
- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА» факультеті
«ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ» кафедрасы
«ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мамандық аты, шифры: 5В010300 - «Педагогика және психология»
Түркістан 2013
1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
Жоспары:
Жалпы психология және әлеуметтану - әлеуметтік психологияның негізі.
Қазіргі психологиялық және әлеуметтану ғылымдарындағы әлеуметтік психологияның пәні туралы біртекті түсініктердің болмауы.
Әлеуметтік психологияның пәні туралы түсініктердің эволюциясы.
Әлеуметтік психологияның гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны мен өзге де психологиялық пәндермен өзара байланысы.
Адам және қоғамның қазіргі мәселелерін шешудегі әлеуметтік психологияның мәні мен рөлі.
Дәріс тезистері.
3. Лекция мақсаты: Студенттерге әлеуметтік психология, оның мақсаты, міндеттері, қалыптасуы жайлы толық мағлұмат беру. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері, басқа ғылымдармен байланысы, даму тарихы туралы түсінігін дамыту.
4. Лекция мазмұны : 1. Әлеуметтік қарым-қатынас адам баласының өмірлік әрекетінің негізі болып табылады. Адамның әлеуметтік қарым-қатынасы жеке, топтық және қоғамдық қатынастардан тұрады. Бұл қажеттіліктер қарым-қатынастың негізгі формасы қоғамдық және өзара іс-әрекет жасау барысында қанағаттандырылады. Егер адамзат қоғамын толығымен алсақ, онда қарым-қатынас пен өзара іс-әрекет жасау барысында жеке адамның өмір сүру жағдайы қалыптасады эәне дамиды. Жеке іс-әрекеттерде өзара түсіністіктері мен келісімге келуін қамтамасыз етеді. Үлкен және кіші әлеуметтік топтар қалыптасады.
Қарым-қатынастың негізгі типіне қарама-қарсы әрекеттер, күрес, әлеуметтік қайшылықтар (конфликт) жатады.
Әлеуметтік қарым-қатынас барысында адам бір мезгілде қоғамдық өнім, әрі белсенді мүше және субъект болып табылады. Сондықтан адам өзін қоғам мүшесі ретінде тану процесі немесе қандай да бір топтың нақ әлеуметтік қарым-қатынас процеті болып табылады.
Адам өзін жазалауға немесе мадақтауға шебер. Түрлі жағдайларға байланысты өзінің көңіл-күйін,эмоциясын өзгертіп отырады.
Рефлекция - бұл адамның өз-өзімен болуы. Қоғаммен қарым-қатынас жасау барысында жеке адамның психикасы өзгереді деген пікір кең тараған. Түрлі жағдайларға байланысты адам бірде күшті,(агрессибті), қатал, ал бірде –қорқақ немесе тұйық болады. Мұндай психологиялық өзгерістер көпшілік ортада жағымсыз адамның болуынан туындауы мүмкін немесе олардың сол адамның іс-әрекетіне бақылау жасаудан туады. Қосымша қызғаныш, көре алмаушылық, іштарлық, пасықтық, надандық та басты себеп болуы мүмкін.
2. Әлеуметтік психологиялық таным –бұл жеке адамның белгілі жағдайдағы жай-күйін сипаттайды. Олар: батыл немесе қорқақ, басшылықтағы белсенділік немесе әлеуметтік немқурайдылық т.б.
Осы шеңберге кіретін және тұрақты, динамикалық ерекшеліктер: кіші әрі әлеуметтік топтар –адамгершілік психологиялық климат, жалпы деңгейі, толық көңіл-күй, салт-дәстүр т.б.
Әлеуметтік психология – психология ғылымының бір саласы.Ол әлеуметтік психологиялық заңдылықтар тұжырымдамасы туралы оқытады,яғни мінез-құлықтың психикалық тепе –теңдік ерекшеліктері, адамдардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы,
олардың әлеуметтік қарым-қатынас жағдайлары, жеке адамның үлкен және кіші топтарға мүшелігі, ұжыммен, қоғаммен қарым-қатынасы туралы.
Әлеуметтік психология пәнінің өзі басқа ғылымдар жүйесінде өзіндік спецификалық орны бар.
Әлеуметтік психологияның қалыптасу тарихы біріккен екі ғылымның көмегімен өзін-өзі зерттейді. Әлеуметтік психоолгиялық практиканың даму барысында пәнге толықтырулар енгізілді.