- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
Тұлғараалық кикілжің түсінігі.
Тұлғааралық кикілжіңдердің мотивациялық және когнитивтік тұжырымдамаларыының жалпы сипаттамасы.
Кикілжіңді жүріс-тұрыс және объективті кикілжіңді ситуация.
Тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы мен динамикасы.
Кикілжіңді өзара әрекеттестіктің шығуы мен стратегиялары.
Тұлғааралық кикілжіңнің конструктивті және деструктивті қызметтері.
Кикілжіңнің пайда болуы, өтуі және шешілуіндегі «үшінші адам» рөлі.
Тұлғааралық кикілжіңді шешу мен реттеудің тәсілдері.
Келіссөз кикілжіңді шешу тәсілі ретінде.
Келіссөздерді жүргізу мен даярлау «технологиясы».
Келіссөз жүргізудің негізгі әдістері. Келіссөз процесіндегі делдалдық
Дау-дамайдың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы
Психологиялық тұрғыдан алғанда дау-дамай (конфликт)
адамдардың санасындағы, қатынастарындағы жағымсыз сезімдермен байланысты қарама - қарсы бағыттардың тоғысуы.
Дау-дамайлық қатынастар мен әрекеттердің негізінде бір-бірімен сәйкес емес, бір мезгілде жүзеге аса алмайтын қызығушылықтар, қажеттіліктер, құндылықтар жатады.
Дау-дамайдың түрлері: тұлғаішіндік адам (өзімен-өзі келіспейді), тұлғааралық (екі адам арасында), топаралық (екі топ арасында), тік (бастық пен қызметкер арасында), көлденең (әріптестер арасында). Субъективті себептерді былай қойып, объективті қайшылық болған кезде де дау-дамайға қатысушылардың психологиялық хал-ахуалы төмендейді, жағымсыз сезімдері туады.
Дай-дамайдың себептерін, құрылымын, дамуын және қызметін қарастырайық.
5. Дау-дамайдың құрылымы және дамуы
Дау-дамайдың психологиялық құрылымын екі ұғым: "дау-дамай жағдаяты" және "инцидент'" арқылы түсінугс болады.
Дау-дамай жағдаяты дау-дамайдың нақтылы негізі, екі жақтың қызығушылығы мен қажеттілігі арасындағы нақтылы қайшылық. Бұл әлі дау-дамайдың өзі емес, нақтылы болмыстағы қайшылықты ұзаққа дейін бірлескен әрекетке қатысушылар саналы түрде қабылдамай жүре береді.
Инцидент - дау-дамай жағдаятын саналы түрде түсіну.
Дау-дамайдың құрылымы:
Дау-дамай жақтары дау-дамай нысанасы дау-дамай жақтары
Сызбада көрсетілгендей, әр дау-дамайдың нысанасы (даудың себебі болған нақтылы не идеалды зат) және жақтары (жеке адамдар не топтар) болады.
Дау-дамайға қатысушылардың ішкі және сыртқы позициясын ажырату керек. Сыртқы позиция - қарсыластарға ашық жарияланатын дау-дамайға қатысудың себебі. Ішкі позиция - дау-дамайға қатысудың шынайы себебі, даулы іс-әрекетке кірісуге түрткі болған қызығушылықтар, құндылықтар, мотивтер. Сыртқы және ішкі позициялар біріне-бірі сәйкес болмауы да мүмкін. Көбінесе, ішкі себептерді адамның өзі де сезінбейді, олар адамның бейсанасында ұялайды. Алдын-ала айтсақ, ішкі мотинтерді санамен сезу - дау-дамайды шешудің алғышарты.
Мысалы, ересектер мен жасөспірімдер арасындағы дау-дамайлар. Жеткіншектің агрессиясының себебі - өзі саналы түрдс түсінбесе де, жеке тұлғасын бағалауды, өзіне құрметпен қарауды талап етуі.
Дау-дамайға қатысушылар үшін дау-дамайдың бар екендігі инцидент пайда болған кезде түсінікті болады. Сонымен, инцидент өзара әрекетке қатысушылар өздерінің қызығушылықтары мен мақсаттары арасыңдағы объективті қайшылықты түсінген сәт.
Инциденттің ашық және жасырынды түрлері болады. Жасырынды инцидент қатысушылардың санасына жеткенімен олардың нақты қатынастары мен қимылдарында ешқандай көрініс таппайды. Ашық инцидент дегеніміз қатысушылардың бірқатар өзара ерегісі, жанжалдары.
Отбасыда, бастауыш мектепте балалар үлкендерге қарсы шыға алмағандықтан, іштей наразылыққа, қарсылыққа толып жүреді. Ашықтан ашық сезімдерін білдірмеген баланың ішкі күйзелістері оның денсаулығына, көңіл-күйіне, жетістіктеріне жаман әсер ететіні сөзсіз.
Дау-дамайдын даму сатылары:
I саты - нақтылы дау-дамай жағдаятының пайда болуы,
II саты - дау-дамайды санамен қабылдау,
III саты - дау-дамайлық іс-әрекеттер.
IV саты - дау-дамайдың шешлуі.
Сызбада көрсетілгендей, дау-дамай оған қатысушылардың мақсаттарында объективті қайшылық пайда болғанда басталып, объективті қайшылықты санамен қабылдағанда жалғасып, дау-дамайлық әрекеттерден өтіп белгілі шешімге жетіп аяқталады.
Екі өтпелі саты кейде болмайды да. Пайда болған дау-дамай санаға не іс-әрекетке жетпей-ақ оз шешімін табады. Бірақ, көбінесе дау-дамай барлық сатылардан өтеді.
Дау-дамайльіқ іс-әрекеттер___сатысында оның барлық
құрылымдық жақтары да дамиды. Дау-дамай нысанасы кеңейіп, бір саладан басқа салаға таралады. Мысалы, іскерлік қатынастардан жеке тұлғалық қатынастарға. Дау-
дамайға қатысушылардың қатары да кеңейіп кетеді: туған-туысқандар, әріптестер т.б. Жеке тұлғалық дау-дамай топаралық дау-дамайға айналып кетеді.
2. Дау-дамай шешілуінің сипаттамасы
Дау-дамайды шешудің екі негізгі жолы бар: инцидентті өшіру және дау-дамай жағдаятын тарату.
Инцидентті өшірудің бірнеше әдістері бар.
Бір жақтың ұтысын қамтамасыз ету. Екінші жақ келіссе, бұл даудың аяқталғаны. Бірақ тіршілікте керісінше болуы әбден мүмкін, сондықтан мұндай шара - уақытша болып, келесі инцидентте өрши түседі. Мысалы, вендетта - "жанға жан, қанға - қан".
Алдау арқылы, өтіріктің көмегімен дауды басу, сөйтіп, мәселені шешу үшін уақыт ұту. Дискотекадан қайтқан студент шешесінін "неге үйге кеш келдің?" сұрағына сөгіс алмау үшін "кітапханада болдым" деп алдай салады.
Дау-дамай жағдаятын таратудың әдістері:
Қатысушыларды бір-бірінен кеңістікте екі жаққа толық ажырату. Мысалы, ажырасқан жұбайлар бөлек пәтерлерде тұратындықтан, енді жанжалдаспайды. Бірақ, бұл дау-дамайдың толық шешілмегендігінен (ішкі сезімдер өзгермейді) әрі жүзеге асырылуы (мұғалімді не шәкіртті басқа сыныпқа, мектепке көшіру оңай емес) қиын болғандығынан күрделі жол.
Жағдайды іштей басқа көзқараспен қабылдау. Қатысушылардың рухани құндылықтары өзгеріп, көзқарастары өзгеріп, дау-дамайдың нысанасын мүлдем өзгеше түсініп, өзара қарым-қатынастары жақсарады. Мұғаліммен айтыспау үшін студент үйінен ертерек шығып, сабаққа кешікпей келеді. Әйелін ренжітпеу үшін күйеуі жұмыстан кешікпей келеді. Ал, әйелі жанжал көтермеу үшін күйеуіне қоятын талаптарын азайтады, достарымен уақыт өткізуге мүмкіндік береді. "Дүние өзгермесе - өзің өзгер". Бұл өте күрделі психологиялық құбылыс болғандықтан ол үшін психологтың жәрдемі керек. Отбасылық, жұбайлық дауларды шешудің ең тиімді жолы.
Тікетірестсн ынтымақтастыққа көшу. Іскерлік саладағы дауларды шешудің әдісі. Қарама-қайшылықтарды азайтып, ортақ мақсаттарды үлғайтьш келісімге келу жолы. Осы жерде делдал (билік өнерді меңгерген адам) қызметі өте маңызды болады.
3. Дау-дамайдың қызметтері
Дау-дамайды адамдар жағымсыз сезімдермен байланыстырып, одан қалай да болса тезірек құтылудың амалын іздейді. Бірақ, дау-дамайдың тек қана жағымсыз емес, жағымды да қызметі бар.
Дау-дамайдың жағымсыз, бұзу қызметтері:
-бірлескен іс-әрекетті бұзу,
-адами арақатынастарды жамандату,
-денсаулықты, көңілді төмендету.
Дау-дамайдың жағымды, құру қызметтері:
-жеке тұлғаның, топтың, тұлғааралық қатынастардың дамуының, өзара әрекеттердің жаңа түріне, әдісінс өтудің қайнар көзі,
-топты іріткен факторлардан арылу, тұлға мен топты тоқыраудан құтқару, дамыту,
-қатысушылардың өзара түсінушілігін, денсаулығын арттыру.
Сонымен, дау-дамай жаман емес, оны реттей алмайтын адам жаман!
4. Дау-дамайдың алдын алу
Дау-дамайларды пайда болған сәтте-ақ шешуге болады, ол үшін осы топты, ұжымды құрастыратын адамдар арасындағы байланыстарды және қатынастарды жүйелі түрде терең талдап тұру қажет. Енгізіліп жатқан өзгерістердің салдарын алдын-ала ойластыру да дау-дамайды игеру жолы. Ол адам өз сөздері мен қадамдарын жан-жақты тексеріп алса - дау-дамайдың шиеленісуі жоқтың қасы болар еді.
Дау-дамайдың алдын-алудың өз қағидалары бар. Алдымен, оның шығу себептерін ашу керек. Дау-дамайдың қайнар көздерін ұйымдастыру, арақатынас, даугенді (жанжалкеш) тұлға.
Дау-дамайдың ұйымдастыру себептері - ұжымдарда өндірісті, мектептерде оқу-тәрбиені ұйымдастыру барысындағы олқылықтары. Мысалы, мектепте дау-дамайдың ұйымдастыру себептеріне келісімсіз сабақ кестесі, талаптардың біркелкіліксіздігі, күн тәртібінің кемшіліктері, мұғалім таңдаудың нашарлығы, асхананың болмауы т.с.с. Әсіресе, 1, 9, 11 сыныптарда оқу ішкі дау-дамайларға толы.
Дау-дамайдың арақатынас себептері адамдардың билікке таласуы, біріне бірі қоятын қарама-қарсы талаптары, әміршіл тәсілдермен бағындыруы, "екіжүзді" моральды қолдануы. Дау-дамайдың жанжалкеш тұлғалық себептері - ішкі дүниесі қайшылықтарға басым адам жүрген жерінде ұрыс, ерегіс, жанжалдардың қайнар көзі болады. Оған тумысынан дау-дамайдың гені берілгендей. Ондай адамды қалай тануға болады? Даугенді адамның қасиеттері:
- көтеріңкі не түсіңкі өзіндік баға,
- үстемдікке ұмтылу,
- бірқалыпты ойлау,
- асып кеткен шыншылдық, бірбеткейлік,
- жағымсыз сезімдср жиынтығы (үрей, ашу, ыза, қорқыныш).
5. Даү-дамайдьі. шешудің ережелері:
- Даудың жақсы шешілуін қалайсыз ба?
- Өз сезімдеріңізді жақсылап игере аласыз ба?
- Қарсыласыңыздың орнында өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Делдал, араша керек пе?
- Ортақ тілді қалай табуға болады?
Осы сұрақтарға жауап тапқан адам өз өміріндегі дау-дамайларды азайтып, жаңаларына жол бермейді. Қорыта айтқанда, қатысушылардың психологиялық ұстанымдарында, қарым-қатынастарында, ұйымдастыру барысында, болашақтағы дау-дамайларға дайын болғанда дау-дамай нәтижелі шешілді дей аламыз.
Жоғарыда қарым - қатынасдың мән-мағынасын, түрлерін, қызметтерін қарастырдық. Өмірде осы теориялық білімдер Сіздерге, құрметті оқырмандар, өз пайдасын тигізер деген үміттеміз.Д
