Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уголовка для подготовки.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
222 Кб
Скачать
☆

§2. Кәмелеткетолмағандарға тағайьіндалатын жаза түрлер

ҚК-тің 79-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға мына-дай жаза түрлері тағайындалады:

а)айыгшүл;

б)белгілі бір қызмешен айналысу құқығынан аиыру;

в)қоғамдық жүмыстарға тарту;

г)түзеу жүмыстары;

д)қамау;

е)бас бостандығынан айыру. Кәмелеткетолмағандардың жас ерекшеліктерін ескере оты-

рып оларға жаза тағайындау барысында ең алдымен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданады Тәжірибе кәме-летке толмағандарға бірінші рет қылмыс жасағандығы үшін, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолданудың тиімді емес екендігін дәлелдеп көрсетті.

Кәмелетке толмағандарға мына аталған жаза түрлері қол-данылмайды: бас бостандығын шектеу (ҚК-тің 45-бабының бесіиші бөлігі), емір бойы бас бостандығынан айыру (ҚК-тің 48-бабының төртітшбөлігі), өлімжазасы (ҚК-тің 49-бабының екінші бөлігі), және мүлікті тәркілеу.

Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жазалардың маз-мүны өзіне тән арнаулы белгілерге ие. Айыппүл, ҚК-тің 79-бабының екітиі бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмай сотталған ддамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл, оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелет-кетолмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезендегі мөлшерінде тағайындалады.

Көріп отырғанымыздай, ересек адамдарға қарағанда (ҚК-тің 40-бабының екінші бөлігі), кәмелетке толмағандарға айыппұлдың темендетілген мелшері белгіленген, сонда да мұнымен қатар ҚК-тің 40-бабының екітиі бөлігінің шарттары сақталады, айыппұлдың мелшерін жасалған қылмыстың ауыр-лығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере оты-рып сот белгілейді. Кәмелетке толмағанның мүлкі оның өзіне тән болуы керек.

Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі Імерзімге та-ғайындалады, және жазаньщ осы түрі олар занды негізде белгілі бір қызметпен айналыса жүріп, қылмыстық жазаға әкеп соқты-ратын әрекеттерді істеген жағдайларда ғана қолданылады.

Қоғамдық жұмысқа тарту жазаның жаңа түрі болып табы-лады және де қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады. Ол кәмелетке толмаған адамнын қолынан келетін жұмысты орындауы болып табылады және де кәмелетке тоймаған ол жүмыстарды оқудан немесе негізгі жүмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың жазаның бұл түрін орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауыкерек. Егер бас бостандығын шек-теуге сотталған адам жазаны етеуден әдейі жалтарса, онда жа-заның бұл түрі ҚК-тің 45 және 46-баптарына сәйкес, қамаумен ауыстырылады.

Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған сотталған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады (ересектермен салыстырғанда — ҚК-тің 43-бабының бірітиі бтігі бойынша — екі жылға дейін). Ең теменгі мерзім (ересек адамдарда да) — екі ай көлемінде болады.

Қамау сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәме-летке толмаған сотталған адамдарға бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бүл жаза, жазаның негізгі түрі бо-лып табылады және де мазмүны жағынан бас бостандығынан айырумен ұқсас болып келеді. Қамау сотталған адамды тағай-ындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады. Қамауды кәмелетке тол-мағандарға, тек 16 жасқа толған жағдайда ғана қолданады. Қамауды қолданар кезде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы ескеріледі.

Кәмелетке толмаған сотталған адамға бас бостандығынап \ айыру онжылдан, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін — он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он алты жасқа дейін кішігірім ауырльгқтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайьшдалмайды. Кәмелетке толмағандарға жасалғаи қылмыстың ауырлығына байланысты алты айдан бастап он жьтлға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

Кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуді ересек адамдардан белек колонияларда отейді. Колония екі топқа белінеді: бас бостандығъшан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандардъщ, сон-дай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандардың — жалпы режимдегі тәрбиелеу колониялары; бұръш бас бостандығын айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар — жазасын күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларын-да өтейді. Қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне, кінәлі адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға карай сот қабылдаған шешімнің себебін көрсете отырып, еркек жы-нысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандътғы-нан айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында етеу ін тағайындауы мүмкін.

ҚК-тің 53-бабының бірітиі бөлігініц "б" тармағында айыпкердің кәмелетке толмауы, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып табылады. Осы көрсетілгенмән-жайлардан басқа, оның өмірі мен тәрбиесінін жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басьшың озге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпа-лы да ескеріледі.

ҚК-тің 90-бабының екіншібөлігтесәйкес, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жиынтығымен байланысты кәме-летке толмаған жас жеңілдететін мән-жай болып ескеріледі.