Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уголовка для подготовки.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
222 Кб
Скачать
☆

66)Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.

Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз — адамның өзі жасаған қылмыстық іс-әрекетке және оның салдарына/зарда-бына психикалық катынасы.

'Сыртқы керіністі білдіретін қылмыстың объективтік жағына қарағанда субъективтік жағы қылмыстың ішкі мәнін білдіреді. Сонымен қатар, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтары өзара тығыз байланыста және олар қандай да бір түтас-тықты қүрайды. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жа-ғын зерттеу қылмыстың тиісті құрамыньщ объективтік жағы-на талдау жасаумен тығыз байланыста жүргізіледі.

Қылмыстың субъективтік жағына мыналар жатады: кінә, кылмыс жасаудағы ниет (себеп) жәиемақсат.

Бұл белгілердің барлығы өз жиынтығында қылмыс жасаған адамның психикасында пайда болатын ішкі процесті сипаттай-ды, адамның санасымен еркінің жасалған әрекетпен байланы-сын бейнелейді.

Бүл белгілердің әрқайсысының мәні әртүрлі.

Кінә — қылмыстың кез келген қүрамының субъективтік жағының міндетті белгісі. Кінәсіз қылмыстың күрамы да бол-майды, сәйкесінше қылмыстық жауаптылық та орын алмайды.

Қылмыс жасаудағы ниет пен мақсаттың кінәдан айырма-шылығы, олар бір құрамдар үшін міндетті болып табылса, екіншілері үшін — субъективтік жақтың факультативтік белгілері болып табылады.

Қылмыстың субъективтік жақтарын — кінәнің нысандарын, қылмыс жасаудағы ниет пен мақсаттьт дұрыс анықтаудың ма-ңызы зор; ол қылмыстық іс-әрекетті қылмыстық емес әрекет-тен айырыпалуға, қылмысты дәл саралауға, объективтік жағы бойынша өте ұқсас кылмыс құрамщарын бір-біріңен ажыратуға, қылмыстық әрекет жасаған адамның қауіптілік дәрежесін анықтауға, жазаны жеке-даралауға мүмкіндік береді.

Қылмыстың субъективтік жағының белгілері қылмыстық заңда әрқалай ашылып көрсетілген.

Кей жағдайларда бұл белгілер, заң мәтінінің өзінде көрсетіледі. Мысалы, ҚК-тің 103-бабында денсаулыққа қаса-қана ауыр зиян келтіру тікелей көрсетілсе, КК-тің 188-бабын-да бөтеннің мүлкін жойып немесе бүлдіріп ірі залал келтіру абайсыздык деп сипатталады. ҚК-тің 314-бабында кызметтік жалғандықтың қажетті белгісі ретінде бас пайда және басқа жеке мүдделілік аталған.

Бірақ, көп жағдайларда қылмыстың субъективтік жағын си-паттайтын белгілер заңда тікелей көрсетілмеген. Мүндай жағ-дайларда тиісті белгілер заңда әртүрлі түсініктеме беріліп, объективтік белгілерге талдау жасау арқылы анықталады. Мысалы, үрлыктың қүрамын анықтағанда (ҚК-тің 175-бабы) заң бетеннің мүлкін жасырьш үрлауды сөз қылады. Бүл әрекеттің сипатынан үрлықтек қасақана және бас пайда үшін жасалынады — деген түжырым туындайды.

Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мүқият зерт-теу қажеттігі Казақстан Республикасы Жоғарғы Соты Плену-мының 1993 жылғы 24 маусымдағы "Жаза тағайындағанда сот-тардың зандылықты сақтауы туралы" Қаулысында көрсетілген: "Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейін анықта-ғанда сол нақты қылмыстық іс-әрекет жасалған барлық мән-жайлардың (кінәнің нысаны, қылмыс жасау себебі, әдісі, мән-жайы, кезеңі, келген зардаптың ауырлығы, әрбір қатысушы-ның қылмысқа қатысу дәрежесі және сипаты, т.б.) жиынты-ғына сүйену қажет".