Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уголовка для подготовки.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
222 Кб
Скачать
☆

62)Қылмыстың ниеті мен мақсаты.

Қылмыстың субъективтік жағы ь^ылмыс жасаған адамның аріыптылығына байланысты мәселелермен ғана шектелмейді.

Қылмыс жасаганга дейін, жасау кезінде және одан кейін айыпкердің психикасында кінәнің нысандарымеи гана шектелмейтін курделі ішкі процесс журеді.

Осыған байланысты субъектінің өзі жасаған кылмысқа пси-хржалық көзқарасының қалыптасу тетігін, сондай-ақ мазмүньгн анықтап білу ушін оның қылмыс жасаудағы ниетінің/себебінің және мақсатының сипаттарын анықтау

Адамның қылмыс жасаған кездегі психикалық күйін сипат-тайтын екі негізгі — интеллектуалдык, және еріктік жағдай-лардан басқа, адамның қандай да бір қылмысты қандай пиғыл-мен (өшпенділік, күндеу, қызғаныш, бас пайда, сараңдык;, үрей, қорқақтық, т.б.) жасағандығын көрсететін эмоционалдық жағ-дай да бар. Сонымен, қылмыс жасауға итермелейтін эмоцио-налдық жағдай адамның субъективтік қасиеттерімен және ол қылмыс жасаған кезде қалыптасқан мән-жайлармен шартты байланыста.

Қылмьгстық ниет — субъекті қылмыс жасаған кезде бас-шылыққа алатын ішкі қажеттілік, талап, мүдде, түрткі. Ниет әрқашанда қасақаналықтың алдында тұрады; бір немесе бірнеше ниеттің ықпалынан қасақаналық туындайды. Оны анықтау адамның қылмыс жасаған кездегі психикалық күйін бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар айыпкерге мінездеме жасау және оның жеке басын моральдық түрғыдан бағалау үшін де маңызды.

Қылмыстык, ниет жасалған әрекеттің зияндылык дәрежесін де сипаттайды. Ол, сонымен қатар, қылмыс қүрамының қажетті белгісі болып табылатын, жаза тағайындағанда жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде сот ескеретін жағдай-ларда қылмысты саралау үшін де маңызды.

Қылмыстық ниеттер әртүрлі болуы мүмкін. Қылмыстық заңда және сот-тергеу практикасында неғұрлым жиі кездесетін ниеттерді мына топтарға бөлуге болады:

Саяси сипаттағы ниеттер; олар біздің мемлекетімізге, оның егемендігіне немесе аумақтық түтастығына қастандык көзқа- растан туьшдайды. Шетелдік барлау агенттері, сондай-ақ біздің мемлекетімізге дұшпандық пиғылдағы адамдар осы ниетті/ себепті басшылыққа алады.

Өзімшідціктің әртүрлі нысаны болып келетін ошсьтз ниеттер. Мысалы, пайдақорлық, баюды көксеу, ашкөздік, қызған-шақтық. Бүларға тағы да мансапқорлық, кек, ашу, өшпенділік, қорқақтық, жігерсіздік, жауапкершіліктен қашу сияқты адамның опасыз қасиеттері де жатады.

Саяси және опасыздық сипаты жоқ ниеттер. Оларға жеке басындағы және отбасындағы ауыр жағдайларға, материалдық, қызметтік және баска тәуелділікке байланысты, корқыту, мәжбүрлеу және жәбірленушінің женсіз әрекеттерінен қатты жан күйзелуі себепті, мемлекеттік және қоғамдық мүддёлерді қорғағанда қажетті қорғану шегінен асып қылмыстар жасау жатады. Ниеттердің бұл тобы заңда қылмыстардың нақты құрамдарының міндетгі белгілері ретінде көрсетіледі, сондай-ақ жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескеріледі.

Ниет қылмыстық заңның диспозициясында белгілі бір қыл-мыстың белгісі ретінде тікелей керсетілген жағдайда ол қыл-мыс құрамының субъективтік жағының қажетті белгісі бо-лып табылады.

Ниетқылмыстың нақты құрамының міндетті белгісі ретінде заңда көзделген болса, 'онда ол ондағы әрекет қандай да бір басқа ниеттермен емес, тек сол занда көрсетілген ниеттермен жасалса ғана қылмыстық деп танылады деген мағына береді. Мысалы, қызмет екілеттігін теріс пайдалану, егер ол тек пайда табу немесе басқа да жеке мүдде үшін жасалған болса ғана занда қылмыс ретінде қарастырылады (ҚК-тің 307-бабы)

Көрсетілген ниеттер болмаған жағдайда сол әрекеттерді басқа ниеттермен (мысалы, кәсіпорынның немесе мекеменің теріс түсінілген мүдделеріне байланысты) жасаса, онда олар қылмыс болып табылмайды.

Егер ниет қылмыс қүрамының міндетті белгісі болып та-былмаса, ол қылмысты саралауға ыкдал ете алмайды. Мыса-лы, қорлау (ҚК-тің 130-бабы), жала жабу (ҚК-тің 129-бабы) айыпкердің қандай ниеттерді — кек алуды, қызғанышты, ешпенділікті, т.б. басшылыққа алғандыгына қарамастан қыл-мыс деп танылады.

Қылмыстықкодекстің бірқатар баптарында (мысалы, ҚК-тің 96-бабының екінші болігініц "б", "з", "к", "д" тармақтарында) ниет кылмыс қүрамының саралаушы белгісі ретінде қарасты-рылғай'.

Абайсызда жасалған қылмыс та белгілі бір ниеттер итерме-леген еріктік акт болып табылады. Бірак қасақана жасалған қылмысқа карағанда абайсызда жасалған қылмыста ниет зар-даптарға емес, іс-әрекеткенемесеәрекетсіздіккежатады. Абай-сызда жасалған әрекетте ниет қылмъіс қүрамының кажетті не-месе саралаушы белгісі болыптабылмайды, сондыктан әрекетті саралауға ықпал жасамайды, бірақ жаза тағайындағанда сот оньт ескереді.

Қылмыстын мақсаты — зиянды әрекет жасағанда субъекті-нің қол жеткізуге ұмтылатын нәрсесі.

Қылмыстык ниет сияқты қылмыстьщ мақсаты да адамның қылмыс жасауьша байланысты оның санасында болатын субъективтік процесті сршаттайды. Яғни, мақсат қы/Імыстың қогсшга қауіптшк өлшемін көрсетеді, бул жсізага міндетті Іщрде ықпсіл жасауга тиіс.

ҚК-тің кейбір баптарында мақсат кылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде көзделген. Бұл дегеніміз — заңда көрсетілген мақсатпен жасалған әрекеттер ғана қылмыстың осы құрамына жатады деген сөз. Мысалы, диверсия (ҚК-тің 171-бабы) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында; қарақшылық (ҚК-тің 179-бабы) — бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында жасалады. Ал бөтеннің мүлкін ұрлаудың қайсысы болса да пайда көру үшін жасалады.

Қылмыстың кейбір құрамдарында максат қылмьтстың са-ралаушы белгісі ретінде қарастырылады. Мысалы, баска қьгл-мысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсаты-мен, қасақаңа адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабының "к", "м" тар-мақтары), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін зат-тарды сату мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау (ҚК-тін 2 5 9 - б а бының екінші болігі).

Мақсат әрбір қылмыста е&іес, тек тікелей қасақаналықпен жасалатынқылмыстарда гана болуымумкін. Жанама қасакана-лықпен немесе абайсызда жасаған кылмыстың кылмыстык қүрамының белгісінде мақсат болмайды, себебі кінәнің бүл нысандарында қылмыскер зардаптардың болуын қаламайды.

Қылмыс жасаудағы мақсатты д үрыстап айқындап алу каса-қаналықтың мазмүнын және бағыттылығын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, төбелес кезінде гтышақ жаракатын салуды, көп жағдайларда, қасақана жасалған әрекет деп санай-ды. Бірақ бұл әрекетті дүрыс саралау үшін қасақаналықты факт ретінде көрсете салу жеткіліксіз, себебі пышақпен жарақат салудағы мақсатқа байланысты бүл әрекет бұзақылык, дене жарақатын қасақана салу немесе елтіруге оқталғандык ретінде саралануы мүмкін.

Қасақаналықтың бағыттылығын айыпкер өз әрекетін жаса-ган кезде үстанған мақсат анықтайды. Мақсатты анықтау сырт-тай қарағанда ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, бөтеннің автокөлігін жасырын үрлау (ҚК-тің 175-бабы); бүл әрекет үшін жауаптіылык ҚК-тін 185-бабында көзделген қылмыстан өзгеше, мұның себебі бірінші жағдайда айыпкердің бөтеннін автокөлігін ұрлау мақ-сатында заңсыз иемденгендігінде. ҚК-тің 185-бабын қолдану үшін айыпкерде ондай мақсат болмауға таіс.

Ниет пенмақсат — өзара шарттас, үйлесімді үғымдар. Ада^І-пың өз мақсатын қалай қалыптастыратындығы ниетке байланысты. Мақсат — қандаіі да бір әрекетті жасауда адамды алга жетелейтін куш. Мақсат бір немесе бірнеше ниеттерсіз туын-дамайды, ал, басқа жағынан алыпқарасақниеттің мазмұны мақ-саттың арқасында ғана болып тұрады.

Қылмыс жасаудағы ниет пен мақсат бірімен-бірі қанша ты-ғыз байланыста болғанмен, өзара тең ұғымдар емес. Олар еріктік процестің әртүрлі жағын сипаттайды. Ниет адам қандай да бір әрекетті не үшін жасайды деген сұраққа жауап береді. Ал мақсат әрекеттің бағытын анықтайды. Мысалы, жалдамалы-лықтағы ниет пайда көру болса, ондағы мақсат — материалдык табысқа немесе басқадай жеке пайда керуге ұмтылу (ҚК-тің 162-бабы).