- •2)Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
- •3)Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.
- •1.Аса қажеттілікті тудыратын қауіптің көздері әр түрлі бо-
- •5)Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
- •6)Әрекет етіп отырған қылмыстық заң бойынша жаза жүйесі.
- •2. Ешкімді азаптауға оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа-дай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды".
- •7)Бас бостандығын шектеу.
- •8)Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде.
- •9)Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
- •10)Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау.
- •13)Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.
- •14)Жазадан босату және оның түрлері.
- •15)Жазадан мерзімінен бұрын босату және оның шарттары.
- •16)Жазаның мақсаттары.
- •17)Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы
- •18)Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •§2. Кәмелеткетолмағандарға тағайьіндалатын жаза түрлер
- •§3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану
- •§4. Кәмелеткетолмағандарды жазаны өтеуден
- •19)Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық.
- •20)Кінәнің түсінігі және қылмысты саралаудағы маңызы. Кінә нысандары.
- •21)Қажетті қорғану түсінігі мен мәні
- •22)Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың шегінен шығу.
- •23)Қасақаналық және оның түрлері.
- •24)Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау.
- •26)Қоғамдық жұмыстарға тарту.
- •28)Қылмыс жасауға оқталу және оның түрлері.
- •29)Қылмыс жасаудың жағдайы, тәсілі, орны, уақыты.
- •30)Қылмыс құрамының түрлері.
- •31)Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы. Қылмыстың және қылмыс құрамының арақатынасы.
- •37)Қылмысқа қатысудың нысандары.
- •43)Қылмыстардың көптілігінің түсінігі.
- •49)Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және негіздері.
- •50)Қылмыстық заңның диспозициясы және оның түрлері.
- •51)Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.
- •56)Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс.
- •57)Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •58)Қылмыстық құқықтың міндеттері
- •59)Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдістері.
- •60)Қылмыстың арнаулы субъектісі.
- •61)Қылмыстың қайталануының түсінігі және түрлері.
- •62)Қылмыстың ниеті мен мақсаты.
- •63)Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы.
- •66)Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.
- •67)Қылмыстың түсінігі және оның белгілері.
37)Қылмысқа қатысудың нысандары.
ҚК-тің 28-бабының бесітиі бөлігіне сәйкес қылмыстың жа-салуына жәрдемдесіп қолдау көрсеткен тұлға, сол сияқты қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге қүралда-рын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттар-ды жасыруға күні бұрын уәде берген түлға, сондай-ақ, осын-дай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде бер-ген тұлға көмектесуші деп танылады. Қылмысты жасауға кемекті: кеңес, нүсқау беру арқылы, ақпаратпен, қылмыс жа-сайтын кару немесе қүралдармен қамтамасыз ету, кылмысты жасауға кедергілерді жою арқылы беруге болады.
Үйымдастырушы не айдап салушы сияқты, көмектесуші де қылмысты жасауға тікелей өзі қатыспайды. Көмектесуді руха-ни және қаражатпен демеушілік, белсенді әрекет (мысалы, қылмысты орындаушыға қару тауып беру), сол сияқты қыл-мыстың алдын-алу жөніндегі өзінің қызметтік міндеттерін қаса-қана орындамау сиядты әрекетсіздік арқылы да жүзеге асы-руға болады.
Көмектесу түріндегі қылмысқа қатысу көмектесуші түлға-иың орындаушының қылмысты гшғылдары туралы хабардар болуына және оған олардың орындалуына көмектесуіне негізделеді.
Орындаушы қылмысты жасаудан өз еркімен бас тартқан кезде, көмекшінің әрекеттері қылмыс жасауға дайындык үшін жауапты болуы тиіс. Орындаушы қылмысты өз еркінен гьгс себептер бойынша аяғына дейін жеткізбесе, көмектесуші қылмыс жасауға оқталуға көмектескендік үшін жауапка тар-гылады
38)Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының негіздері мен шектері
39)Қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың әрекеттерін саралау.
40)Қылмысқа қатысушылықтағы эксцесс.
41)Қылмыстардың жиынтығы.
42)Қылмыстардың көптілігі
Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы — қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтың қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір түлға-ның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қата-рының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір түлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бүл қылмыскердің бойында түрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығьш дәлелдейді. Мұньщ өзі жағдаидың тең қара-стырылуы барысында бүл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық-қүқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.
Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дүрыс саралануы мәселесін де туында-тады.
Түлғаныңқылмыстьщжауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталма-ған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәикес тоқта-тылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық қүқықта қылмыстардьщ көптігі деп танылады. Қазіргі қылмыс-тық зандар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідеи түрлері айқындалып, ажыратылады:
қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
қылмыстардың жиынтығы;
қылмыстың қайталануы.
Қылмыстардың көптігінің езіне тәй белгісі — бір түлғаның кемінде екі қылмыс, яғни қылмыстардьщ дербес қүрамдарының белгілері бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бір әрекет) жасауы, Ал әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіпке қарсы қылық, азаматтық-қүқықтық тәртіп бүзушылық, сол сияқты, ҚК-тің 9-бабының екінші бөлігінде қарастырылған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың көптігіне жатпаиды.
Қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімі өтіп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушы-лықтар да қылмыстың кептігіне жатпайды. Бұл туралы қыл-мыстың бірнеше мәрте жасалуына қатысты ҚК-тің 11-бабы-ның үшінші бөлігіиде анық айтылған.
Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық салдар жоққа шы-ғарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпаиды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар: шын өкінуіне (ҚК-тің 65-бабы), қажетті қорғанудың Іпегінен асуына (ҚК-тің, 66-бабы), жәбірленупіімен татуласуына (ҚК-тің 67 бабы) байланысты немесе рақымшылық жасау актісі негізінде (ҚК-тің 76-бабының екінші бөлігі) немесе ҚК-тің Ерекше бөлімінде көрсетілген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және баска баптарда кездесетін ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиістілігі.
Қылмыстардың көптігін жекелеген Ідылмыстан, яғни қыл-мыстың бір ғана құрамының белгілерінен тұратын әрекеттен ажырата білу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапаиым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың кептігінен ажыратып алу> әдетте, қиынға сокпайды.
Алайда, сот тәжірибесінде сырттай қарағанда жекелеген қылмыстардың қылмыстың көптігіне өте ұқсас болып келетін жағдайлары да ұшырасады. Бұл күрдеді (құрамдас), созылмшіы, жалгаспалы қылмыстар жасағанда орын алады.
Жеке алғанда әрқайсысының әзі қылмыстың дербес кұра-мьшың белгілерінен тұра алатын, алайда ішкі тұтастығына қарай бір қылмыс ретінде қарастырылушы екі немесе бірнеше әре-кеттерден құралатын қылмыстар күрделі (құрамдас) қылмыс-тар деп танылады.
Мұндай қылмыстардың ең кең тараған түрі ретінде бөтен мүлікті иелену мақсатымен жәбірленушінің өміріне не денсау-лығына қауіпті болып табылатын күш қолдану арқылы қол жеткізетін қарақшылықты мысалға алуға болады.
Жекелеген күрделі қылмыстардың қатарына екі әрекеттен, соның ішінде балама әрекеттерден де түратын қылмыстар жа-тады. ҚК-тің 202-бабында төмендегідей балама әрекеттерден түруы мүмкін бір ғана қылмыс туралы сөз болады: қүнды қағаз-дарды эмиссиялау жобасын оның жалған ақпараттардан түра-тынын біле түра бекіту, сонымен бірге, қүнды қағаздарды шы-гару жөніндегі есептің жалған екендігін біле тұра, оны бекіту. Кінәлі адам осы аталған әрекеттердің тек біреуін жасаса да, бірнешеуін жасаса да оның ісі, бәрібір, қылмыстың бір қүра-мынан тұрады деп есептеледі.
Белгілі бір қылмысты әрекет құрамын үзбестен жүзеге асы-рып отыру — созылмалы қылмыс болып табылады. Атап айтқанда ол — заңмен қылмыстық қудалану қаупін төндіре отырып кінәлінің мойнына артқан міндеттердің көп уақыт бойьтна орындалмауына келіп тірелетін әрекет немесе әрекетсіздік.
Аиталық, П. езінің ұльш асырауға қажетті, сот шешімі арқы-лы белгіленген қаржыны төлеуден бір жарым жыл бойы қаса-қана бас тартты. Бұл уақыт аралығында ол өзінің жұмыс ор-нын сегіз рет өзгертіп, бір қаладан екінші қалаға көшумен бол-ды. Кдлмысты қылығының осыншама уақытқа созылғанына қарамастан, П-ның ісі қылмыстың көптігіне жатпайды, ол со-зылмалы жалғыз ғана қылмыс болып табылады.
Созылмалы қылмыстар қатарына, сонымен қатар, қашқын-дық (ҚК-тің 373-бабы), несиелі берешекті өтеуден әдейі жал-тару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты ше-телден қайтармау (ҚК-тің 213-бабы) және басқалар жатады.
ҚК-тің 11-бабының бірітиі бөлігіне сәйкес — жалгаспалы қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғ-анда, бірдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғаспалы қылмыстар әрекеттерден туындайды, бірақ әрекетсіздіктен де тұруы мүмкін (ҚК-тің 315-бабындағы — қызметтегі әрекетсіздік). Барлығын тұтас алғанда жалғаспалы қылмысты құраушы әрекеттердің әрқайсысы жеке алғанда дер-бес қылмыс болуы да болмауы да мүмкін (әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылықпен байланысты немесе тіпті ешқандай заң жауаптылышна байланыссыз). Алаңда, кез-келген жағдайда да, мүндай әрекеттердің әрқайсысы заң түрғысынан өз алдына жеке сараланбауы тиіс, себебі, ол жалғаспалы қылмыс болып табылатын түтас әрекеттің бір кезеңі ғана. Мысал ретінде жал-ғаспалы ұрлықты алуға болады. Егер де кінәлі деп табылған адам қоймадағы азық-түлікті белгілі бір уақыт аралығында азғантай мөлшерде алып шығып үрлап отырса, оның әрекеттерінде қыл-мыстың көптігі болмайды. Бүл орайда, қылмыскердің әр кезде үрлап шығарған мүлкінің мелшерінің маңызы жоқ. Әр жолғы ұрланған мүлік мөлшері әртүрлі болып келтірілген залал бір жолы айтарлықтай келесі бір жолы елеусіз болғандықтан қоғамдық қауіптілікке жашайтын және ҚК-тің 9-бабының екітиі бәлігіне сәйкес қылмыс болып табылмайтын күнде де бұл үрлықтың — жалғаспалы деп танылғаны орынды.
Үрлықпен бірге түтынушыларды алдау (ҚК-тің 223-бабы), ұрып-соғу (ҚК-тің 106-бабы), азаптау (ҚК-тің 107-бабы) және басқа да қылмыстар жалғаспалы қылмыстар қатарында жиі ұшырасады.
