- •2)Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
- •3)Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.
- •1.Аса қажеттілікті тудыратын қауіптің көздері әр түрлі бо-
- •5)Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
- •6)Әрекет етіп отырған қылмыстық заң бойынша жаза жүйесі.
- •2. Ешкімді азаптауға оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа-дай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды".
- •7)Бас бостандығын шектеу.
- •8)Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде.
- •9)Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
- •10)Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау.
- •13)Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.
- •14)Жазадан босату және оның түрлері.
- •15)Жазадан мерзімінен бұрын босату және оның шарттары.
- •16)Жазаның мақсаттары.
- •17)Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы
- •18)Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •§2. Кәмелеткетолмағандарға тағайьіндалатын жаза түрлер
- •§3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану
- •§4. Кәмелеткетолмағандарды жазаны өтеуден
- •19)Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық.
- •20)Кінәнің түсінігі және қылмысты саралаудағы маңызы. Кінә нысандары.
- •21)Қажетті қорғану түсінігі мен мәні
- •22)Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың шегінен шығу.
- •23)Қасақаналық және оның түрлері.
- •24)Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау.
- •26)Қоғамдық жұмыстарға тарту.
- •28)Қылмыс жасауға оқталу және оның түрлері.
- •29)Қылмыс жасаудың жағдайы, тәсілі, орны, уақыты.
- •30)Қылмыс құрамының түрлері.
- •31)Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы. Қылмыстың және қылмыс құрамының арақатынасы.
- •37)Қылмысқа қатысудың нысандары.
- •43)Қылмыстардың көптілігінің түсінігі.
- •49)Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және негіздері.
- •50)Қылмыстық заңның диспозициясы және оның түрлері.
- •51)Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.
- •56)Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс.
- •57)Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •58)Қылмыстық құқықтың міндеттері
- •59)Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдістері.
- •60)Қылмыстың арнаулы субъектісі.
- •61)Қылмыстың қайталануының түсінігі және түрлері.
- •62)Қылмыстың ниеті мен мақсаты.
- •63)Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы.
- •66)Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.
- •67)Қылмыстың түсінігі және оның белгілері.
26)Қоғамдық жұмыстарға тарту.
ҚК-тщ 42-бабына сәйкес, қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгі жүмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдықпайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
Қоғамдық жүмыстар республиканың бүрынғы қылмыстық заңында бұрын белгісіз болған жазаның Қазақстан Республи-касы Қылмыстық Кодексі тағайындаған жаңа түрі болып табылады. Қоғамдық жүмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімі бапта-рының 64 санкциясьшда аталған; бүл — санкциялардың жалпы санының 10, 14-%-ынқүрайды.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-шілдегі "Қазақ-стан Республикасы Қылмыстық Кодексінің күшіне енуі тура-лы" Заңының 4-бабына сәйкес, жазаның аталған түріне катыс-ты бүйрықтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқа-ру кодексі күшіне енгеннен кейін жазаның бүл түрін орындау үшін қажетті жағдайлардың орнығуына қарай, бірақ 2003 жыл-дан кешіктірілмей күшіне енеді.
Бұған дейін айтылғанындай, қоғамдық жүмыстардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқарушы органдар белгілейді; олар жазаны атқарушы орган — қьілмыстық-атқарушы инспекцияларға мүндаи жүмыс-тар бойынша қажеттіліктер туралы хабарлап отырады.
Сотталған адамды жұмысқа осьт инспекция жіберетін болады. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның тұратын жерінде өтеледі.
Қоғамдық жұмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімінің кінәлі тұлға сотталған бабының санкциясында қарастырылған жағдайда, жазаның тек негізгі түрі ретінде ғана қолданыла алады.
Қоғамдық жұмыстар, сонымен катар белгілі бір қылмыс ушін көзделген жазадан гәрі неғұрлым жеңіл жаза қолдана-тын немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыратын жағдайда да қолданылуы мүмкін. (ҚК-тің 55, 71-баптары).
Зерттеліп отырған шара шұғыл Іпаралардың катарына жа-тады. Ол сағатпен елшеніп, сотталған адам қоғамдық жұмыс-тарды сол сағаттар аралығында өтейді. Заң бұл жазаны алпыс сағаттан — екі жүз қырық сағатқа дейінгі уақытқа тағайындауға рүқсат етеді. Жаза бөлініп өтеледі, алайда, демалыс күндері мен сотталған адам негізгі жұмысы мен оқуынан бос күндері — 4 сағаттан, жұмыс күндері — жұмьіс не оқу аяқталғаннан соң 2 сағаттан, ал сотталған адамның келісуімен — 4 сағаттан ас-пауы керек (ҚАК-нің 32-бабының, 2-тармағы).
Сотталған адам қоғамдық жүмыстарды өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, аталған жазаны басқа, неғүрлым қатал жаза түрімен ауыстыру мүмкіндігі тағайындалған.
ҚАК-нің 34-бабына сәйкес, қоғамдық жұмыстардан қаса-қана жалтару деп мына жағдайлар танылады: сотталған адам-І гың қоғамдық жүмыстардан жалтару мақсатымен жасырынып қалуы; бір ай аралығында кемінде екі рет еңбек тәртібін бұзу; бір ай аралығында қоғамдық жұмыстарға дәлелді себептерсіз кемінде екі рет шыкдау.
Мұндай жағдайда қоғамдық жүмыстар ҚК-тің 45 және 46, 48-баптарында қарастырылған мезгіл шегінде қамауға алу-мен немесе бостандықты шектеумен алмастырылуы мүмкін. Бүл орайда, сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды өтеген уақыты — қамауға алу немесе бостандықты шектеу мерзімін пнықтау кезінде ескеріледі. Ал уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудің немесе қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың бір күні қоғамдық жүмыстардың төрт сағатына есептеледі.
ҚК-тің 42-бабының ушінші бөлігіиде қоғамдық жүмыстар .Ірқылы жаза қолданылмайтын түлғалардың қатары айқын (>олгіленген. Қоғамдық жүмыстарға тарту әскери қызметшілерге, спу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркек-герге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге тағай-ындалмайды.
Жазаның аталған шарасына сотталған әйелдің жукті болу-ына байланысты ҚК-тің 72-бабына сәйкес оған жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылуы мумкін.
Сотталған адам жазаны өтеу барысында бірінші не екінші топ мүгедегі деп танылған жағдайда, егер де жазаның аталған түрін сотталған адамның одан әрі өтеуіне оның денсаулығы кедергі жасаса, ҚК-тің 73-бабына сәйкес бұл тұлға жазаны өтеуден босатылуы немесе бұл жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін.
Қызметте үнемі болатындықтан, қоғамдық жұмысқа тарту әскери қызметшілердің барлық санаттарына бірдей тағайын-дала бермейді. Бүл — дәлелді қоғамдық жүмыстарға тарту шақырумен келіп әскери қызмет өтеп жүрген әскери қызметшілерге ғана тағайындалмайтын Ресей Федерациясыньщ Қылмыстық Кодексінен айырмашылығы бар жағдай.
Қылмыс жасаушы кәмелетке толмаған тұлғаға тағайында-латын қоғамдық жүмысқа тарту, оның оқуынан немесе негізгі жүмысцнан бос уақытты кәмелетке толмаған түлғаның әлі келетін қоғамдық пайдалы жұмыстарды тегін орындауынан тұрады.
Кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық жүмысқа тартылу-дың мерзімін есептеудің біраз өзгешелігі бар. ҚК-тің 79-бабы-ның төртінші бөлігіне сәйкес оларды қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан — жүз алпыс сағат аралығында тағайын-далады.
Жазаны өтеу сотталушының жасына қарай анықталады: он алты жасқа дейінгілерге — күніне екі сағаттан, он алтыдан — он сегізге дейінгі тұлғаларға — үш сағаттан аспауы тиіс.
27)Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа зиян келтіру.
Үзақ уақыт боиы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру жөніндегі мәселе өз шешімін таппай, ашық күііінде қалып келген болатын.
1997 жылғы 13 маусымдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту-ралы" Заңымен Қазақ КСР-інің Кылмыстык кодексіне жеке жүйе ретйде қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру нормалары енгізілді. Бұл нормалар кейіннен ҚК-те орын алды. ҚК-тің 33-бабының бірітиі бөлігінесәйкес кылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адаэдды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайтындығы көрсетілген.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру мәселесінің шешімі табылуының қьшмыстьілықпен күресудегі, қылмыстық-қүқықтық заңнаманы күшейтудегі немесе азаімат-тардың конституциялық қүкықтарын қорғаудағы маңызы зор.
Бұл біріншіден, қылмыстық-қүқықтықинститут ретінде қыл-мыс жасаған адамды қылмыстық іс жүргізу талаптары бойын-ша уақтылы үстауға, сот әділдігін жүргізуге, бүдан кеиін де басқа да адамдардын қылмыс жасауын тыюға, қылмыстардың алдын алуға әсерін тигізеді.
Екіншіден, бұл адамның мүддесі мен конституциялық құқықтарын қорғауда маңызды орын алады. Қылмыстық қүқық бойынша қылмыскерді ұстау шараларын қолдану бәрінен бұрын заңға бағынатын азаматтардың өмірін, денсаулығын, және мүліктік мүдделерін қол сүғушылықтан қорғауды, сонымен қатар қоғаэддық қатынастың бұзылмауын қамтамасыз етеді. Мұндай қорғаудың маңызы мынадан көрінеді: қылмыскерді ұстау арқылы оның жаңа қылмыс жа-сауытыйылады, басқа түлғаның зияншегуі есебінен объектінің қорғанысы қамтамасыз етіледі. Қылмыскерді ұстаудың негізі оның біткен немесе аяқталмаған қылмысты істеуі немесе қыл-мыс істегеннен кейін одан жасырыну, құтылғысы келу әрекеттерін жасауы болып табылады. Кез келген азаматтар сияқты қол сұғушылық жасаған адам да өзінің кінәлілігіне кара-мастан, конституциялық құқықтарға, мүдделерге ие болады
Тек қана оның қоғамға қауіпті әрекеттері үшін ғана тұлғаға белгілі бір зиян келтірілуі мүмкін (камау, соғу, байлау; денеге зиян келтіру, мүлкіне зиян келтіру, кей жағдайларда өмірінен айыру т.б.) ҚК-тің 33-бабына сәйкес зиян келтірудің мақсаты қылмыскерді мемлекет органдарына тапсыру, оның басқа да жаңа қыліцыстар жасауын тыю болып табылады.
Қылмыскердің бостандығын шектеудің занды белгілеріне мыналар жатады:
Адамның қылмыс жасауы және қылығы үшін мемлекет органдары алдындағы жауаптылығы. Кылмыскерді үстауға оның жасаған әрекеті негіз болып табылады.
Қылмыс субъектісіне тән барлық белгілерге ие болғаны- на қарамастан, қоғамға қауіпті қол сүғушылық жасаған кез- келген адам қылмысы үшін мемлекет органдары арқылы үста- луға жатады. Егер де үсталуға жататын адам, қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болмағандығы туралы алдын-ала білген болса, онда оған тигізілген зардап кажетті деп саналады.
3 Қол сүғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкілеттілігі бар адамдармен қатар жәбірленушілер мен басқа азаматтардың да қүқығы бар.
4, Қол сүғушылық жасаған адам қылмыс жасаған уақытты үстінде немесе қылмыс жасағаннан кейін де, я болмаса қътл- мыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін болған жағдаиларға дейін де үсталуға жатады.
Арнайы зерттеулерге қарағанда қылмыскерлердің 12%-і қылмыс жасағаннан кейін арада біраз уақыт өтіп барып қана қолға түсетін көрінеді.
5. Кылмыскерді үстау, егер ол қысқа уақыт аралығында жүргізілсе заңды болып табылады. Қылмыскерді жәбірленуші, куәғер немесе басқа да адамдар тез арада үстап, тапсырулары қажет. Алайда, қылмыскерді үзақ уақыт бойы жеткілікті негіздерсіз ұстау ҚК-тің 126 немесе 308-баптарына сәикес жау- яптылыққа әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қылмыс істеген адаэдды ұстаған кезде зиян үшінші жаққа емес, тек қылмыскердің өзінеғана келтірілуге тиіс. Қандай да болмасьш жағдайларға байланысты қылмыскердің өміріне, ден-саулығына, мүлкіне зиян келтірілгенде белгілі бір шарттардың болуы қажет.
Олар мыналар:
зардап тигізудің қажетті болуы;
арнайы мақсаттың болуы;
әрекеттің нақты жағдайларға сай болуы.
Бұл шарттар заңды түрде қол сұғушыға зиян келтірудің дұрыстығын керсетеді.
Қол сұғушылық жасаған адамды үстау кезінде зиян келтірудің қажетті болып табылуы мына жағдайларда:
1) қылмыскердің әрекеті үшінші тұлғаға (басқа адамға) оның өміріне, денсаулығына қауіп тендіруі жағдайында болып, қыл- мыскерге белгілі бір зиян келтірмей үстау мүмкіндігі болмаса;
2) қылмыскердің қашуға әрекеттенуі немесе қарсылық көрсетуі себепті оған белгілі бір зиян келтірмей үстау мүмкін болмаса орын алады.
Қажеттціік мына үш факторға:
қылмыскерге және үстау кезіндегі оның әрекетіне;
қылмыскерді үстайтын адамға;
үстау кезіндегі жағдайға байланысты сршатталады. Қылмыс жасаған адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне
зиян келтіру — тек қана оны ұстау, бас бостандығын шектеу мақсатымен ғана жүзеге асырылады. Үстау мақсатымен қажетті түрде келтірілген зиян тиісті мән-жайға байланысты болуы керек.
К^ылмыстық кодекстің 33-бабының екінші ба7/г/яг9<?қажетсіз зиян келтіру жайында баяндалған: "Қол сүғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген зиян жағдай мәжбүр етпейтін аныкшектен тыс зиянқажетсіз келтірілген кезде, олардың үста-латын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына көрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу дептанылады. Бүлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана қылмыс-тық жауаптылыққа әкеп соғады".
Заңда көрсетілгендей асыра сілтеуді былайша түсінуге бо-лады:
а) қылмыс істеген адамды ұстағанда істелген қылмыстың қаупінің сипаты мен дәрежесіне сай емес жағдайда зиян келтіру;
ә) ұстау жағдайына мүлде сәйкес келмейтіндей, оған бай-ланыссыз салдар болса да шамадантыс артық (қажетсіз) зиян келтіру. Мысалы, болмашы зиян келтіріп ұстауға болатын болса да, шамадан тыс ауыр, қажетсіз залал келтіру, жарақат салу, ату, мүгедек ету т.б. әрекеттер.
Заңда қолданылатын, "ұстау кезіндегі жағдайдың" мәнісі ретінде кең ауқыэдды, әр түрлі объективті шарттарға байланыс-ты қылмыскерді үстау кезінде пайда болатын мән-жайларды айтуға болады. Мысалы, аса қауіпті қылмыскерді үстау кезінде оған келгірілетін зиян мөлшері алғаш рет қылмыс жасаған адамға келтірілген зиянға қарағанда едәуір көп болатыны, түсінікті. Зиян мөлшері үста латын қылмыскердің жынысына, жасына да байланысты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің тиісті бабына сәйкес түтқын орнынан қашқан әйел-дерге, жасөспірімдерге қару қолдануға болмайды. Осыған бай-ланыты жасөспірімдерді, әйелдерді, егде жастағы адамдарды, мүгедектерді қылмыс істеген кезде немесе одан кейін үстаған-да оған қолданылатын күштеу шараларын шектеу қажет.
Зиян келтіру кейбір жағдайларда үсталатын қылмыскердің қарулануына, қылмыс істеу уақытына, орнына, жағдайына да байланысты. Қылмыскерді үстау барысында оның өмірінеқауіп келтіру қажетті қорғану шегінде ғана жүзеге асырылады.
Қылмыскерді үстаудағы шектен шығушылық қоғамға қауіпті болып табылады және бұған кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Алайда, қоғамға қауіптіліктің бүл түрінің басқа қасақана қылмыс жасаудан қауіптілігі едәуір төмен. Соңдыьсган, шектен Іпығушылық үшін қылмыстық жауап-тылық тек қылмыскердің өлімі кезінде (ҚК-тің 99-бабы) не-месе қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтірген кезде (ҚК-Іің 110-бабы) тағайындалады. Мүндай жағдайдағы жасалған қылмыстар үшін жаза, әрине, қасақана кісі өлтіру мен ауыр зиян келтіру сияқты қылмыстарға тағайын-далатын жазадан едәуір мөлшерде жеңіл болады.
