Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлекм пси ППП-115 кешенДокумент Microsoft Word...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.54 Mб
Скачать

Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер

ӘЛЕУМЕТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ

Әр-түрлі әлеметтік топтардағы адамдардың щартталуын, қоғамдық – психологиялық құбылыстар мен олардың қызметтерінің туындау заңдылықтарын зерттейді

  • Әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестерді ойдан өткізу және үйрену

  • Әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестердің әр түрлі жағдайларда айқындалу заңдылықтарын аынқтайды

  • Әлеуметтік-психологиялық заңдылықтар негізінде қоғамдық, мемлекеттік және басқа саяси, ұлттық процестерді болжайды

ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ МІНДЕТТЕРІ

Пән туралы көптеген пікірлер айтылды. Пән ғылыми білімдер жүйесі және практикалық тапсырмаларды шешуді қарастырды.

Әлеуметтік психология әлеуметтанудың (социалогия) бір бөлігі. Негізгі мақсат (массалық) жалпы оқытудың қажеттігі, яғни үлкен әлеуметтік қоғам, қоғамдық қоғамдық психологияның жеке қырлары - адамгершілік, салт-дәстүр, түрлі наным-сенімдер.

Әлеуметтік психология –жалпы психология мен әлеуметтанудың негізінде құралған, яғни әлеуметтік психологияның социалгоиямен шегаралық бірлігі болып табылатын проблемалар: массалық.,коммуникация, қоғамдық пікірлер, жеке адамның әлеуметттенуі.

Қазіргі кездегі әлеуметтік психология - адамдардың және тұтас топтардың әлеуметтік мінез - құлығының заңдылықтары туралы жалпы ғылыми білім және осы мінез-құлықты тәжірибе жүзінде зерттеу әдістері, және де осындай мінез-құлыққа тиімді түрде әсер ететін құралдар мен әлеуметтік әсер ету технологиясының жиынтығы, - деп қарастыруға болады.

Ол өз бетімен дамып, жетіліп қалыптасады, өз іс-әрекетінде өзіндік мақсаты бар, өзіндік қайталанбас ерекше белгілері бар жүйе. Әрине топтар жекелеген адамдармен де, басқа топтармен де қарым-қатынасқа түсе алады. Мұндай қарым-қатынас әр уақытта қалыпты жағдайда өтпеуі мүмкін, кейбірде жай топаралық қатынастар бір-біріне деген қарсы тұру (агрессия), түсініспеушілік, басқаны қабылдамаумен ілесіп отырады. Әртүрлі әлеуметтік топтардың әсер етуінің психологиялық механизмдерін де, оларды тиімді түрде жоғарылату мәселелерін де әлеуметтік психология қарастырады. Сонымен, әлеуметтік психологияның негізгі қарастыратын мәселелерін жеке адам аралық қарым-қатынастар, топ аралық қатынастар, топтар және жеке адам деп белгілеуге болады.

Әлеуметтік психологияның пәні екі бөлек ғылымның - әлеуметтану және психологияның (жантану) жігінде пайда болып, XX ғасырдың басынан өз бетінше дербес ғылым ретінде қалыптасуда.

Сондықтан да, бір жағынан, социология ғылымы әлеуметтік психологияны өзінің бір тармағы деп есептесе, екінші жағынан, ол - психология ғылымының бір саласы деп есептелінеді. Оның бірнеше себептері бар. Негізінде, қоғамдық өмірдегі көптеген құбылыстарды зерттеу, екі ғылымның да-психология мен социология ғылымдарының жетістіктерін пайдаланғанда жемісті болуы мүмкін. Қоғамдық зандылықтар, адамдар іс-әрекеті, адамдардың мінез-құлқы, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден адамдардың қарым-қатынасында, іс-әрекетінің барысында ерекше байланыс, өзара әсерлесу, ерекше қарым-қатынас типтері пайда болады, ал оларды талдау психология білімінің жүйесін білмейінше мүмкін емес екені анық.

Әлеуметтік психологияның екіжақтылығы, бұл пәннің осы екі ғылымның - психология мен социологияның қойнауынан дамып, жеке пәнге айналуымен байланысты.

Әлеуметтік психологияның жеке тұлға психологиясымен де түйісетін жерлері бар.

Екеуінің де негізгі қарастыратыны — индивид, жеке тұлғаны зерттейтін психологтар индивидтердің ішінара жекедаралық механизмдері мен олардың бір - бірінен ерекшеліктеріне көңіл аударса, әлеуметтік психология индивидтерден тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда бір-бірін қалай бағалайды, біріне бірі қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады.

Өз дамуында әлеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда көптеген қиындықтарға кез болды. Егер де XX ғасырдың бас кезінде зерттеушілер көбіне қоғамдық көпшіліктік психологияны зерттеуге көңіл бөлсе (топтар, көпшіліктік еліктеулер, ұлттар, психологиялық тұрпат, т.б.), ал ғасырдың орта шеніне таман, негізінен, шағын топтар, адамдардың әлеуметтік бағдары, топтарға әсер ету тәсілдері мен әртурлі адам-аралық қатынастарға үңіле бастады. Қазіргі уақытта адамның әлеуметтік мінез-құлқының жалпы теориясын құру проблемасы өте өзекті. Адамның социумдағы мінез-құлқы зерттеуге де, болжауға да күрделі құбылыс болғандықтан, әлі де болса ондай теория жасалыну үстінде.