- •2)Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
- •3)Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.
- •1.Аса қажеттілікті тудыратын қауіптің көздері әр түрлі бо-
- •5)Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
- •6)Әрекет етіп отырған қылмыстық заң бойынша жаза жүйесі.
- •2. Ешкімді азаптауға оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа-дай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды".
- •7)Бас бостандығын шектеу.
- •8)Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде.
- •9)Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
- •10)Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау.
- •13)Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.
- •14)Жазадан босату және оның түрлері.
- •15)Жазадан мерзімінен бұрын босату және оның шарттары.
- •16)Жазаның мақсаттары.
- •17)Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы
- •18)Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •§2. Кәмелеткетолмағандарға тағайьіндалатын жаза түрлер
- •§3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану
- •§4. Кәмелеткетолмағандарды жазаны өтеуден
- •19)Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық.
- •20)Кінәнің түсінігі және қылмысты саралаудағы маңызы. Кінә нысандары.
- •21)Қажетті қорғану түсінігі мен мәні
- •22)Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың шегінен шығу.
- •23)Қасақаналық және оның түрлері.
- •24)Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау.
- •26)Қоғамдық жұмыстарға тарту.
- •28)Қылмыс жасауға оқталу және оның түрлері.
- •29)Қылмыс жасаудың жағдайы, тәсілі, орны, уақыты.
- •30)Қылмыс құрамының түрлері.
- •31)Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы. Қылмыстың және қылмыс құрамының арақатынасы.
- •37)Қылмысқа қатысудың нысандары.
- •43)Қылмыстардың көптілігінің түсінігі.
- •49)Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және негіздері.
- •50)Қылмыстық заңның диспозициясы және оның түрлері.
- •51)Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.
- •56)Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс.
- •57)Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •58)Қылмыстық құқықтың міндеттері
- •59)Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдістері.
- •60)Қылмыстың арнаулы субъектісі.
- •61)Қылмыстың қайталануының түсінігі және түрлері.
- •62)Қылмыстың ниеті мен мақсаты.
- •63)Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы.
- •66)Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.
- •67)Қылмыстың түсінігі және оның белгілері.
24)Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау.
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктері заңның сотты тек жоғарыда ай-тылған ғана емес, мына төмендегідей мән-жайларды да: түлға-ның қылмысқа іс жүзінде қатысуының сипаты мең дәрежесін; бүл катысудың қылмыстың мақсатына жетудегі мәнін, оның келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшеріне ықпалын ескеруге міндеттейтіндігінде (ҚК-тіІі 57-бабы). Бүлай болатын себебі, бірлесіп қатысушылардың әрқайсысының қоғамдық қауіптілік деңгейі де түрлі болып келеді, бұл жағдай олардың жазасына тиісті әсер жасауы керек. Сонымен қатар, банданың алдына қойған мақсатқа жетуіне, келтірілген немесе келтірілуі мүмкін залал түрі мен мөлшеріне ықпалын, айталық, банданы үйымдастырушы, екі адамның әрқайсысының ықпалын салыстырып көргенде айтарлықтай өзгешеліктің бар екендігінен байқау қиынға сокпайды.
ҚК-тің 57-бабының топтық қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындауға қатысты тағы бір нүсқауы бар. Қатысушылардьгң біреуінің жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол қатысу-шыға жаза тағайындау кезінде ғана ескеріледі. Мысалы, бір қатысушының өз еркімен айыбын мойындап келуі дәл сол қылмысқа қатысқан басқа біреуге жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескерілмеуі тиіс. 57-бап. Қатысып жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау
1. Қатысып жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде оны жасауға адамның iс жүзiнде қатысу сипаты мен дәрежесi, осы қатысудың қылмыс мақсатына жету жөнiндегi мәнi, оның келтiрiлген немесе келтiруi мүмкiн зиянының сипаты мен мөлшерiне ықпал ескерiледi.
2. Қатысушылардың бiреуiнiң жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау кезiнде ғана ескерiледi.
25)Қоғамға қауіпті зардаптың түсінігі.
Қылмыстық заң қылмыс құрамын белгілі бір әрекеттің (әрекетсіздіктің) өзін тікелей жасаумен, немесе осы жасалған әрекеттің себебінен белгілі бір қылмыстық салдардың болуы-мен байланыстыра алады.
Қылмыстық салдар деп тұлғаның әрекетінің (әрекетсізді-гінің) себебінен қоршаған ортада болған және қылмыс құра-мының объективтік белгілеріне жататын өзгерістер танылады.
Әрбір қылмыстық әрекет (әрекетсіздік) — қылмыстық заң-мен қорғалатын жеке адамның мүддесіне, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне қиянат келтіріп, қол сүғады. Бірақ, жеке адамның мүддесіне, қоғамның немесе мемлекет мүддесше, яғни озбырлық жасалатын объектіге келтірілген зиян материалдық болып саналмайды, себебі ол заттар жүйесіне емес, адамдар арасындағықатынастарға жатады. Сондықтан да, кылмыс кұра-мын талдағанда қылмыс объектісіне келтірілген залал ұғымын қылмыс заты ұшыраған зиянды салдардан/зардаптан қатаң ажырата білу керек; осыларға байланысты тиісті мүдделер қалыптасады. Егер мүддеге келген залал қол сүғушылық жа-сау объектісінің сипаттамасына жататын болса, онда қол сұғу-шылық ж"асалған затқа келген зиян қылмыс құрамының объективтік жағының қасиетін білдіреді. Қътлмыс объектісіне келген залал қылмыстық қүқық нормасында қылмыс қүрамы-ның белгісі ретінде еш уақытта керсетілмейді. Әрбір қылмыс қүрамы өзіне келтірілген залалдың емес, объектінің сипатта-масын береді. Қол сұғушылық жа~сау затына келетін зиян, көбінесе қылмыс қүрамының объективтік жағының міндетті белгісі ретінде қылмыстық заңның диспозициясында көрсетіледі.
Қол сұғушылык жасау затына келетін зиян әртүрлі нысан-да болуы мүмкін. Олар материалдық залал (бөтеннің мүлюін үрлау, жою, т.б.), денеге (денсаулыққа) зақым келтіру түрінде болуы мүмкін. Материаддық залал, қылмыстық занда, қол сұғу-шылық жасау заттарын қалайда жоюмен немесе бүлдірумен әркез байланысты емес. Үрлау материалдық залал келтіретін болғанымен, бірақ ол мүлікті жоюмен де, бүлдірумен де бай-ланысты емес.
Қылмыстық салдар бейматериалдық сипатта да болуы мүмкін. Мысалы, азаматтардың мүліктік емес субъективтік — саяси, еңбек және басқа да қүқықтарын; занды тұлғалардың қалыпты жүмысын бұзу.
Заң шығарушы зиянды салдарды сипаттаудың әр түрлі тех-никалық амалдарын қолданады. Қылмыстардың қасакана құрамдарының едәуір бөлігі заңда құрам аяқталған болуы үшін белгілі бір қылмыстық салдардың болуы қажет екендігі (мы-салы — қасақана өлтіру, ұрлау және т.б.) көрсетіліп сипаттал-ған. Завда көрсетілген салдардың болмауы мұндай жағдайда тек қылмыс жасауға оқталғандықтың ғана бар екендігін білдіреді. Кей жағдайда қылмыс құрамы ауыр зардапты сал-дардан кейін ғана болады (мьтсалы, орманды ластау, зақымдау немесе жою — ҚК-тің 292-бабы). Қьілмыстардың жекелеген құрамдарында ауыр зардапты салдардың болуы қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейін көтеріп, тиісінше, жасал-ған қылмысты басқаша саралауға әкеліп соғады (мысалы, заң-сыз абортжасау — ҚК-тің 117-бабы).
