Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлекм пси ППП-115 кешенДокумент Microsoft Word...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.54 Mб
Скачать

Актуализаторлар түрлері:

Актуализаторлар – бұл едәуір күшті және стандартты емес тұлғалар, өзінің және басқа адамдардың қайталанбас бітімін түсіну бала кезінде берілген тұлғалар. Шостерм бойынша, «манипулятор антагонистік қайшылықтары бар көп қырлы тұлға, ондағы қарама-қарсылықтар бір-бірін өзара толықтырып отырады». Актуализаторлардың түрлерін манипуляторлар түрлері мен ұқсастық бойынша бөліп көрсетуге болады.

1.Жетекші.Бұл түр эволюциялаушы диктаторға сәйкес келеді. Соңғысына қарағанда, жетекші адамдарды бағындыруға ұмтылмайдв, оларды өз артынан жетектейді.

2.Жанашыр. Жетекшінің антагонисі жіне жетесіз манипуляторға сәйкес келеді. Соңғысына қарағанда ол өзгелерден қамқорлықты сұрамады, тек өзінің (және өзгенің)қателесу бейімділігн мойындайды.

3.Ықыласты. Бүл түр есептегішке сәйкес келеді, бірақ өзгелердің қателіктері мен әлсіз жерлерін падалануға ұмтылмайды, ол өзін және өзгелерді зат емес адам ретінде құрметтейді.

4. Қадірлеуші. Бұл- ықыластының толықтырушысы. Бұл түр жабысқақтан дамиды. Ол басқа адамдарға байланысты болып қана қоймай, сонымен қатар осы адамдар ие болатын шеберліктің әртүрлі түрлеріне жоғары баға береді. Ол өзінің көз – қарасынан ерекшеленетін көзқарастарға құрметпен қарады және өзгелер дәл өзі сияқты олау керек деген қажеттілікті сезінбейді.

5.Қайсар. Ол бұзақы манипуляторға сәйкес келеді.. Қайсар алдында тұрған қарсыласқа разы, - ол тура және ашық, ол қатыгез емес және бұзақы сияқты үстем болуға ұмтылмады.

6.Қамқоршы. Қайсарға өзара толықтырушы қарама – қарсы тұлға. Бұл –ақкөңіл жігіт емес, көңілі соққан, достық ниетті жәнет қоюшы адам.

7.Білдіруші. Актуализатордың бүл түрі төрешіге сәйкес келеді. Білдіруш басқаларды сынамайды, бірақ өзінің сенімін, пікірлерін нақты көрсетуге қабілетті.

8. Жол бастаушы. Білдірушіні толықтыратын түр. Жол бастаушы өзгелерді қорғамайды және үйретпейді, бірақ әркімге өзінің жеке жолын табуға жұмсақ түрде көмектеседі. Ол өзінің көзқарасын білдіре отырып, адамдарды өз – өзіне көмектесуге үйретеді, содан соң әркімге өзінің жеке шешімін табу құқығын береді.

Манипуляторларға қарағанда, ақын көрсетілген актуализатор әр түрлі рөлдерді түрлі жағдайда үлестіруге қабілетті. Ол өз тұлғасының көптеген жақтарын бағалайды.

Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.

Әлеументтік объектілері қабылдауда, әсіресе, басқа этникалық топтардың өкілдерін қабылдауда, анық көрінетін этникалық таптауырын, этникалық өзіндік сана, өзін белгілі этникалық тпо өкілі деп түсінумен байланысты. Этникалық топтар өз тобының ерекшеліктерін, басқалардан өзгешелігін анық түсінеді. Басқаның бейнесі тым қарапайым түрде, басқа топ өкіліне ерекше әлеументтік (этностық) бағдарды құрайтын кейбір ЭТНОС-аралық қарым-қатынас негізінде қалыптасады. Осы жағдадйда басқа этникалық топпен жасалынған бұрынғы қарым-қатынас тәжірибесі үлкен рөл атқарады. Егер де ол қарым-қатынас өшпенділік негізінде болса, жаңа қабылданатын топ өкіліне де осындай көзқарас болады. Осындай бағдарға байланысты қалыптасқан бейне-этникалық таптуырының пайда болуы саналады. Көбіне этникалық таптуырынның пайда болуы этностар арасындағы қарым-қатынастың жеткіліксіздігімен де байланысты. Өзінің этникалық тобының ерекшеліктерін түсіну басқа топтарға кезінде, оның бейнесінде бұрмалаушылық пайда болуы мүмкін. Мұдай жағдайда психологиялық тұрғыдан этноцентризм-барлық болмастағы құбылыстарды «өзінің» этникалық тобы позициясынан (оны эталон деп алып) қабылдау көрінеді. Ал адамдардың ұлттық ерекшеліктерінің негізі қандай? деген сұраққа толық жауап беру қиынға соғады. Негізінен, тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан, экономикалық, әлеументтік, мәдениеттік жағдайларға байланысты екенін көруге болдаы, дегенмен бұл күрделі проблема әлі де болса түбегейлі шешілмеген. Мәселен, әр жұртта сәлемдесу салты да әр түрлі болып келеді. Жапондықтар амандасқанда үш рет тәжім етсе, үнділер екі алақанды біріктіріп, маңдайға тигізіп, бас иеді. Біз қазірде де қол алысу арқылы бір-бірімізге ізгі ниет білдіреміз. Қоштасу кезінде қол алысуда да осындай ниет көзделеді. Орта Азия халықтары (өзбек, түркмен, тәжік, т.б.) бір-бірімен аман –саулық сұрасқанда сол жақ төсін басып, кеудесін сәл-пәл иіп отырады. Түркі тектес халықтардың ескі дәстүрінде келіндер, жолы үлкен қайын жұртына сол тізесін бүгіп, ал қайын аға, қайын атаның үйіне еңгенде оң тізесіне екі қолын тигізіп, сол аяғын бүгіп, үш рет сәлем беретін болған. Кей жерлерде осы дәстүр әлі де сақталынатын. Әр ел дәстүрінде сәлемдесу әр ыңғайда орындалып, әр түлде айтылса да-мұндағы ізгі мақсат-бір-бірімен оң қарым-қатынас жасаудың алғашқы қадамы, түсініктің басы деп айтуға болады