Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлекм пси ППП-115 кешенДокумент Microsoft Word...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.54 Mб
Скачать

4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.

14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:

1. Шағын топтың психологиялық мәселесін өңдеудің әлеуметтік-тарихи және нақты ғылыми алғы шарттары.

2. 20 ғасырдың 30-40 жылдары топтық фенрмендерді зерттеудің жетекші бағыттары.

3. Соғыстан кейінгі онжылдықта шағын топты психологиялық талдаудың жалпы сипаттамасы.

4. Зерттеудің қазіргі жағдайы және перспективасы.

5. Шағын топ дефинициясы.

6. Шағын топтардың жіктелуі.

7. Шағын топ психологиясын зерттеудің негізгі теориялық бағдарлары (бекіту теориясы, интеракционизм, өріс теориясы, психоаналитикалық бағдар, социометриялық бағдар, іс-әрекет бағыты, жүйе теориясы).

8. Топтық құбылыстарды зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы.

Әлеуметтік психологиядағы топтар проблемасы тек әлеуметтік психология ғана емес, социологияныңда маңызды мәселесі. Социологиялық зерттеулерде негізінен шартты топтар ұғымы қолданылады (статистика, демографиялық зерттеулер, т.б.).

Әлеуметтік психологияда әртүрлі бірлескен іс-әрекетте болатын, немесе бірыңғай жағдайларда топтасқан бірлестіктерде, адамдардың өздерінің осы бірлестік мүшесі деп сезінуі ретінде деп түсінуге болады. Әртүрлі әлеуметтік функцияларды орындауда, адам көптеген әлеуметтік топтар мүшесі ретінде, осы топтардың (қиылысуында) әсерімен қалыптасады. Жеке тұлға көптеген топтардың көзқарастар, нормалар және құндылықтар жүйесіне енгізіледі. Сондықтан да осылардың бірлескен әсері қалай іске асырылатынын, адам санасына қандай ықпал ететінін анықтау маңызды. Осы орайда психологиялық тұрғыдан адам үшін топтың мәні неде деген сұраққа жауап беру үшін, әрі әлеуметтік, әрі психологиялық тұрғыны қарастыру қажет.

Әлеуметтік тұрғыдан ең негізгісі-топтардың бір-бірінен өзгешеліктерінің объективті көрсеткіштерін діни, этникалық және саяси сипаттамаларынан көруге болады. Әрбір әлеуметтік жүйе үшін негізгі көрсеткішті таңдап алу маңызды. Осындай объективті көрсеткіш тұрғысынан әлеуметтану (социология) әрбір әлеуметтік топты қарастырып, оның қоғаммен, соған кіретін жеке тұлғамен сәйкестігін талдайды.

Әлеуметтік психология әлеуметтік және «жалпыпсихологиялық» тұрғыны біріктіруі қажет. Яғни, нақты әлеуметтік топтарға топтастырылған адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттеу, осындай топтардың мазмұндық сипаттамасын, нақты әлеуметтік топтарға мазмұндылық сипаттамасын, нақты әлеуметтік топтың жеке тұлғаға әсер етуінің ерекшеліктерін анықтаумен айналысады. Андрееваның көзқарасынша, топ белгілі бір іс-әрекет жүйесі, сондықтан да нақты бір іс-әрекет субъектісі ретінде көрініп, сол арқылы қоғамдық қатынастарға кіргізілген.

Әлеуметтік топтарға талдау жасау үшін, топтардың әлеуметтік талдамасына сүйене отырып, әрбір топтың психологиялық сипаттамасын, оның әрбір топтың жеке мүшесіне маңызын сипаттауға болады.

Топтың іс-әрекетінің бірлігі, сол топтың психологиялық сипатының да бірлігін тудырады, оны «топтық сана» деп атауға болады.

Топтардың психологиялық сипаттамаларына: топтық қызығулар, топтық қажеттіліктер, тптық нормалар, топтық құндылықтар, топтық пікір, тпотық мақсаттарды жатқызады. Топтың дамуы мен оның адам қоғамы тарихындағы ролін таллдауда (Поршнев, 1966), топтың негізгі таза психологиялық сипаттамасы «біз-сезімі». Яғни қауымдастықты психикалық тұрғыдан топтастыратын кешенді принцип, «біз» деген топтық құрылымға кіретіниндивидтердің, «олар» топтық құрылымынан өздерін ажырата білуі.

Қазіргі кездегі көзқарастарға сай, қарапайым топтық параметрлерге: топтың құрамы, топ құрылымы, топтық процесстер, топтық нормалар мен құндылықтар, санкциялық (жазалаушылық) жүйелері жатады.

Топтарды зерттеуде топ мүшесі ретіндегі индивидтің орны да топтарды зерттеуде өте маңызды. Бұл жағдайда қолданылатын негізгі терминдер арқылы: «статус», «позиция», немесе индивидтің топтық өмірдегі орны анықталады. Кейде бұл терминдер синоним ретінде қолданылады.

Индивидтің топтағы сипаттамасының бір компоненті «топтық күтінулер» жүйесі. Бұл терминнің маңызы, әрбір топ мүшесі кез келген бір функцияны атқарушы ғана емес, міндетті түрде басқа адамдардың оны қабылдауы мен бағалайтындығында. Сол арқылы топ (мінез-құлықтың күтілетін жағдайларының жүйесі) әрбір мүшесінің іс-әрекетін қадағалай алады. Кейбірде күтінулер мен топ мүшесінің ролді орындауының арасында сәйкессіздік туындайды. Күтінулер жүйесін нақты анықтау үшін топ ішінде тағы да екі құрылым: топтық норма мен топтық санкциялар болады. Барлық топтық нормалар, әлеуметтік нормалар да болып табылады.

Топтық нормалар-топтың өзі құрастырған және қабылдаған белгілі бір ережелері, топ ішіндегі бірлескен іс-әрекет іске асырылуы үшін, әрбір топ мүшесі сол ережелерге бағынуы қажет. Яғни, нормалар іс-әрекетті реттейтін функцияны атқарады. Топтық нормалар топтық құндылықтармен де байланысты. Әрбір әлеуметтік топтардың құндылықтары әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан нормалар міндетті түрде топтық құндылықтарға негізделеді.

Топтарды жіктеу.

Дәріс тезистері.

Әлеуметтік психология үшін топтарды шартты және нақтыларға болу маңызды. Нақты топтар ішінде негізінен жалпыпсихологиялық зерттеулерде қолданылатын нақты лабораториялық топтар болып табылады. Олардан бөлек нақты табиғи топтар да бар. Әлеуметтік психологияда нақты табиғи топтардың маңызы басым. Осы нақты табиғи топтар «үлкен» және «шағын» топтар болып бөлінеді. Шағын топтар әлеуметтік психологияда көп зерттелгеннысана. Үлкен топтарды зерттеу күрделірек, сондықтан да, оларды айрықша қарастыру қажет. Әлеуметтік психологиядағы осы үлкен топтардың өзінің де зерттелуі әртүрлі деңгейде. Мәселен, үлкен, ұйымдаспаған, өз бетімен пайда болған топтарды зерттеу көп қолға алынған болса, керісінше, ұйымдасқан, ұзақ уақыт өмір сүретін топтар, мысалы, таптар, ұлттар сияқтылар тым аз зерттелген. Әрине оларды да әлеуметтік психология зерттеу нысанасына айналдыруы қажет.

«Нақты табиғи» топтардан бастап, содан кейінгі барлық топтар, әлеуметтік психологияның зерттеу нысаны. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен өзара әсер заңдылықтары нақты топтарға байланысты қарастырылуы тиіс.