Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уголовка для подготовки.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
222 Кб
Скачать
☆

2. Ешкімді азаптауға оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа-дай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды".

Сондықтан да кәмелетке толмағандарға, жүтсті әйелдерге және асырауында жас балалары бар әйелдерге жаза тағайьш-дауда заң бойынша бірқатар шектеулер қарастырылған.

Жазаның түрлері өздерінің мазмұны, сотталушыға ыкпал ету тәсілі және ауырлығы жөнінен әртүрлі болып келеді. Со-нымен қатар, соттар орындауға міндетті болып табылатын кейбір жазаларды қолдану тәртібі, шегі, шарттары занда тікелей белгіленеді. Бұл, әділеттілік қағидаттарының сақталуын, жаза мелшерінің жасалған қылмыстарға сай болып, әрі жеке басқа қатысты болуын, жаза тағайындау кезінде запдылықтың сақ-талуын және түпкі нәтижесінде, қылмысқа қарсы күресте қыл-мыстық саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Жуйеге енетін жсіза турлерініц барлыгы уш топқа бөлінеді: негізЛ, қосымша және әрі н е г і з г і әрі қ о с ы м ш а қолданылатын жазалар (ҚК-тің 39-бабы).

Жазалардың негізгі және қосымша болып бөлінуінің тәжірибелік маңызы зор. Атап айтқанда, қосымша жазаларды колдану — жазаның жекелену қағидатын іске асыру тәсілдерінің бірі. Жазаның қандай түрлерінің негізгі, ал қан-дай түрлерінің — қосымша екендігін дәл атап көрсету заң та-лаптарына толық жауап береді.

Негізгі жазалар — жазаның дербес түрі ретінде ғана тағай-ындала алатын түрлері, оларды басқаларына қосымша ретінде біріктіруге болмайды, және де, жазаның мақсаттарына жету негізінен, осынегізгі жазалармен байланыстырылады2. ҚК-тің 39-бабына сәйкес жазаның негізгі түрлері мьтналар болып та-былады: қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әске-ри қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қылмыс жасаған тұлғаға ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларының аясында тағайындалатын негізгі жазалардың тек біреуі ғана қолданыла алады. Мысалы, түзеу жұмыстары бас бостандығынан айырумен қатар тиісті санкцияда қарасты-рылғанымен, бас бостандығынан айыруға қосымша еш жағдай-да да тағайындалмайды.

Қосымша жазалар — негізгі жазаға қатыстьт көмекші сипатқа ие жаза түрлері. Жазалардың бұл түрі негізгі жазаларды ғана қолдану жазаның мақсаттарын қамтамасыз етпейтін жағдайда қолданылады1.

Қосымша жазаларды қолдану кезінде белгілі бір талаптар сақталуы тиіс.

Қосымша жазалар өздері ғана дербес түрде тағайындалмай-ды, олар жазаның негізгі түрлеріне біріге алады. Жазаның негізгі түрлеріне оның қосымша түрлері аса ауыр қылмыс жа-салған немесе заңда керсетілген жағдайларда қосылады. Тұлғаға заң бойынша қолдануға болмайтын қосымша жазалар-дың тағайындалуына жол берілмеуі тиіс; мысалы, шартты түрде сотталған түлғаға мүлкін тәркілеу жазасы қолданылмайды (ҚК-тің 63-бабының, төртінші болігі). Қосымша жаза негізгі жазадан қатал болмауы тиіс, әйтпесе негізгі және қосымша жа-залардың үйлесімділік қағидатының өзі іске аспай қалады. Сол сияқтьг, қосымша жазаның түрі негізгі жаза түрімен бірдей болмауы Керек, себебімұндай жағдай орын алса, қандай да бір жазаның занда рүқсат етілгеннен көбірек мерзім мен мөлшер-ге асып кетуіне әкеліп соқтырар еді. Ең басты жазалаушы элементтері негізгі жазаның элементтерімен сәйкес келетін қосымша жазаны да тағайындауға болмаңды (мысалы, белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айыруға қосымша белгілі бір лауазымды атқару құқығьшан айыруды тағайындауға болмайды).

Егер жасалған қылмыс сараланатын заң бойынша міндетті түрде қосымша жаза тағайындалуы тиіс болса, ҚК-тің 55-ба-бында (белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі не-гұрлым жеңіл жаза қолдану) карастырылған жағдайлар болса гана, ондайжазаны қолданбау мүмкіндігі орын алады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі "Соттардың жаза тағайындау кезінде заңды-лықты сақтаулары туралы" №1 Қаулысында негізгі және қосымша жазалардың дұрыс үйлестірілуінің оның жекелік қағидатының бірізді түрде іске асуына, жазаның мақсатта-рына неғұрлым табысты жетуге әсер жасайтындығын ескере отырып, соттарға қосымша жаза тағайындау мәселелеріне көңіл арттыру керектігі ескертілді.

Қосымша жазалар қатарына жазаның екі түрі ғана жатады: 1) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дишгоматиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; 2) мүлікті тәркілеу.

Айыппүл салу және белгілі бір лауазымды аткару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалау-дың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.

Жазаның негізгі түрлері ретінде тағайындалуымен қатар, ҚК-тің 40, 41-баптарында белгіленген жағдайларда жазаның басқа түрлеріне қосуға да болатын айыппүл мен белгілі бір ла-уазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалардың жеке тобын құрайды.