыған байланысты оларды жіктеу қажеттігі тұрады. Қазіргі кезде елуге тарта жіктеу бар. Батыста кіші топтарды жіктеудің 3 түрі кеңінен тараған. Кіші топтар «бастапқы топ» және «екінші топтар» болып бөлінеді. іші топтарды «ресми топ» және «ресми емес топтар» деп бөледі. Мүшелік және референт топтар деп бөледі.

Кіші топтарды бастапқы және екінші деп бөлуді алғаш ұсынған американ зерттеушісі Ч. Кули болды. Алғашында Ч. Кули бастапқы топтарға сипаттаушы анықтама берді. Бастапқы топтарға ол жанұя, жолдастар тобын, жақын көршілер тобын жатқызды. Кейінірек Ч. Кули бастапқы топтарды басқаларынан ажыратып тұратын негізгі белгілерін ұсынады. Осындай белгі ретінде тікелей қарым-қатынасты атап көрсетті. Алайда бастапқы топпен кіші топтардың арасындағы айырмашылық жойылып кетті, сондықтан осылайша жіктеудің мәні жойылды.

Кіші топтарды жіктеу тарихындағы екінші жіктеу оларды ресми және ресми емес деп жіктеу болды. Мұны ұсынған американ зерттеушісі Э. Мэйо болды. Мэйо бойынша ресми топта топ мүшелерінің бағыттары анықталған. Осыған сәйкес топ мүшелерінің рөлдері, бағыну жүйесі қатаң бөлінген. Бұл топқа мысал ретінде белгілі бір нақты әрекет жағдайында құрылған кез келген топ бола алады. Мысалы, жұмысшылар тобы, мектеп сыныбы, спорт командасы т. б.

Жіктеудің үшінші түрі топты мүшелік және референттік топтар деп жіктейді. Оны алғаш 1942 жылы американ зерттеушісі Г. Хоймен енгізген. Ол референттік топ ұғымын ашты. Г. Хоймен эксперименті бойынша белгілі бір кіші топтың бір бөлігі бұл топқа тән емес басқа топтың мінез-құлық нормаларын басшылыққа алады. Индивид өзі сол топқа мүше емес, бірақ сол топтың нормасын қабылдаған топтарды референт топ деп атайды. М. Шериф еңбектерінде мүшелік топтар шынайы топтардан ерекшеленеді. Мұнда игндивид өз статусын басқа адамдардың статусымен салыстырады. Кейін Г. Келли референттік топ ұғымын талдауда олардың екі қызметін ашып көрсетеді: салыстырмалы және нормативті. Демек, референттік топ индивид үшін өз мінез – құлқын онымен салыстыру үшін немесе оны нормативтік бағалау үшін қажет деп атап көрсетті.