- •2)Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
- •3)Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.
- •1.Аса қажеттілікті тудыратын қауіптің көздері әр түрлі бо-
- •5)Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
- •6)Әрекет етіп отырған қылмыстық заң бойынша жаза жүйесі.
- •2. Ешкімді азаптауға оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа-дай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды".
- •7)Бас бостандығын шектеу.
- •8)Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде.
- •9)Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
- •10)Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау.
- •13)Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.
- •14)Жазадан босату және оның түрлері.
- •15)Жазадан мерзімінен бұрын босату және оның шарттары.
- •16)Жазаның мақсаттары.
- •17)Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы
- •18)Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •§2. Кәмелеткетолмағандарға тағайьіндалатын жаза түрлер
- •§3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану
- •§4. Кәмелеткетолмағандарды жазаны өтеуден
- •19)Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық.
- •20)Кінәнің түсінігі және қылмысты саралаудағы маңызы. Кінә нысандары.
- •21)Қажетті қорғану түсінігі мен мәні
- •22)Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың шегінен шығу.
- •23)Қасақаналық және оның түрлері.
- •24)Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау.
- •26)Қоғамдық жұмыстарға тарту.
- •28)Қылмыс жасауға оқталу және оның түрлері.
- •29)Қылмыс жасаудың жағдайы, тәсілі, орны, уақыты.
- •30)Қылмыс құрамының түрлері.
- •31)Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы. Қылмыстың және қылмыс құрамының арақатынасы.
- •37)Қылмысқа қатысудың нысандары.
- •43)Қылмыстардың көптілігінің түсінігі.
- •49)Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және негіздері.
- •50)Қылмыстық заңның диспозициясы және оның түрлері.
- •51)Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.
- •56)Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс.
- •57)Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •58)Қылмыстық құқықтың міндеттері
- •59)Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдістері.
- •60)Қылмыстың арнаулы субъектісі.
- •61)Қылмыстың қайталануының түсінігі және түрлері.
- •62)Қылмыстың ниеті мен мақсаты.
- •63)Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы.
- •66)Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.
- •67)Қылмыстың түсінігі және оның белгілері.
13)Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.
Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірген не зиян келтіру қаупін төндірген, қылмыстық заңда тыйым салын-ған әрекетті жасаған адам қылмыстық жауапқа тартылып жа-залануы үшін оның есі дұрыс болуы керек.
Аталып өткендей, есі дұрыстық дегеніміз — адамның қоғамға қауіпті әрекет жасаған кездегі өз әрекетінің іс жүзіндегі сипатын, қоғамға қауіптілігін ұғына алатын, оған ие бола алатын қабілеті. Есі дұрыстық пен кінә үшмдары озара тығыз байланыста. Есі дүрыстықтың субъектінің қылмыстық жауаптылығы мәселесін шешудегі маңызы зор. Тек есі дүрыс адамның есі дұрыс еместігі туралы мәселені шешпейді. Психикалық аурудың қарқыны әртүрлі болады, кейде ол адамды өз іс-әрекетінің мазмұнын ұғына алмайтын және оған ие бола ал-майтын жағдайға дейін жеткізеді. Сондықтан да медициналык критерий есі дұрыс еместіктің заңдық (психологиялық) критерийімен толықтырылады. Медициналық критерий (атал-ған белгілердің біреуі болған жағдайда) зандық критериммен үйлескенде ғана есі дұрыс еместік болады. Критерийлердің біреуінін (медициналық немесе зандық) болмауы адамды есі дұрыс емес деп тануды болдырмайды.
ҚК-тін 16-бабына сәйкес есі дұрыс еместіктің завдықкритерийі екі белгіні қамтвды: 1) интеллектуалдық және 2) еріктік.
Интеллектуалдык, белгі занда мынадай сөздермен келтіріл-ген: аөз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған ...адам".
Есі дұрыс еместіктің интеллектуалдық белгісі психикалық аурудың салдарынан сананың бүзылғандығын білдіреді. Өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің іс жүзіндегі сипатын ұғына алмау адамньщ өз әрекетінің іс жүзіндегі мәнін түсіне алмағандығын, не істеп не қойғандығьш, жасаған әрекеті мен болған зардаптардың арасындағы себепті байланысты түсінбейтіндігін көрсетеді. Мысалы, психикалық ауруы бар ана әлдилеп жатырмын деп баласын түншықтырып тастайды. Ин-теллектуалдык белгінің негізгі мазмүны адамның өз әрекетінің қоғамдық, әлеуметтік маңызын түсінбеуінде, яғни оның қоғамға қауіпті сипатын түсіне алмауында.
Заңдық критерийдің еріктік белгісі — адамда өз іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие болу қабілетінің жоқтығы. КК-тің 16-ба-бында бұл белгі "немесе оған ие болу" деген сөздермен келтірілген.
Адамның еріктік қызметі оның санасымен тығыз байланыс-та. Сана қатгы бұзылса, яғни адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігі-нің) мағынасын үғынбаса, сол кезде еріктік кызметте бүзыла-ды — адам оған ие бола алмайды.
Психикалық дерт адамның психжалық қызметінің барлық саласын не оның кейбір жақтарын бұзуы мүмкін. Сондықтан, сана біршама сақталған жағдайда адам әрекеттін іс жүзіндегі мәнщ және оның әлеуметтік маңызын түсінеді, бірақ психи-калық ауруының салдарынан өз әрекетіне ие бола- алмайды, бүл еріктік белгіге жатады.
Еріктік қызметтің психикалық дерт салдарынан бүлайша бүзылуын, мысалы, импульсишік қүштарльтқтан байкауға бола-ды. Импульсивтік құштарлыққа — үрлық жасауға құштарлық (клептомания), өрт салуға құштарлық (пиромания), есірткіге құштарлық — наркомания жатады.
Есі дұрыс еместіктің заңдық критерийі үшін оның интел-лектуалдық, не еріктік белгілерінің біреуі болса жеткілікті.
Сонымен, адамды есі дұрыс емес деп тану үшін есі дұрыс еместіктің екі критерийі болуы қажет — медициналық крите-рий белгілерінің біреуі және зандық критерий белгілерінің біреуі.
Кылмыстық занда көзделген әрекетті жасаған адамды есі дұрыс емес деп тану жөніндегі түпкілікті шешімді сот-психи-атриялық сараптаманың қорытындысы негізінде сот қабылдай-ды. Бұл адамдардың психикасы жағдайына анықтама органы, тергеуші немесе сот күдіктенген барлық жағдайларда сот-пси-хиатриялықсараптама тағайындалуға тиіс. Сот-психиатриялық сараптаманың үйьшдастырылуын және жүргізілуін ҚІЖК-нің тиісті нормалары, 1997 жылғы 12 қарашадағы "Сот сараптама-сы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Казақстан Рес-публжасында сот-психиатриялық сараптама жүргізу туралы Нүсқаулық, амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама ко-миссиясы туралы Ереже және ҚР Денсаулық сақтау минрістрлігінщ 1997 жылғы 13 тамыздағы № 407 бұйрыгьшен бекітілген "Қамаудағы адамдарға арналған психиатриялық аурухана жанындағы сот-психиатриялық сараптама бөлімшесі туралы" Ереже реттейді.
Қылімыстык заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті есі дүрыс емес жағдайда жасаған адам қылмыстық жауапқа тар-тылмайды және жазаланбайды, себебі ол қылмыс субъектісі бола алмайды. Мүндай адамға, соттың тағайындауы бойъшша, ҚК-тің жалпы бөлімінің VII белімінде көзделген медігцина-лық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
ҚР-ның 1997 жылғы Қылмыстық кодексіне алғаш рет есінін дүрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы бүзылған адам-ның қылмыстык жауаптылығы туралы бап енгізілді. К.К-тің 17-бабының біріншіба/іігінесәі&кес қылмыс жасаған кезінде псй-хикасының бүзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптіл ігін толық көлемінде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дүрыс адам қылмыстық жауаггқа тартылуға жатады.
ҚК-тің 17-бабының бірінші болігінде жалпы есі дұрыстык-тың басқа бір түрі болып саналатын шектеулі есі дурыстык, жай-лы сөз болады.
ҚК-тің 17-бабының бірінші болігінде көрсетілген психика-ның бүзылуы дегеніміз қылмыс жасаған адамның оз іс-әрекетінін (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдык қауштілігін ұғынуы не есінщ дұрыстығын жоққа шығар-майтын осындай психикалық аурудан іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие болу қабілетінің елеулі азаюы.
Шектеулі есі дұрыс адам психикасының ауытқуынан күйзелісте болады, бірақ, біршама төмен болса да өз іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) есеп беру және оған ие болу (есі дұрыстықтың завдық критерий) қабілетін сақтайды. Шектеулі есі дұрыстықтың медициналық критерийі шекаралық деп ата-латын жағдайларда болады1.
КК-тің 17-бабыньщ екіншібөлігшесәйкес есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сотжаза тағай-ындау кезінде жеңілдетуші мән-жайлар ретінде ескереді және ол Қылмыстық кодексте көзделген медициналык сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз бола алады.
