Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уголовка для подготовки.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
222 Кб
Скачать
☆

63)Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы.

Қылмыс қүрамының объективтік жағы қылмыстық-қүқықтьщ нормалардың диспозицияларында көрсетілген қьгл-мыстық әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығында түжы-рымдалады.

Адамжасаған кез-келген әрекетте көптеген шшжәне сыртқы белгілер болады.

Нақтылы қылмыстық-жазаланатын әрекеттер әркезде де жеке-дара сипатта болады. Бүл жерде адамның жаи дене қозға-льгсын емес, оның саналы қызмет-әрекетін қарастыруымыз керек. Адамның мұндай қызметі — егер онда оның ойы, сезімі немесе кеңіл-күйі емес, тек қимыл-әрекеті нақты көрініс тап-қан жағдайда ғана қандай да бір қылмьістық заң нормасына сәйкес келеді және сол норманың ықпалында болады.

Қылмыстың нақты қүрамының объективтік жағы — оны қоғамға қауіпті және қылмыстық қүқыққа қарсы деп тануға, сондай-ақ оны қылмыстың аралас құрамдарынан ажыратуға қажетті белгілердің ғана жиынтығын құрайды.

Мысалы, урлықтыц объективтік жагы (ҚК-тің 175-бабы) — бөтеннің мүлкін жасырын үрлау; зорлаудікі — күш қолдану арқылы жыныстық қатынас жасау, жәбірленушіні немесе басқа адамдарды қорқыту немесе жәбірленушінің дәрменсіздік жағдайын пайдалану (ҚК-тің 120-бабы); бузақылықтікі — қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, аза-маттарға қарсы күш қодданумен не оны қолданамьш деп коркы-тумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жа-саумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық (ҚК-тің 257-бабы), және т.б.

Қылмыс құрамының объективтік жагы мыналарды қамтиды:

әрекет немесе әрекетсіздщ

қогамга қауіпті салдар (зардап);

әрекет (әрекетсіздік) пен салдар арасындағы себепті бай- лаиыс;

қылмыстың жасалу уақыты, орны, жагдайы, тәсілі, қура- лы және қаруы.

Адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі — кез-келген қыл-мыс құрамының міндетті белгісі.

Қоғамға қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыстың жа-салу уақыты, орны, жағдайы, тәсілі, қаруы және құралы қыл-мыс құрамының объективтік жағының факультативтік белгілері болып табылады, өйткені олар қылмътстық-құқықтық норма-лардың диспозицияларында көрсетілген жағдайлардя ғана міндетті белгілер ролін атқарады

64)Қылмыстың пәні.

65)Қылмыстың салдарының түсінігі және түрлері. Қылмыстық заң қылмыс құрамын белгілі бір әрекеттің (әрекетсіздіктің) өзін тікелей жасаумен, немесе осы жасалған әрекеттің себебінен белгілі бір қылмыстық салдардың болуы-мен байланыстыра алады.

Қылмыстық салдар деп тұлғаның әрекетінің (әрекетсізді-гінің) себебінен қоршаған ортада болған және қылмыс құра-мының объективтік белгілеріне жататын өзгерістер танылады.

Әрбір қылмыстық әрекет (әрекетсіздік) — қылмыстық заң-мен қорғалатын жеке адамның мүддесіне, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне қиянат келтіріп, қол сүғады. Бірақ, жеке адамның мүддесіне, қоғамның немесе мемлекет мүддесше, яғни озбырлық жасалатын объектіге келтірілген зиян материалдық болып саналмайды, себебі ол заттар жүйесіне емес, адамдар арасындағықатынастарға жатады. Сондықтан да, кылмыс кұра-мын талдағанда қылмыс объектісіне келтірілген залал ұғымын қылмыс заты ұшыраған зиянды салдардан/зардаптан қатаң ажырата білу керек; осыларға байланысты тиісті мүдделер қалыптасады. Егер мүддеге келген залал қол сүғушылық жа-сау объектісінің сипаттамасына жататын болса, онда қол сұғу-шылық ж"асалған затқа келген зиян қылмыс құрамының объективтік жағының қасиетін білдіреді. Қътлмыс объектісіне келген залал қылмыстық қүқық нормасында қылмыс қүрамы-ның белгісі ретінде еш уақытта керсетілмейді. Әрбір қылмыс қүрамы өзіне келтірілген залалдың емес, объектінің сипатта-масын береді. Қол сұғушылық жа~сау затына келетін зиян, көбінесе қылмыс қүрамының объективтік жағының міндетті белгісі ретінде қылмыстық заңның диспозициясында көрсетіледі.

Қол сұғушылык жасау затына келетін зиян әртүрлі нысан-да болуы мүмкін. Олар материалдық залал (бөтеннің мүлюін үрлау, жою, т.б.), денеге (денсаулыққа) зақым келтіру түрінде болуы мүмкін. Материаддық залал, қылмыстық занда, қол сұғу-шылық жасау заттарын қалайда жоюмен немесе бүлдірумен әркез байланысты емес. Үрлау материалдық залал келтіретін болғанымен, бірақ ол мүлікті жоюмен де, бүлдірумен де бай-ланысты емес.

Қылмыстық салдар бейматериалдық сипатта да болуы мүмкін. Мысалы, азаматтардың мүліктік емес субъективтік — саяси, еңбек және басқа да қүқықтарын; занды тұлғалардың қалыпты жүмысын бұзу.

Заң шығарушы зиянды салдарды сипаттаудың әр түрлі тех-никалық амалдарын қолданады. Қылмыстардың қасакана құрамдарының едәуір бөлігі заңда құрам аяқталған болуы үшін белгілі бір қылмыстық салдардың болуы қажет екендігі (мы-салы — қасақана өлтіру, ұрлау және т.б.) көрсетіліп сипаттал-ған. Завда көрсетілген салдардың болмауы мұндай жағдайда тек қылмыс жасауға оқталғандықтың ғана бар екендігін білдіреді. Кей жағдайда қылмыс құрамы ауыр зардапты сал-дардан кейін ғана болады (мьтсалы, орманды ластау, зақымдау немесе жою — ҚК-тің 292-бабы). Қьілмыстардың жекелеген құрамдарында ауыр зардапты салдардың болуы қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейін көтеріп, тиісінше, жасал-ған қылмысты басқаша саралауға әкеліп соғады (мысалы, заң-сыз абортжасау — ҚК-тің 117-бабы).