- •2)Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
- •3)Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.
- •1.Аса қажеттілікті тудыратын қауіптің көздері әр түрлі бо-
- •5)Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
- •6)Әрекет етіп отырған қылмыстық заң бойынша жаза жүйесі.
- •2. Ешкімді азаптауға оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа-дай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды".
- •7)Бас бостандығын шектеу.
- •8)Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде.
- •9)Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
- •10)Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау.
- •13)Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.
- •14)Жазадан босату және оның түрлері.
- •15)Жазадан мерзімінен бұрын босату және оның шарттары.
- •16)Жазаның мақсаттары.
- •17)Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы
- •18)Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •§2. Кәмелеткетолмағандарға тағайьіндалатын жаза түрлер
- •§3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану
- •§4. Кәмелеткетолмағандарды жазаны өтеуден
- •19)Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық.
- •20)Кінәнің түсінігі және қылмысты саралаудағы маңызы. Кінә нысандары.
- •21)Қажетті қорғану түсінігі мен мәні
- •22)Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың шегінен шығу.
- •23)Қасақаналық және оның түрлері.
- •24)Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау.
- •26)Қоғамдық жұмыстарға тарту.
- •28)Қылмыс жасауға оқталу және оның түрлері.
- •29)Қылмыс жасаудың жағдайы, тәсілі, орны, уақыты.
- •30)Қылмыс құрамының түрлері.
- •31)Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы. Қылмыстың және қылмыс құрамының арақатынасы.
- •37)Қылмысқа қатысудың нысандары.
- •43)Қылмыстардың көптілігінің түсінігі.
- •49)Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және негіздері.
- •50)Қылмыстық заңның диспозициясы және оның түрлері.
- •51)Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.
- •56)Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс.
- •57)Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •58)Қылмыстық құқықтың міндеттері
- •59)Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдістері.
- •60)Қылмыстың арнаулы субъектісі.
- •61)Қылмыстың қайталануының түсінігі және түрлері.
- •62)Қылмыстың ниеті мен мақсаты.
- •63)Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы.
- •66)Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.
- •67)Қылмыстың түсінігі және оның белгілері.
57)Қылмыстық құқықтың қағидалары.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы Консти-туцияға сүйене отырып, қылмыстық заң алдына бірқатар қағидаттарды (принциптерді) іске асыру міндетін қойып отыр.
Қылмыстық құқық өзінің алдьшда тұрған барлық міндеттерді тек белгілі бір қылмыстық-қүқықтық қағидаттарды сақтау ар-қылы ғана жүзеге асыра алады.
Бірінші кезектегі қағидат — заңдылық қағңцаты, яғни қыл-мыстылық және жазальглық тек қана қылмыстық заңмен анық-талатындығы қағидаты. Конституцияның 77-бабының 3-тарма-ғының 10-тармақІпасында "қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді" делінген. Осы қағидат КК-тің 9-бабының бірінші бөлігінде бекітілген. Бұл қағидатты тәжірибедежүзеге асырғанда қоғамға қауіпті болғанмен де қыл-мыс құрамы белгілерін қамтымайтын әрекеттерді жасанды түрде қылмыстандырудан аулақ болу керек. Қылмыс пен жаза нормалары қылмыстық заңда тікелей көрсетіледі және оларға тиісінше заңды анықтама беріледі. Адамның іс-әрекеті қыл-мыстық занда арнайы көзделмеген ретте қылмысқа жатпайды.
Қылмыстық құқықтың келесі бір басты қағидаты болып — азаматтардың заң мен сот алдьщдағы теңдігі танылады (Консти-туцріяның 14-бабы). ҚК-тің 14-бабының екінші болігінде былай делінген: Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатьгстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.
Қылмыстыққұқықтың маңызды қағвдаттарының бірі кыл-мысы үшін кінәлі жауаптылық — қағидаты болып табылады. Осы қағидатқа қатысты ҚК-тің 19-бабы бойынша әркімнің тек өзінің кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) үшін және соның салдарынан пайда бол-ған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауап-тылыққа тартылуы тиіс екендігін байқаймыз. Объективті аиып-тауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапты-лыққа жол берілмейді. ҚК-тің 23-бабында жазықсыз зиян келтірудің түсінігі берілген. Қылмыстың зардабы қанша ауыр болса да, егер ол кінәсіз жағдайда істелсе, қылмыс болып та-былмайды.
Кінәлі жауаптылық қағидатымен тікелей байланысқан және одан туындайтын қағидат — жеке кінәлі жауаптылық қағидаты. Бүл қағидатқа сәйкес қылмыстық жауаптылыққа ҚК-тің 14-бабында көрсетілгендай есі дұрыс, занда белгіленген жасқа толған жеке адам ғана тартылады және ол тек жеке өзі жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін ғана жауап береді. Аталмыш қағидаттың іскеасуы әсіресе, қылмысқа қатысушы-лардың жауаптылығын анықтауда айқын керінеді (ҚК-тің 29, 30-баптары).
Қылмыстық қүқықтағы түпқазық қағидаттың бірі — әділеттілік қағидаты. Бүл қағидаттың мәні, адамды кылмыс-тық жауаптылыққа және жазаға тарту кезінде қолданылатындығында. Бұл қағидаттың іске асуы ҚК-тің 52-бабына сәйкес жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құжы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасы немесе асырауындағы адамдары-ның тіршілік жағдайына ықпалының ескерілетіндігінен, осьі сияқты ҚК-тің 3-бабына сәйкес бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайтындығынан көрінеді.
Қылмыстық құқықтьщ тікелей Констотуциядан туындайтын келесі бір қағидаты — ізгілік қағидаты болып саналады. Кон-ституцияның жалгты ережелерінің 1-бабында былай делінген: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, қүхықтары мен бостандықтары. Міне, осыған байланысты, бол-май қоймайтын қылмыстық жазалаудың қатандығын ескерген заңшығарушы ол нормаларды Конституцияльіқ шеңбермен нақты-лы шектеп тастаған. Конституцияньщ 17-бабының 2-тармағын-да "Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа-дай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір керсетуге не жазалауға болмайды" деп көрсетілген. Осы Конституциялық норма ҚК-тің 38-бабының екінші болігінде жаза тағайындауға қатысты нақтыланған: "Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді". Қылмыстық заңның бұл нормасы әрбір азаматтың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, Конституциялық құқықта-ры мен бостандықтарын, мүдделерін батыл қорғауға тікелей жағдайтуғызады. Ізгілік қағидатын дұрыс іске асыру қылмыс-тық заң міндеттерін жүзеге асырудың алғышарты болып табы-лады.
Жеке талдауды қажет ететін қылмыстық құқықтың тағы бір қағңцатына — қылмыстық жауаптылық пен жазадан құтылмай-тындық қағидатын жатқызуға болады. Бұл қағидат қылмыстық жауаптылық пен жазаның болмай қоймайтындығын, одан ешкімнің де құтылмайтындығын сипаттайды, яғни қылімыс жасаған адамды жауаптылық пен жазадан бұлтартпауды білдіреді. Алайда, аталмыш қағидат, оны жариялау жоғарыда көрсетілген иммунитетті пайдалануға қатысты жауаптылыкка тарту ерекшеліктерімен, сондай-ақ қылмыстық заңдағы қолдау (көтермелеу) нормаларымен, яғни, шын өкінуіне; үрей-лену, ХорКУ не сасқалақтау Ъалдарынан қажетті қорғану шегінен асуына және басқа да мән-жайларға байланысты қыл-мыстық жауаптылықтан босату негіздері бар нормалармен бай-ланысқа келмейтіндіктен қылмыстық занда бекітілмеді.
Жалпы, қылмыстық жауаптылық пен жазадан бұлтартпау жайлы сөз болғанда заң бұл қағидатты құкық қолдану тәжірибесінде қолданбауға тек қатаң белгіленген жағдайда ғана жол беретіндігін ескеру керек
