Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлекм пси ППП-115 кешенДокумент Microsoft Word...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.54 Mб
Скачать

Тұлғааралық қарым – қатынас

Бір адамның басқа адамды қабылдауы қарым-қатынастың негізгі бөлімі болып табылады да, перцепция деп аталады.Адам қарым қатынасқа тұлға ретінде түсетіндіктен, оны басқа адамдар да тұлға деп қабылдайды. С.Л.Рубинштейннің айтуынша, біз жүріс – тұрыстың сыртқы жақтарының негізінде басқа адамның ерекшеліктерін білеміз. Қарым – қатынас барысындағы әр түрлі әсерлер реттегіш рөлін атқарады.Себебі, біріншіден, адам басқа адамды тану барысында өзін – өзі таниды. Екіншіден, адамды жақсы түсінгендіктен, олардың біріккен әрекеттері өте жақсы жүзеге асады .Алайда қарым қатынасқа екі адам қатысады әр қайсысы белсенді субъект болып табылады. Демек , қарым – қатынасқа түсуші адамдар бір – біріне өздерін сәйкестендіреді. Өзара әрекеттесу стратегиясын құрғанда әрбір адам басқа адамның өзінің де қажетіліктерін,, мотивтері мен бағдарларын түсінгенін қадағалау қажет.Осының бәрі адамның өзін-өзі санадан өткізуіне, өзін-өзі талдауына әкеледі. Ол идентификациялау мен рефлекциялау арқылы жүзеге асады.Басқа адамдар қабылдауға стереотиптер үлкен әсер етеді. Стереотиптер – басқа адамдар туралы аз мәліметтер негізінде алғашқы қарапайым олардың, көзқарастардың қалыптасуы. Стереотиптер жеке болып табылмайды, біз оларды өзіміз енетін топтардан, ата – аналарымыздан, мұғалімдерден кішкентай кезден бастап игереміз. Әр түрлі топтарға жататын адамдар өзара әрекеттескенде, бір – бірі туралы көп нәрсе білгенде, ортақ жетістіктерге жеткенде, стереотиптер бұзыла бастайды. Адамдарды қабылдауға алғашқы ойлар да әсерін тигізеді. Алғашқы ойлар – адамдарды, олардың жүріс – тұрысының мотивтерін білмей тұрып, оларға не жақсы, не жаман эмоционалды баға беру.«Синтония» - адамның өзімен – өзі және басқа адамдармен үйлесімділікте болуы. Қарым – қатынастың синтоникалық моделі нейролингвистикалық бағдарлама негізінде жасалған. Ол қарам – қатынасты игерудің негізгі техникаларын бөліп көрсетеді. Қарым – қатынастың синтоникалық моделі қарым-қатынасты қабылдау мен ойлау процестерінің нәтижесі ретінде қарастырылады, яғни «қабылдау + ойлау = қарым-қатынас». Қарым-қатынастың синтоникалық моделі бойынша әрбір адамның (қабылдаудың сүйікті есігі) болады. Ол адамның негізгі репрезентативті жүесі болып табылады. Репрезентативті жүйе қарым – қатынас барысындағы көздің қозғалысынан, сөздердің қолданылуынан, түрлі қалып ерекшеліктерінен көрініс табады.Егер сіз басқа адамның репрезентативті жүйесін білсеңіз, сол арқылы онымен жақсы байланыс, қарым – қатынас, өзара түсінушілік орната аласыз. Адамның репрезентативті жүйесін қалай анықтауға болады? Ол үшін адамды мұқият анықтау қажет. Адамның күнделікті қолданып жүрген сөздері, вербалды емес жүріс – тұрысы, яғни көздің қозғалысы, даусының тембрі мен темпі, қалпы сол адам туралы көп ақпарат береді. Бұл ақпарат адамның бейсаналылығынан келеді, сондықтан да оны түсініп, көре білу керек.

Қарым – қатынас адамдардың бірін – бірі қабылдауы ретінде.

Адамның басқа адамды түсінуінің ең қарапайым тәсілі өзін-өзі басқа адамға теңестіру (ипдентификациялау) деп аталады. Адамдардың өзара әрекеттесуі барысында бір адамның басқа адамның ішкі жай – күйін түсінуі өзін сол адамның орнына қою негізінде жүзеге асады. Теңестіру түсінігі мен қатар эмпатия түсінігінің де маңызы зор.

Эмпатия – адамның басқа адамды қабылдауының тағы бір тәсілі. Эмпатия арқылы адам басқа адамның жағдайын рационалды түрде емес, эмоционалды түрде қабылдауы, оның ішкі жай-күйін түсінуі, оны барлық ойларымен, сезімдерімен, қабылдауы. Эмпатия қабілеттілігі әр адамда әр түрлі деңгейде дамыған.

Дамудың негізгі 3 деңгейін былайша көрсетуге болады:

  1. Төменгі –басқа адамның көңіл – күйіне, қажеттіліктеріне мүлдем назар аудармау;

  2. Орташа - қарым – қатынас барысында басқа адамның көңіл – күйін бірде түсініп, бірде түсінбеу;

  3. Жоғары - өзара әрекеттесу барысында басқа адамның көңіл-күйін ішкі жан сырын толық түсіну.

Рефлекция - адамның ерекшеліктерін логикалы түрдеталдап, ол туралы және оның жүріс-тұрысы туралы белгілі бір қорытындыға келу, соның негізінде өзара әрекеттесудің жеке жағдайларына қорытынды жасау болып табылады.Егер ерекшеліктерін талдау жеткіліксіз болса қорытынды дұрыс болмайды. Адамдарды қабылдау мен оларды дұрыс бағалауға кедергі жасайтын факторлар:

  • Адамды қабылдаудан және оны бағалаудан бұрын қалыптасқан ойлар, көзқарастар, бағдарлар.

  • Қалыптасқан стереотиптер;

  • Тұлға туралы тез қорытынды жасауға ұмтылу;

  • Белгілі бір тұлғалық білімдердің тұтас бейнеге бірігуі;

  • «ореол» эффектісі – адамға деген алғашқы көзқарастың тұлғаның тұтас бейнесіне әсер етуі және тұлға туралы жалпы ойдың оның жекелеген қасиеттеріне әсер ету. Мысалы, адам туралы жақсы ой қалыптасса, оның жақсы қасиеттерін тым жоғарылатып жіберу, ал жаман қасиеттерін елемеу немесе керісінше, адам туралы жаман о қалыптасса, оның жақсы қасиеттеріне көз жұму;

  • «проекция» эффектісі – адамның басқа адамдарға өзінің қасиеттері мен эмоционалды күйін проекциялауы, басқаша айтқанда адамның өзінде бар қасиеттерді басқа адамдардың бойынан көруі, адамның басқаларды өзі сияқты бағалауы;

  • «алғашқы» эффект – адам туралы алғашқы көргендегі немесе естігендегі ой – пікірлердің оны қабылдауға әсер етуі;

  • Басқа адамның ой – пікіріне құлақ салмау, тек өз ойы мен көзқарасына сүйену ;

  • Уақыт өте келе адамдарды қабылдау мен оларды бағалаудың өзгеруі;

  • «соңғы ақпарат» эфектісі – соңғы алған ақпараттың алдыңғы ойға әсер етуі.

Басқа адамдар қабылдауға стереотиптер үлкен әсер етеді.

Стереотиптер басқа адамдар туралы аз мәліметтер негізінде алғашқы қарапайым олардың, көзқарастардың қалыптасуы. Стереотиптер жеке болып табылмайды, біз оларды өзіміз енетін топтардан, ата – аналарымыздан, мұғалімдерден кішкентай кезден бастап игереміз. Әр түрлі топтарға жататын адамдар өзара әрекеттескенде, бір – бірі туралы көп нәрсе білгенде, ортақ жетістіктерге жеткенде, стереотиптер бұзыла бастайды. Адамдарды қабылдауға алғашқы ойлар да әсерін тигізеді. Алғашқы ойлар – адамдарды, олардың жүріс – тұрысының мотивтерін білмей тұрып, оларға не жақсы, не жаман эмоционалды баға беру.

Сонымен қатар адамдарды қабылдауға бағдарлар да белгілі жәрежеде әсер етеді.

Бағдар – белгілі бір жағдайды талдамай, алдын ала қалыптасқан үйреншікті тәсіл бойынша адамдарды қабылдап, оларға баға беру.

Бағдардың негізгі 3 көрсеткіші бар:

1.Когнитивті – белгілі бір субъект немесе объект туралы қалыптасқан ой, бағдар;

2.Аффективті – белгілі бір адам немесе ақпарат туралы жағымды, не жағымсыз эмоциялар;

3.Жүріс – тұрыстық – адамның бағдарына, көңіл – күйіне сәйкес белгілі бір жүріс – тұрыс реакцияларына дайындық.

Бағдардың қалыптасуының 2 жолы:

1)Басқа адамдардың әсеретуі;

2)Өзінің өмірлік тәжірибесінің нәтижесі.

Тұлғалық қарым – қатынаста ашық болмаса, сенімді, жылы қарым – қатынас орнату үшін адам басқалардың оның нақты жағдайдағы жүріс – тұрысынының неге әкелетіні туралы ойлауы керек. Әр түрлі адамдардан кері байланыс байқағанда, адам өзі туралы көп нәрсе біледі, өзін әр түрлі айнадан көргендей болады. Ал өзі басқа адамдарға кері байланыс танытқанда, олардың жүріс – тұрысы онда қандай ойлар мен сезімдер тудыратынын айтуы керек, соның негізінде адамдар арасында өзара сенімділік жоғарылайды.

Кері байланыс таныту және байқау үшін белгілі бір батылдыққа ие болу керек. Кері байланыс – басқа адамды қалай қабылдағандығы туралы, қарым – қатынас барысында қандай ойлар мен сезімдердің туғандығы туралы мәлімет беру.

Кері байланыс ережелері :

1.Адамның нақты қандай жүріс – тұрысы сізде жағымды, не жағымсыз эмоция тудыратыны туралы айту керек;

2.Егер адамға оның кейбір қылықтарының ұнамайтыны туралы айтқыңыз келсе, онда оның нені өзгертуі қаже екенін айту керек;

3.Ең бастысы, баға бермеу керек. Кері байланыс басқа адам туралы ақпарат емес, бұл – сіздің сол адаммен қарым – қатынас барысындағы оны қабылдауыңыз сізге ненің ұнамайтыны, ненің ұнайтыны туралы ақпарат.