Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уголовка для подготовки.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
222 Кб
Скачать
☆

15)Жазадан мерзімінен бұрын босату және оның шарттары.

Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату өзінің мазмұнына қарай, жазаны өтеу сатысындағы жазадан босатудың түрі болып табылады.

Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату деп сотталған адамды үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға, адал көзқарасы негізівде үкім бойынша тағайындалған жазаны өтеу-ден мерзімінен бүрын босата оіырып, оған сынақ мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды айтамыз.

Жазаның өтелмеген белігі, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылушыға сынақ мерзімі болып та-былады, ал заң шығарушының жазаны өтеуден мерзімінен бүрын шартты түрде босату институтын сотталғандарға қолда-нуы олардың тез түзелуіне мүмкіндік берудің тиімді жолы болып табылады.

Сот жазанны өтеуден мерзімінен бүрын шартты түрде босатуды қолдана отырып сотталған адамды жазаны етеуден то-лық немесе ішінара босатуы мүмкін. Түзеу жұмыстары, әске-риқызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде үстау, бас бостандығынан айыру түріндегі жа-заны өтеп жүрген адамдарға жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату қолданылады.

ҚК-тің 5-бабына сәйкес жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндіктерін қолдану, қылмыс жасал-ған уақытта күшіне енген заңдарға сәйкес шешіледі.

Мерзімінен бұрын — шартты түрде босатуды сот, сотталған адамға мемлекеттік органның белгіленген орны бойынша сот, ал әскери қызметшілер жөнінде — әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады.

Сот шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босатуды қол-дана отырып сотталған адамға жазанъщ өтелмей қалған бөлігінің мерзімі өтуі ішінде белгілі бір міндеттерді орындау-ды: мінез қүлқын бақылауды жүзеге асырушы арнаулы мемлекеттік органға хабарламай тұрақты түратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін ауыстырмауды, белгілі бір орындарға бармауды, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқүмарлықтан, соз ауруларынан немесе ВИЧ/ЖҚТБ-дан емделу курсынан өтуді, отбасына материалдық көмек көрсетуді жүктеуі мүмкін.

Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдану міндетті түрде екі, материалдык, және формалъды негіздің болуымен байланысқан.

Материалдық негіз — мерзімінен бүрын шартты түрде бо-сатылушының сотпен тағайындалған жазаны өтегенге дейін өзінің түзелгендігін дәлелдеуі. Оның түзелгендігі ең алдымен үлгілі мінез-қүлқымен дәлелденуі керек.

Үлгілі мінез-қүлқы деп — барлық қүқықтық нормаларды, өтеу ережелерін, жүктелген міндеттерді сапалы орындауы, тех-ника қауіпсіздігін сақтауы, қолданылатын материалдар мен құрал-жабдықтарға үқыпты қарауын айтуға болады.

Сот, сотталған адамның түзелгендігі туралы және жазаны шартты түрде өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы үсы-нысты, қарау кезеңінен кейін емес, яғни жазаны өтеу мерзімі өтуінің кезеңіндегі жан-жақты барлық қосымша қадағалаудың негіздері бар болуы бойынша қорытындьт жасайды

Соттың жазаны өтеуші адам түзелген деген тұжыръшға келуі адамның жазаны толық түрде етеуінің кажеті жоқ екендігін көрсетеді.

Заңмен талап етілген жазаны өтеудің ең төменгі мерзімі (ҚК-тің 70-бабы ушінші бөлігІ} жазаны өтеуден мерзімінен бүрын босатудың формалъды негізі болып табылады. Жазадан шартты түрде — мерзімінен бүрын босату сотталған адамға кішігірім және ортаіііа ауырлықтағы қылмьтсы үшін тағайын-далған жаза мерзімініңкеміндежартысын; ауыр қылмысы үшін тағайындайған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін; аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттеп үшін, сондай-ақ бүрын жазадан мерзімінен бұръш шартты түрде босатылған адамға, егер мерзімінен бұрын — шартты түрде бо-сату 70-баптың жетінші болігінде, кезделген негіздер боиынша жойылған болса, тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.

Сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жа-засын өтеп жүрген адам, егер сот ол бүл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айьтруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бүрын шартты түрде босатылуы мүмкін.

Жазадан босатудың, формальды және материалдық| негіздері бір-бірімен тығыз байланыста болады, бірақ матери-алдық негіз ең басты болып табылады.

Жазаны етеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау деп — жазаны өтеуден шартты түрде босатудың нәтижесінде қалып қойған жазаның қалған өтелмеген бөлігін өтеу үшін, тұлғаның жазасын өтеп жүрген орынға кайта ора-луын айтамыз.

ҚК-тің 70-бабының жетінші бөлігі, "а" тармағы мынандай мүмкіндікті қамтиды: Мерзімінен бүрын — шартты түрде бо-сату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген болігі ішінде, өзіне әкімшілік жазасы салынған қоғамдық тәртіпті бұзса немесе оған мерзімінен бұрын — шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот жүктеген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, сот осы баптың адтыншы бөлігіндехіътш органдар-дың ұсынуы бойынша мерзімінен бұрын — шартты түрде боса-тудың күшін жою және жазаның өтелмей қалған бөлігін орын-дау туралы қаулы ете алады. Осы белгіленген тармақ сотқа мерзімінен бұрын — шартты түрде соттаудың күшін жоюды міндеттемейді.

ҚК-тің 70-бабының жетінші бөлігініц "б" тармағы кылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезінде мерзімінен бұрын — шартты түрде босатудың күшін жою не-месе оны сақтау туралы мәселені сот шешетінін белгілеп көрсетті. Мұндай күшін жою жағдайында сот түлғаға Қылмыс-тық кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзімінен бұрын — шартты түрде бо-сатудың күшінжойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да жаза керсетілген ережелер бойынша тағайьтндалады. Егер жа-задан мерзімінен бұрын — шартты түрде босату қолданылған адам, жазаның қалған етелмеген бөлігі ішінде қасақана қыл-мыс жасаған болса мерзімінен бүрын — шартты түрде босату міндетті түрде күшін жояды.

ҚК-тің 70-бабы қолданылған жағдайда адам қосымша жазаны өтеуден толықнемесе ішінара босатылуы мүмкін.

Мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылған адамның қайталап қылмыс жасамауын ескерту мақсатында, ҚК-тің 70-бабында бірқатар нормалар белгіленген:

бас бостандығынан айыруға сотталушының оны накты өтеу мерзімі алты айдан кем болмауы керек;

мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылған адамның мінез-құлқына бақылау жасауды оған мамандандырылған уәкілетті мемлекеттік орган, ал әскери қызметшілер жөнінде — әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады.

Өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібі бойын-ша бас боставдығынан айыру жазасымен ауыстырылған адамға мерзімінен бұрын — шартты түрде босату қолданылмайды.