
- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
1. Қажеттіліктер, мотивтер, қызығулар, құндылықтар, ережелер әлеуметтік бағдарлар және олардың тұлғаның әлеуметтік мінез – құлықтың психикалық реттеудегі рөлі.
2. Әлеуметтік бағдар түсінігі. Әлеуметтік бағдар зерттеулері үшін Д.Н.Узнадзе мектебіндегі зерттеулердің мәні.
3. Әлеуметтік бағдарларды (аттитюдтерді) зерттеу әдістері.
4. Әлеуметтік бағдар құрылымы.
5. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудегі әлеуметтік бағдардың қызметтері.
6. Әлеуметтік бағдар мен реалды мінез – құлық ара – қатынасы (Лапьер феномені).
7. Тұлға диспозициясының иерархиялық құрылымы туралы В.А.Ядов тұжырымдамасы.
8. А.Н.Леонтьев іс-әрекетті мотивацялық – мағыналық реттеу туралы.
9. Әлеуметтік бағдар, қажеттілік, мотив, тұлғалық мағынасы түсініктерінің ара – қатынасы
Дәріс тезистері.
Адам – абиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі және қоғамдық тұлға.Осы ерекшеліктеріне орай, адамды ғылымның біренше саласы зерттейді. Мәселен, философия ғылымы адамның дүниетанымдық көзқарасын, ақыл-ойө рісін, сансын анатомия мен физиология адамның денесі мен жүйке жүйесінің құрлысын, қызметін қарастырады.
Антропология – адамның қоғамдағы алатын орнын, табиғаттағыөзге құбылыстармен байланыстылығын зерттеуді мақсат етеді. Тарих ғылымы адамның қоғам өміріндегі қарым-қатынасын саралауды,ал педогогика адамға білім беру жүйесін қарастырып, оның қоғамның белсенді азаматы етіп қаыптастыруды көздейді. Психология ғылымы болса, адам жан дүниесінің сырын, псикихасының даму заңдылықтарымен жеке қасиеттерінің жетілі, қалыптасу жолдарын зерттейді.
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол-адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның барлық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетді мақсат етіп қояды. Табиғаттағы ақыл-ой мен сана иесі – адамның өзіндіке сипат белгілері оның еңбектену әрекеті нәтиежесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынас жасап әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесіне ерекшеленіп,эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі.Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу иесіне айналады (субьектіге) айналады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл-есі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктермен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжербиесімен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматық, кісілік, тұлғалық, қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен тіршілік жасайды. Осындай іс-әрекетеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігін өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті оның мінез құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен іс-әрекет түрлерінен әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрнеді. Сөйтіп жеке адамның ішкі дүиесінің сыры, жан сарайы, жан психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа біліәп тұрады.
Сыртқа нәрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдаймен ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның псикихасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешілігін білдіріетін қасиеттер-темпераменті мен мінезі псикикалық процестерді басынан кешіруі сезім күйлері мен іс қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихы қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды.
Әрбір адам мінез-құлық ерекшеліктері де де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез-бітімі темперамент ерекшеліктері, ақыл-ой сапасы қызығуының басты бағыты әрбір дара адамның бір қалыпты бейнесін осындай жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық көрсетеді Сондай –ақ, мұндай тұрақты қасиеттері жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтиежесінде өзгеріп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі-әрбір адамның құрлымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориалық мәселе.
Екінішісі сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманға психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторға негізделе отырып қарастырылады.
Биологиялық фактор – адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор – адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының қоғамның, тәлім-тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамунды бірін-бірі толықтырып отырады.
Адамның өзіндк психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі оның белсенділігі, белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, өмір тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі - австрия ғылымы З. Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстинктті әрекетеріне соның ішінде жыныстық іліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш – қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп ол өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З. Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп «Эдип комплексі» дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың « дип патша» атты шығармасының сарынын уағыздайды.
Ғылыми зертеулерінде кемшіліктер болғанымен де, З. Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекетінің табиғи сірә биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің өзі-айтарлықтай жаңалық дегенімен оның белсенділік әрекетінің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар орынсыз деп санады. Атап айтатын болсақ А Кординер Е Фроом.К.Хрони. т.б. Фрейд көзқарасының кемшілігін ашып көрсете алмаса да, өздерінше «жаңа фрейдизм» деген ағымды тудырды.
«Жаңа фрейдизм» ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуеді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. «Жаңа фрейдшіл дердің» ойынша тіршілік ортасына бейімделген адам әлуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының ырқына көніп мақсатына жетуге талпынады. К.Хорни адам қоғамынан аулақ болып ғашығымен мұңдасып оңаша сырласқысы келкеді дейді. Сөйтіп, «жаңа фрейдшілдер» адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң береді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми-материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет адамның қажетіліктерін қанағаттандырып мұқтаждықтарын өтеу әрекеттерімен ұштасады..
« Қажеттілік дегенді қалай түсінеміз? Қажеттілік адам белсенділігінің негізгі себебі және іс-әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім тәрбие ықпалмен қалыптасып адамның материалдық , рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын қнағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғмдық-даралық сипатта болып қажетілік тектік белгісіне орай табиғи және рухани-мәдени, ал сол заттарды ұстап – тұтынуы сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктер болып бөлінеді. Материалдық-заттық қжеттіліктерге тамақ, киім-кешек, тұрғын үй тұрмыс заттар жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа адамдармен әңгімелесіп пікір алысуы білімін көтеріп кітап газет журнал оқуы өнер түрлерін жүзеге асады Қажеттіліктер тегі мен адам санасының тарихи дамуына орай және оларды тұтыну обьектісіне сәйкес түрлі - түрлі болып бөлінеді.
Адамның қажетілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет түрлері.
Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қнағаттандырылады. Еңбек – адам тіршілігіндегі бірінші қажеттілік. Сондықтан, қоғамдағы тәлім тәрбиенің өзекті мәселесі-адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыда даярлау-жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек – адамның іс-әрекетінің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс-әрекеттің негізгі түрі –оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп өзінің рухани дүниесін байытады, дүние танымдық көзқарасын қалыптастырады.
Ойын-адамның негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып, әралуан қимыл-қозғалыстарын жетілдіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әректі-ойын. Ойынның түрлері мен мазмұны баланың ақыл-ойын дамытуға ықпал етіп,өзін қоршаған ортаның заттар мен құбылыстардың мән-жайын түсіндіреді.Бір сөзбен айтқанда,еңбек, оқу, ойын - ойын адамның жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс-әрекет түрлері.
Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс-қимылы нәтиежесінде олардың автаматтылған әрекет –дағдылары,іс-әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдетері қалыптасып,адамның анатомиялық физиологиялық және психикикалық жағынан дамып жетіліуіне әсер етеді:Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады.
Дағды мен ептілік:
Дағды – адамның белгілі іс-әрекетті сан рет қайталап отыруы нәтежиесінде қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі. Мәселен, балада оқу дағдысының қалыптасуы, қызметкердің міндетті ісін орындау. Дағдының қалыптасуында мақсат қою негізгі роль атқарады. Дағдының қалыптасуы қимыл қозғалысы мен әрекет жасауға орай сатылардан тұрады.
Адам әрекетіндегі ептілік (бейімділік)-белгілері бір істі атқаруға бейім тұру,өзінің игерген білімін, дағдысын түрлі жағдайда қолдана білу. Ептілікті жеке қарастырсақ, ол адамның дағдыдан өзгешелеу ұқыптылық қасиетін көрсетеді.Ептіліктің тағы бір ерекшелігі адамның өз білімін қажет болған кез-келген жағдай да қолдана білу әрекетінен анық байқалады.
Әдет-адамның іс-әрекетіндегі мінез-құлыққа байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда әдет адамның іс-әрекет түрін бұрынғы өмір тәжербиесінде қалыптасқан дағдыларымен білімііне сүйене отырып жүзеге асырады. Адамның тарихи дамуында ол көпшіліктің игілігіне, әдет-ғұрып салт-дәстүрге айналып, халықтық сипат алуы мүмкін. Әдет-адамның қажеттілігін өтеуге сәйкес қайталанып отыратын. Ол адамның кез-келген іс-әрекетінің түрінде кездеседі. Еңбек сүйгіштік жақын адамның ісіне көмектесу ұйықтау алдында серунедеп жуынып шайыну - әдеттің ұнамды әрі пайдалы түрлері ал ұстамсыздық біреудің сөзіне кесе-көлденең кірісіп оны бөлу-әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағымды әрекеттер адам мінезінің ұнамды жақтарын қалыптасыруға әсер етеді.
Ниет(мотив) -адамның белгілі қажнттіліктерді қанағаттандырудағы ісәрекетіне байланысты психологиялық көңіл-күйі.
Қажеттілік – адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш делінсе, ал ниет – сол қажеттіліктің нақты көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекеттерге ұмтылдырады. Олар мазмұнына, нақты мақсатына қарай айқын ниет және көмескі ниет болып бөлінеді. Ниеттердің бір-бірімен алмасуы адамның қоғамдық-тарихи жағдайына байланысты. Адамдардың ниеті бірнеше сатыдан құралады. Олар: әуестену, ықылас-ынта, Мүдде-адамның мақсаты тілекке жетуінің жоғарғы сатысы. Адам өз мүддесіне жету үшін еңбектенеді, оқып білім алумен шұғылданады, спортпен айналысып, өнер үйренеді. Мұның бәрі мүдденің мазмұнын білдіріп, адамға ақыл кірудің белгісі болып саналады.
Қызығу – адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың мән жайын айқын түрде түсіндірудегі жан дүниесінің сілкінісі. Қызығу барысында адам өзінің әр нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін әр қилы әрекеттерді белсенді түрде меңгеруге керектігін түсінеді. Адамның танып білу әрекетінің қозғаушы күші ретінде қызығу мазмұнына, кеңдігі мен тұрақтылық қасиеттеріне орай топтастырылып қарастырылады.
Сенім – адамның белгілі бір түсініктерінің сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. өз қажеттілігін орындау жолында адм дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөінідегі ұғымдарына,өмір тәірбиесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.
Ұмтылыу - адамның іс-әрекеті талаптанып,белсенділігін қуаттайтын ниеті. Адам өз қажетттілігін өтеудің нақты болжамдап, көз алдына елестете алмаса да, көздеген мақсатына жету үшін күш қуатын жұмсап, талаптанады. Талаптанудың (ұмтылыудың)нақты бір түрі-арман. Бұл-қалаған нәрсенің бейнесін қиял арқылы жасау әрекеті.Ұмтылуға құмарлық та жатады.
Құмарлық-адамның зор күшін талап ететін қажеттілігін орындаудағы ниеті, таным әрекетінде ол-ұнады қасиет.Алайда, оның оның пайдалы да пайдасыз да (жағымсыз түрлері де бар). Білім алуға мамандықты игеруге деген құмарлық –пайдалы. Ал карта ойынын да ақша тігіп ойнау ішімдікке салыну қыдыруға құмарлық- ұмтылу әрекетіндегі жағымсыз қылықтар.
Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті-оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер. Ондай ерекшеліктер мән-мазмұны мен мақсат-мүддесіне қарай пайдалы және зияндысипатта болулары мүмкін. өйткені адам – табиғаттағы ең жоғарғы сатыдағы ақыл иесі ретінду жан дүниесінің құрылымы мен психикасы аса күрделі субъект.